Ұлы Жібек жолы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:09, реферат

Описание работы

Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III—ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.
Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне келетін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді.

Содержание

1. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.
2. Сауда мен тауарлары.
3. Мәдениеттердің өзара ықпалы және бірін-бірі байытуы
4. Дін соқпақтары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Исабеков Ө.A. Ұлы Жібек Жолы.ppt

— 312.00 Кб (Скачать)

 

Манихей дінінің үмбеттері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, ең алдымен отырықшы жұрт арасында болған. Тұрфан көгалды аймағынан табылған «Екі негіздің қасиетті кітабы» атты манихей шығармасының көне ұйғыр қолжазбасында бұл кітап «Аргу-Талас-та Алтын-Арғу Таласы-ұлышта, Талас-ұлыс» қаласында жазылды «Он оқ елінде (дінге) ықылас тудыру үшін» — делінген. Бұл арада сөз белгілі Тараз қаласы жайында болып отыр. Сол сияқты манихей ғимараттары Жетісудың басқа да қалаларында, оның ішінде Баласағұн мен Шігілбалықта болған.

 

Тегі, Тараздағы қазба жұмысы кезінде табылған, манихейліктің Көк Тәңрісі болып есептелетін, әйел бейнесі мен ай (жарты ай) салынған қола қангайды да манихей дінінің сирек мүлкі қатарына қосқан жөн шығар.

 

 

 

Ортағасырлардағы Қазақстан қалалары тұрғындары арасында б. з. дейінгі VII—VI ғғ. ежелгі Иран территориясында туған зороастрлық діннің де өкілдері болған. Оның әдет-ғұрпы бойынша әлемнің төрт нәрсесі — су, от, жер мен ауа киелі деп қатты құрметтеледі. Зороастр діні ескерткіштерін Орта Азиядан, Соғдиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан кездестіруге болады. Олар мұнара секілді құрылыс қалдықтары, әдетте от мұнараларына ұқсайды. Олар Қостөбе мен Қызылөзек қала жұртының топографиясында сақталған. Алайда Орта Азия мен Қазақстанда зороастрлықтың қағидаға айналған үйреншікті түрі емес, айрықша түрі таралған. Ол жергілікті мәжусилік байырғы дін мен отқа, ата-бабалар аруағына, жануарларға — қойға, ат пен түйеге табынушылықпен сіңісіп, бірге өршіп кеткен. Осы дінге байланысты табылған нәрселер: мәйітті оссуарийлерге — қыш жәшіктерге, хұмдарға салып жерлеу. Өлікті жер бетіндегі бейіттерге — наусаларға қою, сүйекті үйіп жерлеу сияқты болып келеді. Зороастр дініне байланысты көптеген табынудың ырым-жырымдары Қазақстан қалаларында ислам пайда болғаннан кейін де сақталып қалып жүрді.

 

Мәселен, XII ғ. Отырар қаласының үйлері еденінен жерошақ-михрабтар табылған. Бедерлі оюлармен өрнектелген сол ошақтар киелі отты жағуға арналған. Бұл қала тұрғындарының, тіпті исламды мойындап, араб жазуын қабылдаған кісілер үйлерінің өзінде жылтырап жанып тұратын ұлы маздеизмнің қасиетті отының алыстан жеткен сәулесі болатын.

 

Дегенмен Қазақстанда бел алған ислам бірте-бірте христиан дінін де, будда дінін де, зороастр дінін де, жергілікті Тәңріге табынушылықты да ығыстырып, ысырып тастады. Жаңа дін Жібек жолының көптеген қалаларында біржолата қоныс тебеді.

 

 

VIII—IX ғғ. оқиғаларын баяндайтын деректер Оңтүстік Қазақстан халқының жаппай ислам дініне кіргенін жазады. 840 ж. Нуһ ибн Асад Испиджабты бағындырады. 859 ж. оның інісі Ахмед ибн Асад Шавгарға жорық жасайды. 766 ж. бастап Жетісуға және Қазақстанның Оңтүстігіне саяси өктемдігін жүргізген қарлықтар мұсылман мәдениетінің ықпалына өзгелерден гөрі бұрынырақ түседі. Олар исламды тіпті Махди халифтың (775—785 жж.) кезінде қабылдады деген де пікір бар. Алайда бұл пікір олардың белгілі бір бөлегі жөнінде ғана болса керек, өйткені 853 ж. Исмаил ибн-Ахмад Таразды алғанда «оның басты шіркеуін мешітке айналдырады».

 

X ғ. бас кезінде Қарахандар әулетінің негізін салушы Сатық исламды қабылдайды, ал оның ұлы Боғрахан Харун б. Мұса 960 ж. исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Жаңа дін шымшымдап көшпелілер арасына да тарайды. Баяғы Ибн Хаукал Фараб, Кеңжиде мен Шаш арасында көшіп-қонып жүретін мұсылман түріктер туралы хабарлайды. XI—XIII ғғ. ислам дінінің қыпшақтар арасына жайылғаны жөнінде де мәліметтер бар.

 

IX ғ. мен XIII ғ. бас кезіндегі ескерткіштерге археологиялық қазбалар жүргізген кездері сол аймақта мұсылмандардың қалалық мәдениетінің құрылып, қалыптаса бастағанын байқадық. Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері мешіттерге айналдырылады. Исламды ұстанатын халық саны көбейген сайын қалаларда үлкен мешіттер салына бастайды.

 

Исламды тарату заманы кезінде Орта Азия мен Қазақстан қалаларында пайда болған құрылыстар қатарына қоғамдық моншалар да жатады.

 

IX—X ғғ. екінші жартысында өлікті жер қазып қабырға қою, қамкесектен мола жасап қою ғұрпы өзгертіліп, мәйіттің басы құбылаға қаратылып қойылатын болады. Қабырға әртүрлі заттар қойылмайтын болады. Мұсылмандардың ең ертедегі қорымы Отырар көгалды аймағында IX—X ғғ. пайда болған. XI—XII ғғ. қорымдарда зират басына үлкен мазарлар, сағаналар (мәселен, Жамбыл қаласы жанындағы Айша бибі) салына бастайды.

 

Араб әрпінің көркемдік мүмкіндігін пайдалануға арналған керамика табылды. Сондай жазулардың бірсыпырасының көркемдік сипаты ғана болса, кейбіреулерінде әралуан ізгі тілеулер, өсиеттер айтылады. Металдан жасалған сәндік бұйымдарға мода таралады, сол сияқты ізгі тілеулі, діни мағынадағы жазулары бар заттарға мода басталады.

 

Қазақстанның Жібек жолы бойындағы қалаларында Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азияның біріне бірі ұқсамайтын әртүрлі мәдениеттері бір-бірімен араласып, бірін-бірі байытуына қолайлы жағдай жасалады.

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі кезде тәуелсіздік алған Қазақстан өзінің жерінің байтақтығын икемді пайдалана біліп транспорттық көпір болу саясатын жүзеге асыра бастады, яғни Ұлы Жібек жолын қайта түлетудің бір көрінісі десек те болады.

 

Әрине ол кезең мен қазіргі уақытты салыстыру мүмкін де емес шығар. Бірақ көршіміз Қытай Халық Республикасынан ағылған жүк тасқыны қазір күннен-күнге еселеп артып, көбейіп келеді. Биыл ұшақтардың еркін еліміз террриториясынан ұшып өтуіне терминал салынып отыр. Демек Ұлы Жібек жолымен кезінде әуелеп ұшқан құстар жүрген ауамен де қатынасу күшейе түсуде. Бұл Жібек жолына жан біткендігін білдірсе керек.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. А. Тұңғыш  «Түркілер тарихынан»

 

2. Заман – Қазақстан – 1995ж. №13  — 8-бет

 

4. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. Ежелгі заманнан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін. А., 2004, 118 б

 

5. М.Қани. Қазақтың көне тарихы. А., 1993, 187 б.

 

6. Мусин. Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003, 39-56 беттер

 


Информация о работе Ұлы Жібек жолы