Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:41, реферат
«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр — тарих. «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсат — ұлыларды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету.
Ерлік туын көтерген ерлер
Өлмейді ісі мәңгілік,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кешпейді есыл ер —
деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған.
«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр — тарих. «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсат — ұлыларды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету.
Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлдарының саны аз емес. Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер, батальондар құрылып, майданға аттанған болатын.
Қаһармандар қатарына Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигельдинов, Михаил Янко Егорович және 28-гвардиялы-панфиловшылар және тағы да көп ерлеріміз жатады. Қырғын соғыстың бел ортасында жүріп, қастарындағы жауынгерлерге күш-қайрат бере отырып өздерінің әңгіме, очерктерін, повесть, романдарын, өлеңдер жинағын жаза білген қаншама ақын, жазушыларымыз бар десеңші… Атап айтқанда Әзілхан Нұршайықов, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Аманжолов, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Баубек Бұлқышев, Жұмағали Сайн және т.б.
Бауыржан Момышұлы 1932-1956 жылы әскери қызметте болып, қиян-кескі майданда асқан ер жүректілігімен, шындыққа қайыспас қайсарлығымен, соғыс тактикасын жете меңгергендігімен, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналды. Бауыржан Момышұлы…Бұл есімнің қазақ халқының шежіресінде алтын әріппен жазылып қалғалы қашан! Бауыржан атамыз өзін басқа ұлт өкілдеріне мойындата білді. Қызметтен оралған соң ол: «Менің көп достарым, майдандастарым опат болды. Егер олар белгісіз күйде қала берсе, онда оның өзі тірі қалғандардың арына, бәрінен бұрын өз басымның ар намысына шек келтірген болар еді» деген.
Талғат Бигельдинов — ұшқыш. 2-дәрежелі Кеңес Одағының батыры. Қатардағы ұшқыш қызметінен бастап авиация полкінің командиріне дейін көтерілген.
Мәншүк Маметова Жиенғалиқызы — пулеметші. 1943 жылы 15 қазанда Мәншүк Калинин фронтының құрамында бірге соғысқан. Қиян-кескі майданда фашистерден Невель қаласын босату оңайға соқпады. Пулеметші қыз мергендігімен жауды аяғынан тайдырды. Шабуылға бірінші болып барған Мәншүк батыр қызымыз еді. Оның соңынан қалған жауынгерлер де алға басты. Өзі жаралы болса да, соңғы деміне дейін соғысты. Кеңес Одағының батыры атанды.
Әлия Молдағұлова Нұрмағанбетқызы — 54-атқыштар бригадасының снайпері, ефрейтор. Ленин орденімен марапатталған батыр қыз жаралы болса да, өмірінің соңғы минуттеріне дейін өз жері үшін асқан ерлікпен соғысқан.1941 жылы 16 қарашада қазақ жерінде құрылған 28-гвардиялы-панфиловшылар дивизиясы мәңгі өшпес ерлік жасады. Фашистердің Мәскеуге жетер бірнеше шақырым жерде панфиловшылар мәңгі есте қаларлық тойтарыс берген болатын. Осы дивизия қатарында біздің қазақ балалары да болған. Бұл адамдар мәңгі тарихта үлкен мәртебемен қалары сөзсіз.
Әзілхан Нұршайықов - 1941-1945 жылы Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Ұлы Отан соғысы жылдары өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. 2-дәрежелі Даңқ «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Ә. Нұршайықовтың шығармасы күңірене жүріп күле білуге, соғыса жүріп сүйе білуге болатындығын жеткізді.
Қасым Аманжолов - Ұлы Отан соғысы жылдары қанды жорықта жүріп жазған лирикалық өлеңдері мен соңғы жылдарындағы туындылардың сапасы айрықша бағаланады. Қасым Аманжоловтың «Дариға, сол қыз», «Өзім туралы», «1945 жыл» және т.б өлеңдері майданнан соққан жаңа леп сияқты.
Қасым Қайсенов — қазақ батыры, жазушы, халық қаһарманы. Қасым басқарған партизандар отряды фашистік-герман әскерлеріне қарсы ерлікпен шайқасып, Украина, Беларуссияны Карпат елдерін азат етуге қатысты. Отан соғысы орденінің 3-дәрежелі сондай-ақ «Чехословакия партизаны», Украинаның 3-дәрежелі Даңқ ордендері мен көптеген медальдармен марапатталған.
Баубек Бұлқышев — Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыстарға алғашқы күндерінен бастап қатысқан. Оның соғыстағы отаншылдық ерлігі ата дәстүрінің жалғасы іспетті. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды көсемсөз шебері, ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды. 1944 жыдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты.
Жұмағалы Сайн — Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Украина майданында партизандар отрядын басқарған.
Міне, біздің
қаншама ер азаматтарымыз,
«Біздің жауынгерлерді қыранмен, бүркітпен теңеуді қоятын кез жетті. Қазақ жігіті Қошқарбаев өз жолдастарымен рейхстагқа ту тікті. Жанған от ішінде, ажал аузында ерлік көрсетті олар. Осындай ердің образын беру үшін бөлекше теңеу, бөлек поэзия керек» деп жазады Б.Горбатов. Рақымжанның сол бір ерлігі уақыт өткен сайын ұрпақ алдында тұлғаланып келеді. Ерлік иесіне деген шалқар құрмет барған сайын шалқи түсуде.
Жеңіс күнін жақындатуға
тылдағы миллиондаған еңбекші халық
маңдай терін төкті, табан етін тауысты.
Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар
белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың
өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын
құл, қызын күң еткізбеуге батырлық
ержүркетігін, жауына қатал, досына адал,
шыбын жанын шүберекке түйіп,
садақ ұстап қол күшіне сеніп,
найзаның ұшына үкі таққан ұлдары
мен қыздарының жауынгерлік үлгісі
бізге аманат. Біздің елімізге осыншама
кең жерді нәсіп еткенін
ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан-ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған.
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел даусы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұрандары жерін қорғады, халқынын өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама!
Біз, яғни қазіргі ұрпақ, соғыс ардагерлерін, майданнан қайтпай қалған боздақтарды келешек үшін қанын төккені үшін басымызды иіп құрмет көрсетуіміз қажет, ол біздің адамгершілік парызымз. Адамзаттың алдындағы үлкен міндет осы тарихи шындықтарды болашақ ұрпаққа ешқандай өзгеріссіз жеткізу болмақ.
1-тапсырма
А)ұшқыш ә)
2. Әлия Молдағұлова Нұрмағанбетқызы соғыстағы қызыметі?
А) Ұшқыш Ә)мерген Б)пулеметшы
3. Баубек Бұлқышев қай жылы майданда асқан ерлікпен қаза болды?
А)1942ж Ә)1945ж Б)1944ж
4. «Дариға, сол қыз», «Өзім туралы», «1945 жыл» өлеңдерінің авторы?
А)Б.Момышұлы Ә)Жұмағали Сайн Б) Қасым Аманжолов
5. Соғыс жылдары Қазақстан жерінде қанша атқыштар девизиясы майданға аттанған?
А)12 Ә)16 Б)11
2-тапсырма
Берілген өлеңдегі көп нүктенін орнына берілген сөздері қойып жаз.
Ер, үшін, есімдер, мәңгілік.
Туады ерлер ел .....
Өлмейді ісі ............,
Өшпейді абзал .......
Ұрпаққа жетіп .......,
Кешпейді есыл .......
3-тапсырма
1.Қазақтын мерген қызы?
2.2 дәрижелі Кеңес одағынын батыры ұшқыш?
3.1944жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапқан батыр?
4.1932-1952 жылдары әскери қызыметте блған кім?
5.1943 жылы 15 қазанда Мәншүк Мәметов қай фронттын құрамнда бірге соғысты?
6.Қаһарман қатарындағы ерлеріміздің бірі?
7.Майданға аттанар алдында не құрылды?
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||