Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:35, реферат
Тарихы Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды.
Темір ерекше металл.
Ерте темір дәуірі
Тарихы Бастаулары осы металды
қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының
маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың
басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ,
темір адамзаттың заттық мәдениетінің
негізі болып келді. Өндірістік технология
саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш
металмен байланысты болды.
Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы
мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта
таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының
баяулығынан шикізаттан темірді айыру
оңайлыққа соқпайды.
Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы
б.з.д. VIII – VII ғасырларына жатады.
Шаруашылығы
Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия
кеңістігіндегі далалык этностар өмірінде
шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл
дәуірде шығыстағы Монғолиядан батыстағы
Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін
бақташы, бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар
мен су көздерін пайдалануды маусымдық
шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген
малшылық шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне
көшуіне тура келді. Жана және кейінгі
жана заманның евроцентристік ғылымы
дала жағдайында мал шаруашылығын өрбітудің
бұндай айрықша түрлерін «көшпелі «жартылай
көшпелі» шаруашылык деп атады.
Темір дәуірі
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Темір дәуірінен қалған ескерткіш.
Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 8–7 ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды.
Темірден жасалған бұйым.
Ерте Темір дәуірінде суғармалы егіншілікке негізделген көне шығыстық өркениет елдерінде (Месопотамия, Алдыңғы Азия, Кіші Азия, Үндіқытай, Солтүстік Африка, тағы басқа) мемлекеттік жүйе мен саяси институттардың нығаю үдерістері жедел қарқынмен дамыды. Еуропада Рим, Грек өркениеттері қалыптасып, латен, гальштат сияқты аса көрнекті мәдениеттер гүлденді. Мал шаруашылығының жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикасының дамуының нәтижесі болып табылады. Қазақстан аумағында шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, Беғазы-Дәндібай заманында қаланды.
Темір дәуірінен қалған мата.
Ерте Темір дәуірі басталысымен, Еуразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптасты. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкелді. Үлкен «патшалық» обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер сияқты өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар бірге жерленген күрделі құрылымды ірі обалар тұрғызылды. Жалпы алғанда, далалық белдеуде ерте Темір дәуірінің соңына қарай қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық үдерістердің барысы, саяси оқиғалар мен ағымдардың тоғысы біздің заманымыз 1-мыңжылдығының 2-жартысына қарай Түркі әлемінің түбегейлі тарих сахнасына шығуына алып келді.
Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезенін ерте темір дәуірі деп атап кеткен.
Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды.
Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды.
Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - VII ғасырларына жатады.
Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар өмірінде шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл дәуірде шығыстағы Монғолиядан батыстағы Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін бақташы, бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды маусымдық шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген малшылық шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне көшуіне тура келді.
Жана және кейінгі жана заманның евроцентристік ғылымы дала жағдайында мал шаруашылығын өрбітудің бұндай айрықша түрлерін "көшпелі "жартылай көшпелі" шаруашылык деп атады.
Мал шаруашылығын жолға қоюдың жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикалық дамуының нәтижесі болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, беғазы-дәндібай заманында қаланды. Мамандардың пікірінше, малшылықтың жылжымалы түріне ауысуына дала тұрғындарының тек ішкі дамуы ғана емес, ауа райының біртіндеп өзгеруінің салдарынан даланың құрғақтануы (аридизация) да ықпал етті. Сол заманда бұл ауысу онтайлы, үлкен прогрессивті мәндегі көрініс еді, ол даланың табиғат қорларын барынша толық пайдалануға мүмкіндік берді.
Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.
Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге
Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы I-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар "Дала өркениеті" деген атауды ұсынды.