Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 18:19, курсовая работа
Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі.
б) Көтеріліс себептері.
в) Нұралы ханмен қақтығыстары.
г) Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі және 2-ші көтерілісі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тыйым салды. Кіші жүз ханы Нұралының да қысымы көп болды.
Көтеріліс
Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С.харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитоновтың отрядына қарсылық көрсетті, бірақ олар жеңілді.
1784
ж. мамырда Сырым оралдық
1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.
Ресейдің саясаты
Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы орыс бекіністерін паналады. Сырым он екі ата Байұлының аға старшыны болды. Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.
Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды. Бұл саясат кейін өзін ақтады. 1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, Хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.
Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұт халықты қажытты.
1794
жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім
хан болды. Ұлт-азаттық
Нұралы ханмен қақтығыстары
1783
жылдың тамыз айында Жайық
казактары Сырым мен Нұралы
хан ауылдарын тонау
1785 жылы Сырымның үзеңгілестері
орналасқан аудандарда — Орал
бекінісінің төменгі жағында
ірі шайқастар болды. 1783-1785 жылдары
қазақтың байбақты, табын және
тама руларының
1792
жылы хандық билік қайта
Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі
Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады:
Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі.
Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады.
1783
ж. Сырым бейқам жатқан қазақ
ауылдарын шауып, кезекті тонауға
келген казак-орыс атаманы Чагановтың
отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді.
Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа
сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне
үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы
патша әскері түгел аттанып, осы жылдың
күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ
оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер
айдан кейін босатып алады.
Сырым Датұлы 2-ші көтерілісі
Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.
Міне, осы кезден, яғни 1784 ж. бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады.
1785
ж. күзінде болған старшындар
жиналысы Нұралыны хан деп
танудан бас тартады. Келесі
жылдың көктемі қарсаңында
Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады.
1797
ж. көтерілісшілердің үлкен
Қорытынды.
Көтеріліс стихиялы түрде 1797 жылдың аяғына дейін созылды да, тоқтады. Оның жеңіліске ұшырауының негізгі себебі — ұйымшылдықтың болмауы, нақты мақсатсыз, стихиялы өтуден еді. Сонымен қатар сұлтандармен жең ұшынан жалғасқан билер мен старшындардың сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда, Сырым Датұлының толқуы, күретің ақырына дейін тұрақты болмауы да жеңіліске себепкер болды.
Көтеріліс
14 жылга созылды.
Бұл қазақ халқының тарихындағы
маңызды оқиға еді. Сондай-ақ хан
өкіметінің үстемдігін біржолата жоюға
ықпалын тигізді. Көтерілістің ішкі
қайшылығы, әлсіз жақтарына қарамастан,
оның ұлт-азаттық сипаты әрі прогрестік
маңызы болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан тарихы журналы» 1995 №5.
2. Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности.-Алматы, 1988.
3. Қазақ хандығы.Ұлы көш. Дәуірлеу. Соғыс. Құрсау.-А,.2003
4. Масанов
Н.Э. Кочевая цивилизация казахов: основы
жизнидеятельности номадного общества.-Алматы,
1995