Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 19:36, реферат

Описание работы

Мұсылман құқығының пайда болуы Хазірет Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар болып, оған уахидің келуімен басталады және осы кезеңде түсіріліп, аяқталуына байланысты бұл кезең мұсылман құқығының алғашқы кезеңі болып саналады. Уахи Аллаһтың Пайғамбарларға жолдама жіберуі мағынасына және жіберілген жолдама мағынасына келеді.

Работа содержит 1 файл

Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы.docx

— 44.16 Кб (Скачать)

Мұсылман  құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы

Хазіреті  Пайғамбар (с.а.у.) дәуірі

Мұсылман құқығының  пайда болуы Хазірет Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар болып, оған уахидің  келуімен басталады және осы кезеңде  түсіріліп, аяқталуына байланысты бұл кезең мұсылман құқығының алғашқы кезеңі болып саналады. Уахи Аллаһтың Пайғамбарларға жолдама жіберуі мағынасына және жіберілген жолдама мағынасына келеді. 
Уахи қамтитын тақырыптарда Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Меккеден Мединеге көшкеннен кейін (хижрет) өзгерістер болғандықтан, бұл кезең Мекке және Медине кезеңі болып екіге бөлінеді:

  • Мекке кезеңі. Мекке кезеңі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-ге уахи жіберіле бастаған Милади 610 жылдан Мединеге кешкен 622 жылға дейін созылады.

Мекке кезеңінде  түскен аяттар, көбіне сенімді нығайту, бір Тәңір сенімін орнықтыру және ахлақты (мораль) тәрбиелеу тақырыптарын қамтиды. Бұл кездегі дінге шақыру ісі әлемдік сипатта болды және де аяттар көбінесе: «Ей адамдар!» деп басталады. 
Бұл кезеңде құқық саласында ешқандай аят түспеген. Мұның себептерінің бірі - мүминдер қоғамының қоғамдық беделінің болмауы. Ал құқықтық жүзеге асырылуы қоғамдық күшті қажет етеді. Екінші бір себеп - құқық қағидаларының табысты түрде жүзеге асырылуының және күткен нәтижеге жетуінің алғышарты болған ахлақ (мораль) тұрғысынан жетілген адам түріне байланысты болуы. 
Бұл жағдай ахлақ пен құқық арасындағы тығыз байланыстыр тіпті құқықтық негізі ахлақ екендігінің нышаны болып саналуы мүмкін. Осылайша Медине кезеңінде түсірілетін құқықтық қатынастардың іргетасы Мекке кезеңінде қаланды.

  • Медине кезеңі. Бұл кезең Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-нің 622 ж. Меккеден Мединеге көшуінен басталып, 632 ж. қайтыс болуына байланысты аяқталады.

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Мединеге Пайғамбар ретінде ғана емес, сонымен бірге Мединеде сүрген үш яһуди қауымын (Құрайза, Қайнука және Надирұлдары) араларындағы әрі сол жердегі Әуіс және Хазреж деген араб қауымдары арасындағы келіспеушіліктерге қазылық ету және қоғамда сөзі өтетін көсем сипатымен барған. Қысқаша айтқанда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың Меккедегі діни «шатына дүниелік көсем сипаты да қосылды. Бұл кезеңде қоғамдық тәртіп орнату, адамдар арасындағы қатынастарды реттеу туралы үкімдер келе бастады. Ғибадаттар да осы кезеңде реттелді. Практикалық өмірге қатысты үкім аяттарын ахкәм аяттар дейді. Бұл кезеңнің ерекшеліктерінің бірі - үкімдердің бәрі бірден емес, уақытқа қарай сатылап қойылуы (Тедриж). Арабтар арасында кейінен тараған шарап ішу және пайыз алу бірден тоқтатылмай оларға үйрете келе тыйым салынған. Бұрын қойылған үкімнің кейіннен келген үкіммен күшін жоюы деген «несх» те осы кезеңнің ерекшеліктерінің бірі болып табылады. 
Кейінгі кезеңдердің негізгі қайнары болған уахи - осы кезеңнің де негізгі қайнары. Алайда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құрандағы үкімдерді түсіндіргенде ақылын колданғандығы қабылданады. Сол себептен Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін немесе іс-әрекеттерінің барлығын, яғни сүннет толығымен уахи деу дұрыс емес. Алайда сүннеттің уахиден шыққанын қуаттайтын ғалымдар да бар.

Мұсылман қауымының мәні және ерекшеліктері

Мұсылман құқығының негізін Аллаһтың сөзі - Құран мен Аллаһ Елшісі Хазіреті Мұхаммед ПайғамбарХазіреті Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі мен әрекеті - сүннет құрайды. Құран мен сүннетте үкім беретін сөздер жекеше түрде «нас», көпше түрде «нусус» деп аталады және нас дегенде Аллаһтың немесе Пайғамбарлық сөзі негізге алынады. Осыған сай мұсылман құқығының негізгі сүйенішінің бірі «нас» болып табылады. Осы настарды қойған Аллаһ пен Пайғамбар «Шари» деп аталады.

Алайда Құран  мен сүннетте қамтылған осы настардың  түсінілуі мен қолданылуында  және олардың тікелей қамтылмаған  мәселелерінің үкімін беруде адамзат күшіне мұқтаждық туындайды. Бұл күш мұсылман құқығы терминологиясында «ижтихад» деп аталады. Ижтихад – қысқаша шариғи-амали, бір мәселенің үкімін білуге әрекет ету. Осы әрекетті атқаратын адам «мүжтахид» деп аталады.

Осыған сай  мұсылман құқығы Аллаһтың сөзі «нас»  пен адамзаттың әрекеті «ижтихадтан» тұрады.

«Шари» ұғымы  «шариғатты қойған» түсінігіне сай  келеді және тек Аллаһ пен Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) үшін қолданылады.

Діни-құқық мәселелерде адамдардың сұрақтарына жауап беретін кісіні «мүфти», ал берген жауабын «пәтуа» деп атайды. Мүфтидің берген жауабы тұрақты бекітілген қағида болмағандықтан, адамдардың басқа мүфтиден де осы мәселе турасында қайта сұрауына болады.

Хаким (қазы) - адамдар арасындағы түсініспеушілікті шешу үшін тағайындалған факих. Оның беретін үкімі тұрақты, яғни адамдар осы шешімге бойсұнуға міндетті. Осыған көңіл бөлген көптеген жазушылар мұсылман құқығын басқа құқықтық жүйелерден айыратын мына ерекшеліктерді атап көрсеткен. 
1. Негізінің Аллаһтан болуы: 
Мұсылман құқығының негізгі түпдерегі Аллаһ сөзі «Құран» болып табылады. Бұл жағдай - мұсылман құқығының ерекше қасиеттеріннің негізі. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)
Құрандағы үкімдерді алғашқы рет түсіндіруші және орындаушы болуы көрсетілген ерекшеліктермен бірге ескерілуі керек. 
Алайда мынаған назар аудару керек, яғни негізгі түпдеректің Аллаһтың сөзі Құран болуы және алғашқы іргетасының
Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар тарапынан қойылуы мұсылман құқығының толығымен Аллаһтың туындысы және илахи құқық деген мағынаға келмейтінін көрсетеді. Осы мәселені ескермеген бірқатар Батыс зерттеушілері мұсылман құқығының толығымен догматикалық, тұрақты және өзгермейтін құқық екендігін баса айтқан. Әйтсе де, мұсылман құқығының негізгі түпдерегі Құранда адамдар арасындағы қарым-қатынастар түп-негізіне дейін берілмеген, тек жалпы принциптері ғана айтылған және шиеленіскен өмір оқиғаларының шешімін Құрандағы жалпы мораль және құқық принциптерінің негізінен табу шартымен адамның сана-сезіміне жүктелген. Тіпті, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) бірқатар құқықтық реттеулерді уахи жолымен емес, Құрандағы принциптердің саясында өз ақылымен жүргізгені көрсетіледі. 
Факихтер (мұсылман құқығы ғалымы) Аллаһтың қалауы мен әлеуметтік шындық арасын ұштастыруға тырысқақ ұшырасқан құқықтық мәселелерді Құрандағы принңиптерді назарға ала отырып, өз ақылының, жинақталған тәжірбиесінің және алған мәліметтердің негізінде шешіп отырған. Осы тұрғыдан мұсылман құқығының негізгі түпдерегін қаншалықты Аллаһтың сөзі Құран қалыптастырса да, соңғы сараптамада мұсылман құқығының құрылуы мен бір жүйеге келтірілуі адам сапасының жемісі және нәтижесі екендігін көреміз. Сол себепті мұсылман құқығы белгілі кезеңдерде жасалған болымсыз (позитив) реттеу болып табылады. 
Ұлы
факихтердің бірі Имам ол-Харамейн әл-Жуейни «Фикһтың оннан тоғызы адамзат сөзі» дегенде осы мәселеге назар аударған. 
2. Екілік жаза жүйесіне ие болуы: 
Мұсылман құқығы жаза тұрғысынан да өзге құқық жүйелерінен ерекшеленеді. Мысалы, Құранда тыйым салынған әр түрлі іс-әрекетер құқық мәселесінен бұрын дін мәселесі болып табылады. Яғни, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеген адам Аллаһтың тыйым салған нәрсесін жасағандықтан күнә іс істеген болады. Мұның азабын ақырет күнінде тартады. Бұл - істелген әрекеттің рухани-ақыреттік жаза жағы. Сондай-ақ, бұл адам Аллаһқа берген сөзінде тұрмай, Аллаһтың тыйым салған ісін істегендіктен оның арожданы да мазасызданады. 
Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) дәуірінде Майыс деген кісі зинақорлық жасаған. Ешкім көрмесе де арожданының мазасыздануы салдарынан Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) келіп, қылмысын айтып, өзіне тиісті жазаның қолданылуын өтінген. 
Құранда жаман іс деп есептелген және тыйым салынған әрбір әрекет үшін осы дүниелік жаза көрсетілмеген. Дегенмен, кісі өлтіру, зинақорлық жасау, өтірік айту, ұрлық істеу және қарақшылық жасау сияқты әрекеттерге арнайы осы дүниелік жазалар берілген. 
Мұсылман құқығының «екілік жаза» ерекшелігі осы мәселеде қарастырылады. Рухани-ақыреттік жазалар, әсіресе діндар адамдардың жаман әрекеттерден тыйылуында маңызды рөл ойнайды. Ал материалдық-дүниелік жаза барлық адамдар үшін тыйдырушы сипатта болады. Рухани жаза «
діндарлық» сияқты субъективті жағдайға, ал материалды жаза объективті қағидаларға сүйенеді. Кейбір мүшкіл жағдайларда хакимдер «діни заңдарға байланысты үкім» мен «құқыққа байланысты үкім» арасын ажыратып көрсеткен. 
Мұсылман құқығының көптеген ғасырлар бойы әлемнің түкпір-түкпірінде еркін қолданылу және жетістікке жету себептерінің бірі оның осы екілік жазаға ие болу ерекшелігінен туындайды. 
3. Принциптері мен мақсаттары тұрғысынан әлемдік деңгейге көтерілуі: 
Әділдікті қамтамасыз етуге, жеке басты, мүлікті, ар-намысты, ақылды және дінді қорғауға, жалпы алғанда адамның осы дүниеде де, арғы дүниеде де бақытқа бөленуін қамтамасыз етуге бағытталған принциптер мен мақсаттар тұрғысынан мұсылман құқығының әлемдік деңгейге дейін көтерілгені турасында сөз етуге болады. 
Алайда әрбір құқық жүйесі сияқты қалыптасу процесінде қоғамдық шарттар мен көзқарастардан әсерленген мұсылман құқығының тарихи тәжірибеде қалыптасып, бір жүйеге келтірілгендігі тұрғысынан әлемдік сипатқа ие болуы туралы сөз қозғау қате, әрі шынайы емес.Кейбір жазушылар
мұсылман құқығының ерекшеліктері ішінде адамдар арасындағы құқықтық қарым-қатынастармен қоса, жеке адам мен Аллаһ арасындағы құлдық байланыстың да құрылғанын айтады. Алайда, Фикһ кітаптарының алғашқы бөлімдерін құрайтын ғибадат мәселелерінің барған сайын заман ағымында «Илмихал» тақырыбымен жеке кітаптарда қарастырыла бастағандығы және қазіргі кездегі басым көзқарасқа сай, ғибадаттардың құқық құрамына кірмейтіні ескерілсе, аталмыш жағдайлы мұсылман құқығы үшін жеке ерекшелік ретін де айтуға қажеттілік қалмайды.

Фикһ

Фикһ - терең түсіну мен жан-жақты ұғыну. Ұғым ретінде бұрын діннің барлық салаларында терең түсінікке ие болу мағынасында қолданылатын және сенім, ахлақ (мораль), амал (іс-әрекет) мәселелерінде білім иесі болу Фикһ сөзімен түсіндірілетін. Ханафи мазһабының негізін қалаушы Әбу Ханифа осы кең және жалпы мағынаға Фикһты «адамға пайда және зиян келтіретін нәрселерді (яғни құқықтары мен міндеттерін) білу» деп түсіндірген. Кейіннен сенім және ахлақ (мораль) мәселелері Фикһ саласынан шығып, басқа салаларда зерттеле бастаған. Осылайша, сенім мәселелерін зерттеген ғылым саласы – қалам ғылымы, ал-ахлақ мәселесін зерттеген ғылым саласы тасаввуф (сопылық) ғылымы немесе ахлақ ғылымы деп аталған. Одан кейін тек адамның іс-әрекеттеріне қатысты (амал) мәселелер ғана калып, Фикһ ғылымы сол іс-әрекеттерді зерттей бастаған. Осыған орай, Фикһ ғылымы адамның іс-әрекеттеріне (амал, фиил) қатысты діни үкімдерді зерттейді. Адамның іс-әрекеттері жалпы ғибадаттар және муамалат болып екіге бөлінеді. Ғибадаттар адамның Аллаһ алдындағы міндеттерін түсіндіреді. Мысалы, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажылыққа бару ғибадат болып табылады. Бұлар - жеке мағынадағы ғибадаттар. Мұнымен қоса, ғибадаттың жалпы мағынасы да бар.

Ол - адамдарға  пайда келтіретін әрекет жасау Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде (хадис): «Иманның 60-тан аса бөлігі бар. Жолдан адамдарға зиян келтіретін тасты алып тастаудың өзі де иманның бір бөлігі болып табылады» - деп айтқан. Сол себептер мұсылмандықта адамның өзін және отбасын басқаларға мұқтаж етпеу үшін жұмыс істеп табыс табу, туыстарына көмек көрсету ғибадат деп есептелгеніндей, еліне және барлық адамзатқа пайдасын тигізу үшін жұмыс істеу де ғибадат болып саналады. Ал муамалат іс-әрекеттері болса, екі немесе бірнеше адам арасындағы немесе қоғамдар, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Адамдар арасында пайда болатын сауда-саттық, жалға беру, кепіл немесе кепілдік көрсету, несие беру, үйлену, ажырасу және мирас қатынастары сияқты, бұрын укубат (қылмыс пен жаза) ретінде зерттелген қылмыс пен жаза да муамалат саласында қарастырыла бастаған. Сонымен қатар, мемлекеттер арасындағы қатынастар да осы салаға кіреді. Қамтитын мәселелеріне қарай отырып, муамалатты қазіргі ұғым бойынша құқық немесе құқықтық қатынастар деп те атауға болады. Құқық ұғымы ғибадаттарды емес, тек муамалат тақырыптарын ғана түсіндіру үшін қолданылған. Классикалық Фикһ ғылымы бір қалыпты дамығандықтан, әрбір муамалат мәселесіне қатысты мәліметтер жалпы теория тұрғысынан айтылмай, тек тиісті мәселе төңірегінде ғана түсіндіріледі. Мысалы,: сауда-саттыққа қатысты мәліметтердің барлығы «Китаб әл-Бей» (сауда-саттық) тақырыбына қамтылады. Алайда, бұл факихтердің (мұсылман заңгерлердің) бір келісім теориясына тоқталмағанын көрсетпейді. Сауда-саттық, жалға беру, кепіл немесе кепілдік көрсету, несие беру сияқты мәселелер қаншалықты жеке зерттелсе де, әсіресе, сауда-саттық мәселесі зерттелгенде, келісім теориясы деп есептелетін мәліметтер беріледі. Фикһ (мұсылман құқығы) саяси және мәдени өмірмен бірге діни өмірді де қамтитын мазмұнға ие. Жалпы алғанда, Фикһтың қамтитын мәселелері 4-ке бөлінеді.

  1. Ғибадаттар;
  2. Муамалат (қарым-қатынас);
  3. Мүнакахат (неке мәселесі);
  4. Укубат (жаза мәселесі);

Ғибадаттарға дәрет, намаз, ораза, зекет және қажылық жатады. Сондай-ақ, ант етуге және құрбандыққа қатысты үкімдер де осы бөлімге кіреді.

Муамалаттың құрамына заманауи (қазіргі кездегі) құқықтағы  жеке құқықтың бөлімдері - міндеттемелік  құқық, мүлік құқығы, сауда құқығы және мемлекеттік жеке құқық пен  мемлекеттік құқықтық бөлімдері - мемлекеттік  жалпы құқық және әдістемелік  құқық үкімдері кіреді. Фераиз деп  аталатын мирас үкімдері мен «Сыяр» тақырыбында қарастырылатын халықаралық құқыққа қатысты үкімдер де осы бөлімде қамтылады. Сондай-ақ, «әл-Ахкаму'с-Султания» атты жеке жұмыстарда қарастырылған Ата заң мен басқару құқығына қатысты үкімдер де осыған жатады.

Мүнакахат үйлену, ажырасу, қамқорлыққа алу, алимент  төлеу және баланың заңды немесе заңсыз туылуы сияқты отбасылық құқық мәселелерін қамтиды. Қылмыстар мен жазаларға қатысты мәселелер укубаттың құрамында қарастырылады.

Осы төрт бөлімнің орнына ғибадаттардан тыс, қалған барлық құқық мәселелерін муамалаттың құрамына алып, жалпы екі бөлімді қарастырады. Классикалық мұсылман құқығы заманауи құқықтың барлық негізгі мәселелерін қамтумен қатар өз жүйесі мен жіктеу қисыны тұрғысынан да өзіндік ерекшелікке ие. Мұсылман құқығында Рим құқығынан бері қолданылып келген мемлекеттік құқық пен жеке құқық түрлеріне бөлу мәселесі қарастырылмайды. Алайда мұсылман заңгерлер діни және құқықтық міндеттерге жауапкер болған адамдардың әрекеті туралы айтқанда, оларды мемлекеттік құқық және жеке құқық бөлімдеріне ұқсас «Аллаһ хақтары» және «Құл хақтары» деп аталатын екі топқа бөлген.

«Аллаһ құқығы»  ұғымы, көбінесе белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарамастан, жалпы алғанда қоғамның мүддесін жүзеге асыруды және қоғамдық тәртіпті сақтауды мақсат еткен үкімдерді түсіндіреді. Бұл топқа жататын үкімдерден ешкімнің бас тартуға құқығы жоқ және осы үкімдердің орындалуында немқұрайлылықтың байқалуы мүмкін емес. Ал «Құл құқықтары» ұғымы, көбінесе тұлғалардың бір-бірімен жасаған әртүрлі құқықтық қарым-қатынастарын анықтайды. Мұндай құқықтарда құқық несі қадаған кезінде құқығынан бас тарта алады.

Шариғат бойынша қылмыстың түрлері және оның құрамы

Шариғатта қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінбейді. Жаза және қылмыстың түсініктері, қылмыстық жауаптылық, қылмыстарды қайталау сияқты сұрақтар арнайы түрде қарастырылмаған. Ал қылмыскерді жасырып отырған немесе қылмыс іздерін жасырған адамдар қылмысқа қатысушылар ретінде ескерілмеген. 
Шариғат бойынша қылмыстар 3 түрге бөлінеді: 
1) құранда жаза мөлшерлері көрсетілген іс-әрекеттер (хадд); 
2) жеке адамға қарсы қылмыстар (джинаят); 
3) соттың шешімі бойынша жаза ретінде түзеу қолданылатын іс-әрекеттер (таъзир) [1, 83 б.]. 
Қылмыс түрлерін жасалу сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай санаттарға бөлу қалыптасқан. Нақтырақ айтсақ: 
1-санатқа Аллаға және барлық мұсылман қоғамының қатаң қағидаларына қарсы бағытталған өте ауыр қылмыстар жатады. Мысалы, құдайды мазақтау, дін ауыстыру, басқа дінге сенушілермен достық қарым-қатынаста болу, ел басына қарсы шығу, діни салттарды орындамау, жезөкшелік, дәлелсіз түрде жезөкшелікпен айыптау, жала жабу, малмен жыныстық қатынасқа түсу, ұрлық, қарақшылық, басқаның мүлігін алып қою, спирттік ішімдіктерді ішу және т.б. Мұндай қылмыстар үшін құранмен әртүрлі шаралар және өлім жазасы қарастырылған. Алынған мәліметтерге қарағанда қазіргі күнде Сауд Арабияда жоғарыда көрсетілген қылмыс түрлерінен бөлек есірткі заттарды осы мемлекет аумағына алып келген адам (азаматтығы, жынысы және жасына қарамай), сондай-ақ қорқытып алу, спирттік ішімдіктерді мемлекетке алып, оны дайындау немесе сатуда ауыр қылмыстар қатарына жатады. 
Түрлі мазхабтарға тиісті құқықтанушылар жоғарыда айтылған қылмыстың кейбір түрлерінің бірінші топқа жататын-жатпайтындығы туралы пікірлерін білдірген. Бір топ ғалымдар дәлелсіз түрде жезөкшелікпен айыптау, жала жабу қылмысына Құран Кәрімде қатаң жаза белгіленген болса да, бірақ бұл қылмыстың жасалуын жариялаған кейбір адамдардың әрекеттері өзіне залал келтіреді, сол үшін мұндай қылмыс үшін жаза тек қана жәбірленушінің талабына қарай қолданылады, жәбірленуші қылмыскерлердің күнәсін кешуі қажет деп оны бірінші топтағы қылмыстар қатарына қоспау туралы пікірін білдірген. Бірақ Ханафи мазхабындағы құқықтанушы ғалымдар бұл қылмыстың қоғамға әсері болғаны үшін күнәдан босатуға жол бермейді деп есептейді.   
Дін ауыстыру - рухани және азаматтық өліммен ұштасқан ең ауыр қылмыс болып танылады. Дінін ауыстырғандарға өлім жазасының ең қиын тәсілдері қолданылған. Үкімді орындауға дейін қылмыскердің некесі бұзылып, оның мүлігі тәркіленіп, оны мұсылмандық салтпен жерлеу құқығынан айырған. 
Елбасына қарсы шыққандар дін ауыстырылғандарға теңестірілген. Осы сылтаумен билік етуші топ халықтың тәуелсіздікке ұмтылуын басып отырған. Имамдар мен пайғамбардың атына кір келтіргендерді өлтіруге әр адамның құқығы болған. Құлдар құқықтың субъектісі болмаған, олардың құқықтары қорғалмады. Бірақ жазаға келгенде дін ауыстыру үшін құлдар ерікті адамдарға теңестірілген. Мұсылман діні басқа діндерге агрессиямен қарайтын дін болып табылады және олардың өкілдерін "кейінгі өмірде отта қиналатын дінге сенбеушілер” деп атайды (Бақара сүресі 2/24). 
Шариғат ашық түрде мұсылмандар мен мұсылман еместердің қылмыстық құқықтық қатынаста тең еместігін көрсеткен. Егер мұсылман емес мұсылмандық мемлекетте жүре тұра мұсылманша киініп, мұсылманның үйінен жоғары үй тұрғызса, қоңырау соқса, ашық жерлеу салттарын жүргізсе, атқа мінсе, қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Мұсылман мен мұсылман еместің арасындағы достық шариғат бойынша дін ауыстыру болып саналады. Құранда мұсылмандарға мынадай сөздер айтылған: "Олар сендерді өздері сияқты жасағысы келеді, құдай жолына түспегенше олармен дос болмаңдар” делінген. 
Шариғаттың қағидалары Шығыс елдерінде билік етуші топпен өзінің агрессиялық саясатында басқалардың территориясын жаулап алу үшін, кәпірлерге қарсы "қасиетті соғыстың” өрістеуі, ұлттық теңдікті және ел басшылары арасындағы достықты жою үшін қолданылды. 
Айта кететін жайт шариғатта дінге қарсы қылмыстар туралы толық және ашық түрде айтылмаған. Намаз ережелерін бұзу, спирттік ішімдіктерге, құмар ойындарына салыну қылмыс болып табылған. Құранда былай айтылған "Сенушілер, шарап, ойын, құмар - шайтанның ісі, сондықтан одан қашыңдар” (Маида сүресі 5/90). 
Шариғат жеке меншік құқығын қорғаған: ұрлық жасағаны үшін қылмыскерден заттың бүкіл құнын төлетіп қоймай, оны ұзақ мерзімге абақтыға қамап немесе дене мүшелерін кескен; қарақшылығы үшін өлім жазасы да қолданылған. 
2-санатқа мына қылмыстар жатады: адамды өмірінен айыру, денсаулығын зақымдау немесе жара түсіру. Қасақана адам өлтіру үшін өлім жазасы қарастырылды, бірақ жәбірленушінің туыстарының қалауы бойынша қылмыскер ақша немесе мүлік берумен құтылған. Денеге зақым, жара түсіру үшін шариғат тән жазаларын қарастырған, бірақ талапкер сұранысы бойынша бұл жаза мүлік берумен ауыстырылған.  
3-санаттағы қылмыстарға: соғыс кезінде қашу, жалған куәгерлік, жалған жала жабушылық, әлеуметтік қарым-қатынасқа қарсы бағытталған барлық түрдегі қылмыстар, оларға зекет төлемеу, адамдарға материалдық зиян келтіру, (ұрлық және басқыншылықтан бөлек) бітім бойынша міндетін орындамау, қан үшін айыппұл төлемеу, кем өлшеу, кем тарту, біреуді күндеу, парақорлық, бюджетті немесе жетімнің ақысын жеу, көрінеу жалған үкім шығару, жалған куәлік беру, қоғамда жүру-тұру ережелерін бұзу, адамдарға немесе өз қол астындағы жұмысшыларға зұлымдық көрсету, дінде көрсетілгендерді теріске шығару, қоғамдық мүлікті талан-таражға салу, намысқа тию (айдап салу), еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы (нәпсіқұмарлық), зейнетақы төлеу міндетінен бас тарту және тағы да басқалары жатады. Бұл қылмыстар үшін мұсылман мемлекеттерінде жарияланған таъзир, яғни қатесін айтып ұялту, ұру, түрмеге қамау, айыппұл төлету, тайпадан шығару сияқты жазалар қолданылады. Осы айтылғандардан шариғаттың әрқилы жазаларға, мысалы, өлім жазасы, тәнге немесе мүшеге зақым келтіру сияқты шаралар қолданатынын көреміз. Түркия, Парсы, Шығыс және басқа да мұсылман мемлекеттерінің тарихын зерттеген ғалым М. Капустин былай деген: "байлар үшін тән жазалары ақшалай айыппұлмен немесе мүлікті тәркілеумен ауыстырылады”. Бұларға мысалы: қанды кек алу, ұжымдық жауапкершілік қағидасы жатады. Құранда бұған байланысты былай делінген: "Мұсылмандар! Сендерге кек алуға болады: ерікті-ерікті үшін, құл-құл үшін, әйел-әйел үшін. Ал егер оның істеген іс-әрекетін бауыры кешірсе, онда ол сол адамға жақсы ісімен жағуы керек”.  
Құранда кек алу құқығын тек жағдайы теңдес адам үшін жүзеге асырған, яғни құлдар құлиеленушісі үшін, әйел ер адам үшін, мұсылман емес мұсылман үшін, ерікті емес ерікті үшін кек алуға құқысы жоқ. Аталған салттар билеуші топтың қолында жұмыскерлерді пайдалануда үлкен құрал болды. 
 Қылмыстық құқық пәні бойынша әрбір қылмыс төрт элементтен (қылмыс объектісі, қылмыстың объективтік жағы, қылмыс субъектісі, қылмыстың субъективтік жағы) тұрады.   
Төрт құрам элементі барлық қылмыс түрін сипаттаушы негізгі құрал болып табылады. Сүнниттіктің төрт ғылыми зерттеулерінде қылмыс түрлерінің түсініктерін ғылыми-теориялық және тәжірибелік жағынан талдаған, суреттеген. Осының негізінде әрбір қылмысқа жеке жаза белгіленген.  
Шариғат бойынша қылмыстардың жалпы объектісі - дін және мемлекет негіздері, тұлғаның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, намысы, мүліктің түрлері, әсіресе жеке мүліктер, қоғамдық тәртіп және оның қауіпсіздігі. Діни ережелер сауда-саттық тәртіп ережелері, әділ соттау негіздері және басқа бірқатар қоғамдық қарым-қатынастар да бола алады. Мысалы, діннен бас тарту, құдайға күмәндану, көп құдайшылық, исламнан безу сияқты әрекеттер бір қылмыстың түрлі көріністерін білдіреді. Бұл қылмыстардың жалпы объектісі діни қарым-қатынастар болып, айыпталушының қылмыстық әрекеті діни қарым-қатынастарға залал келтіруге бағытталған. Адам бұл қылмыстарды жасау арқылы ислам дінінің қоғамдағы беделін төмендетуге әрекет етеді. Исламның алғашқы таралған кездерде бұл қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейі жоғары болып саналғаны белгілі. Себебі айыпты осындай әрекеттері арқылы көпшіліктің ислам дінінен бет бұруына себепші болуы мүмкін болған. Сондықтан бұл қылмысқа қатаң жаза "хадд” белгіленуі негізсіз емес.  
Шариғатта зиянның салдарын мүлікке келтірілген зақым бойынша анықталатындығы мәлім. Қылмыстық заңда анықталғандай көрсетілген жағдайларда ғана қылмыстың заты туралы айтуға болатындығын дәріптейді [2, 15-19 бб.].  
Мұсылман қылмыстық құқығы тізімінде қылмыстардың объектісін, әсіресе оның затының мөлшерін толық анықтау - адамның қылмысты әрекетін дұрыс дәрежелеумен қатар, оған тиісті жазаның түрін белгілеуде көмек береді.  
Шариғаттағы қылмыс түрлері жалпы объектілерден тұрады демей, керісінше оларды қылмыстың тікелей объектісі ретінде талдау керек. Мысалы, адам өлтіру қылмысының тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулыққа зардап келтіруде адамның денсаулығы. Опасыздықпен айыптау, яғни жала жабуда адамның абырой-намысы, ислам дінінен безуде дін негіздері және басқа да қылмыстың объектісі болуы мүмкін.  
Сонымен, мұсылмандық қылмыстық құқықта адам қылмыс жасаса, қоғамға келтірген залалдары үшін қылмысына сай жазаланады. Сонымен бірге қылмыс объектісін, әсіресе оның затын анықтау, қылмыстарды іріктеу, әрбір қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейін талдау және қазылар тарапынан қылмыстық заңды әділ бағалау мәселелері оларда өзектілік білдіреді.  
Шариғаттағы қылмыстың объективтік жағы. Қылмыстық заңдармен қорғалатын объектіге қарсы бағытталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілер қылмыстың шындық жағын мазмұндайды.  
Әрекет немесе әрекетсіздік тек заң жағынан қорғалатын объектіге қарсы бағытталған болса, яғни қоғамға қауіпті болса, қылмыс деп саналады. Қоғамға қауіпті болмаған әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың белгілері болмағандығы үшін қылмыс деп саналмайды. 
Қылмыстың объективтік жағы болмаса, қылмыстың объектісіне шабуыл болуы мүмкін емес, субъектінің ойында әрекеттің объективтік белгілерін анық көрсететін субъективтік жағы да және қылмыстың субъектісі де болмайды. Қылмыстың басқа элементтерімен бірге, оның объективтік жағы да қылмыскер жасаған күнәнің дәрежесін анықтайды және оған тиісті белгіленетін жазаға әсерін тигізеді. 
Шариғатта жасалған қылмыстың объективтік жағын анықтайтын бірқатар белгілер барлығын байқаймыз. Мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық және басқа да қылмыс құрамдарының объективтік жағын талдағанымызда, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қарсы әрекеттерден тұратынын көреміз.  
Аталған меншікке қарсы бағытталған қылмыстардың бір-бірінен мүлікті заңсыз иелену тәсіліне қарай, яғни қылмыстың объективтік жағы бойынша ажыратылатыны белгілі. Сонымен қатар, мұсылман қылмыстық құқығында зекет төлемеу, келісімдер бойынша міндеттерді орындамау, төгілген қан үшін ақы төлемеу, рамазан айында ораза ұстамау және негізгі діни қағидаларды орындамау сияқты қылмыстарды объективтік жағынан қарағанда әрекетсіздікпен жасалатынын байқау қиын емес.  
Заң бойынша ғұрыптарды атқару қоғамдық тәртіпті бұзумен немесе азаматтардың құқықтарына қол сұғатын әрекеттермен ұштасса, ондай діни ғұрыптарды атқаруға кедергі жасау заңды әрекет болып табылады, демек, қылмыс болып табылмайды [3, 107 б.].  
Айтып өткендей, кез келген әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың объективтік жағының негізгі белгісі бола алмайды. Тек қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы әрекет пен әрекетсіздік қана қылмыс құрамының объективтік жағын құрайды.  
Қылмыстың объективтік жағы - адамның нақты әрекет қылығымен обьектіге келтірілген шығынды көрсететін және қылмыс деп танылатын қоғамдық қауіпті әрекетке негізделетін қылмыстық заңмен қорғалатын обьектіге қол сұғушылықты көрсетудің заңи нысаны [4, 48 б.].  
Мұсылман қылмыстық құқығында зорлау қылмысы некеде болмаған еркек пен әйелдің жыныстық жақындықта болуы ретінде түсіндіріледі. Шариғатта неке қасиетті болып саналады. Некесіз бірге тұру қатты қараланады. Үйленген кісі бала тәрбиелеп, оның қоғамның лайықты мүшесі болуын қалайды, сонымен ұрпақтардың жалғастырылуын шариғат бойынша жалғастырған болып шығады. Зорлау әрекеті әдепке қарсы болып, адамдардың адамгершілік нұрын сөндіреді, заңға қарсы, қоғамда қараусыз қалған балалардың тууына себеп болады.  
Құрандағы әл-Исра сүресінің 32-аятында: "Аллаға арамдық жасаған кісіні өлтірмеңдер! Бірақ тиісті болса, өлтіріледі. Ал біреу жазықсыз өлтірілсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік. Өлтіру де шектен аспасын. Өйткені оған жәрдем етіледі. (Өш алынады)”- делінген. 
Шариғаттағы қылмыс субъектісі. Қылмыс құрамының маңызды белгілерінің бірі қылмыс субъектісі болып саналады. Қылмыстық құқық пәні бойынша қылмыс деп танылған қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін жауаптылыққа тартылуға тиіс адам қылмыстың субъектісі деп саналады.  
Мұсылмандық қылмыс құқығында қылмыстың субъектісі мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Шариғатта да қылмыстың субъектісі адамның жасаған қылмысты әрекеттерін ашу, оны құқық жағынан дұрыс бағалау, кейде айыптыны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелерін шешуде маңызды әсері бар.  
Шариғат бойынша есі дұрыс, өз іс-әрекеттеріне өзі жауап бере алатын, яғни өз жүріс-тұрысын түсінетін және өз әрекеттерін басқару қабілетіне ие болған кез келген адам қылмыстың субъектісі бола алады. Сонымен қатар, қылмыстың субъектісі тек есі дұрыс болып қана қоймай, есі дұрыс адам кәмелетке толған болуы керек деп көрсетілген. Шариғатқа дейін бірқатар ғылыми шығармаларда қылмыс жасаған адамды қылмыстың субъектісі деп айту үшін, ол анық бір жасқа жеткен және есі дұрыс болуы керектігі айтылған. Мысалы, Абу Юсуфтің шығармаларына қарап, кәмелетке толғандығы күмәнді болса немесе 15 жасқа толмаған жасөспірімдерге, сондай-ақ етек кірі келмеген немесе 15 жасқа толмаған қыз балаларға хаддтың бірде-бір түрі белгіленбегенін байқаймыз [30]. Ол өз ойын теория жағынан негіздеу мақсатында хадистерден келесі мысалдарды келтірген. Мұхаммед Пайғамбар Омар Хаттабты соғысқа жіберу мақсатында жасы нешеде екенін сұраған, сонда Омардың 14 жаста екендігін біліп, "әлі де жассың”деп оны жауынгер қатарына қабылдамаған. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Омарды тағы да шақырып неше жасқа толғанын сұрап, оның 15 жасқа толғанын есітіп, оған соғысқа қатысуға рұқсат берген екен. Омар Ибн Хаттаб халиф болған кезде (шариғат қағидаларының орындалуын тексеретін адам) жергілікті әкімдерге келесі мазмұнда хат жолдапты: кім он бес жасқа толған болса, ол әскер қатарына қабылдансын, бұл жасқа жетпеген балаларға көмек көрсетілсін. Халиф Абу Бәкірге кәмелетке жетпеген, ұрлық жасаған жасөспірім келгенде, оған жаза қолданылмаған. Сол кездегі шейхтардың бірі: "ұл жасөспірім 15 жасқа толса, оның берген күнәлігі қабылданады және оған тиісті хадд жазасы қолданылады”- деп жауап берген. Тағы бір хадисте тұрмысқа шыққан жас қыз күйеуімен жыныстық байланыста болған жағдайда және бір кісімен опасыздық жасаса, оның етек кірі келмегенше хадд қолданылмайды” - деп сонымен қылмыс субъектісінің жасы 15 жас деп белгіленген.  
Француз ғалымы Р. Шарл мұсылман қылмыстық құқығында қылмыс субъектісінің түсінігі терең зерттелгенін жоғары бағалап, "Мұсылман құқығында есі дұрыс, дін және азаматтық құқық талап ететін дәрежеде өз қылмысы үшін жауап бере алатын адам жасаған қылмысы үшін толығымен жауапты деп саналады. Адамның есінің дұрыс болмауы жауапкершіліктен босататын жағдай деп саналады” деп айтқан [5, 43 б.]. Кеңес уақытындағы ғалым М. Муллаев Р. Шарлдің осы ойына қарсы пікір келтіріп, "Р. Шарлдің бұл көзқарасы дұрыс емес еді. Мұсылмандардың сот жүргізу сараптамалырында қазылар ешқашан айыптының есі дұрыстығының, оның кәмелетке жеткен-жетпегендігінің қамын жемеген” деп көрсеткен [6, 53 б.].  
Біз М. Муллаевтың бұл пікірімен келіспейміз. Себебі шариғат қылмыстық құқығындағы есі дұрыстықты және адамның кәмелетке жеткендігін анықтау қажеттігі туралы заңның талабын орындамаған және бұл мәселеге шын көңіл бөлмеген, қылмысты қарауда заң бұзушылыққа жол берген санаулы қазылардың осындай әрекеттеріне бола бүкіл шариғат туралы зерттеудің келешегі жоқ деп айту негізсіз қорытынды деп санаймыз.  
Мұсылман қылмыстық құқығында ақылы кем, ақылын жоғалтқандар, нәрестелер, ойы төмен, қатты ұйқыдағы және мақау кісілер есі дұрыс еместердің есебіне кіргізілген.  
Шариғатта кәмелетке жеткендікті білдіретін ең кіші жас қыздар үшін – 9 жас, ер балалар үшін – 12 жас, ал мұсылман құқығында жалпы кәмелетке толу жасы 15 деп белгіленген. Демек, 15 жасқа толып қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартып, жазалау мүмкін болған. Бірақ түрлі діни қағидаларға сүйенген құқықтанушы ғалымдар 12 жастан 15 жасқа дейінгі аралықтарда қылмыс жасаған жасөспірімдерге тек жазалау түріндегі шараны қолдану туралы ойларды білдірген. Жалпы алғанда, мұсылман қылмыстық құқығында қоғамға қауіптілігі төмендеу болған қылмыстарға жеңіл жаза түрлері қолданылып, 18 рет ұру, ескерту, қоғамдық ортада ұялту, тағы да осы сияқты жаза шаралары қолданылған. Бірақ жоғарыда айтылғандай, жасөспірімдерге қатысты хадд, өш алу немесе айыппұл жазаларының орнына тек жазалау түріндегі шараларды пайдалануды мақсатқа жетуге дұрыс келеді деп санайтын кейбір құқықтанушы ғалымдардың ойларын кездестіруге болады. Баяндалған деректерге қорытынды жасасақ, онда мұсылман құқығындағы Ханафи мазхабының құқықтанушылары 15 жасқа толған және есі дұрыс адамдар қылмыстың субъектісі бола алады деп санаған [7, 123 б.].   
Шариғаттағы қылмыстың субъективтік жағы. Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның психикалық сезімдерін білдіретін қылмыс құрамының ішкі жағының белгілері болып табылады. Әртүрлі қылмыстар әртүрлі ниетпен және мақсатпен жасалады, соған сәйкес кінә нысаны да әртүрлі болады. Сондықтан әр қылмысты саралауда кінә нысаны, қылмыс мақсаты мен ниеті анықталуы қажет. Осы түсініктердің барлығын қылмыстың субъективтік жағы біріктіреді. Қылмыстың субъективті жағының қажетті белгісі - кінә, яғни қасақаналық немесе абайсыздық, себеп және мақсат жатады. Демек, қылмыстың субьективтік жағы – бұл адамның істелетін қылмыс пен оның зардаптарына психикалық қатысы екендігі [8, 70 б.].  
Мұсылман қылмыстық құқығына қатысты бірқатар ғылыми-теориялық шығармаларда қылмыстың субъективтік жағын суреттейтін негізгі белгі –кінәнің болуы, ал өш алу ниетімен жасалған қылмыстар болса, онда анық мақсаттың болуы алынады.  
Шариғатқа арналған теориялық қайнар көздерде ауыр кінәмен жасалған қылмыстарды дұрыс дәрежелеуге назар бөлінген. Бір кісі екінші кісіні өлтіру үшін оқ атса, оқ осы адамға және басқа адамға да тисе және осы жағдайда екі адамды да өлтірсе, онда бірінші адамды кек алу мақсатында, ал екінші адамды абайсызда өлтірген деп бағаланады және айыппұл төлеу жүктелген.  
Ауыр айыпты қылмыстарға шариғатта тағы да бір келесі мысалды келтіруге болады. Адамға келтірілген екі жарақаттың біреуі кек алу үшін, басқасы кексіз (абайсызда) болса, сол жарақаттар кісінің өліміне себеп болса, онда айыптының жақындары жарты айыппұлдың ақысын, айыптының өзі өз қалтасынан қалған жарты айыппұлдың ақысын төлеген.  
Қорытындылай айтқанда, мұсылман қылмыстық құқық теориясында да бір объектіге қарсы бағытталған қылмыстарды субъективтік жағынан терең талдау жүргізілген және қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай бірнеше түрлерге бөлінгендігі ескеріліп, қылмыскердің психикалық дәрежесінің жоғарылық дәрежесіне қарай жаза белгіленген.

Информация о работе Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы