Касым Аманжолов

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:18, реферат

Описание работы

Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Біраќ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады.

Работа содержит 1 файл

Қасым Аманжолов.doc

— 33.50 Кб (Скачать)

Қасым Аманжолов 

     Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды  облысының Қарқаралы ауданындағы  Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге  келеді. Әке-шешеден жастай жетім  қалған, ол біраз жыл ағасының қолында  өседі.

     Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Біраќ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады.

     Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте  жарыќ көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақкөңіл, жайсаң жанды "ерке Ќасымның" Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді. Жинаққа енген өлеңдерден болашақтағы кемелденген ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол, шумақтар табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ ақынның әлі де үйрену, еліктеу үстінде екенін көрсететін еді.

     1939-1940 жылдар ақыннық өсу жолындағы елеулі кезең болды. "Нар тәуекел", "Бурабай толқындары", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Сұлтанмахмұт туралы баллада", "Өз елім", "Ғашыќ едім қайтейін" сияқты тамаша туындылары осы жылдары дүниеге келді. Бұл кезеңдегі ақын өлеңдерінде түр, дыбыстық үндестік, ырғақ жағынан да жаңалықтар көрініс берді. Сондай-ақ, Қасым лирикалық өлеңдермен қатар сүйекті туындылар жазуды да қолға алады, "Құпия қыз", "Бикеш" (алғашында "Азғынбаев" деп аталған) секілді алғашќы поэмаларын жазады.

     Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес  ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге  толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясынық жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді

     Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқа шалдығады. Соның өзінде сол жылы он шақты  өлең жазып, "Біздің дастан" поэмасын бастайды. М.Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А.Твардовскийдіѕ әйгілі "Василий  Теркин" атты ұзаќ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады. "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтарын шығарады. 1952 жылы "Таңдамалы шығармалары" жарық көреді. 1954 жылы бүгінде жұрттың көбі жатқа білетін әйгілі "Өзім туралы" толғауын аяқтайды.

Информация о работе Касым Аманжолов