Ежелгі мемлекеттердің тарихының хронологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 15:56, реферат

Описание работы

Ежелгі дүние – тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим империясы құлағанға дейінгі (біздің заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар мен тайпалар арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
Ежелгі Қытай.................................................................................................4
Ассирия..........................................................................................................5
Вавилон..........................................................................................................6
Ежелгі Парсы патшалығы............................................................................7
Ежелгі Греция...............................................................................................8
Қорытынды...................................................................................................9
Пайдаланылған материалдар.................................................................................................10

Работа содержит 1 файл

Ежелгі мемлекеттердің тарихының хронологиясы.docx

— 29.75 Кб (Скачать)

Жоспар:

 

  1. Кіріспе............................................................................................................3
  2. Ежелгі Қытай.................................................................................................4
  3. Ассирия..........................................................................................................5
  4. Вавилон..........................................................................................................6
  5. Ежелгі Парсы патшалығы............................................................................7
  6. Ежелгі Греция...............................................................................................8
  7. Қорытынды...................................................................................................9
  8. Пайдаланылған материалдар.................................................................................................10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

  Ежелгі дүние – тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим империясы құлағанға дейінгі (біздің заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар мен тайпалар арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты. Біздің заманымыздан бұрынғы 4 – 3-мыңжылдықта Тигр мен Евфрат өзендері аралығында шумер мәдениеті пайда болды. Шумерлердің Орталық Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп келгені ғылымда әлі анықталған жоқ. Кейіннен Месопотамияда шумерлердің орнына Вавилон мемлекеті (оңтүстікте) мен Ассирия мемлекеті (солтүстікте) құрылды. Шумерлермен қатар Ніл өзені жағалауында ежелгі Мысыр мемлекеті (шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жыл) дүниеге келді. Б.з.б. 2000 ж. Қытайда да алғашқы мемлекет құрылып, Ся әулеті билік құрды. Шамамен осы мезгілде Крит мәдениеті мен Хетт патшалығы өмір сүрді. Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке жаппай қоныс аударуы нәтижесінде Кіші Азия, Сирия, Палестина, Мысыр халықтары толығымен жаңарып, адамзат тарихында темір дәуірі басталды. Таяу Шығыста шығу тегі белгісіз «теңіз халықтары» пайда болып, Жерорта теңізі жағалауларына өз бақылауын орнатты. Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Көп ұзамай Үндістанға Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара және Каспий теңіздеріне, сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы патшалығы (Ахемен әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 336 – 321 ж. онан да алып Александр Македонский империясы құрылып, грек-македон және шығыс мәдениеттері араласа бастады. Шамамен осы кезеңде Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары бірлесіп алып мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды Ұлы қытай қорғанын тұрғызуға мәжбүр етті. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Рим күшейіп, Италиядағы латын мемлекеттерін өзіне бағындыра бастады. Императорлар Цезарь мен Августин тұсында Рим Жерорта теңізі жағалауларына толық өз үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды. Біздің заманымыздың 3 ғасырынан бастап империя әлсіреп, 395 ж. Батыс және Шығыс Рим империяларына бөлінді. 3 ғасырдан бастап Орталық Азияны мекендеген көшпелі ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық және Қара теңіздердің аралығын мекендеген герман тайпаларын әрі қарай ығыстырды. Ғұндардан ығысқан германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына басып кірді. Кейбір герман тайпаларымен одақтасқан ғұн тайпалары да Аттиланың (Еділдің) басшылығымен Батыс Рим империясына басып кіріп, 452 ж. Рим қаласын қоршауға алды, бірақ төлем алғаннан кейін қаланы қиратпай, кері шегініп кетті. Көп ұзамай Батыс Рим империясы біржолата (476) жойылды. Осы империяның жойылуымен ежелгі дәуір тарихы да аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ежелгі Қытай

Б.э.д. 1400-1027 ж. Инь династиясы және мемлекеті. Кәзіргі Хэнань провинциясының орнында орналасқан. Чжоу тайпасы  бағындырған

Б.э.д. 1027-771 ж. Батыс Чжоу династиясы мен мемлекеті. Чжоу көсемдері мемлекетті басқару үлгісін Инь мемлекетінен үйренген. Барлық өз тарихында көшпелі мемлекеттермен соғысқан. Батыс Чжоу мемлекеті жун тайпалапынан талқандалған.

Б.э.д. 771-256 ж. ШығысЧжоу династиясы мен мемлекеті. Қытай мәдениетінің көтерілуі.

Б.э.д. 221-207 ж. Цинь династиясының билеуі. Ең бірінші орталықтандырылған мемлекет – Цинь империясының құрылуы. Қытайдың бірінші императоры Цинь Ши-Хуанди (б.э.д. 221-210) көшпенділерден қорғану үшін ұлы қытай қорғаның салдырды. Династия билігін оның ұлының тақтан құлауымен аяқталды.

Б.э.д. 202 – б.э. 9 ж. Батыс Хань династиясының билігі. Негізін қалаушы – Лю Бан, Цинь империясына қарсы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі. Конфунцианствоның тарауы.

Б.э.д. 140-87 ж. Император У Ди билеуі. 40 жыл көрші елдермен соғыстар жүргізіп, мемлекет шекарасын кеңейтті. Оның билеуі кезінде Хань империясы өзінің ең қуатты жылдарын басынан өткізді.

Б.э. 25-220 ж. Шығыс Хань династиясының билігі. Индиядан келген буддизм күшке енді. Мемлекет құлдырай бастады.

Б.э. 184-208 ж. «сары орамалдар» көтерілісі. Даос монахы Чжан Цио бастаған құлдар мен шаруалар көтерілісі. Көтеріліс әскердің көмегімен тұншықтырылды.

Б.э. 220-280 ж. Үш жақты билеу жылдары. Үш тәуелсіз мемлекетті Вэй династиясы басқарады.

Б.э. 280 ж. Вэй қолбасшысы Сыма Янь бірнеше онжылдықта Қытайды өз билігіне көндірді. 

 

 

Ассирия

 

Ертеассириялық кезең (б.э.д. ХХ-XVI ғасырлар)

Ортаассириялық кезең (б.э.д. XV-XI ғасырлар)

Кейінгіассириялық кезең (б.э.д. X-VII ғасырлар)

 

Б.э.д. ІІІ мың. – Тигрдың  орта ағысындағы Ашшур мемлекеті.

Б.э.д. ХХІ ғ. – Ур ІІІ  державасының құрамына кірді.

Б.э.д.  1920 ж. – билік  ашшурлықтардың қолына түседі.

Б.э.д. 1720 ж. – аморейлік  рудың көсемі Шамши-Адад тәуелсіздікті  қолпына келтіреді.

 

 

Б.э.д. XIV-IX ғ. Ассирия бірнеше рет өзіне Солтүстік Месопотамияны бағындырады.

Б.э.д. XV ғ. ортасы – Миттаниға тәуелділік.

Ашшур-Убалит (б.э.д. 1353-1318 жж.) – империяны құра бастау.

Адад-нирари І (б.э.д. 1295-1264 жж.) – империяның құрылуының аяқталуы.

Б.э.д. XIV-ХІІІ ғ. ортасы – хеттармен, вавилондықтармен соғыс.

Б.э.д. ХІІ ғ. – балкандық  мушк тайпаларымен соғыстан кейінгі  әлсіреу.

Тиглатпаласар І (б.э.д. 1114-1076 жж.) – жаңа гүлдену.

Б.э.д. 1000 ғ. – көшпенді-арамейлермен соғыс, империяның әлсіреуі.

 

 

 

Адад-нирари ІІ (б.э.д.911-891 жж.) – елді кұлдыраудан құтқарды, келесі билеушілердің көбісі жаулап алушылар болды.

Адад-нирари ІІІ (б.э.д. 810-783 жж.) – басында шешесі Шаммураматтың  қолының астында биледі.

Б.э.д. VII ғ. бірінші жартысы – Урартудың соққысынан кейін біраз жерлерден айырылу.

Тиглатпаласар III (б.э.д. 745-727 жж.) – Ассирияның қайта көтерілуі, Урартуды ойсыраты жеңу.

Салманасар V (б.э.д. 727-722 жж.) – Израиль патшалығын жаулап алу.

Ассархаддон (б.э.д. 680-669 жж.) – Египетті жаулап алу.

Ашшурбанапал (б.э.д. 668-627 жж.) – Ассирия билігінің Лидия, Мидия, Фригияға тарауы, Фивыні талқандау.

Б.э.д. 630 ж. – Мидиялықтардың шабуылы.

Б.э.д. 609 ж. – Харран атты соңғы территорияның Вивилонның қолына түсуі.

 

 

 

Вавилон

 

Б.э.д. XXII ғ. Шаркалишарри патшаның тұсындағы Кадингир қаласының салынуы.

Б.э.д. 1895 ж. Аморейлік көсем  Суму-абум орталығы Вавилон қаласы болған мемлекет құрады.

Б.э.д. 1764—1756 жж. Хаммурапи патша Элам, Мари, Ашшур, Эшнунна, Сузиананы жаулап алады. Әйгілі Хаммурапи заңдарын жазады.

Б.э.д. 1742 ж. Месопотамияға касситер тайпалары шабуыл жасап мемлекеттің басым территориясын жаулап алады.

Б.э.д. 1150 ж. Касситер династиясын эламитар құлатады.

Б.э.д. ХІ ғ. басында Ассирия  патшасы  Тиглатпаласар I Вавилонды жаулап алады, бірақ қолында ұстай алмайды.

Б.э.д. 745 ж. Тиглатпаласар III өз патшалығындағы жағдайды реттеп, Вавилонды қайта жаулап алады.

Б.э.д. 728 ж.  Тиглатпаласар III басына тәж кигізеді.

Б.э.д. 689 ж. Ассирия патшасы  Синаххериб Вавилондағы көтерілістен кейін қаланы жермен теңестіреді.

Б.э.д. 626—538 жж. Жаңававилондық патшалық кезеңі.

Б.э.д. 604—561 жж. Навуходоносор II кезінде қалады берік қамалдар мен әсем сарайлар салынады.

Б.э.д. 539 ж. Вавилон парсылардың Ахаменидтер державасының қолына түседі.

 

 

 

 

 

 

Ежелгі Парсы  патшалығы

 

Б.э.д. ІІ мың. Иранға арилердің  шабуылы.

Б.э.д. І мың. басы Астанасы Эктабана Мидияның және астанасы Персеполь  Персияның құрылуы.

Б.э.д. 612 ж. мидиялық патша  Киоксар вавилондықтармен бірге  Ассирияны жаулап алып, Ниневияны  алады.

Б.э.д. VII-VI ғ. Ахаменедтер патшалығының құрылуы

Б.э.д. 553 ж. Кир ІІ Великий  Астиаг патшаны тақтан тайдырып, империяны  құра бастайды.

Б.э.д. 547 ж. Кирдың лиди патшасы  Крезды талқандауы.

Б.э.д. 539 ж. Кир Великий  Вавилон мен Вавилонияны жаулап алады.

Б.э.д. 529 ж. Кирдың массагеттермен соғыста қаза болуы.

Б.э.д. 522 ж. Камбиз Кирдың баласы, Египетті жаулап алады.

Б.э.д. 522-485 ж. Дарий І патшалығы, империяның ең гүлденген кезі.

Б.э.д. 500-449 ж. грек-парсы соғыстары

Б.э.д. 490 ж. Марафон шайқасы, Персияның жеңілісімен аяқталды.

Б.э.д. 480 ж. Спарта патшасы Леонидпен Фермопилдағы шайқас.

Б.э.д. 485-465 ж. Дарий І баласы Ксеркстің патшалығы.

Б.э.д. 334 ж. Александр Македонскийдің Дарий ІІІ қарсы жорығы.

Б.э.д. 331 ж. Дарий ІІІ өлімі  мен парсы патшалығының жойылуы.

Б.э.д. 250- б.э. 224 ж. Аршакидтердің  парфяндық патшалығы.

Б.э. 224-651 ж. Сасанидтердің  жаңа-парсы патшалығы.

 

 

 

Ежелгі Греция

 

Б.э.д. 1600 ж. Криттегі Миной  цивилизациясы.

Б.э.д. 1400 ж. Криттің құлауы.

Б.э.д. 1400-1200 ж. Ахейліктер теңізге  шығады.

Б.э.д. 1184 ж. Троя қаласын қоршау.

Б.э.д. 1100-600 ж. Грекияның бірігуі.

Б.э.д. 776 ж. Олимпия ойындарының  басталуы.

Б.э.д. 743 ж. Бірінші мессендық  соғыстың басталуы.

Б.э.д. 735 ж. Сиракузы қаласының  құрылуы.

Б.э.д. 700-680 ж. Бірінші Мессендық соғыс.

Б.э.д. 706 ж. Спартадан шыққандар  Таррент қаласының негізін қалайды.

Б.э.д. 640-620 ж. Екінші Мессендық соғыс.

Б.э.д. V-IV ғ. Классикалық Греция.

Б.э.д. 500-449 ж. грек-парсы соғыстары.

Б.э.д. 431 – 404 ж. Пелопонес соғысы.

Б.э.д. 338 ж. Ежелгі Греция тәуелсіздігін жоғалтады, басында Филипп ІІ бағынады ал содан кейін Александр Македонскийдің қол астына түседі.

Б.э.д. 168 ж. Македонияны Ежелгі Рим жаулап алады.

Б.э.д. 146 ж. Барлық Греция Римнің қол астына түседі.

Б.э.д. 27 ж. Греция территориясында  Ахая провинциясы құрылады.

Б.э. IV ғ. Греция христиан-православиелік Византияға қосылады.

Б.э. 529 ж. Юстианның бұйрығымен Грециядағы соңғы неоплатониктер мектептері жабылады.

 

 

Қорытынды:

  Ежелгі дүние тарихында  ерекше із қалдырғандар гректер  мен римдіктер болды. «Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның өдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен үшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметгік өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мөдениеттің жарқын бетгері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты үлылар есімімен тығыз байланысты болды.

  Ежелгі шығыс елдері  атағы мынадай. Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты.

  Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарынды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын жaсады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына айналды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына енгізілмеген. Оқушылар негізгі пәндер — шумер тілі мен әдебиетімен қатар, математика, астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен шұғылданған.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған материалдар:

 

  1. drevnijmir.ru/fo/civ/3_2/330.php
  2. www.gumer.info/bibliotek_Buks/History/Matv/06.php
  3. ru.wikipedia.org/wiki/Ассирия
  4. ru.wikipedia.org/wiki/Месопотамия

 


Информация о работе Ежелгі мемлекеттердің тарихының хронологиясы