Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 15:11, лекция
Жер бетінде найза шыңдары көк тіреген небір биік таулар бар… бірақ олардың ешқайсысы да өздігінен пайда бола қалмаған. Олардың бәрі де жеті қат жер астындағы ғаламат тектоникалық дүмпулердің әсерінен дүниеге келді. Сол секілді адамзат қоғамында да атақтары айдай әлемге мәшһүр тұлғалар бар, бірақ бұлардың да бәрі өмірге оп-оңай келе салмаған. Олардың бәрі де – сол өздері өмір сүрген қоғамның тығырыққа тірелген тұстарында, ірі-ірі әлеуметтік сілкіністердің кезінде тарих сахнасына шыққан саңлақтар.Толғағы қысқан тарих уақыты жеткен кезде ондай тұлғалардың талайын өмірге әкелген… бұдан былай да әкеле берер деп ойлаймыз.
Жер бетінде найза шыңдары
көк тіреген небір биік таулар бар… бірақ
олардың ешқайсысы да өздігінен пайда
бола қалмаған. Олардың бәрі де жеті қат
жер астындағы ғаламат тектоникалық дүмпулердің
әсерінен дүниеге келді. Сол секілді адамзат
қоғамында да атақтары айдай әлемге мәшһүр
тұлғалар бар, бірақ бұлардың да бәрі өмірге
оп-оңай келе салмаған. Олардың бәрі де
– сол өздері өмір сүрген қоғамның тығырыққа
тірелген тұстарында, ірі-ірі әлеуметтік
сілкіністердің кезінде тарих сахнасына
шыққан саңлақтар.Толғағы қысқан тарих
уақыты жеткен кезде ондай тұлғалардың
талайын өмірге әкелген… бұдан былай
да әкеле берер деп ойлаймыз. «Тарихты
танып, зерделеу керек, тарихты таразылау
керек; сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды
танисың; келешегіңді бағдарлайсың; алдағы
жүрер жолыңның сілемін табасың», – деді
Елбасымыз Көкше жерінде өткен хан Кененің
200 жылдық тойы үстінде. Рас сөз! Өйткені
Елбасы айтқандай: «Халықтың басына түскен
тауқымет қабырғасын қайыстырып, сол жолда
басын бәске тігіп, қасықтай қанын аямай,
шыбын жанын шүберекке түйген өр тұлғалардың
тағдырын танытатын да, ұрпаққа өнеге
етіп, алдына тартатын да – тарих» екені
даусыз. Тағы да қайталап айтайық: толғағы
қысқан тарих уақыты жеткен кезде ондай
тұлғалардың талайын өмірге әкелген; бұдан
былай да әкеле берері сөзсіз. Әріге бармай-ақ,
оған мысалды өзімізге белгілі тарихтың
соңғы екі-үш ғасырынан-ақ көптеп табуға
болады. Мәселен, ел басына күн туып, етігімен
су кешкен замандарда бауырлас башқұрт
жұртынан орыс отаршылдығына қарсы 1755
жылдары тұңғыш бас көтерген Батырша (Абдолла
Әлиев) мен кейінірек оның ісін жалғастырған
Салауат Юлаев; көршілес Қап тауындағы
Алды дейтін чешен ауылынан шығып, күллі
Дағыстан жұртын соңына ерткен Шайхы Мансұр
мен оның ісін жалғастырған Қазы Магомед
пен имам Шәміл; әріректегі елдерден мысал
іздер болсақ, Мексиканың испандық конкистадорлардан
азаттығы жолында мерт болған Мигель Идальго-и-Костилья
мен Хосе-Мария Морелостар және олардың
істерін жалғастырған Бенито-Пабло Хуарес;
сонау Солтүстік Африкадағы Алжир халқының
француз езгісіне қарсы күресін басқарған
әйгілі Абд-аль Кадирлер – міне, осындай
өр тұлғалар…
Құдайға шүкір, қасиетті қазақ топырағы
да мұндай ұлағат тұтар ұлдарға кенде
болған емес. Еліміздің егемендігі, жұртымыздың
тәуелсіздігі жолындағы арыстанша алысып
өткен ерлер бізде де баршылык. Солардың
ішінде, әсіресе, орыстың озбыр отаршылдығына
қарсы күрестің түу ту байлар жерінде
тұрған Сырым Датұлының есімі тіптен ерекше
аталуы тиіс. Ол – жоғарыда аттары аталған
әйгілі тұлғалармен қатар тұратын, солармен
терезесі тең қайраткер екенін қадап айтар
кез әлдеқашан келді.
Сырымның азамат болып, ат жалын тартып
мінген заманы – Ресей патшалығының барлық
жағынан бірдей күш-қуаты толысып, енді
жан-жағындағы елдерге ауыз сала бастаған
кезеңмен тұстас келді. Империя, әсіресе,
өзінің экономикалык және әскери артықшылықтарын
пайдалана отырып, бодан елдерге шеңгелін
батыра түсті. Сөйтіп, олардың мойнына
құлдық қамытын мәңгілік кигізіп, кіріптар
қылып қою үшін жан-жақтарынан әскери
шептермен тас қоршауға ала бастады. Осы
мақсатпен тек 1755-1772 жылдар аралығында
ғана Кіші жүз бен Орта жүз жерінде, Жайықтан
– Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым шеп
бойына бекіністер салынды. Бұлардың қаншалықты
жақын орналасқандығын және әскери күштің
қаншалықты қуатты болғандығын байқау
үшін тек Жайықтың ғана бойында 48 бекініс,
50 редут, 48 форпост, яғни 146 әскери нүкте
болғанын айтсақ та жеткілікті болар.
Бұларға қоса, Жайықтың теңізге құяр сағасынан
Қараөзенге дейін Жайық казактары, Елек
бекінісі мен Верхнеуральск бекіністерінде
Орынбор казактары тұрғанын және бұлардың
қай-қайсысы да патшалық Ресейдің отарлау
саясатын өте қатал жүзеге асыруға көмектескенін
айтсақ, жағдайдың қаншалықты қиын болғаны
айқындала түспек. Ол – ол ма, әрбір жаңадан
салынған бекініске сырттан казак-орыстарды
көшіріп әкеліп, оларға жер бөліп беріп,
қазақтардың мал жайылымдарын тарылтқан
үстіне тарылта түсті және бекініске жақын
отырған қазақ ауылдарына әлсін-әлсін
шабуыл жасап, малдарын айдап, адамдарын
байлап әкетіп отырды. Шабуылдар тіпті
ойдан шығарылған сылтаулар арқылы да
жасалынған. Бұл, сірә, күштінің әлсізге
қылар зорлығының ежелден келе жатқан
әдісі болса керек. 1830 жылдары француз
әскерінің Алжирге басып кіруі – осы ел
басқарушысының шыбын үркітетін желпуіші
қасында сөйлесіп отырған француз консулының
бетіне тиіп кеткендігінен, «елімізді
қорладыңдар» деген желеумен басталғаны
сияқты, орыс отаршылдарының қазақтарға
тиісуі де: «Малдарың жинап қойған шөбімізді
шашып кетті», «Су ішкен жылқыларың Жайықтың
балығын үркітіп, өзенді лайлады» деген
сияқты себептерден де болған. Мұны Орынбор
әкімшілігінің өзі де мойындайды. Орынбор
әскери губернаторы Н.Н.Бахметьев кейінірек
император I Александрге жазған хатында:
«…Осы жаман әдет аркылы өзіне дүние-мүлік
жинап, байып алғандар көп», – деуі, әрине,
тегін емес (Қараңыз: «Материалы по ист.
КазССР». IV т., 193-6.).
1783-1797 жылдары Кіші жүзде Сырым Датұлы
бастаған қазақ халқының ұлттық езгіге,
отаршылдықка қарсы күресінің шығуы, міне,
осындай жағдайларға тікелей байланысты.
Сырымның өз замандастарынан мойны озық
тұрғандығының тағы бір дәлелі – оның
тек қана ханды тақтан тайғызғандығында
емес, сонымен бірге тақтан түсірілген
сол ханның да, хандық биліктің де орнына
ел билеудің жаңа үрдісін дүниеге әкелгендігінде.
Осы жерде біздің тарихшыларымыздың батылы
барып айта алмай жүрген бір шындықтың
басын арши кеткеніміз дұрыс. Ол – Сырым
Датұлының мемлекеттік үлкен көлемде
ойлай алатын басшы, ірі кайраткер болғандығы.
Оған дәлел – өзіне дейінгі жұрт естімеген
ел билеудің жаңа формасы «Халық кеңесін»
Сырымның өмірге әкелгендігі. Және бұл,
шындықты мойындай алар жұрт бар болса,
тек қазақ халқының тарихында ғана емес,
бақ-дәулеті кемеліне келіп тұрған сол
тұстағы өркениетті елдердің өзінде де
жүзеге аса қоймаған демократиялық ел
басқару идеясының өмірге енуі еді; ол
идеяның керемет дамыған әлдебір елде
де емес, өзі біреудің боданында отырған
қазақ елінің бір пұшпағында өмірге енуі
еді және соны Сырым секілді қазақтың
бір шаруасының баласы үрдіске енгізгені
еді.
Адам баласының тарихында әлем халықтарының
қажетіне жарарлық әлдебір жаңалықтар
бола қалса, оны тек өркениетті елдерден,
Еуропадан, Батыстан шыққан етіп көрсетуге
тырысатын бір жаман әдет бар екені қазір
баршаға аян. Ғылымда оның «еуроцентризм»
деген аты да бар екені белгілі. Ал егер
хандықты кішкентай монархиялық құрылыс
деп есептесек, Сырым сол монархиялық
(яғни хандық) билікті де, монархты (ханды)
да құлатып, енді бұқараның өз ортасынан
шыққан халық өкілдері басқарсын! – десе,
бұл – сол тұстағы Еуропаңның да есін
тандырарлық жаңа идея еді. Және бұл –
Париждегі қалалық өзін-өзі басқару органы
«Париж коммунасын» дүниеге әкелген 1789-1794
жылдардағы Ұлы француз революциясынан
да төрт жыл бұрын қазақ даласында дүниеге
келген ел басқару әдісі екенін ескерсек,
өзі бастаған көтеріліс нәтижесінде Сырым
адам баласының қоғамдық өміріне қандай
үлкен жаңалық әкелгенін тереңірек ұғар
едік.
Сонымен… Сырым қозғалысының тарихын
зерттеушілер туралы айтар болсақ, ең
алдымен, осы көтерілістің нағыз тарихнамасы
мынау еңбектен басталады дейтіндей, әдейі
арналған ғылыми-зерттеу бізде өткен ғасырдың
30-40-жылдарына дейін болмағанын ашық айтуымыз
керек. Сөйте тұра, бір ғажабы, Қазақстанның
өткен замандардағы тарихына қалам тартқандардың
ішінде бұл көтерілістің жай-жапсарына
соқпай кетпегендері кемде-кем. Және олардың
қай-қайсысы да (аз айтсын, көп айтсын)
бұл көтеріліске үлкен мәні бар оқиға
ретінде қараған.
Сондай еңбектердің бастауында – 1832 жылы
Санкт-Петербургтен шыққан А.И.Левшиннің
«Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких
орд и степей» деген еңбегі тұр. Осы еңбектің
II томының қырық шақты беті тек қана Сырым
қозғалысының тарихына арналған.
Әділін айту керек, А.И.Левшин бұл оқиғаға
объективті тарихшының көзімен қарамайды;
қайта кітабының «Описание» деген атынан
көрініп тұрғандай-ақ, отаршылдық саясатты
жүзеге асыруға көмектесіп жүрген патшаның
көп шенеунігінің бірі ретінде ол бұл
көтеріліске әлгі отаршылдық саясат жолына
кесе-көлденең тұрған бір кеселді оқиға
түрінде қарайды. Бұл еңбектің, әсіресе,
олқы соғар тұсы деп, біз мұнда көтерілістің
шығу себептеріне де, оның қозғаушы күштеріне
де, сол тұстағы қазақ қоғамының жай-жағдайына
да талдау жасамағанын айтар едік. Сондай-ақ
он төрт жылға созылған осынау күрестің
өзегінде ірі-ірі әлеуметтік, саяси себептер
жатқандығын көрсетудің орнына ашынған
халық бұқарасының жаппай бас көтеруі
– оның басшысы Сырымның ғана Нұралы ханмен
араз болуынан немесе оның хандық билігін
күндегеннен, қызғанғаннан болды деуі
немесе 1790 жылдары тағайындалған генерал-губернатор
Пеутлинг елдің еркінен тыс Ералыны хан
сайлағанда Сырымның патша әкімшілігімен
кетісуін тағы да Ералының жеке өзімен
Сырым бақталас болғандығынан солай істеді
деуі – нағыз тарихшы-зерттеушінің тұжырымы
емес.
Әйтсе де, А.И. Левшиннің көтеріліс қалай
дамығанын суреттеуі; Уфа және Сібір әкімшілік
аймағының наместнигі О.А.Игельстромның
реформалары не себепті ел ішінде тиянақ
таппағанын баяндауы; 1790 жылдардың бас
кезінде патша әкімдерінің Сырымға көзқарасының
түбегейлі өзгеруі неліктен болғанын
түсіндіруі; сондай-ақ оның еңбегінің
фактологиялық жағынан едәуір құнды жерлерінің
барлығы – бұл еңбектің зерттеушілер
үшін өте қажетті дүние екендігіне көзімізді
жеткізе түседі. Бұған қоса, Левшиннің
бұл еңбегі Сырым қозғалысының тарихнамасында
кейінгі зерттеушілердің көбіне негіз
болғаны – тайға таңба басқандай анық
көрініп тұр.
Мәселен, Левшиннің ой сорабының ізі жосылып
жатқан сондай еңбектердің бірі – 1868 жылы
Санкт-Петербургте жарық көрген «Область
сибирских киргизов. Материалы для географии
и статистики России» дейтін М.Красовскийдің
кітабы. Ресейдің географиясы мен статистикасына
арналған материалдар ретінде жарық көрген
Л.Мейердің «Киргизская степь Оренбургского
ведомства» дейтін еңбегінде де А.И.Левшиннің
әсері анық байқалады.
Бұл кітаптың екеуінде де авторлар Сырым
қозғалысының фактілі де, нақтылы да жағын
баяндауда Левшиннің айтқандарына ешқандай
жаңа материалдар қоспай, тек соны ғана
қайталап шыққан. Бірақ сол баяндалған
оқиғаларга көзқарастары тұрғысынан қарасақ,
М.Красовскиий де, Л.Мейер де А.И.Левшиннен
өзгеше бағыт ұстағанын байқаймыз.
Мәселен, М.Красовский қазақтардың қоғамдық
қарым-қатынастары жөніндегі өзі ұстанған
концепцияға сәйкес, бұл көтерілістің
шығуына себеп болған жайттардың бірі
– сұлтандардың қара халыққа жасаған
зорлықтары еді деген пікір білдіреді.
Бұл – дұрыс тұжырым. Бірақ автор осы ойын
әрі қарай дамыта алмаған. Сөйтіп, бұл
зорлықтардың ендігі бір ұшы – күннен-күнге
өршіп келе жаткан патша үкіметінің отаршылдық
саясатымен тығыз байланысты екенін аша
алмаған.
Осы байланысты аша алмағандығынан болар,
ол Игельстромның реформасы Кіші жүзде
«Қырғыздардың (яғни қазақтардың – Қ.М.)
ұғымына жақын тәртіп орнатты» деген қате
пікірге де ұрынған.
Л.Мейер болса, А.И.Левшин мен М.Красовскийге
ұқсап бұл көтеріліске тек қана патшаның
отаршылдық саясатының жолына кесе-көлденең
тұрған кеселді оқиға деп қарамай, қайта
бұл күресті қазақ халқының тарихындағы
ерекше маңызды бір оқиға, үлкен белес
деп қарайды. Көтеріліске осы тұрғыдан
қарай білгендігінің өзі – Мейердің бірқатар
объективті қорытындылар жасауына мүмкіндік
берген. Мәселен, ол көтеріліске басшылық
еткен билер мен рубасыларының әртүрлі
тектен шыққандығын және осы әртүрлі топ
өкілдерінің ел билеу ісі жөніндегі кереғар
көзқарастарын тап басып, дұрыс тани білген.
Жалпы, Сырым батыр қозғалысының тарихнамасы
онша бай емес. Сондықтан жоғарыда көрсетілген
авторлар еңбегіндегідей арнайы сөз болмаса
да, бұл қозғалыс жайында жанама түрде
әңгімелеп кеткен кейбір авторлар еңбегіне
де тоқталсақ, өткен ғасырдың басындағы
Ф.М.Лобысевичтің «Поступательное движение
Среднюю Азию в торговом и дипломатическом
отношении», А.И.Добросмысловтың «Тургайская
область» дейтін тарихи очеркін, М.Терентьевтің
«История завоевания Средней Азии» дейтін
дүниелерін айта кетудің артықтығы жоқ.
Кеңес өкіметі тұсында бұл тақырыпты қайта
көтергендердің бірі – А.П.Чулошников
болды. Ол өзінің «К истории феодальных
отношений в Казахстане в XVII-XVIII вв.» дейтін
еңбегінде Сырым көтерілісіне де соғып
өтеді. Әсіресе, 1791 жылдардағы Сырым қозғалысының
бағытын дәл тапқаны көрініп тұр. Бірақ
бұл еңбектің де елеулі-елеулі, көзге ұрып
тұрған кемшіліктері бар. Мәселен, Сырым
Датұлының көтерілісін – ірі-ірі феодалдық
топтардың күресі ретінде көрсетпек болуы,
бұл көтерілістің қозғаушы күші – халық
бұқарасы екенін бүркемелеп тастайтыны
өз алдына, екінші жағынан, орыстың отаршылдық
саясатына қарсы бағытталғанын мүлде
естен шығарып тастағандай әсер қалдырады.
Ол – ол ма, өзі «феодалдық топтардың өзара
өштесуінен туған» деп отырған бұл көтерілісті
А.П. Чулошников әлгі екі топтың арасындағы
«сауда қарым-қатынастары жөнінде өздерінің
беделді болуы үшін күресуінің нәтижесі»
деп түсіндіруі – тіпті ақылға қонбайды.
Сырым қозғалысының шын мәніндегі тарихын
жасамақшы болып, ең бірінші талап қылған
адам – А.П.Рязанов. Ол 1924 жылы «Советская
Киргизия» журналының №10 санында әуелі
«Батыр Сырым Датов» деген зерттеу мақаласын
жариялады. Мұнан соң, 1926 жылы Қызылордада
«Сорок лет борьбы за национальную независимость
казахского народа» (1797-1838) деген еңбегін
жарыққа шығарды.
Бұл еңбектердің құнды жері сол – Сырым
өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты
осы кезге дейін ғылымға белгісіз болып
келген, белгілісінің өзі ғылыми айналымға
түспей, талданбай, бағасы берілмей келген;
Орынбордың архивіндегі көп-көп тарихи
материалдар нақ осы еңбектерде бірінші
рет сөз болып, халыққа жария етілді. «Эта
была выдающаяся и талантливая личность,
имеющая огромное влияние на массу казак-киргизского
народа» деген баға да Рязановтың аузымен
осы еңбектерде Сырым Датұлы секілді үлкен
тұлғаның атына бірінші рет айтылды. Сонымен
бірге Сырым қозғалысы осы еңбектерде
тұңғыш рет нағыз тарихшының кәсіби көзқарасымен
талданып, зерттелінді.
Әйтсе де, бұл – А.П.Рязанов еңбектерінде
кемшілік жоқ деген сөз емес. Әсіресе,
архив материалдарын пайдаланғанда түпнұсқаны
оқи алмай, Орынбор шекара экспедициясының
өңдеуіне түскен, кеңсе аудармаларын пайдалануы;
кейде асығыстық жасап, өзі пайдаланған
архив материалдарының фактісін дәлме-дәл
келтірудің орнына оның мазмұнын баяндауы;
әсіресе, қазақ қоғамында қолданылып жүрген
күнбе-күнгі әлеуметтік терминдердің
мағынасына мән бермеуі – оның осынау
елеулі еңбегінің естен шығаруға болмайтын
кемшіліктеріне саналуға тиіс.
Сырым қозғалысының тарихын егжей-тегжейлі
зерттеген бірден-бір адам – М.П.Вяткин.
Ол туралы тарих ғылымдарының докторы,
профессор Н.В.Алексеенконың «М.П.Вяткин
және оның Сырым Датұлы көтерілісі туралы
еңбектері» дейтін нақты зерттеуі бар
болғандықтан, біз біреудің егініне түскіміз
келмей отыр.
Әйтсе де, Сырым қозғалысының тарихын
зерттеушілер туралы әңгімелей отырып,
М.П.Вяткин туралы ең болмаса бір-екі ауыз
сөз айтпасак, аруақ аттағандай боламыз
ба деп ойлаймын. Өйткені Сырым қозғалысының
өзге зерттеушілері бір төбе де, М.П.Вяткин
– өз алдына бір төбе. Неге?
Қандай да бір ғылыми жұмыс жүргізу үшін,
оған алдын ала үлкен дайындық жасау, материал
жинау керек екені жақсы мәлім. Ал Вяткин
болса, Қазақстан тарихына байланысты
зерттеулер жүргізіп қана қоймай, осы
халықтың тарихына титімдей болса да қатысы
бар-ау деген дүниелерді тірнектеп жинауға,
жариялауға мұрындық болған адам екені
өздеріңізге аян. Соның нәтижесінде бұрынғы
КСРО-ның орталықтағысынан бастап, шалғайдағысына
шейінгі архивтер түгел ақтарылып, бес
томдық «Материалы по истории КазССР»
дейтін еңбек даярланды. Соның Сырым қозғалысына
арналған үлкен бір бөлігі – 1940 жылы IV
том ретінде, М.П.Вяткиннің «Политический
кризис и хозяйственный упадок в Малой
Орде в конце XVIII-нач. XIX в.» деген алғы сөзімен
жарық көрді де. Кейін 1941 жылы шыққан «Қазақ
КСР тарихы жөніндегі очерктердің» X тарауын,
1943 жылы шыққан «Қазақ КСР тарихының»
XI тарауын да осы автор жазды. Керек десеңіз,
генерал-губернатор А.А.Пеутлингтің өкілі
ретінде Сырым батырға келіссөз жүргізуге
барған мүфти Мұхаметжан Хұсайыновтың
күнделік журналын да КСРО Ғылым академиясының
баспасынан шығатын «Исторический архив»
атты жинақтың 1939 жылғы II томына енгізген
де – сол. Акыры, көп жылғы зерттеулерінің
қорытындысы ретінде КСРО Ғылым академиясының
баспасынан 1947 жылы «Батыр Сырым» атты
монографиясы жарық көріп, қазіргі Мемлекеттік,
ол кездегі Сталиндік сыйлықты алғанын
айтсақ, осынау бір еңбекқор адамның Қазақстан
тарих ғылымына, оның ішінде қазақтың
тұңғыш ұлт-азаттық қозғалысын зерттеу
ісіне қаншалық үлес қосқанын ұғуға болатын
шығар деп шамалаймыз.
Әрине, М.П. Вяткиннің еңбегінде еш кемшілік
жоқ деп ешкім айта алмас. Өйткені ғылым
дегеніміз – жаңарып, жаңғырып жататын
үздіксіз үдеріс екені түсінікті. Сондықтан
Вяткин еңбектерінің де ескірген тұстары,
уакыт әкелген өзгерістер тұрғысынан
қайта қарайтын жерлері болуы әбден мүмкін.
Себебі ол да – өз заманының перзенті.
Екінші жағынан, оның еңбегінің кейбір
кемшіліктері – тек қана Вяткиннің емес,
сол тұстағы тарих ғылымының, оның зерттеу
әдістерінің ортақ кемшіліктері де еді
деу жөн секілді көрінеді.
Енді таңғалмасқа болмайтын бір жайтты
айта кетуді өзіме борыш деп санаймын.
Ол – неге екенін қайдам, Сырым Датұлы
бастаған халық көтерілісінің тарихын
зерттеушілердің ішінде бірде-бір қазақ
тарихшысының жоқтығы. Неге бұлай? Мүлде
түсініксіз. Жарық көрген «Қазақ КСР тарихының»
бес томдығындағы академик А.Нүсіпбеков
жазған Сырым қозғалысы туралы тарауды
мен әдейі айтпай отырмын. Неге?
Біріншіден, бұл еңбек – хронологиялық
жағынан алғанда да соңғы жылдардың жемісі.
Сондықтан ол туралы сөзімнің аяқ жағында
әңгімелегеннің еш әбестігі жоқ болса
керек.
Екіншіден, әрі ең басты себебі: бұл –
кеңестік ресми тарихнаманың көзқарасы.
Үшіншіден, бұл еңбек – автордың рухани
қажетінен емес, осы бес томдықты шығарған
ғылыми мекеменің қажетінен туындағаны
ап-анық көрініп тұр. Түсініктірек етіп
айтқанда: пәлен томдық «Қазақ КСР тарихы»
жарық көруге тиіс болды; оған Сырым қозғалысы
секілді ірі оқиға енбей қалуы мүмкін
емес-ті, оны біреу жазуға тиіс-тұғын, тағысын-тағы
басқа себептер…
Бұған қоса ресми тарихнаманың көзқарастары
ауқымынан шыға алмай қалған бұл еңбектің
үлкен де елеулі екі кемшілігі бар деп
білемін.
Біріншіден, бұл еңбек Сырым қозғалысы
туралы бұрынғы зерттеулерге зәредей
де жаңалық қоспаған.
Екіншіден, не ғылыми жағынан, не фактологиялык
жағынан сүйенер негізі, жаңа материалдары
болмаса да, автор көтеріліске де, бұл
қозғалыстың жетекшісіне де баға беруге
келгенде, өзіне дейінгі біраз байыпты
зерттеушілердің, мәселен, орыс ғалымдарының
шыққан биігіне көтеріле алмаған. «Қазақ
КСР тарихының» осы оқиғаға арналған тарауының
авторына құлақ түрсеңіз, ол: «Сұлтандармен
келісімге барған билер мен рубасыларының
сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап
айтқанда, Сырым Датовтың дәйексіздігі
мен солқылдақтығы халық көтерілісінің
жеңілуіне себепші болды», – дейді.
Дәлел қайда? Дәл осындай ой қорытындысын
жасауға дәйек боларлық құжаттар бар ма?
Біріншіден, мұндай дәлел-дәйектемелер
авторда жоқ.
Екіншіден, көтеріліс жеңіліс тапқандықтан
басылып қалған жоқ, оны күрестің басшысы
– Сырымның өзі тоқтатты. Басқаны былай
қойғанда, осы кітап («Қазақ КСР тарихы»,
III т., 130-бетінде) авторының өзі: «1797 жылдың
тамыз айындағы Хан кеңесіне Сырым мыңнан
аса жолдастарымен келіп, мәжіліске қатысып,
сол жерде: «…халықтың ауыр жағдайына
және Хан кеңесінің құрылуына байланысты
өзінің күресті тоқтататынын (қайталап
айтамыз: жеңілгенін емес, тоқтататынын.
– Қ.М.) мәлімдеді», – деп жазып отырғанын
өзі ұмытып қалғаны ма?!
Үшіншіден, көтеріліс жеңілген болса,
1785 жылдан 1790 жылға дейін үздіксіз, ал
одан соң реті келгенде Сырым құрған Халық
кеңесі үнемі жиналып тұрар ма еді?!
Төртіншіден, көтеріліс жеңілген болса,
оның басшысы Сырым «дәйексіз», «солқылдақ»
біреу болса, қырық жылға жуық ел билеген
Нұралы ханды тақтан кім тайдырды?
Бесіншіден, көтеріліс мақсатына жетпеген
болса, 1785 жылғы 21 қыркүйекте өткен Халық
кеңесінен кейін, елдің алдында тұрған
ең үлкен қиыншылық – жер мәселесі шешімін
тауып, Жайықтан арғы шүйгін жайылымдарға
шығуға 70 мың 300 үйге рұқсат берілер ме
еді?
Алтыншыдан, көтеріліс мақсатына жетпей,
жеңіліс тапса, көлденең жатқан Жайықтың
күншығыс бетін жайлаған қазақ дейтін
жұртыңның тынышын кетіріп, тынымсыз шапқыншылық
жасаумен айналысқан озбыр отаршылдардың
зорлықтары тыйылар ма еді?!
Осының бәрін көтеріліс көсемі Сырым жүзеге
асырды ғой! Ханды тақтан тайдырса, оның
орнына – «Халық кеңесін» орнатып берді.
Елді тығырыққа әкеп тіреген ең үлкен
қиыншылықтардың бірі – малға өріс, жұртқа
қоныс та, екіншісі – озбыр отаршылдардың
құлдық қамытын халқының мойнына ілгізбеу
болса, Сырым өз заманында мұның екеуін
де істеді. Сонда бұл Сырымды «дәйексіз»
де «солқылдақ» деп жазғырудың жөні қайсы?!
Әлде автор оны: «Озбыр отаршылдық жүйені
жермен-жексен қылып біржола жеңе алмадың»
деп кінәлағысы келе ме? Ондай күш ол заманда
қайда, Құдай-ау! Қайта «Қолынан келгені
– мынау, ал мынадай істерді тындыруға
мүмкіндігі болмады» деген лайықты да
ақиқат бағасын бермей ме екен тарихшы?
Мұнан шығар қорытынды: ұлттық езгіге,
отаршылдыққа қарсы бағытталған бұл тұңғыш
көтерілістің ресми тарихнамадағы бағасы
түгелімен қайта қаралып, Қазақстанның
саяси тарихындағы оның орны мүлдем жаңаша
көзқарас тұрғысынан қайтадан баяндалмаса,
ендігі жерде Қазақстан тарихы ғылымына
үлкен мін болғалы тұр.
Әдебиетіміздің ақсақалы Сәбит Мұқанов
1942 жылы шыққан «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы
әдебиетінің тарихынан очерктер» дейтін
кітабында Сырым есімін әдебиет тарихына
неліктен кіргізіп отырғанын айта келіп:
«Сырымнан ілгеріректе өткен Бұқар жырау
патша үкіметінің отаршылдық саясатынан
соққан ызғардың алыстағы демінен қалтыраса,
Сырым батыр сол ызғардың түтеген боранына
тұншықты, аязынан үсіді. Бұқар жырау отаршылдық
өртіне алыстан байбалам салып, оның арты
неге соғарын данышпандықпен болжаса,
Сырым батыр сол өртке шарпылып, оны сөндіруге
жанталасты. Сырым көтерілісі Бұқар жыраудың
жырында айтылатын қауіптің расқа шыққанын
іс жүзінде дәлелдеді», – деп жазып еді.
Ақсақал қаламгердің ел тарихындағы елеулі
оқиғаларға осылайша мән беруі – кейінгі
қаламгерлерге үлгі болғандай.
Орыстың зиялы адамдарының бірі, белгілі
тарихшы Михаил Порфирьевич Вяткин: «Тарих
мынаны айқын көрсетеді. Ол – Сырымның
өз халқына білдірген асқан сүйіспеншілігі;
өз халқын сатқан ел басшыларымен ешқашан
ымыраласпайтындығы; өз Отанының бостандығы
үшін, оның мемлекеттігі нығайып, дамуы
үшін жанын аямай күрескені… Қазақтар
халық қамы үшін күрескен осы бір батырды
ешқашан есінен шығармақ емес», – деп
жазып еді. Одан бері қаншама уақыт өтті…
талай нәрсе ұмыт болып, талай нәрсе ескірген
шығар. Бірақ Михаил Порфирьевичтің бұл
қорытындысы ескірді деуге әлі күнге ешкімнің
аузы барған емес. Ескірмейді де! Өйткені
бұл – ақиқат сөз еді
Батыс Қазақстан облысының шығыс жағында орналасқан әкімшілік бөлік, бұрын Жымпиты ауданы деп аталып келді. Бұл өлке өзіндік бай тарихымен ерекшеленетін аймақ. Сонау ерте заманда асы біздің топырағымызда Қобыланды батырдың, Ер Тарғын мен Едігенің жауына қаһарлылығы, асқан ерлігі, Қыз Жібек пен Төлегеннің мәңгілік махаббаты аңыз-жырға, халықтың ерлік эпосының өзегіне айналған. Тәуелсіздікті сақтау жолында хан Әбілқайырдың Ресеймен әскери одақ құруы негізінде басталған қазақ жерін отарлау саясатына қарсы күрестің өзі бір шежіре.
Солардың бірі 1783-1797 жылдары кіші жүзде
Сырым батыр бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
болды. Осы өңірде бұрын Байбарақ батыр,
Марқасқа жырау, Тайлақ батыр, Бұлан би,
Есенгелді бай өмір сүрген. Қабанбай -
Қақпақтыны мекендеген Қаратай сұлтан
әулеті, соның бір ұрпағы Мұхит Мерәліұлы
екені әлі зерттеуді қажет етеді. Белгілі
қайраткер Халел Досмұхамедов: «Кіші жүздің
жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылған»
- дейді. Шынында да патша үкіметі қолға
түскен қазақ басшыларын құртумен болды.
Хан Нұралы тұтқындалып Уфада өлді. Оның
баласы Орман Петербор түрмесінде шіріді.
Орманның баласы Күсеп бүкіл ұрпағымен
жер аударылды.
Патша тәртібіне қарсы шыққан Байбақты
руынан 400 адам каторгіге айдалды. Белгілі
би Жүніс пен Сәнгерәлі батыр Орынбор
түрмесінің құрбаны болды.
1805-1818 жылдары Қайыпқали Есімов бастаған
көтеріліс.
1829-1838 жылдардағы беріш Исатай Тайманов
көсемдік еткен шаруалар соғысы, 1847-1858
жылдардағы Есет Көтібаров көтерілісі
қанға боялып жеңіліс тапты.
XX ғасырдың басында Жымпиты өңірі үлкен
дүрбелеңдердің орталығына айналды. Осы
жерде Күнбатыс Алашорда үкіметі ту тігіп,
тұңғыш қазақ мемлекетінің іргетасы қаланып
үш жылға жуық жұмыс жасағаны белгілі.
Сол кезеңде мұнда оқыған зиялы азаматтардың
бір топ шоғыры жиналды. Олардың көзқарастары
әртүрлі болғанымен, жалпы бағыты - қазақ
елін нығайту, оның тәуелсіздігін қамтамасыз
ету болатын. Солардың қатарында Жымпиты
өңірінің азаматтары: Бақытжан Қаратаев,
Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер, Молдағали
Жолдыбаев, Меңдігерей Ипмағамбетов, Иса
Қашқынбаев, Дәулетше Күсепқалиев, Ғалиасқар
мен Ғұбайдолла Әлібековтер, Ахмет Мәметов,
Е.Қасаболатов, Кафий Мырзағалиев ұрпақтары
үшін мақтаныш.
1919 жылы қарашаның 19 жұлдызында Жымпитыда
Кеңес өкіметі орнады.
1920 жылының 12 жұлдызында Орал губерниясы
құрылып, оның құрамында Жымпиты уезі
де болды. 19 болысты біріктірген уездің
жер көлемі 38500 шаршы километр, халқының
саны 78861 адам екені тіркелді.
1928 жылы қаңтардың 17 жұлдызында уезд таратылып,
6 болыстан Жымпиты ауданы құрылды.
Жер көлемі 1093920 гектар, әкімшілік бөлінуі
24 ауылдық Советтен тұрды. Әрбір ауылдық
Советте орта есеппен 1089 адам бар деп есептелінді.
1933 жылы аудан көлемінде «Сарыой», «Игілік»,
«Қызыл таң»,
«Социализм», «Калинин», «Сталин», «Жұмыскер»,
«Төңкеріс»,
«Сәуле», «Бірлік», «Ұмтыл», «Кедей», «Алға»,
«Тамды»,
«Жұлдыз», «Исай» атты 16 колхоз ұйымдастырылып,
олардың
төңірегінде 40 серік (ТОЗ) құрылды.
1928 жылы Жымпиты ауданы бойынша 28 бай кәнпескіленіп,
жер аударылды. Олардың ең ірілері Салық
Омаров, Өтеқожа, Қали Шәуілбековтер болды.
1934 жылдан бастап ауданда репрессия кеңінен
етек алды.
Оларға халық жауы деген атақ берілді.
Жазықсыз жапа
шеккендердің басым бөлігі кейін ақталып,
олардың аты-жөндері
саябақтағы ескерткіш тақтаға жазылды.
Ұлы
Отан соғысы қарсаңында ауданда 41 колхоз,
5 совхоз, 2 МТС болған. Аудан шаруашылықтары
1940 жылы мемлекет есебіне 13100 центнер астық,
16740 центнер ет, 607 центнер жүн дайындап
берген.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда
ер адамдар соғысқа алынып, ауылда қарт
адамдар, қыз-келіншектер мен жас балалар
қалып еңбек етті. Осы жылдары Жымпитының
«Ақ тарысының» атағы шықты. Ақ тарының
анасы болған Майра Зияшеваның еңбегі
тек аудан емес Одаққа мәлім. М.Ешмұханова,
Ү.Қобдабаева, К.Нұрмүханова сияқты қырық
шақты қыздар трактор жүргізуді меңгеріп
рульге отырды.
1941-1945 жылдары Жымпиты ауданынан
майданға 3501 адам жіберілді, олардың
1972-сі елге қайтып оралмады, соғысқа
Жымпитыдан бес қыз аттанды,
олардың үшеуі құрбан болды.
Ал, аман оралған Ә.Ниязғалиева,
М.Үмбетова көп жылдар ел игілігіне еңбек
етті.
1941 жылы неміс автономиясынан көптеген
неміс семьялары экелініп аудан көлеміне
орналастырылды.
Содан олар өз ата жұрттары Алманияға
көшкенше 1991 жылдарға дейін осы өлкеде
тұрып жергілікті қазақтармен бауырласып
кетті. Олардың тағдыры туралы жерлесіміз
Ғаділше Өтебалиев «Жымпитылық немістер»
деген кітап жазып, екі халықтың татулық
өнегесін көпшілікке паш ете білді.
1951-1957 жылдары колхоздар ірілендірілді,
кейіннен совхоздар болып қайта құрылды.
1990 жылы ауданда он совхоз, екі колхоз
болды. Оларда 45240 бас ірі қара, 168500 бас
қой, 4400 бас жылқы есепте тұрған.
1989 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген
ет 94757, сүт 14452, жүн 3984 центнер болғаны
айтылады. Ал, астық көлемі 1228456 центнерге
жеткен. Сол кезде аудан халқының саны
34534 адам болып, 17 ұлт өкілдері көрсетілген.
1988 жылы аудан бірде-бір артта қалған шаруашылықсыз
жұмыс жасап, жылды 12 миллион сом таза
пайдамен аяқтаса, 1989 жылы рентабельділікті
40 пайызға жеткізіп таза пайданы 20 миллионға
жеткізді. 1990 жылы пайда екі есеге дейін
өсті.
1989-1991 жылдары көптеген тұрғын үйлер салынып
пайдалануға берілді. Қарасу Мөлтек ауданы
пайда болды. Биіктігі 197 метр телемұнара
іске қосылды.
Ауданның әр кезеңдегі елге танымал болған
азаматтары жөніндегі деректер осы жинақта
бар, сондықтан олар жөнінде біз әңгіме
қозғағалы отырған жоқпыз.
1992 жылы жерлесіміз Сырым Датұлы бабамыздың
туғанына 250 жыл толуын атап өтеуге байланысты
аудан тұрғындарының сұранымына орай,
Жымпиты ауданының аты Сырым ауданы болып
өзгертілді
Сырым
Датұлы, Шынтемір – Сырым аудандағы
Сарой ауылында 1742ж. дүниеге келген. (1802
жылы Хиуада жерленген) Сырым - қолбасшы
батыр,би, шешен.1783-97 ж.ж. Кіші жүз руларының
орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің
жетекшісі, дәстүрлі ел билеу жүйесіне
өзгеріс енгізген реформатор. Тегі-12 ата
Байұлына жататын байбақты руының Әйтімбет
тармағының Шолан атасынан. Халықтық шежіре
бойынша, Шоланнан Түкіш, Дат, Есенбай,
Байторы тарайды. Даттан Адамбай, Шынтемір,
Атымтай, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай,
Дүйім-бай,Қорлыбай және жастай өлген
Шыбынтай деген 11 ұл туады.
Сырым бала күнінен ақылға кенендігімен,сөзге
шешендігімен,қара қылды қақ жарар әділдігімен
ел аузына ілігіп,20 жасында “Байбақтының
бала биі” атанады.Ел аузында сақталған
әңгіме аңыздарда Сырым тана руының данагөйі
Малайсары,беріш Алдар,есентемір Бөкен,
тама Есет, т.б.билерден бата алады.Мұның
өзі Сырым батырдың потестарлы билік өкілі
ретінде беделі мен абыройы тек бір рудың
шеңберінде қалмай, күллі Кіші жүз бірлестігінің
деңгейіне көтеріліп, ел ішінде орталық
билік өкілдері-хан, сұлтандармен тең
ықпал иеленгенін көрсетеді.Осы жылы байбақты
руын бастаған Сырым батыр көтеріліске
қайта шығып,қозғалыс бүкіл кіші жүзге
жайылды.1783 жылы тамыз айында көтерілісшілер
қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратып жүрген
Чаганов бастаған казак-орыс отрядын Барбастау
иініндегі
1797 жылы кіші жүздегі саяси-әкімшілік
жағдайдың ырық бермей ,асқынып кетуіне
байланысты әрі Сырым батырдың хат арқылы
жолдаған талаптарын ескере отырып,патша
үкіметі Орынбор губернаторлығын басқаруға
барон Игельстромды қайтадан алып келді.Бірақ
бұл жолы ол Сырым батырды патша өкіметінің
отарлау саясатын жүзеге асыруға кедергі
келтіруші адам,қауіпті жау ретінде танып,байланысын
үзді.Оған қоса хан билігінің енгізген
басқару институты - Хан кеңесінің төрағасы
етіп әбден қартайған Айшуақ сұланды қоюы
Сырым батырдың наразылығын туғызды. Генерал
- губернатордың бұл әрекетін сұлтандар
тобы да қолдаған жоқ.1797 ж.тамызда Қобда
бойында өткен Кіші жүз сұлтандары мен
билерінің кеңесіне Сырым батыр 1000 сарбазымен
келіп,сөз сөйледі.Халықтың қарулы қақтығыс
пен өз ара қантөгістен қалжырағанын айтып,елдің
азаттығы мен жердің тұтастығы үшін жүргізген
күресті тоқтататының,елді тыныштыққа,бірлікке
шақыратынын мәлімдеді.Жиналған қауым
оны Кеңестің басты мүшесі етіп сайлады.Бұл
хан тағынан үміткер Қаратай сұлтанның
шамына тиді. Тумысынан айлакер әрі қайсар
мінезді Қаратай Сырымнан әкесі Нұралы
мен бауыры Есімнің кегін алуға ант ішті.Кеңестен
кейін Сыр алабы,Хиуа хандығы шебіндегі
қонысына көшкен Сырым батырды ата - жаулары
қапияда у беріп өлтіртті.1992 жылы қыркүйекте
облыс жұртшылығы Сырымның 250 жылдық мерейтойын
атап өтті. Сол жылы ауданға Сырым атағы
берілді. Қазір Сырым Датұлы атындағы
музей мен парк бар. Әдебиеттер: