Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 16:06, реферат
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Олар:
1. Мысыр пирамидалары біздің дәуірімізден 5000 жыл бұрын салынған.
5. Родос алыбы.
Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Родос тұрғындары Гелиосқа айрықша табынған. Күн құдайы Гелиос аралды өз қо-лымен теңіз түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. Бұл мүсіннің әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде саналуы тегін болмаса керек. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған. Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы қоламен көмкерілген. Мұндай алып мүсінді тұрғызуға шамамен 13 тонна қола мен 8 тонна темір пайдаланылған көрінеді. Зор ескерткіштің ке- реметтігі соншалық, алып мүсіннің екі аяғының арасынан үлкен желкенді кемелер еркін өтетін болған. Бар-жоғы 56 жыл «өмір сүрген» мүсін б.з.д. 220 жылы аралда болған қатты жер сілкінісі кезінде қирап қалды.
36 метрлік зор мүсінге
иығына деңгейлес темір
Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Кешікпей-ақ ол жөнінде небір алып-қашпа сөз бүкіл көне дүниені кезіп кетеді. Алайда жарты ғасыр өткенде Родосты аса күшті жер сілкінісі алып шығады. Осыдан «балшық аяқты алып мүсін» деп келетін мәтел қалған.
Родостықтар алып мүсінді қайта тұрғызбақ болады. Осынау игі ниетті жүзеге асыруға көршілерінің де тілеулес болғаны мәлім.. Мысыр патшасы жүздеген Мысыр таланттары мен шеберлерін жібереді. Бірақ ештеңе өнбейді.
Алып мүсін келім-кетімді
кісілер қызықтайтын аралдағы ең
басты белгі болып айлақ
Жер құшып жатқан алып мүсінді тот басып аңызға айналады. Көз көргендердің әңгімесіне қарағанда оның үлкендігі тіптен зор болатын. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқы да айлақ үстінен асқақтай көтеріліп тұрғанда үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан өтеді екен дейді.
977 жылы ақшаға мұқтаж болған араб билеушісі бір көпеске сатқанға дейін қақ бөлінген алып мүсін Родос аралында 1000 жыл жатады. Ал, көпес мүсінді қайта балқыту үшін бірнеше бөлікке бөліп, таза қоланың өзін 900 түйемен әкетеді.
6. Александрия маягы
Александр Македонский есімімен байланысып жатқан кереметтердің бірі – Александрия маягы. Александрияның ірге тасы біздің жыл санауымызға дейінгі 332 жылы Ракотис деп аталатын Мысыр қалашығының орнына қаланып, Нілдің атырауына жайыла салынған.
Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғылған құрылыстың бір қабырғасына ол: «Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым», - деп ойып жазған. Оның үстіне саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұнараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағытына ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген
Александрия аймағы дүние
жүзіндегі ең бір халқы сапырылысқан,
іскерлері көп мекен
Маяктың ғажаптығы соншалық,
осындай құдіретті салғанда бір
кездері ұмыт болмау деген ой шектелгенде,
Сострат Книдскийдің өзі
қабатының қабырғалары ұзақ уақыт тұрып, XIV ғасырдағы жер сілкінісінің құрбаны болады. Көне маяктың қалдықтары кейін түрік бекінісін салуға пайдаланылады.
Александрия маягінің қайта салынған үлгісіне Нью-Йорктегі көкпен таласқан Эмпайр Стейтс Билдинг аздап ұқсайды. Маяк жағалауды бағдарлауға арналған мұнара шам: жол сілтеп, бағыт нұсқап тұрған жарық «маяк» деп аталады.
7. Олимпиадағы Зевс мүсіні
Олимпиадағы Зевс мүсіні – Еуропа құрлығындағы әлемнің жалғыз ғана кереметі. Зевстің Олимпиаға тікелей қатынасы болған. Бұл өңірдің әрбәр тұрғыны дәл осы жерде билікті балаларынан қызғанып, оларды тірілей жұтқысы келген қанішер Кронды туған ұлы Зевстің жеңгенін жақсы білетін. Әр халықтың қиял-ғажайып ертегілерінде мейірбан жанның ұшарасатыны сияқты, нәресте Зевске де бір қамқор тап болып аман қалады. Кронның әйелі Фея күйеуінің алдына Зевс деп, тас кесекті қойғанда Крон сол тасты жұтып жіберген. Сірә, Крон өз балаларын бітеудей жұтса керек.
Кейін Зевс ер жетіп, әкесін жеңгенде бұрынғы тірідй жұтылған бауырларының бәрін қайтадана құстырады. Сонда Зевс деп жұтқан ораулы тас та шыққан дейді.
Олимпия ойындары ішінара осы оқиға құрметіне өткізіліп, Зевске құрбандық шалынатын болған. Олимпиядаға ең басты ғибадатхана болатын. ФидийАфиныда туып -өскен. Б.з.б.. 500 жыл туылып,430 жылы ұайтыс болады. Ұлы ойшыл, ұлы суретші Фидий өнерде грек философиялық даналығының, грек рухының ең жоғары орнының мүддегері болды. Автор өзі жасаған бейнелерде адам мүмкіндігінен тыс ұлылықты бейнелей алған. Сондай ғаламат бейне, олимпия адамына арналған Зевстің 14 метрлік мүсіні пілдің сүйегі мен алтыннан жасалған. Бұл мүсін «Әлемнің жеті ғажабының» бірі саналған. Материалы синкретті (құранды) осынау мүсінді жасау үшін Фидий бірнеше жыл Олимпияда болады.
Зевс мүсіні тұрған ғибадатхананың биіктігі 64 метр, ені 28 метр болса, бөлме ішінің биіктігі 20 метрге жуық. Залдың төрінде тақта отырған Зевстің басы төбеге жетіп тұрған. Кеуде жағы жалаңаш отырған Зевс ағаштан қашалған. Желеп-жебеушінің денесі әдемі қызғылт түсті піл сүйегімен қапталып, киімі алтын жапырақпен апталған. Бір қолында жеңіс құдайы – Никаның алтын мүсіні, келесі қолымен биік аса таяққа сүйеніп отыр. Ендігі қалғаны – піл сүйегінен қашаған бедерлі суреттері бар құдайлардың алтын мүсіні орнатылған. Зевстің орындығын сипаттау ғана. Тақтың бүйірлерін Фидийдің туысы әрі көмекшісі суретші Панэн безендірген.
Кейін Византия императорлары мүсінді аса мұқияттылықпен Константинопольге алдыртады. Олар христиан болғанымен, Зевске қол көтеруге ешқайсысының батылы жетпейді. Аладйда, християн діні уағыздаушылардың қалауы бойынша пұтқа табынушылардың бәсекелестерін күнәға тартып, жолдан тайған императорларды жазалап отырған ғой. Біздің заманымыздың V ғасырында император Феодосий II сарайы өртенеді. Сонда алып мүсінді от шалып, Фидийдің мұрасынан күйген сүйектер мен алтын балқымасы ғана қалады.
Әлемдегі осы алғашқы жеті кереметтен кейін тағы өзге де кереметтер пайда болып, аттары атала бастады. Оған Ұлы Қытай қорғаны, Стамбулдағы Әулие София шіркеуі, Үндістандағы Тәж-Махал сынды жәдігерлер жатады. Сондай-ақ «Бермуд үштағаны», «Норвегия түні», «Тунгус метеориті» табиғаттың кереметтері болып саналады. Ал «Нұх пайғамбар кемесі», «Қар адамы», «Ұшатын табақшалар» қиял-ғажайып кереметіне жатқызылды. Ал Ахмет Иассауи кесенесі тек Қазақстанның жеті кереметі қатарына кіреді.