Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 01:24, реферат
, Франк империясы — Батыс Еуропада 5 ғасырдың аяғы мен 9 ғасырдың ортасында өмір сүрген ортағасырлық мемлекет. Атауы франктер тайпалар одағының атынан шыққан. Франк мемлетінің тарихы 3 кезеңге бөлінеді.“Меровингтер кезеңі”, “Майордомдар кезеңі”, “Каролингтер кезеңі”. 486 ж. сали франктері Хлодвиг X (481 — 511) басшылығымен Батыс Рим империясының
Франк
мемлекеті, Франк
империясы — Батыс
Еуропада 5 ғасырдың аяғы мен 9 ғасырдың
ортасында өмір сүрген ортағасырлық мемлекет.
Атауы франктер тайпалар одағының атынан
шыққан. Франк мемлетінің тарихы 3 кезеңге
бөлінеді.“Меровингтер
кезеңі”, “Майордомдар
кезеңі”, “Каролингтер
кезеңі”. 486 ж. сали франктері Хлодвиг
X (481 — 511) басшылығымен Батыс Рим империясының Галлия провинциясын жаулап
алғаннан кейін Франк мемлекетті пайда
болды. Хлодвиг тұсында Франк мемлекеті
орта және жоғары Рейн алабын бағындырды. Аквитаниядағы
вестготтардың иеліктерін (507) және Рейннің
жағалауындағы шығыс франктерін жаулап
алу нәтижесінде кеңейді. Хлодвигтің балалары
билеген кезеңде бургундар патшалығы
(534), Прованс (536, алемандардың Альпі маңындағы
иеліктері, тюрнгтердің Везер мен Эльба
аралығында жерлері (6 ғасырдың 30-жылдары)
және Дунайдағы баварлар Франк мемлекетіне
бағынды (6 ғасырдың 50-жылдары). Майордом
Карл Мартелдің (715 — 741) билігі кезінде
араб әскерлері Испаниядан өтіп, Галлияға
шабуыл жасады. Карл оларды 732 ж. Пуатье
түбінде талқандады. Арабтар тарапынан
төнген қауіп Карл Мартелді күшті атты
әскер құруға итермеледі. 741 ж. Карл Мартелл
қайтыс болғаннан кейін оның баласы Қортық
Пипин таққа отырды. Лангобардтардан қысым
көріп жүрген Рим папасының көмегімен
751 ж. франк ақсүйектерінің Суассондағы
жиналысында ресми түрде франктер королі
деп жарияланған ол Италияға, Лангобард корольдігіне қарсы
екі рет жорық жасап, жаулап алған жерлерін
Рим папасына сыйлады. Мұнда 756 ж. Папа
мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір
сүрді. Римдегі қазіргі Ватиканмемлекеті сол “Пипин сыйлығының”
жұрнағы болып табылады. Каролингтер әулетінің
ең атақты королі Ұлы Карл (768 — 814) Франк
империясын құрды (800). Ұлы Карл билігінің
соңына қарай Франк империясы өзінің жер
көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына
жақындады. Қарудың күшімен және Ұлы Карлдың
беделімен құрылған Франк империясы ұзақ
өмір сүрмеді. Карл өлгеннен кейін-ақ оның
империясы ыдырай бастады. 843 ж. Карлдың
балалары мен немерелері Верден қасында
империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Империя үшке бөлініп, үш корольдік
пайда болды. Кейіннен олардың орнына Франция, Германия және
1 кезең — Меровингтер монархиясы (VI — VII ғ.ғ.);2 кезең — Каролингтер монархиясы (VIII ғ.— IX ғ — дың бірінші жартысы).
Франктер өмір сүрген жерлер ұсақ бірліктер — жүздіктерден тұратын округтерден — пагалардан құралаған. Мемлекеттің аумағында өмір сүруші негізгі этникалық топтар болып мыналар табылған: Солтүстіктегі франктық топ (үстемдік құрушы) және Оңтүстіктегі галлдық — римдік топ. Негізгі топтар болып феодалдар тобы мен феодалдық — тәуелді шаруалар табы табылған.Меровингтер монархиясына тән сипаттар:
1) Франк мемлекетінің
негізінен қаланған Хлодвигтің
өлімінен соң, патшалық
2) Патша бөлігін ұстап қалу үшін аллод — жерге жеке меншік енгізілді (ақсүйектерді өз жағына тарту мақсатында патша оларға кейіннен мұрагерлікке айналатын жерлерді сыйлап отырған);
3) Шіркеу жылдам байи бастады, оның жер иеліктері тұрақты түрде өсіп отырды;
4) Жерінен айырылған шаруалар
сананың жылдам өсуі, бұлар прекарийдің
көмегімен тәуелділікке мойын
ұсынған; прекарий дегеніміз
5) Патронат жүйесі кең таралады; ол — ақсүйектердің шаруаларға қамқоршылық жасауы, бұл комендация деп аталды;
6) Монархияның жер қоры
азайған сайын патша билігі
біртіндеп әлсірей бастады