Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 11:53, реферат

Описание работы

1917 жылғы Қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әртүрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контр-революциялық бүліктерді батыл да шұғыл ьасып тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында,

Работа содержит 1 файл

Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы.docx

— 19.75 Кб (Скачать)

Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы

 

 

1917 жылғы Қазан революциясының  жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің  қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес  өкіметі елдің әртүрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі  контр-революциялық бүліктерді батыл  да шұғыл ьасып тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін  талқандалмады. Өлкеде азамат  соғысының басты ошақтары Қазақстанның  батыс аудандарында, Торғай облысының  әкімшілік орталығы Орынборда,  Орал облысы, Гурьев (Атырау)қаласында,  Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл  жерде атаман Дутовтың, генерал  Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда  казак-орыс жасақтары, ақ-гвардия  офицерлері мен юнкерлер жиналды.  Олар контр-революциялық күштердің  негізгі орталығына айналды және  Кеңес өкіметіне қарсы азамат  соғысын бастады.

1918 жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары  Гурьевте бүлік шығарды. Олар  генерал Толстовтың бұйрығымен  жұмысшы және солдат депутаттары  Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз  атты. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ  казактар алаш ордашылармен бірігіп  Орал қаласында төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңес үкіметін  құлатып, коммунистерді, кеңес  қызметкерлерін аяусыз жазалады. Кеңес өкіметіне қарсы күресте  ақгвардияшылар казак станицалары  мен орыс селоларындағы бай-құлақ  элементтеріне сүйенді, жергілікті  кадет, эсерлер мен меньшевиктерден  қолдау тапты.

1918 жылы мамырдың аяғында Антанта  мемлекеттердің көмегімен Сіібірдегі  Чехословак корпусының офицерлері  мен солдаттары бүлік шығарды.  Бұлар бірінші дүниежүзілік соғыс  кезінде Ресейге тұтқынға түскендер  болатын. Кеңес үкіметі Австро-Венгриямен  жүргізген келісім бойынша оларды  елдеріне қайтаруға уәделесті.  Бірақ Ресей үкіметі олардың  Кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін  елдің батыс территориясымен  емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір  жолы арқылы Владивосток қаласына  жеткізіп, одан ары Еуропаға теңізбен  шығарып салуға келісті. Сібір  арқылы жолда қайтып бара жатқан  чехтар мен словактандан құралған  корпустың Антантаның империалистері  бүлік шығаруға арандатты. Атап  айтқанда, олардың арасында елдеріне  босату үшін емес, қайта түрмеге  отырғызу үшін алып бара жатыр  деген жалған лақаптар таратты.  Мұны естіген құрамында 500 мыңға  жуық солдаты мен офицері бар  чехословак корпусы бүлік шығрып, Сібір мен Оралдың темрі жол  бойындағы бірқатар қалаларын  басып алды. Олар Қазақстан жеріндегі  Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай  қалаларын және тағы басқа  ды елді мекендерді жаулап, ондағы  кеңес өкіметнің жергілікті органдарын  таратты. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде  кеңес өкіметі құлатылды. Бұл  жердегі кеңес өкіметінің көрнекті  басшылары К. Сүтішов, И. Дубинин,  П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, Пю Салов және тағы басқаларын  азаптап өлтірді. Өскемен Совдепінің  төрағасы Я. Уушановты тірідей  кеменің оттығына тастады. Сөйтіп, интервенттер мен ақгвардияшылар  Ақмола, Орал, Семей облыстарын және  Торғай облысының көптеген жерлерін  басып алды.

1918 жылдың жазында интервенттер  мен ақгвардияшылар Семей облысы  жағынан Солтүстік Жетісуға басып  кірді. Бұл жердегі казак-орыс  станицаларында Кеңес өкіметіне  қарсы бүліктер басталды. Сондықтан  Жетісу облыстық атқару комитетінің  шешімімен кеңестік қарулы күштері  біріктіріліп, Солтүстік Жетісу  майданының штабы құрылды. Атаман  Анненковтың дивизиясына және  басқа да әскери бөлімдерге  қарсы кескілескен ұрыстар жүрді.  Ақ гвардияшылар басып алған  аудандарда кеңес жасақтарының  күресі негізінен партизандық  харакет түрінде жүргізілді. Мұндағы  Черкасск, Андреев, Константиновск  және басқа да селолар тұрғындарының  ақ гвардияшылармен ерлік шайқастары  азамат соғысы тарихында «Черкасск  қорғанысы» - деп аталды.

Сонымен 1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес өкіметі  тек Жетісу мен Сырдария облыстарының бірқатар бөлігінде, Торғай облысының  оңтүстік аудандары мен Бөкей  Ордасының аз ғана жерінде сақталып қалды.

Кеңес елі үшін еңбасты майдан –  Шығыс майданы еді. Шығыс майданының Орал бағытында ақтармен 4-ші армия  ұрыс жүргізді. Бұл майданның жағдайы  қиындауына байланысты 1918 жылдың 2 маусымында Орынбор қаласынан Қызыл армия  бөлімдері оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр болды. Осыған орай Ақтөбе майданы  құрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т.б. қалаларда  құрылған отрядтар көмекке келді. Оның қатарына негізінен еріктілер кірді, әскери міндет туралы БОАК-нің 1918 жылғы 29 мамырда қабылданған жарлығынан кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің  белгілі жас мөлшеріндегілер  шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл  армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Х. Чурин, Ж. Сәрсенов, Х. Ишанов, Б. Жәнікешев  т.б. қызмет етті. Сол жылдың қараша айында Ақтөбе майданына Әліби Жанкелдин  бастаған экспедиция Мәскеуден көп  қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді.

2.Азамат соғысы жылдарындағы  қалыптасқан қиындықтармен байланысты  Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта  кезінде елдегі баолық материалдық  ресурстармен, адам күштерін барынша  жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп  жұмысшыларын, қызыл армияны азық-түлікпен  қамтамасыз ету, елде қатаң  еңбек тәртібін орнату мақсатында  «әскери коммунизм» саясатын  енгізді. Бұл төтенше саясат  экономикалық күйзеліс,Кеңес мемлекетін  шетел интервенттері мен ішкі  жаулардан қорғаудың қажеттілігінен  туған еді. «Әскери коммунизм»  сачсаты негізінде азық-түлік  мәселесін шешу үшін төтенше  шара азық-түлік салғырты енгізілді.  Ол бойынша елдегі байлар мен  кулактардың қолындағы тауарлы  астықтың көп бөлігі ешқандай  қайтарымсыз алында, Бұқара халықты  азық-түлікпен бір орталықтан  қамтамасыз көзделді, ауыл шаруашылық  өнімдерін өз еркімен сатуға  тиым салынды. Азық-түлік салғыртын  енгізу елде астық дайындауды  көбейтуге Қызыл Армияны, жұмысшыларды  азық-түлікпен қамтамасыз етуге,  ашаршылықты барынша болдырмауға  мүмкіндік берді.

«Әскери коммунизм» саясаты бойынша  елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді.

1918 жылы күзде 1 және 4 Қызыл армия  бөлімдері шабуылға шығып, Бугурслан,  Бұзылық, Қазан, Александров-Гайды  босатып, Орынбор мен Орал қалаларына  жақындады. Сөйтіп, Ақтөбе майданының  қарулы күштері 1919 жылдың 22 қаңтарында  Орынборда, 26 қаңтарда Орал қаласын  азат етіп, Қазақстан және Түркістан  аудандары мен Орталық Ресей  арасындағы қатынасты қалпына  келтірді.

1919 жылы көктемде М.В. Фрунзе  басқарған қызыл әскер отрядтары  Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал В.И. Чапаев басқарған 25 дивизия  оңтүстік-батыс аудандарында соғыс  жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин  әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді.  Қазақстанда Колчак тәртібіне  қарсы ірі көтеріліс Қостанай  уезінде болды. 1918жылы желтоқсан  айының аяғында Ә. Жанкелдин,  А. Иманов және Ырғыз отрядының  біріккен күшімен Торғайда кеңес  өкіметі қалпына келтірілді. Бұл  кезде Ақмола, Семей облыстарында  да партизандық қозғалыстар өрістеді. Павлодар, Өскемен, Бұқтырма, Зайсан  уездерінде, әсіресе Зырян, Катон-Қарағай,  Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында  партизандар қозғалысы кең өріс  алды. Тарбағатай мен Алтайдың  «Тау қырандары» отрядтарының  қозғалысы, Жетісудағы Черкасск  қорғанысы Қазақстандағы азамат  соғысы тарихында елеулі оқиға  болды.

1919 жылдың жазында қызу шайқастардың  барысында Колчак Армиясы екіге  бөлінді. Олардың бір бөлігі  Сібірге, екіншісі Түркістанға  қарай шегінді. Колчактың «Оңтүстік  армиясы» Түркістан майданының қызыл әскер бөлімдері 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында құртып жіберді.

Колчак армиясының жеңілуі, солтүстік-шығыс  Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына септігін тигізді. 1919 жылы шілдеде қоршауда қалған Орал қаласы азат етілді, 1920 жылы 5 қаңтарда Гурьев (Атырау), ал 8 қаңтарда Доссор мұнай  кәсіпшілігі жаудан тазартылды. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізіліп, мұндағы ақтардың қарсылығын тезірек басуға мүмкіндік береді. 1920 жылдың көктемінде Үржар, Арасан станицалары, атаман Анненковтың штабы орналасқан Үшарал поселкісі босатылды. 29 наурызда Қапал бекінісі құлаған соң Абакумовка, Ақсу, Сарқант және басқа да станицалар азат етілді. Атаман Анненков және оған қосылған Дутов басқарған ақ гвардияшылардың  қалдықтары Синьцзянға қашты. Нәтижесінде 1920 жылғы наурыз айында азамат соғысының  Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік  Жетісу майданы жойылды.

Қазақстан жеріндегі ірі-ірі соғыс  қимылдары М.В. Фрунзе, М.Н.Тухачевский, В.И.Чапаев сияқты белгілі әскери қолбасшылар, И.П. Белов, И.С. Кутяков, А.Имановт.б  секілді талантты қызыл әскер  командирлері басшылығымен жүзеге асырылды.

Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы  күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. 1920 жылғы 12 маусымдағы Верныйдағы бүлік  соның көрінісі еді. Бүлікті басуды іске асырғандар арасында Д.А.Фурманов, И.П.Белов, Ғ.Мұратбаев, Б.Шагабудинов, т.б. болды.

3.Қызыл Армия бөлімдері жұмысшылардың  деревня мен ауыл-село кедейлерінің  белсене қолдауымен қысқа мерзімде  контрреволюциялық бүліктердің  бәрін жойды. Қазақстанда жаңа  өкімет орнатудағы күресі жеңіске  жетті.

1920 жылы 17 тамызында РКФСР Халық  Комиссалары Кеңесі Қазақ Республикасы  жөніндегі Декреттің жобасын  қарап қолдады.

1920 жылы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік  Орталық атқару Комитеті мен  Халық комиссалары кеңесі М.И.Калинин  мен В.И.Ленин қол қойған, РКФСР  құрамында, астанасы Орынбор қаласында  болатын «Қырғыз (қазақ) кеңестік  Автономиялық социалистік республикасын  құру туралы» Декрет қабылдады.

1920 жылы 4-12 қазанында Орынбор қаласында  өткен Қазақстан Кеңестерінің  құрылтай съезі Қырғыз (қазақ)  Кеңестік Автономиялық социалистік  республикасы еңбекшілері хұқтарының  Декларациясын қабылдайды, ол Декларация  РКФСР құрамына жеке автономия  болып кіретін Қаз. АССР құрылуын  жұмысшылардың, еңбекші қазақ  халқының, шаруалар, казактар, қызықл  әскерлер депутаттары Кеңестерінің  Республикасы ретінде бекіттіі. С.Меңдешевті бас етіп, Орталық  Атқару Комитетін (ОАК) және  В.Радус-Зеньченковичті бас етіп  Халық Комиссалары Кеңесін (ХКК)  сайлады


Информация о работе Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы