Империалистік дәуірде

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 21:34, доклад

Описание работы

Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды.

Работа содержит 1 файл

БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПІЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ.docx

— 25.56 Кб (Скачать)

Әйтсе дс Балкан одағының мемлекеттері өз жеңістерінің нәтижелерін бөлісе алмады. Оны Герман-Австрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын кұлатудын бар амалын істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мея Греция оған қарсы жасырын келісімге келді. Екінші Балкан соғысына әкеп соқты (29.VI—10.VIII.1913). Онда Греция, Сербия және Черногория Болгарияға қарсы соғысты. Оларға Румыния мен Түркия қосылды. Соғыс Болгарияның женілуімен аяқталды.

Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Македония және Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік берді.

Балкан соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория 11,9 мың, Греция 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Түркия 156 мың адамынан айырылды.

Бұл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті. Балкан Одағы жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне Румыния Австрия ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сөйтіп, Балкан түбегіндегі бірінші топ – Сербия, Черногория, Греция және Румыния Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен Түркия Германиямен бірікті.

Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-бірінс айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ (бейтараптық сақтайды деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итсрмеледі.

Осы жагдайда 23 маусымда Сараевода австрия тағының мұрагері принц Франц Фердинанд өлтірілді. Венада қатты абыржушылық байқалды. Австрия үкіметі бір айға жуық үн-түнсіз жатып алды. Тек қана Германияның желпінтуінен ғана шілде айында Сербияға қарсы үзілді-кесілді талап қойылды. Ол қойылған он шарттың тоғызын қабылдайтынын мәлімдеді. Тек тергеу ісін жүргізу үшін австриялықтарды өз жерлеріне жіберуге қарсы болды да, барлық даулы мәселелердің төрелігін Гааглық трибунал шешсін деп сауал салды.

Алайда Австрия–Венгрия 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал Түркия мен Болгария австро-гсрмандық блок жағына шықты.

Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мсп Рессйдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Рессй, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Греция, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар.

Информация о работе Империалистік дәуірде