Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 19:28, реферат
Латын Америка елдеріне кіретін мемлекеттердің өзара ұқсас белгілерімен қатар бірқатар ерекшеліктері де бар. Аймақтың жетекші елдер қатарына Бразилия, Мексика және Аргентина жатады. Чили, Перу, Венесуэлла, Колумбия, Уругвай орташа дамыған елдер болып есептеледі. «Артта қалған» елдер тобына Боливия, Парагвай, Орталық Америка елдері кіреді. Негізінен Кариб бассейнінде орналасқан Еуропалық мемлекеттердің (Ұлыбритания, Франция, Нидерланды) отарлық иеліктері ерекше топты құрайды. Алайда, өзгешеліктеріне қарамастан бұл елдердің барлығы аз немесе көп мөлшерде әлемнің дамыған мемлекеттеріне экономикалық жағынан тәуелді.