Казақтар тілдер туралы заңы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 09:29, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуын өзінің тәуелсіз мемлекеттілігінің аса маңызды белгісі деп санайды және оның қолданылуы, қорғалуы мен дамуына қамқорлық жасайды. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде қазақ тілінің құқықтық мәртебесін анықтайды.

Работа содержит 1 файл

ҚР тілдер туралы заңы.docx

— 22.23 Кб (Скачать)

     Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңы  

     Қазақстан Республикасы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуын өзінің тәуелсіз мемлекеттілігінің аса маңызды белгісі деп санайды және оның қолданылуы, қорғалуы мен дамуына қамқорлық жасайды. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде қазақ тілінің құқықтық мәртебесін анықтайды.

  Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде Қазақстан Республикасының барлық саяси, қоғамдық, ғылыми және мәдени саласында қолданылады.  

     І тарау  

       ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР  

      1-бап. Негізгі ұғымдар

  Осы Заңда мынадай ұғымдар қолданылады:

  Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, білім мен бұқаралық ақпарат құралдарының, құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тілі.

  Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасының шегінен тысқары аймақта тұрып жатқан қазақ халқының бір бөлігі.

  Ономастика –  жалқы есімдерді, олардың пайда болуы мен өзгеруінің тарихын зерттейтін тіл білімінің бір бөлімі.

  Топонимика –  географиялық нысан атауларының пайда болуы, өзгеруі мен қолданылуы заңдылықтарын зерттейтін ономастиканың бір бөлімі.

  Терминологиялық  комиссия – ғылым  мен мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасындағы ұсыныстарды әзірлейтін кеңесші орган.

   Ономастикалық комиссия – географиялық нысандарды атау мен оны өзгерту, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтіру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін кеңесші орган.

  Уәкілетті орган  – мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға жауапты орталық атқарушы орган.

       Ресми құжаттар – кез келген саладағы қатынастарды реттейтін, белгілі бір нормалармен бекітілетін заңдық күші бар құжаттар.

  Көрнекі ақпарат – жарнамалар мен маңдайша жазулары, нұсқаулықтар мен хабарландырулар және басқа да ақпараттар.

  Орфография –  cөздердің дұрыс  жазылуын зерттейтін лексика саласының бір бөлімі.

       Орфоэпия – cөздердің  дұрыс айтылуын зерттейтін лексика саласының бір бөлімі.  

     2-бап.  Осы Заңмен реттелетін мәселе

      1. Осы Заңмен мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, білім беру, ғылым мен мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, өндіріс пен қызмет көрсету салаларында мемлекеттік тілді қолданудан туындайтын қоғамдық қатынастар, мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасында қолданылуы мен қорғалуы, мемлекеттік тіл туралы заңнамаларды бұзғаны үшін жауаптылық реттеледі.  

   3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі

      1. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуге міндетті.

      2. Үкімет, өзге де  мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне жағдай жасауға міндетті.

      3. Қазақстан Республикасы қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы мен дамытуы үшін жағдай жасауға тиіс.  

     4-бап.  Мемлекеттік тілдің қолданылуына кедергі келтіруге жол бермеу

      1. Мемлекеттік тілдің қолданылуына кедергі жасаған және кемсітуге, оны қасақана бұрмалауға жол берген Қазақстан Республикасы азаматтары мен оның аумағында тұрақты және уақытша тұратын шетел азаматтарының іс-әрекеттері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

      2. Қазақстан Республикасының  аумағында мемлекеттік тілдегі жарнамалар мен хабарландыруларда, мекеме маңдайшаларында және басқа да көрнекі ақпараттарда орфографиялық қате жазуға тыйым салынады.  
 

     ІІ  тарау  

       МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ  ҚОЛДАНЫЛУЫ  

      5-бап. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында

      1. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызмет және іс-қағаздарын жүргізу, құжаттама тілі.

      2. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өткізетін барлық ресми іс-шаралар мен салтанаттар, халықаралық деңгейдегі ресми іс-шаралар мен салтанаттарды қоспағанда, мемлекеттік тілде жүргізіледі.

      3. Азаматтардың өтініштері  мен басқа да құжаттарына мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жауаптары мемлекеттік тілде қайтарылады.

   4. Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, егер қажет болған жағдайда, сотқа қатысушы тараптардың өтініші бойынша, аудармашы қамтамасыз етіледі.

   5. Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік тілде қабылданады және жарияланады.

      6. Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінде, сондай-ақ әскери  және әскерилендірілген құрамалардың барлық түрінде, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында нормативтік актілер қабылдау және іс жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.

      7. Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмілелері мемлекеттік тілде жазылады, қажет болған жағдайда, басқа тілдердегі аудармасы қоса беріледі.

       Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік жеке және заңды тұлғалармен жазбаша нысанда жасалатын мәмілелер мемлекеттік тілде жазылады.  

     6-бап.  Білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарында

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілде мектепке дейінгі балалар мекемелерін құру қамтамасыз етіледі.

  Балалар үйлерінде және оған теңестірілген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру мемлекеттік тілде жүргізіледі.

       Қазақстан Республикасы орта, арнаулы орта және жоғарғы білімді мемлекеттік тілде, ал мүмкін болған жағдайда басқа да тілдерде алуды қамтамасыз етеді. Меншік нысанына қарамастан, барлық оқу орындарында мемлекеттік тіл міндетті пән болып табылады.

  Қазақстан Республикасында орта оқу орнын бітіру мен арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарына түсу кезінде тапсырылатын пәндер тізбесінде мемлекеттік тіл міндетті болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасында ғылым саласында диссертацияларды рәсімдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік тілдегі жұмыстар мен жобаларға басымдық беріледі.

      3. Мәдени шаралар мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда, басқа да тілдерде жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз етеді.

       Қазақстан Республикасында бұқаралық сипаттағы аудио және бейне бағдарламалар, кинофильмдер мемлекеттік тілде көрсетіледі немесе мемлекеттік тілдегі субтитрлармен қамтамасыз етіледі.

      5. Қажетті тілдік ортаны қалыптастыру және мемлекеттік тілдің қолданылуын толыққанды ету үшін, меншік нысанына қарамастан, телерадио арналарындағы мемлекеттік тілдегі хабарлардың апталық көлемі уақыт жағынан барлық хабарлардың жиынтық көлемінің жартысынан кем болмауы тиіс, оның ішінде, тәуліктік прайм-тайм уақытының ¾ кем болмауы тиіс.  

   7-бап. Өндіріс және қызмет көрсету саласында

      1. Мемлекеттік және мемлекеттік емес өндіріс орындары мекемелерінің іс жүргізу тілі мен ресми құжаттары, көрнекі ақпараттары, мөрлері мен бұрыштама мөрлеріндегі мәтіндері мемлекеттік тілде жүргізіледі.

      2. Қазақстан Республикасы аумағындағы қызмет көрсетудің барлық саласында мемлекеттік тіл қолданылуы қамтамасыз етіледі.  

      8-бап. Атаулар мен көрнекі ақпаратта

      1. Қазақстан Республикасының  географиялық-топонимикалық атауларының жазылуы тиісті органның нормативтік-құқықтық актілерімен реттеліп, мемлекеттік тілде жазылуға тиіс.

  Қазақстан Республикасының  географиялық атаулары өзге тілдерде халықаралық стандарттарға сәйкес, орфоэпиялық заңдылықтар бойынша жазылады. Қазақстан Республикасында қолдануға арналған карталар мен топографиялық сызбалар мемлекеттік тілде шығарылады. Елді-мекендердің және республикалық маңызы бар жолдар мен бағдар көрсеткіштері мемлекеттік тілде көрсетіледі, сонымен қатар, басқа да тілдерде жазылуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасындағы  көрнекі ақпарат,  оның ішінде, жарнама мен хабарландырулар тілі мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс.

      3. Қазақстан Республикасының  азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттар мемлекеттік тілде толтырылады және азаматтардың аты-жөні, тегі мен әкесінің аты мемлекеттік тілде жазылады.

      4. Қазақстан Республикасының  аумағында өндірілетін және өзге елдерден импортталатын тауарлардың жазбалары мен заттаңбалары тиісті шет тілімен қатар, мемлекеттік тілде жазылуы тиіс.  

     9-бап.  Халықаралық байланыста

      1. Қазақстан Республикасының  халықаралық құжаттамалық  байланыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, мемлекеттік тілмен қоса, тиісті шет мемлекеттің тілінде жүргізілуі мүмкін.

       Қазақстан Республикасының  екіжақты халықаралық келісім-шарттары келісуші тараптардың мемлекеттік тілдерінде, ал көпжақты халықаралық келісім-шарттар келісуші тараптардың өзара келісімі бойынша, бекітілген тілде (тілдерде) жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар мен конвенциялар мемлекеттік тілде таратылады.  

     ІІІ тарау  

      МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ 

      ДАМЫТУ МЕН ҚОРҒАУ  

      10-бап. Уәкілетті  органның құзіреті 

      1. Уәкілетті орган:

- мемлекеттік тілді дамытудың бірегей мемлекеттік саясатын іске асырады және оның ақпараттық, әдістемелік жағын қамтамасыз етеді;

- мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бағдарламасын және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді;

- Қазақстан Республикасының  жергілікті атқарушы органдарында осы заңның сақталуы мен орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- осы заң талаптарының  бұзылуын болдырмау туралы ұсыныстар әзірлейді;

- терминологиялық  және ономастикалық  комиссиялардың қызметін  үйлестіреді.  

     12-бап.  Тілді құқықтық қорғау

      1. Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасының қорғауында болады.

      2. Қазақстан Республикасының  Үкіметі терминологиялық және ономастикалық комиссияларды және қажет болған жағдайда басқа да құрылымдарды құрады.  

     13-бап.  Жауапкершілік

      1. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тіл туралы нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың, кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ өзге де тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады

Информация о работе Казақтар тілдер туралы заңы