Евразийство

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 14:22, реферат

Описание работы

Біз бүгінде ғаламнан қашықта қалған бейтарап ел емеспіз. Әлемнің аламанына бауырынан жаратып тұлпар қосқан, төрткүл дүние-кеуде бір жерде кеңес құрса, төрден табылар толғаулы ой қосқан жоталы жұртпыз. Бес құрлыққа түгел жаққан, жағалай жаһанның көңілін тапқан, алыстағандарды парасатты пайымдармен жақындастырған, жақындағандарды бауырластырған халықпыз.

Работа содержит 1 файл

Евраз реферат.docx

— 31.05 Кб (Скачать)

     Біз бүгінде ғаламнан қашықта қалған бейтарап ел емеспіз. Әлемнің аламанына бауырынан жаратып тұлпар қосқан, төрткүл дүние-кеуде бір жерде кеңес құрса, төрден табылар толғаулы ой қосқан жоталы жұртпыз. Бес құрлыққа түгел жаққан, жағалай жаһанның көңілін тапқан, алыстағандарды парасатты пайымдармен жақындастырған, жақындағандарды бауырластырған халықпыз. Бұған қабырғалы қазақтың жиырма жылға енді толғалы отырған ықшам тарихында дәлел де көп, дерек те көп. Қамшының сабындай осынау қысқа мерзімде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы секілді шоқтығы биік халықаралық құрылымға төраға болған, солай болуға барлық жағынан лайық болған мемлекетпіз. Өркениетті ғаламның табалдырығын бізбен бірге аттаған талай ел төрткүл дүниенің тайталасында шаң қауып қалды. Оларды алыс-жақын кеңістіктердің біразында бар экономикалық қиындықтар ғана емес, желдей ескен желмая заманның тынысын сезіне алмауы, кенжелеп қалған ескі байлам-түсініктерден дер кезінде безіне алмауы тежеді, әлі де шідерлеп отыр. Ал жаңа өмір – бағыттай жүріп бәсекелестікке шақыратын, алыс-беріспен жалғаса жүріп жаһанға талпындыратын, мініңді тауып айтатын, бірде жай, бірде сауып айтатын тегеурінді өмір ондай бейжайлықты кешпейді. Бүгінгі бір күн кешегі бір жылға тең. Сондықтан оның екпініне сергектер мен серпінділер ғана ілесе алады. Қамшы үстіне қамшы басатын кез бұл. Елбасының, Қазақстан Президентінің сөзімен айтсақ, алыс сапарға бел буып, кемені тәуекел дариясына түсіретін, елес үміті емес, елдік пен ерлік мұратын сол кеменің тұғырына ту етіп байлайтын кезең.

     Қазақ халқы ширек ғасырдан да аз уақытта  елдіктің де, ерліктің де қандай болатынын  сан мәрте көрсетті. Ғалам таныған  тұлға, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан  Әбішұлының ақыл-парасатымен осы сынық сүйем мерзімде бір емес, бірнеше аймақтық салмақты ұйымдарға – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразия экономикалық қоғамдастығы мен АӨСШК-ге төрағалық етіп үлгердік. Енді міне, елу алты іргелі елді біріктірген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын табысты басқарудамыз. Қазақстан – кешегі кеңестік республикалар мен Азияда мұндай жоғары сенімге алғаш ие болған мемлекет.

     Тәуелсіздігіміздің  перзенті – Астана қаласы күннен күнге  көркейіп, құлпырып келеді. Оны қазір  барша жұрт қызыға тамашалауда. Халқымыз бүгінде онымен мақтанатын болды.

     Елдордамыз  ел кіндігі Арқа төрінде ту тіккелі  бері тәуелсіз республикамыздың өрлеуі мен өркендеуінің нышанына айналды. Ол еліміздің ірі саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми орталығы болып  отыр. Қаланың ажарын аша түсетін  зәулім де көркем ғимараттар қазірдің өзінде де жетерлік. Ондай көз тартарлықтай керемет нысандар алдағы уақытта  да көбейе түспек. Оны қаланың даму қарқынынан байқау қиын емес.

     Президентіміз осыдан біраз жыл бұрын алқалы бір басқосуда “Біз өркениетті дамыған  елдерді автомәшине, ұшақ жасап қуып жете алмаймыз. Өндіріс, ғылым, шаруашылық саласында болсын олардың алдынан  шығатын озық ойлы, жаңалығы басым  өрелі істерді қолға алғанымыз  жөн” деген пікір айтқан.

     Ал, өркениетті, дамыған елдердің көшіне қалай ілесіп, тіпті олардың алдын қалай орауға болады?

     Тәуелсіздігіміздің алғашқы ең қиын дағдарыс жылдарының өзінде-ақ Алатаудағы әсем қала Алматымызды Арқаға Астана етіп ауыстырып, жұртты бір таңғалдырып, кеңестік кеңістіктегі елдердің алдын бір орасақ, енді оны ұлттық нақышта, қазақы реңкте әдемі етіп салып, әлемді тағы бір таңғалдырудың реті де жоқ емес. Ол үшін қала көшелеріне, ғимараттарға қазір көбінесе орын алып жүргендей ұлттық ою-өрнектерді салып, астана рәміздерін көбейткенмен іс тына қоймайды. Бір көріністі қайталай бергеннен ешнәрсе шықпайды. Мұндай жауапты мәселеге әлгіндей қарабайыр жолмен келуден ешнәрсе ұтпаймыз. Сондықтан да оның дамуына, көркеюіне үлес болып қосыла алатын тосын шешім, тың әрекеттерге баруымыз керек.

     Астананың сұлу сәулетін тамашалауға Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Болгария мен Қырғызстаннан  арнайы келген  қонақтарды арқаның 30 градус аязы абыржытқан жоқ. “Астана құрылысы мен сәулетінің философиясы”  атты тұңғыш рет біздің мемлекетімізде өткізілген халықаралық форумда, алыс-жақын шетелдердің белгілі сәулетшілері қазақстандық әріптестерімен пікір-тәжірибе алмасып қана қоймай, солтүстік қалада негізі қаланып жатқан нысандардың басында болды. Мамандардың көшін елорданың бас сәулетшісі Шоқан Матайбеков бастап жүрді. Ізгі бастамаға келгендерге ниетін алғашқы болып, астана әкімі Ө.Шөкеев білдіріп, бүгінде тек Қазақстанның ғана емес, әлемнің әр қиырынан келген меймандардың көзайымына айналған елорда сәулетінің қалыптасу тарихына көз жүгіртті.

     – Бірнеше жыл бұрын жаңа астанаға әлемдік сәулетте өзіндік орны бар Кисе Курокаваның жобасын лайық деп тапқан болатынбыз. Оның құрылыс тұғырнамасына симбиоз, метаболизм, абстрактілі символизм идеялары негіз етілген. Жапондық шебер  қоршаған ортаға еш залал келтірмейтін, десе де қазіргі өмірдің барлық талаптарына сай адамдарға қолайлылықты қамтамасыз ететін, өзіндік сәулеттік келбет ұсынды. Сарапшылар оған бір ауыздан ден қойды. 

     БҰҰ жанындағы халықаралық сәулет академиясының  президенті Георгий Стоиловтың Қазақстан  елордасына бірінші келуі емес. Қазірде  оның жобасы бойынша мұнда сауда  кешені салынуда. Болгарлық қонақ  Еділдің сол жағалауындағы құрылыстың алғашқы кезеңінде аз-кем кемшіліктердің жіберілгендігін еске алды:

     — Қорғаныс министрлігі, кітапхана ғимараттары сәулетінің эстетикасы көмескілеу болған еді. Ал қазір, жас қаланың керегесі кеңейіп, сәулеттік қағидалары қалыптасқан. Үй-ғимараттар қарқынды жылдамдықпен  бой түзеп келеді. Қазақстанның астанасы Шығыс пен Батыстың өркениетін тоғыстыруымен ерекшеленеді, – деді ол. Әріптесінің бұл пікірімен ТМД елдері сәулетшілері халықаралық қауымдастығының хатшысы, “Архитектура” журналының  редакторы Қажымұрат Шұғаев та келісетіндігін жеткізді. Оның айтуынша, Астана осы алған бетінен тайынбай, жобадағы жұмыстарын жалғастыра берер болса, келешекте қаланың саяхатшылардың көруге құмары ауатындай дәрежеге жетуі ғажап емес. Астанада туризмнің дамитындығына шүбә келтірмейтін бірқатар шетелдік меймандар қолдарынан келген көмектерін аямайтындығын және әріптестік қатынас орнату турасындағы ұсыныстарын білдірді. Жергілікті  мамандар әлемдік деңгейде қолтаңбасы бар сәулетшілердің Астанаға келуі қала беделін үстем етіп қана қоймай, олардың қазақстандық ізбасарларының кәсіптеріне деген шабытын оятып, жаңа дем сыйлайтынына сенімді екендіктерін жеткізді.

     Астана  келбеті – ұлт келбеті. Біздің Астанамыз қай жағынан қарағанда да кісі қызығарлықтай, Шығыстың да, Батыстың да айшықтарын қатар қабыстырған қалаға айналып келеді.

     Қазақстанның  жаһандық брендіне айналған Астананың Шығыс пен Батыс сәулет өнерлерінің жауһарларын үрдей үйлестірген сәні мен салтанаты, көркі мен келбеті төрткүл дүниені жылдан-жылға тамсандырудан бір танбай келеді. Астананың ақылгөй авторы, заманауи реформатор Нұрсұлтан Назарбаев қазақ елінің беделін баламасыз бас қаласымен барша әлемге паш етіп, Алаш айбынын асқақтатуды аңсаған ата-баба аманатын ұлықтауды армандаған еді. Арман ақиқатқа айналды. Қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының мәңгі айбары – ару Астана ет жүрегі елім деп соққан Елбасының, Арқа төсіндегі ғасыр ғажайыбы авторының ақыл-ойы, мақсат-мүддесі, арман-қиялының қыш болып қашалып, тастай құйылып, болашаққа мұра қылған белгісіндей күннен-күнге биіктеп барады.

     Елорда  – Елбасының төл перзенті. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа астананың алғашқы қазығы қағылған күннен бастап, қаланың әрбір ғимаратын, әрбір құрылыс алаңын жүрегінің жылуымен аялап, бас жоспарынан бастап, архитектуралық доктринасына дейін қалыптастырды. Болашақ бас қаланың бас жоспарын жасауға тұңғыш халықаралық байқау жариялатып, әлемдік сәулет өнерінің сұңғылалары жіберген жүздеген жобаларды сараптаудан өткізді. Сол бір сындарлы сәттерді Мемлекет басшысы өзінің “Еуразия жүрегінде” атты кітабында былай деп еске алады: “Конкурсқа айтулы сәулет державаларынан және бұл тұрғыда әлемге жайылған атақтары бар: Жапония, АҚШ, Австралия, Италия, Франция, Германия, Ресей, Финляндия, Корея, Болгария, Пәкстан, Польша, Чехия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Латвия сияқты елдерден 50-ден астам жоба түсті. Барлық жобалар Конгресс-холлға қойылды, сөйтіп олармен әркімнің танысуына толық мүмкіндік туды. Ұсыныстар топтамасының ішінен халықаралық конкурстың шарттары мен талаптарына жауап бере алатын 27 жобалық әзірлеме беделді қазылар алқасының қарауына іріктелді. Сөйтіп, конкурс қорытындысы бойынша, Қазақстанның жаңа астанасын салудың бас жоспары ретінде заманымыздың аса көрнекті сәулетшілердің бірі – жапон концептуалисі Кисе Курокаваның (шын аты Нориаки деп біршама басқаша аталады) жобасы қабылданды”.

     Иә, әлемдік сәулет өнері тарихында өзіндік қайталанбас талантымен танылған, Амстердам қаласындағы Ван Гог мұражайы, Куала-Лумпурдың халықаралық әуежайы, Осака қаласының Ұлттық-экологиялық мұражайы, Болгариядағы “Витоша” қонақүйі, “Сони” корпорациясының мұнарасы сияқты жобалардың авторы, атақты жапон архитекторы Кисе Курокава Астана бас жоспарының атасы атанды. Курокаваның бас жобасы бойынша жүзеге асырыла бастаған Астананың архитектуралық ансамблі бүгінгі заманның өскелең дизайні мен Азияның сәулет колоритінің бірегей үндестігін құрайды.

     Доктор  Курокава Астананы дамытудың бас  жоспарының негізіне жаңа философиялық көзқарасты тұғыр еткен. Оның тұжырымдауынша “ХХ ғасыр Механикалық Принциптер үстемдік алған дәуір болса, ХХІ ғасыр Өмір Принциптеріне көшетін дәуір болады. Ендеше, Қазақстанның жаңа астанасы “симбиоз” атты шешуші ұғымды арқау етуі тиіс”. Ақиқатында қала құрылысының бұл жаңа идеологиясы жаңа ғасырдағы қалалар тұрғызудың шешуші бағытына айналуы мүмкін. К.Курокава идеясының мәні, қала құрылысы мен табиғи экологиялық жүйенің үйлесімдікпен дамуы болып табылады.

     Сөйтіп, экологиялық жүйемен өзара үйлесімді  жарасымдылық табатын қала құрылысын  салудың “симбиоз” атты жаңа идеологиясы  Арқа төсінде өмірге келді. Нәтижесінде жартылай шөлейтті қазақ даласында төрткүл дүниені тамсандырған жерұйық қала – Астана салтанат құрды.

     Ақиқатында  Астана құрылысы әлемдік архитектуралық ақыл-ойдың тәжірибе алаңына айналды. Көкжиекпен көмкерілген жазира далада аспанмен таласқан ғимараттар сән жарастырып, сәулет өнерінің салтанатын асырды. Астаналық архитектуралық ансамбльде шығыс сәулет өнерінің жауһарлары мен батыс сәулетшілерінің батыл идеялары жарқырай көрініс тапты. 

Информация о работе Евразийство