Фашизмді жеңудің дүниежүзілік тарихи маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 18:53, контрольная работа

Описание работы

Фашизмді жеңудің дүниежүзілік тарихи маңызы

Работа содержит 1 файл

жеңудің дүниежүзілік тарихи маңызы.doc

— 49.50 Кб (Скачать)

Фашизмді  жеңудің дүниежүзілік тарихи маңызы. 
 

      Қазір уақыт өткен сайын адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың жаңғырығы алыстап кеткен сиақты. Сол соғысты кейбір жастар білмейді. Сол соғыста кім жеңгенін, кім жеңілгенінен бейхабар жастар қаншама. Біз сол қиын қыстау кезеңді әрдайым айтып жүрмейміз. Тек қана 9-мамыр Жеңіс күнінде, 22-маусым басталған күнін ғана еске аламыз. Ұлы жеңіске 60-жыл толғалы отыр. Соғыс күндері алыстап барады. Соғыста халықтың көрсеткен ерлігін, отан сүйгіштігін ұмытпауымыз керек. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында айтылғандай қазақстандық патриотизм қазіргі жастарды тәрбиелеуде үлкен рөл атқару керек.

      Соғысты бастан кешірген ардагерлер күн сайын  азайып бара жатыр.Біз ардагерлерді әрдайым ұмыт тастамай, қамор болуымыз керек. Осы соғысқа байланысты қазақ тіліндегі мәліметтер, материалдар өте аз. Ал интернетте қазақ тіліндегі мәліметтер мүлде жоқ.

      Жеңіске жетуге үлкен қосқан КСРО территориясында  «скинхеды» атты фашистік ұйымдар пайда  болып жатыр.

      Skinhed – ағылшын тілінен аударғанда «тақыр бас» дегенді білдіреді. Скинхедтік ұйымдар ең алғаш Англияда пайда болыпкейін Ла-Манш бұғазынан асып Бельгия, Германия, Мұхиттың арғы бетіндегі Америка мен Австаралияға таралды. Енді міне солтүстіктегі көршіміз Ресей территориясында  пайда болып, кең етек жайып бара жатыр.

      Сыртқы  келбеті: бастары тақыр, джинсы шалбар, ауыр етік жағасы жоқ «бомпер» куртка. Бұл киімі төбелес кезінде  көп көмек көрсетті.Ұстанымдары  фашистер идеологиясына жақын келеді.Ресей  скинхедтері славян емес халықтарды жау ретінде көреді. Көбінесе африкалықтар мен азиялықтарды, кавказдықтарды соққы астына алады. Өздерінің кумирлары етіп – Гитлерді таңдады. Соған орай Ресейде «Обьединенные бригады-88» бар. 88-саны Гитлердің туған күніне, фамилиясына сәйкес келеді.

      Екінші  дүниежүзілік соғыс барысында 50 000 000 адам қаза тапты, 90 000 000 адам жараланды. Соғысқа 60 мемлекет қатысты. Соғыс қимылдары болған территорияның жалпы көлемі 22 млн. км2.

      КСРО-ның  соғысты жеңуінің тарихи маңызы:

    1. Дүниеге төнген фашистік қауіптің бетін қайтара білді.
    2. Еуропаны фашистік шырмаудан азат етті.
    3. Дүниені фашистік фашистік құлдықтан сақтап қалды және «жаңа ереженің» орнатылуын, халықтың-1,2,3 сортқа бөлінуін тоқтатты.
    4. Бүкіл өз территорясын және шекарасын қалпына келтірді.         

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

      Екінші  дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы  ең ауыр және қантөгісті соғыс болды. Соғыс кезінде 50-млн-нан астам  адам соның ішінде 20-млн. кеңес азаматтары қаза тапты. Ондаған млн. адам жараланды, мүгедек болып қолды. Соғыс барлық елдерді қансыратты, көптеген қалалар мен ауылдарды күйрендіге айнадырды.Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда екінші дүниежүзілік соғыста адамдар шығыны 5 есе ал материалдық шығыны – 12 есе көп болды.

      Өзінің  орбитасына жер шарының 4/5 халқын өзіне  тартып, бірқатар мемлекеттердің жаңа шекараларын орнатып, соғыстан кейінгі маңызды тенденцияларды көздеп, екінші дүниежүзілік соғыс жаңа заман тарихында ең бетбұрысты кезең болды.

      1. Екінші дүниежүзілік соғыстың  негізгі қорытындысы фашизмді  бүкіләлемдік тарихи жеңуден  тұрады. Фашистік мемлекеттер Германия,Италия, Жапония және олардың одақтастары талқандалды. Олардың қарулы күштері, экономикасы, саясаты, идеологиясы толық күйреді. Фашистік режимдер таратылды, фашистік партияға тиым салынды, фашистік басшылар сотқа тартылды және өз жазаларын алды. Бұқаралық ортада фашистік идеология ықпалынан айрылды. Соғысқа дейін әлемдік реакцияның басты соққысы болған фашизм жеңілді. Фашизм қауіп төндірген елдер мен халықтар өздерінің тәуелсіздігі мен демократиялық бостандығын ұстап қалды,

      2. Фашизмді жеңуде басты рөлді Кеңес Одағы алды. Кеңес-герман майданында фашистік Германия мен оның одақтастарының негізгі күштері талқандалды. Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының жеңісі барлық екінші дүниежүзілік соғыстың тағдырын шешті. КСРО-мен Коммунистік партияның халықаралық беделі тез өсті. Кеңес Одағы Еуропалық ең алып,ал әлемнің алып екі державасының бірі болды.

      3. Герман фашизмінің күйреуі және  жапон милитаризмінің күйреуі  Кеңес Одағының шешуші рөлінде  Еуропа және Азияның бірқатар  елдері халықтарының помещиктері мен капиталистерінің билік басынан кетуіне қолайлы жағдай жасады. Егер соғысқа дейін социализм КСРО және Моңғол Халық Республикасында ғана жеңсе, соғыстан кейінгі алғашқы жылдары социализмнің құрылу жолына тағы 11 мемлекет тұрды: Албания, Югославия, Болгария, Румыния, Венгрия, Чехославакия, Польша, Герман Доминикалық Республикасы, Корей Халықтық Демократиялық Республикасы, Вьетнам Демократиялық Республикасы, ал 1945-949 жылдардағы азаматтық соғыстың жеңісінен кейін Қытай Халық Республикасы. Әлемдік социалистік жүйе қалыптасты.

      4. Фашизмге қарсы коммунистердің  ерлік күресі, фашизмге қарсы, бостандық және тәуелсіздік үшін демократия және социализм әлемдік коммунистік қозғалыстың тез өсуінің басты себебі болды.

      Әлемдік социалистік жүйе елдерінде коммунистер  өкіметі қолға алды. Фашизм немесе оккупацияны басынан өткізген бірқатар елдерде,сонымен қатар, Италияда, Францияда, Бельгияда, Финляндияда, олар өкімет құрамына енді. Азия мен Латын Америкасының кейбір елдерінде коммунистер жасырын емес түрде іс-әрекет құқығына ие болды. Барлық жерде коммунистік партиялар мен саны мен ықпалы өсті,олардың байлары жұмысшылармен, демократиялық және ұлт-азаттық қозғалыстармен күшейді.

      5. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында  имперализмнің отарлық жүйесінің  құлауы басталды. Көпреген тоар  елдер – Сирия, Ливан, Вьетнам,  Лаос, Камбоджа, Индонезия, Бирма, Филиппины, Корея – өздерін тәуелсіз ел деп жариялады. Үндістан мен Малаяның патриоттары тәуелсіздікті талап етті. Отарлаушылар Үндіқытайда және Малаяда отарлық соғыстар ашып, өздерінің үстемдігін сақтап қалғысы келсе де, олардың тәуелсіздікке деген ұмтылысын баса алмады.

      6. Екінші дүниежүзілік соғыстың  нәтижесінде капиталистік әлемдегі  күштердің қатынастары тез өзгерді.  Соғысқа дейін ұлы державалар  қатарына кірген, әлемдік саясатта  және экономикада маңызды рөлді  ойнаған Германия, Италия, Жапония  жеңіліс тауып, шетел әскерлерімен оккуппацияланған уақытша тәуелді елдерге айналды. Олардың экономикасы соғыспен қирады және олардыңбірнеше жылдар ішінде өздерінің баяғы бақталастарымен бәсекеге түсе алмады.

      Франция 1940 жылы жеңіліс және неміс-фашист оккупациясы нәтижесінде уақытша ұлы держава жағдайын жоғалтып алды.

      Ұлыбритания соғысты үш ұлы жеңуші-державаның бірі болып аяқтады. Бірақ оның позициялары  әлсіреп қалды. Экономикалық және әскери қатынаста ол АҚШ-тан қалып қойды  және американ көмегінің тәуелділігінде болды.

      Барлық  ұлы капиталистік мемлекеттердің ішінен Америка Құрама Штаттары ғана біршама  мықты болып шықты. Барлық капиталистік елдерден әскери және экономикалық жағынан  алыс кетіп, АҚШ капиталистік әлемнің  лидеріне, әлемдік үстемдікке таласушы «ұлы державаға» айналды. 

      7. Америка Құрама Штаттарының күшейуіне  қарамастан, әлемдік капитализмнің  позициясы әлсіреді. Фашизмнің күйреуі,  Кеңес Одағы қуатының өсуі, әлемдік  социалистік жүйенің құрылуы,  демократиялық және антифашистік  күштер ықпалының өсуі, империализмнің отарлық жүйесінің құлауы капитализмнің жалпы дағдарысын әлі қарай тереңдеуін білдірді.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қосымша 1. 

1933 жылғы  5наурыз айындағы рейхстаг сайлауы 

Партиялар               Дауыс беру 

          пайызы%

         Депуттаттық 

        мандат

          ГСДП

          ГКП

          ЦЕНТР

          НННП

          НСДАП

          Басқа

 партиялар

18,3

12,3

14,0

8,0

43,9

3,5

         120

         81

         92

         52

         288

         15

 

Қолданылған әдебиет 

1. Адо А.В. Новая история стран Европы и Америки. Первый период. М., Высшая школа, 1986.

2. Жаңабек Ш. Фашизм доктринасы. Түркістан. 2005. №16. 8б.

3. Жылқышиев Қ. Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал. – Ас., 2005. №6.

4. История Европы: В 5 т. М., 1988-2000. Т.4-5.

5. История Европы М., 1996.

6. История Италии. М., 1970. Т. 2.

7. Историография Нового и Новейшего времени стран Европы и Америки. М., 1990.

8. История Нового времени стран Европы и Америки. Под. Ред. Е.Ф. Язькова. М., Высшая школа, 1989.

9. История Фашизма в Западной Европе. Ответ. ред. Г.С. Филатов. – М., 1979.

10. Мәшімбаев. Қазіргі заман тарихы. (1918-1945ж.ж.) – Алм.,2004.

11. . Новая история стран Европы и Америки. Второй период. М., Высшая школа, 1984.

12. Новая история стран Европы и Америки.Первый период. Изд 2-е.Под. ред. Юровской Е.Е., Кривогуза И.М., Полтавского А.М. М., Высшая школа, 1984.

13.Новая       история   стран    Европы и Америки.   Ч.1,2.   Под.  Ред.  проф.  А.Л. Нарочинского. М., Просвещение, 1972.

14. Понамарев М.В.,Смирнова С.Ю. III том, - М., 2000.  

15. Хрестоматия по Новой истории // Под. ред. Губера А.А. иЕфимова А.В..  в 2-х тт. М., 1963-1965. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Фашизмді жеңудің дүниежүзілік тарихи маңызы