Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялардың туу себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:01, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда біздер әртүрлі революциялардың куәсі болып жатырмыз. Әрине ушыққан жағдай кез келген халықты бас көтеруге итермелеп, өздерінің талаптарын жоғарыдағыларға жеткізудің осы бір жолын таңдауға мәжбүр етеді. Біздер «барқыттық», «қызғалдақтар» (Чехословакия, Грузия, Украина, Қырғызстан және т.б.) революцияларының сонау Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциядан айырмашылықтары көп екенін түсінгенімен олардың себептерінде кейбір жағдайлардың ортақтығын да байқаймыз. Сол себепті де революциялық төңкерістердің қыр-сырын ашуға осы таңдап алған тақырыбымыз мол септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Содержание

Кіріспе 2
1-тарау. Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялардың туу себептері 4
1.1 Франциядағы революцияның себептері мен басталуы 4
1.2 Париждегі Июль көтерілісі 8
1.3 Германиядағы революция 12
1.4 Австрия империясындағы революция 17
2-тарау. 1848—1849 жылдардағы революциялардың маңызы мен қорытындылары 21
2.1 Революциялық ахуалдың ұқсастықтары 21
2.2 Жұмысшы табының тарих сахнасына шығуы 27
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Работа содержит 1 файл

zhtar_kurs_33.doc

— 215.00 Кб (Скачать)

1849 жылы жалпы  германиялық конституцияны жүзеге асыру мақсатымен Саксонияда және Рейн облысында халық көтерілісі басталды. Бұл конституция Германияны біріктіруге, республикаға бір қадам жақындай түсуге жағдай туғызатын еді. Бірақ Пруссиядан әскерлер баса-көктеп кіріп, бұл көтерілісті басып тастады. Конституцияны жүзеге асыру үшін шайқасқан революциялық әскердің қатарында Энгельс те болды.

Рейн провинциясындағы көтерілісті басып тастағаннан  кейін Пруссия үкіметі 1849 жылғы  майда «Жаңа Рейн газетінің» бұдан  былай шығуына ешқандай мүмкіндік  бермеді. Газеттің Қызыл бояумен басылып шыққан соңғы нөмірінде редакция атынан былай деп жазылады:

«Neue Rheinishe Zeitung» редакторлары» сіздермен қоштаса отырып, тілектестік білдіргендігіңізге алғыс айтады. Олардың қашан да болсын, қай жерде болсын ең соңғы сөзі: жұмысшы табын азат ету болады»6.

Германия революциясының жеңілу себептері. Германиядағы халық  көтерілісі күшпен басылды, революция  жеңілді. Германиядағы революцияның жеңілуінің басты себебі неміс буржуазиясының халыққа опасыздық жасағандығы болды. Ірі буржуазия, ұсақ буржуазияның көпшілігі де табансыздық көрсетті, революцияға опасыздық жасады. Немістің помещиктері мен феодалдық династияларына қарсы күрескен халық бұқарасының күресін басқару үшін, пролетариат әлі де болса өте әлсіз екенін көрсетті.

Германиядағы 1848 жылғы аяқталмаған революцияда басты роль атқарған буржуазия емес, халық бұқарасы болды, бірақ олар жеткілікті түрде ұйымдаспаған еді. Германияның пролетариаты мен шаруалары феодалдық үкіметтерді құлатып, демократиялық республика орната алмады. Помещиктер мен феодалдық династиялар буржуазияның опасыздығы мен пролетариаттың өсіп жетілмеуінің салдарынан өкімет басында қалды. Германиядағы 1848 жылғы революцияның тәжірибесі буржуазиялық революцияның басында әрқашан да буржуазия бола бермейтінін, немістің буржуазиялық революциясы егер жұмысшы табы есейіп, революциялық күштерді басқара алатын дәрежеге жеткенде ғана жеңе алатынын көрсетті.

1.4 Австрия империясындағы революция

Революцияның  себептері. Австрия империясы, Габсбургтер монархиясы көп ұлтты мемлекет болып саналды. 1847 жылғы 37 миллион империя халқының 18 миллионы славян халықтары (чех, словак, поляктар және басқалар) еді, 7 миллионы — австриялық немістер, 5 миллионы — венгерлер (мадьярлар), қалғандары — итальяндар мен румындар.

Австрияда капиталистік қатынастардың дамуына ондағы өте күшті ұлттық езгі мықтап кедергі жасады. Австриялық немістер үстем ұлт болып саналды. Итальяндар мен славяндар қатал езгіге түсті. Венгерлер де империяның неміс өкімет орындарына тәуелді болды. Сонымен қатар славян шаруаларын венгер помещиктерінің өздері де езді.

Австрия империясында, әсіресе Венгрия мен славян облыстарының көпшілігінде, крепостниктік право  әлі бар еді.

Крепостниктік право Чехия мен неміс облыстарында онша етек жаймаған болатын. Сонда да тіпті Чехияның өзінде барщина жылына 104 күнге дейін созылды. Мемлекеттің пайдасы үшін шаруалардан тіпті саңырауқұлақ тергені үшін және өлгендерді жерлейтін жер үшін салық алынды. 1775 жылы Чехияда он мыңдаған шаруалар көтеріліс жасады. Бірақ бұл көтерілісті Австрия әскерлері басып тастады. 1821 жылы Чехияда тағы да шаруалардың ірі көтерілісі болды. Көтеріліс жасаған шаруалар үкімет әскерлеріне төрт ай бойы табан тіресе  қарсылық  керсетті.

Австрия өзінің өнеркәсібі мен транспортының дамуы  жағынан Европаның алдыңғы қатардағы елдерінен әлдеқайда артта қалған еді. Мысалы, Австрия империясында тұңғыш темір жол 1828 жылы салынды, ал одан 12 жыл өткеннен кейін, 1840 жылы не бары 145 км темір жол болды, яғни жылына 12 км жол салынып отырған. Бұл кезде Англияда темір жолдың салынуы жылына 90 км, Францияда 42 км, Пруссияда 30 км өсіп отырды.

Крепостниктік право, өнеркәсігітегі цех системасы, помещиктер мен чиновниктердің озбырлығы, ұлттық қатаң езушілік Австрия монархиясының қол астындағы халық бұқарасын революция жасауға итермеледі.

Революцияның  негізгі міндеті Габсбургтар  монархиясын құлату, Австрияда демократиялық  республика орнату және ұлттық езгіні жою мақсатын алға қойды.

Австриялықтардың  барлық қысымшылығына қарамастан, чех  халқы өзінің бай мәдениетін сақтап қалып, оны дамытты, Чехияда ұлттық мәдениетті өркендету жолындағы қозғалыс күшейе түсті. Туған елдің өткен дәуірі еске түсіріліп, ескерткіш мұралары зерттелді, ұлт мектебі үшін күрес жүргізілді. Мұндай қозғалыс сербтер мен хорваттардың халық бұқараларының арасында да басталды. Славян халықтарының өзара бірігуге, орыс халқымен жақындасуға бет алуы күшейді. Көп ұзамай-ақ Чехияда Пушкиннің, Лермонтовтың, Гогольдің және басқа да орыс жазушылары мен ақындарының шығармалары кеңінен тарады. Чехияның халық бұқарасы тек өзінің мәдениетінің дамуына ғана көңіл бөліп қойған жоқ, сонымен қатар өзін азат етуге де тырысты.

Неміс помещиктері  славян халықтарын қанады. Мектептерде, соттарда, барлық мекемелерде іс неміс  тілінде жүргізілді. Барлық білім алу ісі католик священниктерінің қолында болды. Немістер көшелердің аттарын өзгертті, үйлердің қабырғаларына көшелердің аттарын немісше жазып ілді. Православие дінін ұстаушыларға және протестанттарға Австрия империясында қолөнер кәсібімен шұғылдануға тыйым салынды. Шіркеуге қарсы күрес жүргізгендер тіршілікте қуғынға ұшырады, өлгенде де оларды тыныш жатқызбады: олардың сүйегін жерден қазып алып, өртеп жіберіп отырды.

Австрия империясындағы революция. Парижде республика жарияланғандығы туралы хабар Австрияға бірнеше күннен кейін, 1848 жылғы февральдың аяқ шенінде, келіп жетті.

Күшті революциялық қозғалыс Австрия монархиясының  астанасы Венада кең етек алды. 1848 жылғы 13 мартта Венаның көшелеріне баррикада толып кетті. Императордың сарайын көтерілген жұмысшылар мен қолөнершілер қоршап алды. Австрияның реакциялық үкіметін 30 жылдан аса басқарып келген, Австрияның сыртқы істер министрі Меттерних халықтың талап етуімен отставкаға босатылған. Өзінің өміріне төнген қауіптен қорқып, ол қашып кетті. Император либерал чиновниктерден министрлік құрды.

Апрельде үкімет Австрия империясының конституциясын жариялады. Бұл конституция бойынша екі палата — аристократтық сенат пен депутаттар палатасы — белгіленді. Конституцияда айрықша атап өтіп, жұмысшыларды сайлау правосынан айырды. Бірақ жұмысшылар бұл правоның берілуін талап етті. Май айында Венада халық бұқарасының — жүмысшылардың, қолөнершілердің, және студенттердің — қарулы бас көтерулері болды. Халықтың осы бас көтерулерінің нәтижесінде жұмысшылар (еркектер) сайлау правосын алды, жоғары палата жойылды, үкімет басқарудың, саяси түрін (яғни монархия немесе республика) рейхстаг (парламент) өзі белгілейді деп жарияланды. Деревняда Австрия шаруалары жер-жерде көтеріліс жасап, феодалдық міндеткерліктерді өтеуді тоқтатты.

Австрия империясындағы славян халықтары да революциялық күреске көтерілді.

Чехия, Австрия  империясының ең алдыңғы қатардағы бөлігі еді. Бүкіл Австрия империясындағы 900 мың механикалық ұршықтың 336 мыңы бір ғана Чехияда болды. Чехияда мақта тоқыма өнеркәсібінде 150 мың тоқымашы жұмыс істеді.

Чехияда бірқатар жерлерде шаруалар көтеріліс жасады. Шаруалар барщинаның жойылуын, ұлттардың тең праволы болуын талап етті. Қалаларда чех парламентін құруды талап еткен листовкалар таратылды.

1848 жылы Чехияныц  басты қаласы Прагада және  Австрияның өз ішінде, империя астанасы — Венада ірі революциялық бас көтерулер болды. Император әскерлері бұл көтерілістерді басып тастады.

Венгриядағы революция. 1848 жылғы мартта венгер революциясының алғашқы күндерінде-ақ венгер халқының бостандығы жолындағы күрескер ақын Шандор Пётефи жастарға мынадай өлең жолдады:

Оян, мадьяр, Отаның жар салады,

Қабырғасы қайғыменен қайысып 

    • Қапы қалма, таңда бірін:
    • Көн құлдыққа, не азат бол сайысып.

Музыкаға түсірілген бұл өлеңдер көтеріліске шыққан венгер халқының революциялық гимні болды. Көтеріліс жасаған венгер халқы 1849 жылдың көктемінде Австрия әскерін Венгриядан қуып шықты. Шаруалар помещиктердің жерін тартып ала бастады. Венгер парламенті Венгрияны өз алдына тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Венгрияда құрылған революцияшыл үкіметтің атақты қайраткері адвокат Лайош Кошут болды.

Австрияның  императоры революцияны өз күшімен  жеңе алмағандықтан, I Николайдан көмек  сұрады. Бұл «Европаның жандармы»  сөзге келместен, Венгрияға 100 мың адамы бар армия аттандырды.

«Өз көйлегім өз денеме жақын болмаса, араласпас  та едім, демек, Австрияның ғана жауын  емес, бүкіл жер жүзілік тәртіп пен тыныштықтың жауларын, өз тыныштығымыздың жауларын құртуымыз керек»,— деп жазды I Николай.

Патша өкіметінің орасан зор армиясы Австрия императорының әскерлерімен бірге венгер революциясын тұншықтырды. Венгер армиясының қолға түскен командирлері дарға асылды. Шаруалар да аса қатал жазаланды. Жазалаушы экспедициялар мен соғыс соттары венгер деревняларын ойрандады. Патша әскерлеріне қарсы ұрыста венгер революциясының алдыңғы сапында күрескен венгер халқының ұлы революцияшыл ақыны Шандор Петефи 27 жасында қаза тапты. Бұл күндерде, орыстың революцияшыл демократы Н.Г. Чернышевский өзінің күнделігіне былай деп жазды: «Венгерлердің досымын, ондағы орыстардың жеңілуін тілеймін, бұл үшін зор құрбандықтарға баруға да әзірмін»7.

Австрия империясындағы революция монархияны күйретпеді, ұлттық езгіні жоймады. Бұл революция, Германиядағы революция сияқты аяқталмай қалды. Австрия империясындағы 1848 жылғы революция буржуазияның опасыздық істеуінен, пролетариаттың әлсіздігінен және ұлт арасындағы ала ауыздықтың салдарынан жеңіліске ұшырады. Сонда да бұл революция шаруалардың крепостнойлық халден құтылуына себепші болды, өнеркәсіптің, жұмысшы қозғалысының дамуын тездетті және Австрия халықтарының өркендеуін едәуір ілгері бастырды.

 

 

2-тарау. 1848—1849 жылдардағы революциялардың маңызы мен қорытындылары

2.1 Революциялық ахуалдың ұқсастықтары

 

1848—1849 жылдардағы  Орталық Еуропа мен Италиядағы революциялар национализм мен конститутциялар туының астында өтті.

1848 ж. сәуір  айында ол кездері әлі де  бегілі бола қоймаған публицисттер  К. Маркс пен Ф. Энгельс Германияға келіп Кельн қаласында «Жаңа Рейн газетін» ұйымдастырды. Ол газеттің номерлерінде олар радикальды ой-тұжырымдарын айта бастады. Ол екеуі қоғамның даму заңдарын ашқан болып, пролетариаттың адамзат тарихындағы ролі азаттық әкелу деп бағалады.

Германиядағы  революцияның болуына 1848 жылы Францияда  болған революциясы түрткі болды. 1848 жылғы наурыз айында Берлин қаласында қарулы көтеріліс өтті. Король мен князьдар уақыт жеңу үшін Майндағы Франкфурт қаласында федералдық Конституцияны қабылдауға байланысты бүкілгерманиялық Құрылтай жиналысын шақыруға келісім берді. Демократиялық конституцияның жобасы іс жүзінде енгізілмеді, ал 1849 жылы жиналған делегаттар Вюртемберннің үкіметімен таратылды.

1850 жылы қабылданған  конституция феодалдық басшылардың  мүддесіне сәйкес келді. Елде  екі палаталық заңшығарушы орган  құрылды. Парламенттің (ландтаг) заңшығарушы билігі абсалюттік вето құқығы арқылы патшаның билігін шектеді. Үкімет құрамындағы министрлер Ландтагқа бағынысты емес еді, сол себептен оларға сенімсіздік вотумы қорқыныш тудырмайтын.

Франция капитализм жолына түскеннен кейін, монополиялар пайда болды. Олардың арасында аса маңызды рөл атқарған банкирлердің монополиялары болатын. Сайлау құқығының мүліктік цензінің жоғарылығына байланысты жұмысшылардың көтерілісі басталды. Жұмысшылар жаңа республика құрып, мүлікті цензді жойғысы келді. Олардың талаптары президенттік республика болатын.

1848 жылы Париж қаласында жұмысшылардың көтерілісін Ұлттық гвардия жақтады. Король тақтан бас тартып, шетелге кетті. Францияда екінші республика орнатылды. Бірақ бұл республикада жетекші рол пролетариаттың қолында болатын. Олар алдына типтік демократиялық талаптар қойған еді. Олардың қатарына 10 сағаттық жұмыс уақыты, демократиялық құқықтар мен бостандықтар және оларға берілген мемлекеттің кепілдіктері, еңбек құқығы және басқа талаптар болатын. Бұл көтерілісте республиканы жақтаушылар жеңді, бірақ маусым айында жұмысшылардың тағы бір көтерілісі басталғанда, оны үкіметтің әскерлері аяусыз басып тастады. 1848 жылы Францияның республикалық конституциясы қабылданды. Бұл буржуазиялық-демократиялық республика болатын, оның билік бөлінісі, республикалық мемлекеттің басқару нысаны, демократиялық құқықтар мен бостандықтары бекітілді. Мемлекеттің егемендігі, бостандығы, туысқандық және теңдік негізгі принциптерін құрды.

1848 жылдың июнь  күндерінде Францияда капиталистік қанаудан азап шегіп, қатты ашынған Париж жұмысшылары  буржуазияға қарсы көтеріліске шықты. Бұл көтеріліс өкімет билігі үшін жүргізілген күрес болды. Алайда қаһарман Июнь көтерілісінің жеңіліп қалған себебі: оның жеткілікті ұйымдаспағандығы, жұмысшылардың сана сезімінің әлі жетілмегендігі, партияның жоқтығы, шаруалар тарапынан қолдау болмағандығы және буржуазияның контрреволюцияшылдығы болды. Германиядағы буржуазиялық революцияның бас кезінен бастап-ақ буржуазия халыққа опасыздық жасады, ал революцияны бастап, оны жеңіске жеткізуге пролетариаттың саналылығы, ұйымшылдығы жеткілікті болмады. Австрия империясында революция буржуазияның опасыздық жасауынан, пролетариаттың әлсіздігінен және ұлт арасындағы ала ауыздықтың салдарынан жеңіліске ұшырады.

1848—1849 жылдардағы буржуазия XVIII ғасырдағы революционерлердей — якобиншілдердей — халықпен бірге күреспей, жұмысшы табы мен шаруаларға қарсы күресті. Мүны XVIII ғасырда пролетариаттың әлі қалыптаспағандығымен, ал XIX ғасырда пролетариат қаһарлы күшке айналғандығымен түсіндіруге болады. Сондықтан буржуазия оның жеңісінен қорықты және помещиктермен бірге халық қозғалыстарын басып отырды. Сонымен, Европаның алдыңғы қатарлы елдеріндегі буржуазия енді революцияшыл тап болудан қалып, контрреволюцияшыл тапқа айналғандығын 1848—1849 жылдардағы революциялар айқын көрсетті.

Информация о работе Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялардың туу себептері