Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 17:12, реферат
Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда экономикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары–ақ ілігіп, «Саяси – сенімсіздердің қара тізіміне алынды». 1896 – 1903ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов - қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметтің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда экономикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары–ақ ілігіп, «Саяси – сенімсіздердің қара тізіміне алынды». 1896 – 1903ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. Әлихан Бөкейханов экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрді. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне 1-ші орыс революциясы ерекше ықпал етті. Ол қазақ даласын отарлау саясатына білек сыбана кіріскен патша өкіметімен күрес жүргізу үшін әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси күрестерге сүйенуді алға тартты.
Әлихан 1905 ж. қарашада Мәскеуде өткен Земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде қазақ халқының жоғын жоқтап сөз сөйледі. Сөзінде ол қазақ халқының тіл, сайлау, дін, т.б. бостандықтары мәселесін көтерді. Ол осы жылы «Халық бостандығы» (коститутциялық – демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 ж. оның округі құрамына енді. Бөкейханов конститутциялық–демократиялық партияның Қазақстанда бөлімшесін ашуға ынта білдірді.
1906 ж. маусымда Семейде өткен қазақ сайлаушыларының съезінде Бөкейханов «Халық бостандығы» партиясының бағдарламасын қуаттап сөз сөйледі. Бөкейханов 1-ші мемлекеттік думаға Семей облысының қазақтары атынан депутат болып сайланды. Бірақ, ол 1-ші мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Бөкейханов думада өз жұмысын бастаған кезде дала генерал–губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып, Санкт–Петербургке жеткенде дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Бөкейхановта солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт–Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.1906 ж. Омбыда шығатын кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газетінде 1908 ж. Петербургте жарық көрген меншевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттері де редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, 1909-1917 ж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912-1917 ж. кадеттер партиясы ОК-нің мүшесі болды. XXғ. басындағы қазақ қоғамының саяси және рухани өмірінде «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1914 жылы маусымда мемлекеттік думадағы мұсылман Фракциясының ұйымдастырылуымен шақырылған бүкіл Ресейлік мұсылман съезіне қатысты, мұсылман фракциясы бюросының тұрақты мүшесі болды. 1-ші дүние жүзілік соғыс жылдары майданның қара жұмысына алынған қазақ, қырғыз, өзбек, т.б ел азаматтарына қажетті түрлі көмек көрсету ісіне басшылық жасады. Осы мақсатта 1917 ж. 15 ақпанда Минскідегі земство және қала одақтары жанынан ашылған бұратаналар бөлімінің бастығы қызметін Бөкейханов атқарды. 1917 ж. 20 наурызда Уақытша үкіметтің Торғай облысы комиссары және Түркістан к-тінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыс басшысы дәрежесіне көтерілген алғашқы қазақ болатын. Ұлттық мемлекет құру оның түпкі мақсаты болды. Ол Уақытша үкіметке, сондай-ақ кадет партиясына үлкен үмітпен қарады. Бірақ оның бұл үмітінің негізсіз екендігін көп ұзамай уақыттың өзі көрсетіп береді. Бұл Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына алып келді. Оның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде бірінші жалпықазақ съезі өткізілді, сондай-ақ «Алаш» партиясы құрылды. Бөкейханов 1917 жылдың күзі мен қысында мемлекеттік бостандыққа жетудің түрлі жолдарын қарастырды. Г.Н.Потанин бастаған Сібір автономияшыларымен қатынас жасап, Сібір автономиясы құрыла қалған күнде Қазақстанның оның құрамына енуін жақтады. Бірақ, бүкіл империя көлемінде жағдайдың күн өткен сайын шиеленісе түсуіне байланысты, бұл пікірдің іске асуы екіталай еді. Міне осындай жағдайда Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысымен ұйымдастыру бойынша 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған жалпықазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе-кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Бөкейханов жасады. Съезд қазақ болыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ қазақтары мен патша генералдарының жағында болды. Большевиктер партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ қоғамын үлкен апатқа ұрындыруы мүмкін эксперимент есебінде бағалап, ал қазақ коммунистерінің роталық биліктің қол шоқпары ретінде айыптады. 1918-1919 ж. Алашорда жасақтары қызыл әскерге қарсы шайқастарға қатысты, кеңес билігін қолдаған қазақтарды жазалады. Кеңес өкіметі 1919-1920 ж. Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешіріммен кейінгі уақытта да Бөкейханов өз принципіне сенімді күйде қалды. Кеңес билігі тұсында ол туған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес. 1920 ж. Қазақ АКСР-ы Егіншілік халық комиссарияты коллегиясының мүшесі, 1922 ж. ұлттар істері жөніндегі халық комиссарияты(Мәскеу) жанындағы Орт. Баспаның ғылыми қызметкері, 1926-1927 ж. Ресей ҒА –ның ғылыми қызметкері болды. Өкінішке орай Сталин басқарған жоғарғы билік революцияға дейінгі қазақ зиялыларына, оның ішінде Бөкейхановқа сенімсіздік танытты, қоғамдық қызметін теріс бағалап, шектеп отырды. 1925 ж. Қазақстандағы саяси билікке Ф.Голощекин келгеннен кейін жүргізілген оның қоныс аударушыларға кең жол ашу саясатына жол бермеу үшін қазақ қожалықтарына қажет жер нормасын анықтау мақсатында КСРО ҒА жанынан профессор С.П.Швецов бастаған экспедицияны құру ісіне белсене араласып,оның құрамына өзі де енді. Қазақстанда қоныс аударушыларға жарарлық артық жер жоқ екендігін ғылыми тұрғыдан негіздеп берген бұл комиссияның жасаған тұжырымдарымен ұсыныстары Ф.Голощекинге және орталық мемлекеттерге ұнай қойған жоқ. 1926 ж. Бөкейхановты Мәскеуден бақылаушы орындардың рұқсатынсыз шығып кеткені үшін ОГПУ қызметкерлері Ақтөбеде тұтқынға алды да, кейін қайтарып, Бутырка абақтысына жабылды. Бірақ оны 15 күннен соң шығарып жіберуге мәжбүр болды. Зорлықшыл биліктің бұл қоқан – лоқысы күресте қайраткерлердің жүрегін шайлықтыра алған жоқ еді. Келесі 1927 ж. одақтың Егіншілік комиссариатында ол профессор Швецов ұсынған жер нормасын қорғап сөз сөйлеп, отаршыл пиғылдағы шенеуніктерді әшкерелеп сынға алды. Бөкейханов 1927 ж. 1- ші қазанынан бастап Мәскеуде, ОГПУ орындарының бақылауы астында тұруға тиіс болды. Үкімет орындарының, жеке адамдардың оны Қазақстанда тұрып, қызмет істеуіне рұқсат сұрап орталыққа жасаған өтініштерінен нәтиже шықпады. 1928 және 1930 ж. екі мәрте Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері тұтқынға алынып, сотталғанда, ОГПУ орындары Бөкейхановты бір-ақ рет шақырып түсінік алумен шектелді. ОГПУ орындарының оны да қамап қоймай, сырт қалдырып қоюын шамалылап түсінуге болады. Өйткені Бөкейхановты тұтқындау арқылы олар өз пиғылын қоғамдық пікір алдында тым айғақтап алудан қаймықты. 1937 ж. 27 қыркүйекте КСРО жоғарғы соты әскери коллегиясының негізгі үкімі бойынша Әлихан Нұрмұхамедұлын «Халық жауы» деген нақақ айыппен тұтқындап, ату жазасына кесілген. Соңғы тергеуде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әрекеттеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алған Бөкейханов ақты сөзінде « Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін» деп мәлімдеді.
1989 жылы 14 мамырда КСРО жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды.
Сонымен, Алаш ардагерлері, ұлтымыздың бетке ұстар зиялылары өмірлерін күреспен өткізіп, біздің бүгінгі таңда қол жеткізген тәуелсіздігімізді армандап өткен болатын. Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихында небір зауалдарды басынан кешіріп, тағдыр тауқыметін тартып келді. XIX ғ. аяғы – XX ғ. басында елде болған қоғамдық саяси оқиғалар ұлт зиялыларын тарих сахнасына шығарды. Туған халқының басына түскен ауыртпашылықты қайтсек жеңілдетеміз деп қайрат көрсеткен азаматтар ұлттық мемлекет құру жолында күресті.