Автор: m******************@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 16:45, реферат
Франктер — орта ғасырлардың бас кезінде Орталық Еуропада тұрған батыс герман тайпалар тобы. Оларға хамава, бруктер, усибет, тенктер, сугамбар, т.б. тайпалар кірген. Франктер 2 топқа бөлінеді: 1) Төменгі немесе Солтүстік Франктер (кейінірек Батыс Франктер) деп аталған сали Франктері; 2) Рейн өзіні жағалауынан жоғары Майн өзініне дейін қоныстанған Франктер. Дерек көздерінде олар алғаш рет 3 ғасырдың ортасында аталынады. Сали Франктерін 4 ғасырда римдіктер талқандап, Токсандрияда федераттар құқығында қалдырады. Жазба деректерде олар 451 ж. ғұндарға қарсы Каталаун қырғынына қатысады. 5 ғасырдың бас кезінде сали Франктері Соммаға дейінгі Галлияны бағындырды. Кейінірек өздеріне бағынышты аумақтағы билікті нығайта әрі кеңейте отырып, 5 ғасырдың соңында Франк мемлекетін құрды. Франктер Батыс Еуропадағы бірқатар халықтардың этногенезінде өзіндік рөл атқарған.
Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.
В ғасырда Рим
империясын жаулап алған варварлар ежелгі
мәдениетті құлдыратып жіберген еді. Ұлы
Карл ол мәдениетті, әсіресе ежелгі Рим
мәдениетін қалпына келтіруге, одан әрі
жетілдіріп, дамытуға үлес қосты. Сондықтан
да Карл мен оның мұрагерлері билік жүргізген
кезең тарихта «Каролингтердің қайта
өрлеуі» деп аталып кетті.[2]
Пайдаланған әдебиет:
↑ Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. - Алматы: Атамұра,2007.ЫСБН 9965-34-625-9
↑ Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. - Алматы: Атамұра,2007.ЫСБН 9965-34-625-9
Сайттар: Уикипедия