Невада-Семей қозғалысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 06:56, реферат

Описание работы

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Невада-Семей қозғалысы.
а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
б) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
в) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

ІІІ. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

невада семей.doc

— 85.50 Кб (Скачать)

 

 

 

Мазмұны 
 
І. Кіріспе 
 
ІІ. Невада-Семей қозғалысы. 
а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы 
б) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі 
в) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері 
 
ІІІ. Қорытынды бөлім 
 
Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 
 
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. 
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. 
КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау,  жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.

«Невада — Семей» қозғалысы туралы көп айтылды — мақалалар, сұхбаттар, түсініктемелер жарияланды, деректі фильмдер түсірілді, олардың ішінде шетелдік авторлар да бар. Сондықтан «Невада — Семей» туралы көлемді әңгімеге бармай-ақ, қазіргі заманның осы қозғалысына үстірттеу ғана сипаттама бере кеткім келеді. Бұған мені итермелеген осы қозғалысқа, оның жетекшілеріне деген құрмет қана емес, тікетірес және шиеленіс кезеңінде полигон төңірегінде болған оқиғалардың бәріне де әділ баға берудің өте қажеттігі міндеттеп отыр.Бұл айтулы оқиға 1989 жылдың 28 ақпанында, менің 20 ақпанда полигон жабылсын деген Орталыққа жіберген хатымның талабымен Семейге В. Букатов бастаған үкімет комиссиясы келген күні болған еді. Сол күні ақын әрі жалынды шешен Олжас Сүлейменов Қазақ теледидары арқылы мәлімдеме жасады. О. Сүлейменовтың сол жалынды сөзінен кейін Семей полигонындағы ядролық сынақтарға қарсы бағытталған ашу-ыза өрті қаулап кетті деуге болады. 
Дәл сол күні Алматыдағы көп адам жиналған митингте О. Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдарына, советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық «Жасыл әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тиым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті. 
Үндеу адамдардың, әсіресе ядролық жарылыстардың ауыр жүгін қырық жыл бойы көтеріп келгендердің жүректеріне бірден ұялап, көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты. 
Тек наурыз айыңда ғана Үндеуге қозғалысты қолдаған миллионнан астам қол қойылды, ал қозғалыс қорына көптеген қайрымдылық қаржысы келіп түсті. Ал 11 наурызда қозғалыстың құрылғандығы туралы шетел ақпарат агенттіктері хабар берді — планетамыздың бейбітшілік сүйгіш халықтары өздерінің ынтымақтастықтарын білдіре отырып, қозғалыстың мақсаты мен міндетін мақұлдады. Қозғалыс халықаралық мойындауға ие болды.Елімізді және бүкіл әлемді дүр сілкіндірген қазіргі саяси белдесуде «Невада — Семей» қозғалысы өзінің асқан гумандығымен және адам сүйгіштігімен ерекше көзге түседі және осы үшін ғана құрметтеуге әрі қолдауға лайық. 
Қозғалыс, бейнелеп айтқанда, жұртты ұйқысынан оятты. Мен ядролық жарылыстарға қарсы қозралыстың аяғына еріп, күреске қосылған ондаған адамдардың атын атай аламын. Жазушылар, көсемсөзшілер, тарихшылар әлі өз сөздерін айтады, осы қозғалысқа арналған ядролық сынақтарға қарсы тарихтың тың беттерін толтырады. 
Қозғалыс қатарына қосыла отырып және оның тіршілік болмысын қолдай отырып, көптеген семейлік белсенділер, еңбек коллективтерінде және тұрғын үйлерінде айтарлықтай еңбек етті және жаңа қолдаушылар қатарын көбейтіп отырды. 
Семей цемент заводының бригадирі В. С. Белоусовты алайық. Жаны жарқын, турасын айтатын, өз қағидасына берік адам, ол полигон жөнінде ойланбастан берік байлам ұстады. СОКП Орталық Комитетінің мүшесі бола жүріп, үкіметтің және ВПК-ның мәртебелі әрі беделді адамдарына жалтақтамастан, СОКП Орталық Комитетінің Пленумдары мен үлкен кеңестерде айбынды ведомствоны қатты сынға алды. Ядролық сынақтарға қарсы делегацияның құрамында Москваға барды, әртүрлі кездесулерде зардап шеккен аймақтың мүддесін қорғап сөз сөйледі.СОКП XXVIII съезінде Валентин Сергеевич сөз алуға тырысып бақты. Ол Горбачевқа және съезде төрағалық етушінің алдына бірнеше рет барды, біраң оған қасақана сөз бермей қойды,Әңгіме жоғары басшылықта белгілі бір пікірдің қалыптасып қалғандығында болып отыр: егер Семей облысының өкілдері сөз сұраса, полигон туралы айтады деп қорқады. Халық депутаттарының съездерінде де, одақтың деңгейдегі басқа жиындарда да біздің мінбеге көтерілуімізге жол берілмеді. Бұл жолы Белоусов өз бетінеп қайтпастан сөз алды. Оның жалынды сөзін делегаттар зейін қоя тыңдады және ізсіз қалған жоқ қой деп ойлаймын. 
Курчатов қалалық атқару комитетінің төрағасы Е. Чайковский ядролық жарылыстарға қарсы белсенді күрес жүргізді, ол Курчатов қаласының азаматтық тұрғындарын ядролық жарылыстар жалғасқан жағдайда әскерлерге бағынбауға шақырды. Ол әртүрлі жиындарда, соның ішінде халықаралық форумдарда да сеніммен, жасқанбай сөйлеп, ядролық жарылыстарды тоқтатуды талап етті.Қозғалыс қаузауымен өткізілген көптеген қарсылық митингтері, баспасөз конференциялары, халықаралық жиындар, Семей полигонындағы және бүкіл дүние жүзіндегі ядролық сынақтарға қарсы күресте топтастырғыш күшке айналды.Полигонға қарсы күрес жүргізілген осы жылдардың бәрінде де біз ортақ бір ғана мақсатты — сынақтарды тоқтатып, полигонды жабуды көздеген «Невада — Семей» қозғалысымен бір қатарда, бір сапта болдық. 
Өкінішке қарай, полигонды жабу туралы мәселе іс жүзінде айқындалған шешуші кезеңде: бұған кімнің еңбегі сіңді?— деген сұрақ төңірегінде кикілжің басталды. Баспасөз беттерінде біржақты баға берілген жарияланымдар қаптап кетті. Олар: тек қана «Невада — Семей» қозғалысының арқасында деп жауап берді. 
Бұл қозғалыстың әрбір әрекеті дәл осындай пікір туғызатын рухта жарияланып отырды. Қозғалыс өзін-өзі жарнамалау жағына бірден ауа бастады. Оның көптеген белсенділері, олардың ішінде кездейсоқ адамдар да бар, өз міндеттерін, реті келсе де, келмесе де, тек митингтерге шақыру деп білді және кей кездерде жалған сыбыс таратуға да барды. Ал алшақ кеткен митингтік толқын қажеті жоқ айғайшуға, кейде тіпті тәртіпсіздікке, шынайы өмірден қол үзуге әкеп соқтырды. Солай болды да. Облыс басшылырының еншісіне қара жұмыс тиген еді, оны болашақ ғимараттың ірге тасын дайындау үшін жер қазатын адамның еңбегімен ғана салыстыруға болады. Біз өз жұмысымызды жарнамалаудан аулақ болдық. Керісінше, менменсіген өкіметтің бұлтақтары мен бұрылыстарын жақсы біле отырып, өзіміздің қиын жұмысымызды дабырасыз-ұрансыз тындыруға тырыстық. Шын мәнінде, жұрт біздің қандай шытырман жолдардан, биік-биік бөгеттерден өткенімізді білген жоқ.Тікетірес жылдарында полигон төңірегіндегі оқиғалардың ортасында болған адам ретінде, мен Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі тарихи жеңіске, ядролық сынақтарға қарсы қозғалысқа қатысушылардың барлығының Қазақстан Президентінің, республика Жоғарғы Советінің және барша халықтың бірлесе отырып күш жұмсауының арқасында жеттік дегенді атап айтқым келеді. 
Біз «Невада — Семей» тәрізді қозғалысты қолдаймыз, оның бұқаралығы мен адамгершілік мақсаты қоғамға қажет-ақ. Біз бәріміз де өз халқымызға қызмет етеміз, біздің мақсатымыз ортақ болуға тиіс және оған біз бір-бірімізге сенімді тірек бола отырып, қол ұстасып баруымыз керек. Бұған қарсы әрекеттердің бәрі де орынсыз.

Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы 
Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. 
Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. 
Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.  
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері 
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. 
Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. 
Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. 
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. 
Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. 
Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 
1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. 
Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. 
Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. 
Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.  
Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді. 

Қорытынды бөлім 
Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма? 
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық».  
Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. 
Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. 
Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. 
 

 

Қолданылған әдебиеттер: 
 
1.    Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001 
2.    О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003 
3.    Журнал «Арай» 1988 жыл № 10


Информация о работе Невада-Семей қозғалысы