Хаммурапи заңына жалпы сипаттама. Дүниедегі алғашқы жазылған заң жинақтарының бірі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 19:15, лекция

Описание работы

Ежелгі Вавилон құқығының ескерткіші Хаммурапи патшаның заңы (б.э.д. ХVIII ғ). Хаммурапи заңы белгілі бір жүйесіз, ешбір салаға жатпай жазылған. Бірақ осы заңның ішкі логикасын айқын көруге болады. Заң тексті базальт стильде жазылған. Жоғарғы жағында Шамаш құдайдың суреті бейнеленген, яғни осы заңды тізерлеп, қолын жайып, мойын ұсынып тұрған Хаммурапиға беріп жатқаны. Бұл сурет заңның құдіреттілігін сипаттайды. Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В.Шейл тұнғыш рет заңды 282 бапқа бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған заң нормаларынан құрылады. Мысалы:1-5 баптар процессуалдық сипаттағы ережелер; 6-126 баптар мүліктік қатынастарға; 127-195 отбасылық –мұрагерлікке; 196-214 баптар жеке тұлғаны қорғауға; 215-282 жалға беру тәртібіне және тағы басқа қатынастарға арналған. Заң баптарға бөлінбегенін айтып кеттік, сондықтан ескерткішті кодекс сияқты жинақ деп қарастыруға болмайды.

Работа содержит 1 файл

Хамурапи зандары.docx

— 22.25 Кб (Скачать)

Хаммурапи заңына жалпы сипаттама. Дүниедегі алғашқы жазылған заң жинақтарының бірі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары.  

Ежелгі Вавилон құқығының ескерткіші Хаммурапи патшаның заңы (б.э.д. ХVIII ғ). Хаммурапи заңы белгілі бір жүйесіз, ешбір салаға жатпай жазылған. Бірақ осы заңның ішкі логикасын айқын көруге болады.  Заң тексті базальт стильде жазылған. Жоғарғы жағында Шамаш құдайдың суреті бейнеленген, яғни осы заңды тізерлеп, қолын жайып, мойын ұсынып тұрған Хаммурапиға беріп жатқаны. Бұл сурет заңның құдіреттілігін сипаттайды. Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В.Шейл тұнғыш рет заңды 282 бапқа бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған заң нормаларынан құрылады. Мысалы:1-5 баптар процессуалдық сипаттағы ережелер; 6-126 баптар мүліктік қатынастарға; 127-195 отбасылық –мұрагерлікке; 196-214 баптар жеке тұлғаны қорғауға; 215-282 жалға беру тәртібіне және тағы басқа қатынастарға арналған. Заң баптарға бөлінбегенін айтып кеттік, сондықтан ескерткішті кодекс сияқты жинақ деп қарастыруға болмайды. 

Ежелгівавилон құқығының таптық мәні мүліктік қатынастарды реттейтін және жеке меншікті бекітетін заң баптарында айқын көрініс тапқан. Вавилонда құлдар басқа да мүліктер (мал,еңбек құралдар және т.б) сияқты меншік объектісі болып табылды.  

Ежелгі Вавилонның әлеуметтік топтардың құқықтық мәртебелері. Бұл сұрақты қарастырған кезде, қоғамды құлиеленушілік те, феодалдық те деп қарастырмаған жөн, аталмыш қоғамның көп сипаты «азиаттық» құрылымға тән. Сондықтан маркстік 5 формация түрінің (құлиеленушіліктен – социализмге дейін) белгілері сай келмейді.  

Сонымен қатар, Хаммурапи заңында еріктілер арасындағы теңсіздікті көрсетеді: авилум («адам», «адамның ұрпағы») мен мушкенум (патшаға қызметке орналасу туралы өтініш жасайды) арасындағы теңсіздік. Мушкенум –өз қызметі үшін патша жерінен жер бөлігіне ие болатын, тәуелді тұлға. Авилумдарды толық құқық қабілетті және әрекет қабілетті «жеке тұлға» деп айту қиын, өйткені авилумдардың құқықтық жағдайы территориалдық қоғамға және үлкен патриархалды отбасыға жататынмен анықталады.  

Әскери адамның құқықтық жағдайы Хаммурапи заңның нормаларының анализінен анықтауға болады, яғни тұтқындағы әскердің өз мүлкін, әйелі мен баланың сатып алуы (выкуп) құқығы.  

Міндеттемелер. Хаммурапи заңдарында сол кезде маңызды рөл атқарған жер қатынастарын реттейтін бірқатар баптар болған. Жалға алушы өнімнің үштен бір бөлігін төледі. Жалға беру қысқа мерзімді болды (бір немесе екі жылға). Жалға тек қана жер, бақшалар берілмеді, сонымен қатар Хаммурапи заңдарында көрсетілгендей бөлмелер, үй жануарлары, құлдарды жалға берілді. 

Неке және мұрагерлік құқық. Хаммурапи заңдарының маңызды бөлігі (шамамен 70) неке-отбасы қатынастарын реттейді. Бұл кездейсоқтық емес. Отбасы, отағасы арқылы мемлекетпен және қауыммен байланысқа түсетін маңызды әлеуметтік ұяшық (144-147 баптар). Күйеу жігіт некелесу кезінде қыздың әкесіне жұмысшы қолын жоғалтқаны үшін белгілі бір мөлшерде қалың мал төлеген (176-184 баптар). Егер қыздың әкесі оны күйеуге бермесе, төленген қалың малды екі есе етіп қайтарды. Қалындықтың әкесі қызына төсек орын және жасауын берген, оның ерекше құқықтық ережесі бар, бірақ бұл мүлікті күйеу жігіт билеп төстеген. 

Қылмыс және жаза. Хаммурапи заңында қылмыс пен жаза ұғымына, анықтамасына және мемлекет үшін ерекше мәнді қылмыстық-құқық нормаларын бөліп қарастыруға ұмтылыс жасамағанын байқаймыз. Бұндай нормалар аталмыш ескерткіште толық көлемде және жүйелі түрде берілмеген.  

Заңда патша, діни, абыз билігіне және мемлекеттік басындағыларға қарсы бағытталған қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы баптар жоқ. Өйткені ондай қылмыскерлерді патша өкіметіне ұстап беру міндетті болған сияқты.  

Хаммурапи заңы талион («көзге көз, тіске тіс» яғни, кінә үшін оған тең жаза тарту керек) принципіне негізделген қатаң жазаларымен сипатталады. Бірақ бұл принцип қоғамның дамуына байланысты кей кезде жұмсарып отырғанын заңның белгілі баптарынан байкауға болады. 

Үнді құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Үнді мемлекетінде тарихи-құқықтық қайнар көз ретінде – Ману Заңдары (б.э.д. ІІ ғ. – б.э. ІІ ғ.) және Каутилья Артхашастралары (б.э.д. І ғ. – б.э. І ғ.) сақталған.  Ежелгі Үндіде құқық түсінігі қоғамдық қатынастарды реттеуші жеке нормалар жиынтығы ретінде танылмады. Үнділердің күнделікті өмірі өзіндік сипатымен құқықтық емес, эстетикалық сипатты нормалармен бекітілген ережелерге бағынды. Берілген нормалары ашық бейнеленген діни мінездемесіне ие болды.  Адамдардың күнделікті мінез-құлқын анықтайтын нормалар (дхарма) – дхармашастралар жинағында қалыптасты. Ең белгілі дхармашастра Ману Заңы (Ману – миф құдайы ) болып табылады. Бұл заңның жазылғанын нақты уақыты белгісіз. Бірақ,  б.э.д. ІІғ. және б.э. ІІғ. жазылды деп жобаланады.  

Ману Заңы 2685 баптардан тұрады. Құқықтық мазмұн негізінен ҮІІІ және ІХ бөлімдерде көрсетілген. Ману Заңының ең маңыздысы – варналық құрылымның қалыптасуы. Бұл жерде діни ілім бойынша әр варнаның пайда болу туралы; варнаның әскери-кәсіптік мінездемесі көрсетіледі; әр варнаның тағайындалуы туралы; жоғарғы варнаның үстемдігі туралы айтылған.  

Заң негізгі жеке меншіктің түрін жер деп таниды. Мемлекеттің жер қорын патшаның, қауымның, жеке адамның жерлері құрайды. Мемлекеттің бүкіл жері патшаның жеке меншігінде болған жоқ. Патша жерден жеке меншік иеленуші ретінде емес, мемлекет мүддесін қорғаушы ретінде салық алып отырған. Ману Заңы бойынша, егер патша салықты жинап, мүдделерін қорғамаса, онда ол тозаққа барады дейді.  

Міндеттемелер. Ману заңында көрсетілген сотта қарастыратын істердің 18 жуығы міндеттемеге, жалға беруге, сауда-саттыққа, сақтауға және т.б. арналған. Артхашастра мен Ману заңы қарыздық міндеттемені орындалуына тиімді тәсіл ретінде – залог институтын (Артхашастраның ІІІ тарауы 12 бөлімі 11, 12 баптар) енгізеді.  

Ежелгі Үндістанда жерді жалға (аренда) беру шарты  белгілі болған, Қауымдық меншік мүліктік дифференциация ұшырағаннан кейін аталмыш шарт кең етек жайған. Кедейленген жериеленушілер өз жерлерін жалға беруге мәжбүр болған.  

Ману Заңында сату-сатып алу шарты да кеңінен тараған. Ману Заңында сыйға беру шарты қарастырылған. 

Шарттың кейбір түрлерін реттеу үшін заң жалпыға бірдей ережелер бекітеді. Ману заңында келтірілген залалдан туындайтын міндеттемелер туралы айтылған.  

Неке және отбасы құқығы.  Ежелгі Үндістан қоғамына патриархалды отбасы тән.  Күйеуі-отагасы. Әйел күйеуіне және ұлдарына толық тәуелді болған. Неке мүліктік шарт сипатты, яғни күйеу өзіне әйелді сатып алады және оның жеке меншігі болып саналды. 

Отбасы мүлкі толығымен  отағасының билігінде болған. 299 бапқа  сәйкес «бұзақы қылық жасаған  әйелін, баласын, құлын, шәкіртін және туған інісін арқанмен және бамбук шыбыкпен ұруға құқығы бар». 

Ману заңы жоғарғы  дхармаға сай ерлі-зайыптылар арасында «өлер өлгенге дейін толық  сенімділік» болады деп жариялай отырып, күйеу жігітке бірнеше  әйел алуға және ажырасуына рұхсат береді.  

Барлық мүлік олардың  ортақ игілігі, бірақ күйеуі иелігін  жүргізген.  Әке-шешесі қайтыс болған жағдайда  мүлік ұлдар арасында бөліске түскен, немесе кіші інілеріне  қамқоршы болып қалған үлкен ұлы ие болған.  Қыздар мұрагерлікке ие бола алмайды, бірақ ағалары ¼ бөлігін бөліп беруге тиіс еді. 

Қылмыс пен жаза.  Ежелгі Үнді құқығында, сол тәрізді Хаммурапи заңында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы құқықтық тыйымдардан жеке бөлінбеген. Ману заңында қылмыс түсінігі сол уақытқа байланысты өте жоғары  танылған, жаза түрі қылмыс жасаған жағдайына байланысты тағайындалған. Бірақ қылмыс түсінігі толығымен қалыптаспаған Ману заңында да, Каутилья Артхашастраларында да деликт пен қылмыс арасында айырмашылық шегі анықталмаған. Заңда кінәнің нысандары (қасақана және абайсыздық), қылмыстың қайталануы, қылмысқа қатысушылық, жәбірленушінің және кінәлінің касталық тегіне қатысты қылмыс ауыртпалығы айқындалған. 

Информация о работе Хаммурапи заңына жалпы сипаттама. Дүниедегі алғашқы жазылған заң жинақтарының бірі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары