Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 15:27, доклад
Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялык ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты.
Ежелгі грек этикасы. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялык ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты.
Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдщ айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасьш таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық, — "малшашпақ" пен "дүниекоңыздықтың" орта шені; батылдык — "көзсіз батырлық" пен "қоянжүрек корқактықтың" дәл ортасы; қарапайымдылык — "ұяңдық" пен "ұятсыздыктың" ортан белі және т.б. Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі үш мұратты атап өтуге болады: а) адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын күлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды "сөйлей алатын хайуан" ретінде қарастырған. Ежелгі гректер қабылдаған және өмірге енгізген этикалық құндылықтардың өзіндік маңызы болды. Олардың кейбіреулері мыналар: көне гректер адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде "калокагатия" идеалы дүниеге келген болатын. "Калокагатия" термині өзінін амбиваленттілігіне (екіжактылыіына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. "Калокагатия" термині грек тіліндегі екі сөздің ("Kalos" — әсем, сұлу және "agathos" — ізгі, мейірімді) қосындысынан шыкқан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, бұл термин ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.
Аристотельдің этикасына Цицерон moralis
(моральдық) деп анықтама береді. Оның
айтуынша, бұл сөз латыннан аударғанда
мінез-құлық, сән, салт-дәстүр деген мағынаны
білдіреді. Яғни Цицеронның моральдық
философиясы Аристотельдің этикасымен
дәлме-дәл сәйкес келеді. Сонымен IV ғ. б.з.д.
латын тілінде болған «moralitаs» «мораль»
термині гректің «этика» сөзімен бірдей
мағынада қолданылады екен .
Мораль мен адамгершілік ұғымдары уақыт өте келе көп өзгерістерге ұшырады. Мәселен, Гегель моральды адамгершілік іс-әрекет тұрғысында қарастырады. Ал, Аристотель моральды адам жанының маңызды рөлі ретінде анықтайды .
Ежелгі
грек философы Сократ этикалық ұғымдарды
(айбындылық, әділеттілік) анықтаумен
жалпыландырудың үлгісін
Ал, Сократтың шәкірті, ежелгі грек философы, Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсініп білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек.
Ежелгі грек философы, энциклопедист-ғалым Аристотель адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» – нағыз кемелденген философ. Аристотель: «Рақымшылдыққа ең алдымен дұрыс бағытталған ақыл қызмет етеді». Демек, адам баласының сезімі дұрыс бағытталса, онда ақыл-ойы да соған орай іс-әрекетке барады.
Аристотельдің
этикалық көзқарасы оның адам жөніндегі
ұғымына негізделген. Этикалық идеялар
тек қоғамда ғана іске асырылып отырады.
Платонның адамды сезімнен тыс о
дүниеге тәуелді деп санауына
қарсы шығып, Аристотель адамға белсенділіктің
тән екендігін атап көрсетеді. Стагирктің
пікірінше, мемлекеттің азаматы
реелды сезімдері басылып, жаншылған
жағдайда емес, қайта жер бетіндегі
қасиеттіліктер мен “сыртқы игіліктерді”
игеруіне сонымен бірге адамгершілік
пен ғылымға деген анта жігерінің
дамуына сай қалыптасады. Аристотель
өз ілімінде адамгершілік пен этиканы
адамдардың маңызды сипаттымасы
деп таниды.
“Политикада” ол былай деп жазады: “Мейірбандық
пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік,
т.б. семья мен мемлекеттің негізін қалайтын
ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау
адамның ғана қолынан келеді”. Философ
адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте
емес, керісінше белсенделік пен жасампаздық
деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті,
жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз
байланысты. Аристотельдің ілімін дамытып,
дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі
Әбу Наср әл Фараби болды. Аристотельдің
философиясы орта ғасыр мен жаңа дәуірде
қазіргі буржуазиялық философияда бұрмалауға
түсті, түсіп те отыр, тек Маркс, Энгельс
және Ленин ғана ұлы энциклопедистің еңбегіне
дұрыс баға бере білді.
Александр Македонский
Аристотель шәкірті болғандықтан, оған
патша тағына отырғаннан кейін Александр
Аристотельге ескерткіш орнатып, былай
деп жазыпты: “Бұл ескерткішті Никомаха
ұлы, данышпан, құдіретті Арестогтельге
қойған Александр”. Кезінде ол Платонды
өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты
өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты
сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен
мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны
түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал
сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған
материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн
деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель
ашқан 1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа
шығару заңдары.