Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 20:35, контрольная работа
Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі - топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш - мемлекет.
Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б.з.б. I мыңжылдықта пайда болды. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн. Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1.Сақтар....................................................................................................................4
2.Үйсіндер................................................................................................................7
3.Қаңлылар...............................................................................................................9
4.Ғұндар..................................................................................................................10
Қорытынды............................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................15
Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.
Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.
Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.
Шаруашылығы.
Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және бау-бақша өсірумен де айналысқан.
Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты.
Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.
Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қолөнер, сауда және ақша айналысы дамыды.
Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора-қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған.
Қаңлылардың діні.
Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба әруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будда дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған.
Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.
Сонымен қаңлы тайпаларында
сонау ерте кезден бастап мемлекеттік
дәрежесіне дейін көтерілген тайпа
бірлестіктері болды деп айтуға
болады.
3. Ғундар. Ғунну державасынның
құрылуы.
Біздің заманымыздан бұрын I мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық- саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікке таман және Ордосқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығымен шұғылданған этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді.
Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған.
Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр.
Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.
Сонымен Қытай жылнамаларымен
археологиялық зерттеулерге қарағанда,
б.з.б IV-III ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде
Байкалдан Ордосқа дейінгі
Жылнамалар бойынша, ғұн
тайпаларының бірігіп саяси күшейген
кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген
мезгілі. Оның жасаған әскери реформалары
ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған.
Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды
талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың
аман қалғандары Монғолия, Маньчжурияға
дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр болады.
Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай
б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары
және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл
жасап, Қытайдың хань әулетінің негізін
салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы
жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді.
Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне
(ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған.
Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін
Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта
ағысына дейінгі аралықты алып жатқан
ұлан-байтақ жерде «Ғұн державасы» пайда
болды.
Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы.
Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған.
Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды.
Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Ғұндарда жақсы
Ғұндардың шаруашылығы.
Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды рөл атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй және жартылай жертөлелер болды. Олар үйдің бір бұрышына салынған ошақтан еден астымен тартылған кәңмен (труба) жылытылған.
Ғұндарда қолөнер ойдағыдай дамыған. Әсіресе, олардың шеберлері ыдыс-аяқтар, ұсталары темірден қару-жарақтар жасаған. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, металдан жасай білген.
Ғұн тайпаларының ішінде атақты
зергерлер болған. Ауқатты адамдардың
зираттарынан табылған алтын сырғалар,
жүзіктер, әшекейлеп жасалған белдіктер
жасалуы жағынан сақ
Ғұндардың діни наным-сенімдері ата- бабаның аруағына сенуі – дүниеге табуныдың дәлелі. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған.
Алайда, «ғұн державасы» орасан үлкен, бірақ саяси жағынан бытыраңқы, экономикалық жағынан әлсіз, этникалық жағынан ала-құла біріккен ел болды. Ішкі қайшылықтар, билік жүгізу үшін күрес және сыртқы сәтсіздіктер б.з.б. I ғасырда ғұндар державасының құлдырауына әкеліп соғып, ол ыдырай бастады. Б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды.
Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып бөлінді.
Оңтүстіктегі ғұндар хань империясына бағынды. Ал Чжичжи-шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Монголияға және Шығыс Туркістанның солтустік аймақтарында көшіп қонып жүрді.
Қазақстанның оңтүстік батыс және Арал бойына Ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. I ғ. басталады (93 ж.). Кейбір археологиялық материалдарға қарағанда олардың ескерткіштері Испания жерінен табылған. Сондықтан Европа деректемелерінде олар гундар деген атпен белгілі.
Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. I ғ. басталса, б.з. IV ғ. дейін созылған. Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер туғызды.
Тарихта бұл жылжу тек ғұн тайпаларында болып қойған жоқ, басқа да ірі тайпалармен жаңа құрыла бастаған халықтардың да жылжуына әсерін тигізген. Бұл тарих сахнасына «халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгілі деген атпен белгілі . Бұл қоныс аудару Қазақстанға өзінің үлкен әсерін тигізді. Ол, біріншіден, жергілікті сақ, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай жылжуына немесе орын ауыстыруына әсер етсе, екіншіден, ол тайпалардың антропологиялық жағының өзгеруіне әсерін тигізген, үшіншіден, түркі тілінің таралуына және оның жергілікті диалект болып орнығып нығаюын күшейтеді. Соңғы екі жағдай б.з. V ғ. Қазақстанға түркі тайпаларының жаппай келе бастауы тереңдей түсті.
Сонымен, көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады.
Қазақстандағы өмір сүрген
тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы
сақталған тайпалардың бірі-
Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа дейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.
Байкалдан Оңтүстікке таман және Ордосқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығымен шұғылданған этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді. Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған.
Қорыта келгенде, ежелгі тайпалар Қазақстан жеріндегі ең алғашқы көшпелілер. Олар қазақ этносының қалыптасуына негіз болды. Олардың қалдырған мұралары біздің тұрмыс – тіршілігімізде үлкен орын алды. Ежелгі көшпелілердің мәдениеті біздің мәдениетімізге үлкен әсер етті.
1.http://kk.wikipedia.org/
2. http://www.testent.ru/index/
3. http://www.kitaphana.kz/ru/
4. Берденова К.А. “Қазақстан тарихы” Алматы, экономика 2008