Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 14:55, реферат
Болатұлы Керей хан (?-1473 ж.) – қазақ хандығының негізін қалаушы, Көк Орданың ханы Өрістің (Орыстың) шөбересі.
Шайбани әулетінен шыққан Дәулет – шайхтың баласы Әбілқайыр ханның көк кесене төңірегіндегі шайқаста Үз-Темір Тайшы басқарған ойрат әскерінен ойсырай жеңілуі – Барақ ханнан кейін биліктен айрылған Өріс хан әулеті сұлтандарының бас көтеріп, жеке бөлініп шығуына мүмкіндік туғызады.
Керей хан
(1456-1473 ж.ж. билік құрған)
Болатұлы Керей хан (?-1473 ж.) – қазақ хандығының негізін қалаушы, Көк Орданың ханы Өрістің (Орыстың) шөбересі.
Шайбани әулетінен шыққан Дәулет – шайхтың баласы Әбілқайыр ханның көк кесене төңірегіндегі шайқаста Үз-Темір Тайшы басқарған ойрат әскерінен ойсырай жеңілуі – Барақ ханнан кейін биліктен айрылған Өріс хан әулеті сұлтандарының бас көтеріп, жеке бөлініп шығуына мүмкіндік туғызады. Осы мүмкіндікті жұрыс пайдаланған Өріс ханның ұрпақтары – Болатұлы Керей мен Барақ ұлы Жәнібек өздеріне қарайтын тайпаларды бастап, Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып, Моғолстан жеріне кетеді. Онда оларды Моғолстан ханы Есен-бұға аса құрметпен қабылдап, өз мемлекетінің батыс жағынан Шу бойы мен Қозыбасы өңірін оларға бөліп береді. Осы арада олар жаңа Қазақ хандығының шаңырағын көтереді. Хан тауында Керейді ақ киізге отырғызып, хан көтерді.
Керей хан
немере інісі Жәнібекпен біріге отырып,
жас мемлекеттің іргесін
1468/69 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болып, оның ордасында таққа талас басталады. Осы тақ таласы Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына қайта оралып, мұндағы күреске белсене араласуларына мүмкіндік береді. Әбілхайырдың ұлы, ханның мирасқоры Шейх-Хайдардың жеңіліп, жақын адамдарымен бірге қырғын табуы – ұлыстағы бар биліктің Керей ханның қолына көшуіне жағдай жасайды. Осы кезден бастап Қазақ хандығы іргелі мемлекетке айналуға бет алды.
Керей ханның есімі 1472-1473 жылдардың тарихи деректерінде Бұрыш оғылан деген сұлтанның Моғолстан ханы Жүністің ордасына жасаған шабуылына байланысты соңғы рет аталады, содан кейін еш жерде кездеспейді. Сондықтан оның қашан және қандай жағдайда қайтыс болғанын анықтау қиын. Тек кейінгі оқиғалардың даму барысына қарағанда, ол сол 1473 жылдың оқиғаларынан кейін көп ұзамай қайтыс болған секілді.
Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған) - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. "Таурих - и гузида -ий Нусратнама" (1268-1270) еңбегінің авторы айтып өткендей, Керей хан - Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы.
1456-жылы Керей
хан мен Әз Жәнібек ханның
Әбілхайыр хан үстемдігіне
Аласапыран
соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық
салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында
бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын
пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері
бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде
жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды.
Бұл көшпенді мал шаруашылығына
ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр
тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді,
Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз
алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед
Хайдар Дулати "Тарих - и - Рашиди"
атты еңбегінде былай дейді: "Ол
кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр
хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан
сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде
Жәнібек хан мен Керей
Алғашында қазақ
хандығының территориясы батыс Жетісу
жері, Шу өзені мен Талас өзенінің
алабы еді. Міне, нақ осы территорияға
деректемелерде тұңғыш рет "Қазақстан"
деген атау қолданылды, ежелден осы
алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз
тайпалары Дешті-Қыпшақтан
Алайда жаңадан
құрылған қазақ хандығының экономикалық
негізі әлі де әлсіз еді. Бірсыпыра
қазақ тайпалары Әбілхайыр
Сырдария
бойындағы қалалар мен Дешті-
Керей ханесімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Сырдария жағасындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Жүністің ордасына Бұрыш сұлтанның шабуыл жасаған кездерінде айтылады.
Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.
Әдебиеттер:
Керей хан (1456-1473 ж.ж. билік құрған) // Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар.- Б.60-61
Керей хан // Қазақ совет энциклопедиясы.- Алматы, 1974.- Т.5.- Б.391
Қазақ хандығының құралуы және нығаюы // Қазақтың көне тарихы.- Алматы, 1993.- Б.232-236
Кәрібаев Б. Алғашқы қазақ ханы - Керей хан // Егемен Қазақстан.- 1997.- 22 наурыз
Қайырбеков Ә. Тарихи таным таразысы: [Қазақ мемлекетінің құрылуы, шекарасы, ұлы қайраткерлер Керей, Жәнібек, Тәуекел, Хақназар, Есім, Қасым, Абылай, Кенесары туралы] // Халық кеңесі.- 1995.- 14 ақпан.