Монголия мемлекетин курылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 22:03, реферат

Описание работы

XII ғасырдан бастап монғол тайпалары қазіргі кең-байтақ монғол жерін мекендеді. Жері Орталық Азиядан Байқал көліне, Енисей және Ертіс өзенінен Гоби құмына дейін созылып жатты. Монғол жерінде монғол, татар, керей, найман және меркіт тайпалары өмір сүрген. XII ғасырдың екінші жартысында Далай-Нұр және Бұйыр-Нұр көлінің жағасын тата (орыс деректерінде «татар» атауымен белгілі) тайпасы мекен еткен.

Содержание

1. Монғол мемлекетінің құрылуы

2. Монғол мемлекетінің саяси құрылымы

3. Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия және Кавказ жерін жаулап алуы

4. Пайдаланған әдебиет

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 91.87 Кб (Скачать)

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Әл –  Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі 
 
 
 

Өзіндік жұмыс

Тақырыбы:  Моңғол мемлекетінің құрылуы. 
 
 

                               Орындаған: ПК-102 студенті

                                                         Мендыбаева А.         

                          Тексерген:  Байғараев Ж. 
 

Алматы, 2011жыл 

Мазмұны: 

1. Монғол мемлекетінің  құрылуы

2. Монғол мемлекетінің  саяси құрылымы

3. Шыңғысханның Қазақстан,  Орта Азия және  Кавказ жерін жаулап  алуы

4. Пайдаланған әдебиет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Моңғол мемлекетінің құрылуы 

 
 

Монғол  доминиондары 
 

    XII ғасырдан бастап монғол тайпалары қазіргі кең-байтақ монғол жерін мекендеді. Жері Орталық Азиядан Байқал көліне, Енисей және Ертіс өзенінен Гоби құмына дейін созылып жатты. Монғол жерінде монғол, татар, керей, найман және меркіт тайпалары өмір сүрген. XII ғасырдың екінші жартысында Далай-Нұр және Бұйыр-Нұр көлінің жағасын тата (орыс деректерінде «татар» атауымен белгілі) тайпасы мекен еткен. Олардың батысында Тола көлінде керей, олардан батыста, Алтай тауының етегінде наймандар қоныстанған. Онон өзені бойында, татар тайпасы жерінің солтүстігінде монғолдар көшіп-қонып жүрген. Монғол жерінде тұрған тайпалар ежелден мал бағумен, аң аулаумен айналысқан. 1155 жылы Есугей баһадүр отбасында ер бала дүниеге келеді. Есугейдің руы қият, ал әйелі олқұн руының қызы болған. Есугей баһадүр 1155 жылы татар тайпасына шабуыл жасап, Темучин атты батырын қолға түсіреді. Сол жылы дүниеге келген баласының есімін Темучин деп қояды. Жастайынан қиындық көріп өскен Темучин өте қайратты және өжет болып өседі. Темучин ер жеткен кезде монғол тайпасының керейіт, меркіт және татар тайпаларымен ұзаққа созылған соғысы басталды. Монғолдар 1203 жылы керейлерді, одан кейін татарлар мен меркіттерді жеңеді. Содан керейіттер мен меркіттер батысқа көшіп кетуге мәжбүр болады. Олар қазіргі қазақ даласына қоныстанады. 1204-1205 жылы өзінің көрші тайпаларын жеңіп, жерін кеңейте түседі. 

1206 жылы көктемде  Онон өзенінің  бойында монғол  тайпаларының құрылтай  жиыны болып, Темучинді  ақ тудың аясында  хан деп жариялайды. Осы жиында Темучиннің  ата-анасы қойған  атын өзгертіп, Шыңғысхан  деп атайды. Шыңғысхан  бүкіл монғол тайпаларының  басшысы болады. XIII ғасырдың басында  Шыңғысхан Сібір  халықтарының жері  мен Қытай елін  жаулап алып, Ұлы  Монғол империясын  құрды. Шыңғысханның  Қытайға жорығында  Жалайыр тайпасынан  шыққан ұлы колбасшы  Мұкали (1170-1223) ерен  ерлігімен көзге  түсті. Шыңғысхан  батысқа аттанғанда  Мұқалиды өзінің  орнына Солтүстік  Қытайдың билеушісі  етіп қалдырған.  Оған Го Ван  деген ең жоғарғы  атақ берген. «Го  ван» - ұлы кінәз,  қазіргі генералиссимус  атағын білдіреді. 
 

Монғол  мемлекетінің саяси  құрылымы. 

ХІІ–ХІІІ  ғасырлардың межесінде  монғол қоғамында  феодалдық қатынастардың  қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл  қоғам екі топқа  бөлінеді: нояндар  және езгідегі араттарға  бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын  біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті  құрылды. Бұл мемлекеттің  негізін салушы Борджеген  тайпасынан шыққан Темучин  болды. Ол бір дерек  бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында  дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен  билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайында негізгі қарсыластарының барлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.  

1206 жылдың көктемде  Орхон өзенінің  сағасында Темучинді  жақтаушылардың–моңғол  ақсүйектерінің құрылтай  жиналысыболып, онда  ол Шыңғыс-хан  деген атпен моңғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күшті Шыңғыс-хан империясы құрылды .  

  Шыңғыс-хан құрған  мемлекеттіңнегізіне  әскери тұрғыдан  ұйымдастыру принципі алынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғысхан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.

Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдына қойған басты мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделеріненшығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу.  

  Монғол империясын Шыңғыс ұрпақтары биледі. Ең жоғарғы әміршісі Ұлы хан болды. Ұлы хан мемлекет басшысы ретінде әскери заң шығаруға және әкімшілік билік жүргізуге құқылы болды. Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғыс ұрпақтарының жалпы империялык жиналысы - құрылтай (хурилтай, хурилта) зор рөл атқарды. Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің жоғары органы болды, құрылтайда ірі әскери мәселелер, ішкі саясат, Шыңғыс ұрпақтары арасында өлкелерді бөлу мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Құрылтайды шақыру мерзімі күні бұрын белгіленіп, үлыстарға хабаршы жіберу арқылы жария етілді. Құрылтай көктемде шакырылды. Құрылтай іс жүзінде Шыңғыс ұрпақтары әскербасыларының және азаматтық әкімшілік басшылары қабылдаған шешімдерін бекітті. Империя әміршісінің билігін шектемеді. 1259 жылы Мөңке қаған өлгеннен кейін жалпымонғолдық құрылтайлар шақыру тоқтатылды. Монғол империясында құрылтайдың орнына ақсүйектер кеңесі шақырылып түрған. «Кеңес» сөзінің екінші мағынасы «той» дегенді білдірген. «Тойға» Шыңғысханның ұрпақтары, әскербасылар, билеушілер мен есімі елге белгілі әйелдер де қатысты. Тойдың негізгі мақсаты өзара қырқыстарға жол бермеу болды. 1269 жылы осындай бас қосу Талас өңірінде өтті.

    «Яса» («Жаса») - XIII ғасырдың басында Монғол мемлекеті мемлекет баскару үшін ортақ, жазбаша баянды етілген күкықтық нормалар мен заң ережелерін бекітті. Зандар мен ережелердің жиынтығы Шыңғысханның «Ұлы ясасы» деп аталды. Ясаның талабын орындамаған хан тұқымының мүшелері қатаң жазаланатын болды. Монғол хандары «Ясаны» ел басқаруда үзақ жылдар бойы басшылыққа алып отырды. Алайда «Ясаның» қағидалары жергілікті халықтың әдет-ғұрпы мен құқығына сәйкес келмейтін еді. Осының негізінде «Яса» заңын талап етушілер мен оны орындауға тиіс карапайым халық арасында қақтығыстар болып тұрды. 
 

Шыңғысханның  Cібір,  Қазақстан, Орта Азия және Кавказ жерін жаулап алуы

    Шыңғыcхан шапқыншылығы. Моңғолдардың алғашқы жаулап алудың құрбаны болған Сібір жерлері. 1207 – 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы ЖошыЕнисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да «орман»халықтарын бағындырды. 1207 – 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды. 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227 жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы бүкілиелігіненіс жүзінде айырылды.

Шыңғысхан Қытайды жаулап алғаннан кейін, батыс елдерге  бірнеше рет саудагерлер  мен елшілерін  жіберіп, барлау жүргізе  бастайды. Жетісу өңіріне  монғолдар 1211 жылы келіп  кіреді. 1216 жылы Жошы бастаған қалың қол  керейлерді бағындыру  үшін Торғай даласына дейін барады. Осы  жорығында монғол әскерлері тұңғыш рет Мұхаммед хорезмшах  әскерлерімен соғысады. 1218 жылы Орта Азияға Шыңғысхан  сауда керуенін жібереді, олар Отырар қаласына келген кезде Ғайырхан саудагерлерден күмәнданып, олардың бәрін  өлтіруге бұйрық береді. Бұл хабарды естіген  Шыңғысхан Орта Азияға 200 мың әскермен жорыққа  аттанады. 1219 жылы Ертіс  өзенінің бойында  әскерлерін тынықтырып, Балқаш көлінің оңтүстігі - Жетісу арқылы Отырар каласына жақындай түседі. Қалаға жақындағанда Шыңғысхан әскерлерін бірнеше түменге  бөледі. (Он мың әскер  бір түмен деп  аталған). Отырар қаласын  алуға Үгедей мен  Шағатайды қалдырады. Жошы қалған түмендерімен Сыр өзенінің төменгі  ағысындағы Жент және Янгикент қалаларын  алуға аттанады. Шыңғысхан  кіші баласы Тулуймен (Төлей) Бұхара қаласына жүріп  кетеді. 1219 жылдың күзінде  монғол әскерлері  Отырар қаласына келеді. Отырар өмірі Ғайырхан 20 мың әскерімен  қаланы қорғауға дайындалады. Отырарды қоршап алған монғол әскерлері бірнеше ай бойына қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен-жексен етеді.Заманында Отырар қаласы қазақ жеріндегі ең ірі қалалардың бірі болған. Бұл жерде ғұлама ойшыл, данышпан ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туған. Қаланың орны күні бүгінге дейін сақталып, Қазақстан ғалымдары жыл сайын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. «Отырардың күйреуі» атты кинофильм түсірілді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде ғылыми кітаптар жазылды. Отырар қаласы құлағаннан кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұхара жолында Шыңғысхан әскерлеріне қосылып, Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды.

Монғол  шапқыншылығы басталғанда  қазақ даласында, Орта Азия жерінде  феодалдык бытыраңқылық күшейіп келе жатқан болатын. Шыңғысхан  Хорезм мемлекетін де жеңіп, өзіне бағындырды. Бұхара, Самарқан қалаларының  халқы ерлікпен корғанып, қарсылық көрсетті. Хорезм астанасы Үргеніштің түрғындары жеті ай бойына ерлікпен қорғанды. Шыңғысхан бастаған монғол-татар әскерлері 1220 жылдың мамыр айында бүкіл Мауараннахр  аймағын өзіне  бағындырды. 1221 жылы Мерв, Хорасан қалаларын  алып, Орта Азияны өзіне  каратты, 1221 жылы көктемде Шыңғысхан Өмудария өзенінен өтіп, Ауғанстан  мен Солтүстік  Үнді жеріне барады. XIII ғасырда Қазақстан  мен Орта Азия жерінде  монғол-татар үстемдігі  орнайды. Қырғын соғыс  пен ұзақ жылдарға созылған езгі жергілікті халықты күйзеліске ұшыратты. 

Орта  Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан  жіберген әскерлер Кавказға аттанады. Солтүстік  Ираннан кейін  монғол-татар әскерлері  Әзірбайжан жеріне кіреді. Жолындағы Марага, Нахичеван, Байлакан қалаларын жаулап алады. Шемаха қаласы қатты қарсылық көрсетеді. Армян-грузин әскерлерін жеңіп, Жебе мен Сүбедей  әскерлері Дағыстан арқылы Дербент қаласына келіп, Солтүстік  Кавказ жеріне аяқ  басады. Осы жерде  қыпшақтармен кездеседі. 1223 жылы 31 мамырда Қалқа  өзенінің жағасына шығып, орыс даласына жақындайды. Қалқа өзенінің бойында  монғолдарға орыс-қыпшақ әскерлері біршама  қарсылық көрсетеді. Бірақ орыс жеріндегі  феодалдық бытыраңқылық орыс әскерлерінің бірігіп  соғысуына кедергі  болады. Орыстардың қыпшақтармен келісе алмауы салдарынан Қалқа  өзенінің бойында  монғол-татар әскері жеңіске жетеді. 1225 жылы Шыңғысхан өзінің астанасы Қарақорымға келеді. 1226 жылы Таңғұт патшалығына жорық жасайды. Бұл жорықта Шыңғысхан ірі жеңіске жетіп, Таңғұт патшасын өзіне бағындырады. Жорықтан қайтып келгеннен кейін аң аулап жүргенде аттан құлап, мертігеді. Сол жығылғаннан тұра алмаған Шыңғысхан 1227 жылы 72 жасында дүние салады. Өзінің көзі тірісінде айтып кеткеніндей, баласы Үгедей таққа отырады. 1235 жылы Қарақорымда болған құрылтай жиналысы ендігі шабуылды батысқа қарай бастауға, жаңа жерлерді бағындыруға шешім қабылдайды. Жорықты бастау Жошының баласы Батуға (Батый) тапсырылады. Көп кешікпей 1236 жылы Батудың Орыс жеріне жорығы басталады. 

Пайдаланған әдебиет

↑ Орта ғасырлардағы дүние  жүзі тарихы. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-625-9 
 
 

 

Информация о работе Монголия мемлекетин курылуы