ҚХР (тарихы және қазіргі заман)

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2011 в 10:07, реферат

Описание работы

1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды. 1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен» аяқталған жаңа бағыт жарияланды.

Работа содержит 1 файл

ҚХР.doc

— 54.00 Кб (Скачать)

ҚХР (тарихы және қазіргі заман)

1949-1956 КСРО көмегімен  өндірістің негізгі салалары  салынды, өндірісті ұлттандыру  және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру  жүргізілді, жаппай социалистік  құрылыс басталды. 1956 жылы ҚКП  8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.) Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды. Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті. Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі келген Цзян Цземинмен және Ху Джинтаомен жалғастырылды. 2002-2005 жылдары Ху Цзинтао(қыт. 锦涛) өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБАбас қолбасшысы). ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары— 10%, 2002-2005 жылдары— 9% құрады. ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд. доллардан асып кетті. Бірақта Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда. Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен "түрлі-түсті революцияларға" күдікпен қарады , әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп , шетелдік ықпалды шектетті. 2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс операторларының қызметін мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және мемлекеттік басшылығын соттау басталды. ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында «Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін» 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады. 2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуінің тежеуді, ал босатылған ақшаны шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар әскері шығындарды өсіруді ұсынды. Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7,5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы). ҚХР-да «түрлі-түсті революцияның» алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд. юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп). Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14,7%-ға көбейіп, 284 млрд. юаньды құрайды (35,5 млрд. доллар). Жоспарланып отырған ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбейюі жағажайдағы бай провинцияларды пайдаланады. Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.

Қытай Халық  Республикасы құрылған 1949 жылдан Кеңес  Одағыны құрамындағы Қазақстан  мен Қытайдың Шыңжаң өлкесі арасында өзара байланыстар әртүрлі жолмен жалғасып отырды. 60-шы жылдарынын басына дейінгі ҚХР-ның сыртқы саясаты мен сыртқы саясат ұстанымының социалистік принциптері, Қытай-Кеңес Одағы байланыстары, олардың қатарында Кеңес Одағының Қытайға көрсеткен экономикалық көмегі кеңестік зерттеушілер М.С. Капицаның, Б. Колосковтың, О. Владимировтың, Г.В. Астафьев пен A.M. Дубинскийдің еңбектерінде орын алған.

Қытай-Кеңес  қатынастарындағы шекара мәселесі, екі  ел арасындағы шекара мәселесінің даулы  тұстары мен онын әскери қақтығыстарға  әкелуі, оған әлемдік геосаяси күштердің  ықпалы сияқты мәселелер А. Прохоровтың, B.C. Мясников пен Е.Д. Степановтың, Г.В. Васильевтың, В.Ф. Бутурлиновтың еңбектерінде талдау жасалынған. Бірақ бұл еңбектерге тән ортақ, кемшілік – олар кеңестік идеологияға сай империялық тұрғыдан ашылып, Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын арнайы қарастырмаған.

КСРО ыдырағаннан  кейінгі кезеңде, ресейлік зерттеушілер бұрынғы Қытай-Кеңес қарым-қатынастарына  жаңа көзқараспен талдау жасап, екі  мемлекет арасында беймәлім болып келген оқиғаларды жаңа мәліметтермен толықтыра  бастады. Олардың қатарында А.А. Брежневті, А.В. Панцовты, Д.В. Дубровскаяны, А.Б. Широкорадты, Ю.М. Галеновичті және т.б. зерттеушілерді атауға болады.

Бүгінгі Қытай  тарихнамасындағы біздің тақырыбымызға  қатысты, яғни ҚХР-ның Орталық Азияға қатысты жүргізген дипломатиялық  саясаттарының кейбір түстары Ян Фучаңның «Қытайдың қазіргі заман дипломатиялық тарихы», Ma Дачжэн мен Фэн Чишыдың «Орталык Азиядағы бес мемлекеттің Очеркі», Чжао Чаньсиньнің «Орталық Азиядағы бес мемлекет және Қытайдың батыс бөлікті қауырт игеруі», Сунь Чжанчжыдың «Орталық Азиядағы бес мемлекеттің сыртқы қатынастары», Син Гуанчэннің «Қытай және Орталық Азия» атты еңбектерінен кездестіреміз. Ал ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттерінің «Шанхай бестігінің», артынша «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерінің негізгі тұстары Чэн Миншань мен Хэ Сицюаньнің «Аймактық кауіпсіздікті, тұрақтылықты қамтамасыздандыру – «Шанхай бестігіндегі» ынтымақтастыққа баға беру», Дин Пэйхуаның «Шанхай бестігінің даму негіздері туралы теория», Ван Цзиньцунның «Шанхай бестігінен Шанхай ынтымақтастық ұйымына дейінгі өтпелі кезеңнің тарихи маңыздылығы» сияқты ғылыми мақалаларында қарастырылған. Аталмыш еңбектердегі қытайлық зерттеушілердің Орталык Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыздандыру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа түрлеріне, Қытай және Орталық Азия мемлекеттерінің экономикаларының өзара үйлесімді дамуы мен олардың арасындағы көлік қатынасының дамуына назар аударғандығы, аймақтағы алпауыт мемлекеттер арасындағы алауыздықтарға баса көңіл бөлген Батыс зерттеушілерінің еңбектерінен ерекшелендіре түседі.

Қытай Халық  Республикасының Орталық Азия елдерімен  ынтымақтастык мәселелері АҚШ-ның, Германияның, Францияның, Ұлыбританияның бірқатар зерттеушілерінің еңбектерінде де қарастырылған. Олардың арасында 3. Бжезинскийдің, Г. Кисинджердің, Р. Легволдтың, С. Хантигтонның, М.Б. Олкоттың, Р. Оливьенің еңбектерін атауға болады.

Қазақстан Республикасының  сыртқы саясатының қалыптасуы, оны  жүзеге асыру барысындағы кездескен  қиыншылықтары мен жетістіктерінің  бір қатар тұстары Ж.У. Ибрашевтың, Қ.Е. Байзақованың, К.Қ. Қожахметовтың, Ф.Т. Кукееваның және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Қытайдың елімізге ұстанатын сыртқы саясатының принциптері, стратегиялық басымдылықтары және олардың екі ел қарым-қатынастарына тигізетін әсері туралы қызықты да маңызды мағлұматтар саясаи ғылымдарының докторы, қоғам кайраткері, дипломат Қ.С. Сұлтановтың еңбектерінен кездестіреміз.

Орталық Азиядағы Қытайдың дәстүрлі дипломатиясын, Цинь империясының қазақ хандықтарымен  қарым-қатынасын, оның сыртқы саясатындағы әдет-ғұрыптарын зерттеуге алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосқан қазақстандық қытайтанушы-ғалым К.Ш. Хафизованың еңбектері мен кептеген мақалалары саяси, әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастык саласындағы Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын жаңа көзқарас тұрғысынан зерделегенін атап айтуға тұрады.

Қытайда қазақ  қауымының қалыптасуының тарихи динамикасы, қазақ халқының атамекен ұғымы, олардың дәстүрлі шаруашылығы  мен рухани мәдениеті, Абылай ханның ұлттық мемлекеттік территорияны қалпына келтіру әрекеті, Қазақ-Қытай сауда байланыстарын ҚХР-ның реформа ұстанымдарының эволюциясын және «Батыс бөлікті игеру» стратегиясынын көздеген мақсатын зерттеуді Н. Мұқаметханұлының бір қатар еңбектерінен көреміз, Шыңжаң өлкесіндегі державалардың күресі, Қытайдың осы өлкеде жүргізген ресми саясатын жан-жақтылы зерттеулерді Н.А. Алдабектін монографиясынан және басқа еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектер тақырыбымызды ашуға өзіндік үлес қосты.

Қытай-Қазақстан  қарым-қатынастар мәселесін тереңінен  зерттеуге өзіндік үлес қосушы қазақстандық саясаттанушы К.Л. Сыроежкин. Автордың соңғы үлкен еңбектерінің бірі алдыңғы кезеңдердегі жасалынған ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысы ретінде даярланып, тарих, әлеуметтік-экономика, саясаттану және халықаралық қатынастар мәселелерінің маңызды салалары бойынша зерттеулері жинақталған.

Дипломды жұмвсты  даярлау барысында тек қана Қытайдың сыртқы саясатына байланысты еңбектерді ғана емес, сонымен қатар Орталық  Азия өңірінің мәселелеріне де байланысты еңбектерді колдануға тырысты. Қытай Халық Республикасының Орталық Азия елдерімен өңірлік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тақырыбы, халықаралық лаңкестікке, экстремизмге, есірткі бизнесіне бірлесе отырып қарсы күрес жүргізу мәселелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық құрылымдармен ынтымақтастығы ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Қ. Сұлтановтың, М.Ж. Абдировтың, М.Е. Шайхутдиновтың, М.Т. Лаумулиннің еңбектерінде қарастырылған.

Орталық Азиядағы Қытай факторын талдауға арналған өзбек зерттеушісі А. Ходжаевтың монографиясы да өзіндік үлес қосты. Автор ғылыми еңбегінде ҚХР кұрылғанға дейінгі Орталық Азияның тарихына тигізген ықпалын баяндап, аймақтың бүгінгі дамуына әсер ететін Қытайдың кейбір факторларының мағынасын ашып көрсеткен.

Аймақтағы қауіпсіздікті  қамтамсыздандырудың ең негізгі  факторларының бірі ол шекара аймағын  нығайту болып табылады. Бұл тұрғыда  Қытай-Қазақстан арасындағы мемлекеттік  шекараның қалыптасу және айқындалу  барысы, геосаяси өзгерістердің екі  көрші мемлекеттің арасындағы мемлекеттік шекара шебін анықтауға тигізген өсері, Кеңес-Қытай қатынастарындағы шекара мәселесінің негізгі тұстары тақырыбына қалам тартқан зерттеушілер С.Ж. Сапановтың, Н.Б. Сейдіннің, Ч. Ибраевтың, Б. Тұрарбековтың еңбектерін зерттеу жұмыстарында кеңінен пайдаландық. Ал ҚХР мен ҚР арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі Б. Темірболаттың мақаласында қарастырылған.

Қарастырылған кезеңде ҚХР-ның Қазақстан Республикасымен  мұнай және энергоқорлар саласындағы  ынтымақтастығы жөніндегі мәселелер ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында М.С. Әшімбаевтың редакциялық жетекшілігімен дайындалған еңбекте, сонымен қатар А.К. Нұршаның, Д.А. Қалиеваның, С.Л. Смирновтың, Н.К. Надировтың, М. Барбасовтың, Ж. Османовтың ғылыми мақалаларында орын алған.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары  біздің зерттеп отырған тақырыбымызға  тікелей болмаса да жанама қатысы бар диссертациялар корғалған. Олардың  қатарында қазақстандық Н. Мұқаметханұлының, М.А. Омарованың, А.А. Ақатаеваның, белорусиялық В.Р. Боровойдың және т.б. кандидаттық диссертацияларын атауға болады.

Жалпы, Қытай  Халық Республикасы мен Қазақстан  Республикасының қарым-қатынастарында мемлекеттік шекара туралы, сауда-экономика, энергокорлар саласындағы ынтымақтастық мәселелері едәуір зерттелгендігіне қарамастан, екі мемлекеттің саяси және әскери саладағы қарым-қатынастарына, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шараларының кеңесі шеңберіндегі ынтымақтастығына жеткіліксіз назар аударылған. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектері негізінен саясаттану ғылымдарының аясында сыртқы саясат принциптерінің қалыптасу, даму бағытына және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін зерттеуге арналған. Оның үстіне зерттеулердің басым көпшілігі орыс тілінде жарық көріп, мемлекеттік тілде орындалған жұмыстар аз болып отыр. Сондықтан біздің тақырыбымыз қазірге дейін арнайы түрде зерттеле қойған жоқ деп айта аламыз.

Информация о работе ҚХР (тарихы және қазіргі заман)