Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:59, статья

Описание работы

Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі-топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш – мемлекет.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 27.81 Кб (Скачать)

Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б.з.б.VII-III ғғ.)

Сақтар. Сақтардың тайпалық одақтары.

Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.

Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі-топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш – мемлекет.

Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б.з.б. I мыңжылдықта пайда болды. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн.

Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.

Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз кийізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған».

Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы», Сузінің, Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сактарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.

1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген

2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.

3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген.

Сақтардың шаруашылығы.

Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды:

1)Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды. Жылдың суық мезгілін көшпелі сақтар құм жоталарының баурайына орналасқан қыстауларға немесе ірілі-уақыты өзендер жағасында өткізді. Олар бір жерде ұзақ отырып қалмай, мал жайымен келесі қыстауға, қолайлы жайылымдарға қарай орын ауыстырып отырды.

2)Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малды қыстатып шығаратын тұрақты қоралар салды. Олар жыл сайын малдарын осы қора-жайларға айдап әкеліп отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі орманды дала оңірінде және биік таулы жерлерде кең тарады. Мұндай жерлер Тянь-Шань және Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстан аймағы болды. Қыстау маңындағы жерлерде тары, арпа, бидай өсірді. Пішен дайындалып, малды қолда ұстаудың мүмкіндігі туды. Енді сақтар қыстауларда ұзақ уақыт тұру үшін ағаштан, тастан жылы тұрғын үй салатын болды.

3)Сақтарда шаруашылықтаң үшінші түрі- Отырықшы егін және мал шаруашылығы– Оңтүстік Қазақстанда, Сырдарья, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, табиғи су қорлары мол жайылымдары көп жерлерде кеңінен тарады. Бұл жерлерде суғармалы және тәлімі егіншілік басым болды.

Сақтарда мал  шаруашылығының, негізігі бағыты қой өсіру еді. Олар қылшық жүнді қойлармен қатар, биязы жүнді қойда өсірді.

Сақтар тұрмысында жылқы өте бағалы саңалды. Тез  семіретін және қысқы тебінге төзімді жылқы түрімен бірге, салт мінуге арналған жүйрік сәйгүліктер өсірді. Ал шөлді және шөлейтті жерлерде айыр өркешті түйе өсіруді қолайлы көрді. 
 
Сақтардың ұйымдық сипаты және әлеуметтік құрылымы.

Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды.

Көсемдер әскер  басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таласарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады.

Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған.

Патшалар жауынгелер тобынан шықты.

Сақтар б.з.б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Тамирис парсы патшасы Кирдің әскерін женген (б.з.б. 530 ж.).

Сақ қоғамының  адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсына бір түс тән болды.:

1) жауынгерлер (қызыл)

2) абыздар (ақ)

3) басқа қауым  адамдары (сары, көк)

Сақтардың өнері мен саудасы.

Сақтарда қолөнер  мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер акинақ, қанжар, жебенің ұштарын т.б. жасаған.

Қолөнер жақсы  дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т.б. металдарды көп пайдалаған. Сонымен бірге теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.

Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Сауда Жібек жолы және б.з.б. I мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.

Сақ өнерінде аңдық стиль болды. Олар аңдар мен әр түрлі аңыздардағы жануар бейнесіндегі құбыжықтарды бейнелейтін еді. Аңдық стиль б.з.б. VII ғасырда Алдыңғы Азияда дүниеге келді. Арыстан бейнесіндегі «өмір ағашы» сақтарда ең көп тараған.

Сақтар әр түрлі жануарлар бейнесіндегі құдайға, табиғат күштері күнге, желге, әр түрлі құбылыстарға табынды. Мысалы, күн күркіреу құдайы қабан бейнесінде бейнеленген. Олардың түсінігінше, әлем үш бөліктен құралған:

1) жер астындағы әлем

2) орта жер әлемі

3) аспан әлемі

Сақтардың археологиялық  ескерткіштері.

Шырықрабат– апасияқтардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде орналасқан.

Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш Молда қаласы.

1969 жылы Алматы облысы Есік қаласынан табылған Есік қорғаны – б.з.б. VIII-III ғасырлардағы сақ моласы. Бұл молада бай жас сақ жауынгері жерленген, оның барлық киімі алтынмен қапталып киіндірілген. Сондықтан ол «Алтын адам» деп аталған. Онымен бірге қару– жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.

Ежелгі грек тарихшысы Герадот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Б.з.д. І мың. Ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар “сақ” атауымен белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.  
Солтүстік шығыста — аримаспы, Орта Қазақстан — исседондар, Батыс савроматтар, Геродот бойынша савроматтардың аржағында “биіктаулардың етегінде”, оңтүстік шығыс Орал таулары болуы мүмкін, аргипей тайпалары өмір сүрген.  
Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланылды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.  
Тиграхаудалардың үлкен ұлы Рустам өз елінде өзінің батырлығын , қайсарлығы мен танымал болып , әкесінің тіректі әскері болды. Сонымен бірге Рустам әкесі , патша каводттың сүйікті ұлы болған. Татши Кавод Рустамды тиграхауда патшалығының мұрагері етіп сайлайды.  
Ешкім Рустамның күшімен тең келмейтін. Рустаммен күрескен жас жауынгерлер , тез жеңіліп қалатын. Осы майдан алаңына шашы иығына төгілген , қыпша беліне былғары белдік таққан , белдігінде қолдан жасалған айна, бұл батырдың ер қыз екенін айтып тұрды. Оның оң қлында қылыш , сол қолында сауыт болды. Рустам не істерін білмей тұрып қалды, ол жекпе – жекке шықпайын десе тағы да болмайды . Томирис аттан түсе бергенде оның әрбір қимылынан Рустам оның жай ғана сұлу қызды емес , сонымен бірге қылыш пен семсерде ойнай білетін ер қызды көрді . Екеуі қызыл майдан шайқасқа түсіп жатады. Жекпе – жек шайқастың үстінде Рустам қылышын Томиристің қылышына тақап қалып, оның көзінін қорқыныш емес , ашу мен ызаға толы қарсылықты көреді. Оны түсінген Рустам күшін әлсірете түседі. Сонда Томирис шайқасты тоқтатып , белдігін алып, оның атының үстіне қойып , өзінің Рустамға әйелі ретінде берілгендігін білдіреді.  
Томиристі туғанға дейінгі жүз жылдықта қаратаудың бойында ауыл ақсақалдарымен көсемдерінің жиыны болып тұратын. Әдетте жинды жинау қиынға соғатын. Себебі сақ тайпасы ұрыстық қатынаста тұрып жататын . Сондықтанда көсемдер мен ақсақалдардың арасында ылғи да ұрыс – жанжал болып тұратын . Көшпелі сақтарды біріктіру Чипакидің қолына тиді . Чипакай өзінің елін тек байлықпен ғана алдау арқылы біріктіретінін біліп , әйгілі сапарға аттанады.  
Алдыңғы Азияда көшпелі сақтардың аты скифтер деп те аталып жүрді. Көшпенді шигуздардың жолына аты бүкілге мәлім айбарлы да қайратты , тосқауыл бола алатын Ассирия тұрды. Бірақ көшпенді шигуздар Ассирияға басып кіріп , оларды талқандай түседі . Жасыл түске боялған шөп пен гүлді аттың тұяғы таптап тастайды. Бірақ көшпенді шигуздар қаланың өз пайдасына түсетінін біліп әрекет жасамайды.  
Жылдар өтіп жатты , шигуздар осы жерде тұрып жатты . Чиипакай өзінің атағын қанағат тұтқанмен оның мұрагеріПартатуа бүкіл қауымның патшасы болғысы келді. Сөйтіп көне Каспийдің қасына өзінің патшалығын құрады.  
Сонымен бірге Ассирияның қызын Ассархаддананы әйелдікке алады.  
Партатуаның орнын батыр Мадий басады. Бірақ ол қолындағыны қанағат тұтпай , басқа египет елдеріне көз сала қарайды бірақ бұл мақсатына жету үшін , ол мидия , Вавилон елдеріне жаулап алу керек болды. Мадий Мидияны , Сирияны  
Палистинаны ала келе Египетттің да шекарасына жетіп қалды.  
Египеттің фараоны Псалимтих және оның қарамағындағылар Мадияның жорықтарынан қорқып, оған арнайы елші жіберіп , не сүраса соны беретінін айтады. Мадий египетке бармады , бірақ көп нәрсе сұрайды. Египет қолындағысының бәрін береді. Шигуздар бұл шабуылдан кейін қаланы жаулап алады.Сөйтіп барлық бағалы заттардың бәрін өздерімен бірге алып , қаланың быт – шытыншығарып кетеді. Сөйтіп урарту патшалығы құлайды. Мадияның келесі жорығы Вавилонға бағытталады . Бірақ вавилонды алу үшін оған көп дайындық керек болды . Себебі Вавилон өте күшті жеңіліс таппайтын елдің бірі болатын . Мадий ақыры дегенде күшті дайындықпен Мезопотамияға баса көктеп кірді. Барша халық заттарын тастап , қорғанның артына тығыла жөнеледі. Бірақ , оларға көмекке клаксар келеді.  
Клаксар Вавилоннан кейінгі Мадианың жаулайтын отары болатын. Клаксар Мадияны қақпанға түсіру үшін бір үйір жылқы береді .Оған Мадий көнеді . Сонан кейін , оның көңілін көтеру үшін арнайы той думан ұйымдастырады. Мадий оған келісіп тойға келеді.  
Мадий және оның жауынгері дастархан толы шарапқа тойға келіп отырады. Әрбір жауынгерге бір -бір сұлудан беріп бастарын айналдырады . Ал Мадий болса бір кесе шараптан кейін мас болып , ұйықтап қалады . Класкар осы сәтті пайдаланып , Мадийді пышақтап өлтіреді . Мадий өлгеннен кейін оның артында кішкене әскері , оның ағасы және баласы Спаргаппис қалады.  
Осыдан кейін сақтар үш топқа бөлініп кетеді.Олар : Оңтүстік сақтар – хаомоварго, екінші тиграхауда, үшіншісі – парадария , олардың негізін сақтар – массагеттер құрады . Спаргаппис әрең дегенде тірі қалып , бай ел – хорезмде тығылып жүрді . Қарсыластары оны өлді деп ойлағанмен, ол – қарсыластарын ұмытпады.  
Спагаппис Мадидің патшасы Алматтаның қол астында өмір сүріп жатты . Ол бұл сарайда тұрып жатып , көсемдерден шешендікті, айлакерлікті , делдалдықты үйреніп жүрді. Сөйтіп көп жыл өткеннен кейін , атақты делдал болып шығады. Ол қаншалықты атақты делдал болса да , оның қарамағындағы көсемдер оның айлакер делдалдығын көре алмай , жек көретін . Сол көсемдердің бірі – Фарзана болатын. Спаргаппис Ферзананың жалғыз қызын тартып алып, әйелдікке алады. Себебі, Ферзана қызын бергісі келмейді, сол себепті тартып алып, әйелдікке алады. Себебі, Ферзана қызын бергісі келмеген , сол себепті тартып алып қашқан. Ол қыздың аты Зарина болатын. Фарзана өз қызының жағдайын нашар деп есептеді. Заринаны сол үйдің отынымен кіріп, Күлімен шығып жүр деп есептеді.Содан Ферзананың жек көрушілігі күннен - күнге өрши түседі.
 

Информация о работе Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар