Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 21:13, реферат
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
2.Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер.
3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі
Қазақстан
азамат соғысы жылдарында (1918-1920
жж.).
Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды.. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 ж. аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды.
1919 ж. 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды.
1920
ж. 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз
(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін
өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты
одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады.
Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар
Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет
жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен
РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз
(Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды.
Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы
астанасы болды.
Пайдаланған
әдебиет тізімі:
4. Образование Казахской АССР: Сб.докум. А., 1957.
5.Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. А., 1964.
6. Покровский
С.И. Разгром иностранных военных интервентов
и внутренней контрреволюции в Казахстане
(1918-1920 гг.). А., 1967.