Ұлы Жібек жолының Қазақстан бөлігіндегі тарихи ескерткіштерге сырттай саяхат

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 13:19, реферат

Описание работы

Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.

Работа содержит 1 файл

Туған елім.docx

— 30.99 Кб (Скачать)

 Тарих ата: Дұрыс айтасың, ертедегі қалалардың дамуы екі жағдайға тікелей байланысты болған Оның бірі: қала үлкен керуен жолының бойында жатуы қажет, екіншісі суы мол өзеннің жағасында орын тепкені жөн. Тараз қаласында осының екеуі де бар. Тараз қаласының маңында бүгінгі ұрпаққа бүлінбей жеткен бірден бір тарихи ескерткіш – Айша бибі ғимараты.  

(Экраннан  «Айша бибі» тарихи ескерткішінің  суреті көрсетіледі)

  • Түсініктеме: Айша бибі шамамен ХІ-ХІІ ғаырларда өмір сүрген ару қыз. Әкесінің есімі Айғожа. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда екеуі уәделескен уақытта кездесе алмаған соң, Айша бибі күйеу жігіт еліне жолға аттанады. Ел шетіне таяғанда дем алмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып алады. Қайғылы хабарды естіген Қарахан ең болмаса о дүниеде қосылайық деп, некесін қидырады. Содан кейін қарахан Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады.
  • Әулие ата күмбезі-Қазақстанда ХІ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде орналасқан. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орналасқан. Әулие ата күмбезі Қазақстан сәулет өнерінің үздік үлгілерінің бірі.
 

           Тарих ата: Көне кітаптарда Саудакент шаһары Сугулхан бертін келе Сулхан деп аталған. Мұнаралы биік қорғанмен қоршалған шаһарды күмдезді әсем, көгілдір күмбез, сарайлар болған. Саудакент орта ғасырдың басында діни ағым-суфизмдінің орталығына айналған. Саудакент қазір елі қала күйінде жатыр. Оның орнына Жамбыл облысы, Сарысу ауданының орталығы Байқадам ауылы орын тепкен. Жібек жолындағы Суяб пен Баласағұн қалаларының да маңызы кем емес. Суяб 581 жылы бой көтеріп, Жетісу жеріндегі Батыс түрік қағанатының орталығына айналған сауда қаласы болған.       

748 жылы  қытай қолбасшысы Ван Чжинь- Сунь әскерімен қаланы ойрандап, қиратып  кеткен. Жетісудың жаңа иелері атанған қарлуқтар Суябты 766 жылы басып алып, өздерінің тұрағына айналдырған. Шаһардың атын шығарған Баласағыни Жүсіп ақын болды.Оның әйгілі «Құтты білік» атты кітабы бар. «Құтты білік» біздің ұғымымызда «Білік шежіресі» немесе «Тіршілік тәжірибесі» дегенді білдіреді.         

  Баласағұн- орта ғасырдағы қарахан мемлекетінің астанасы. Тарихи деректерде Баласағұн Х ғасырдың өзінде гүлденген үлкен қала ретінде аталады. Атақты бабамыз, ұлы ғалым Махмұт Қашқари Баласағұн қаласының КүзҰлыс немесе Күз Орда деген басқа аттары болғанын айтқан. Балсағұн қаласының орны Оңтүстік Қазақстан өңірінің Шу өзенінің жағасында орналасқан. Баласағұн қаласы V-ХІІІ ғасырларда өркениет орталығы болған.         

 Жібек  жолы бойындағы қалалардың орындарынан  табылған бұйымдар мен алтын  мен күмістен жасалған заттар, ыдыс – аяқтардың үлгілері Қытайда, Персияда, Византияда жасалған үлгілерге ұқсас келген, яғни шеберлер мен зергерлер солардан да үйреніп отырған.          

                   

  Бала (1): Тарих ата, Ғалым ата деген  қала туралы білесізбе?         

  Тарих ата: Ғалым –ата шаһары орналасқан Іле алқабы немесе Жетісу –аса көрнекті де өзгеше әрлі өңір. Ол бейне бір оңтүстігі мен оңтүстік шығысын Тянь-Шянның қарлы шыңдары көмкерген алып тостаған тәрізді. Ғалым ата шаһары бірнеше дүркін жоңғар шапқыншылығынан өртеніп, талауға түсті. Монғолстан ұйғырлары Ғалым атаны жаулап алуға әлде неше мәрте әрекет жасады, қорғандарды қиратып, жермен жексен етті. Ақырында Сібір генерал-губернаторының жарлығымен 1854 жылы көне шаһардың терістік шығысына орыс әскерінің Верный бекінісі орнады. Жиырмасыншы ғасырдың басынан бастап жұрт оны Алматы деп атап кетті. Жез қоңыраулы Ұлы Жібек жолы бойындағы керуендер Қазақстан жерін басып өтіп, Қытай қорғанына жақындай береді. Керуеншілер осы жерде жазиралы қазақ даласымен қош айтысып, ары қарай жүріп кете барған. Міне, балалар біздің бүгінгі Қазақстанның ежелгі қалалары мен тарихи ескерткіштеріне жасаған саяхатымыз аяқталды.

Информация о работе Ұлы Жібек жолының Қазақстан бөлігіндегі тарихи ескерткіштерге сырттай саяхат