Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:45, реферат
Екінші дүниежүзілік соғыс (1938 – 1945) - дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тараптарынан басталған соғыс. 1938 жылы фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 жылы Германия мен Жапония « антикоминтерндік пактіге »қол қойды, 1937 жылы оған Италия қосылды.
1. Екінші дүниежүзілік соғыс................................................................2
2. Соғыстың бірінші кезеңі....................................................................2
3. Соғыстың екінші кезеңі......................................................................4
4. Соғыстың үшінші кезеңі....................................................................4
5. Соғыстың төртінші кезеңі..................................................................5
6. Соғыстың бесінші кезеңі, соғыс салдары.........................................6
7. Үндіқытай елдері................................................................................7
8. Қолданылған әдебиет.........................................................................9
Мазмұны:
1. Екінші дүниежүзілік соғыс.....
2. Соғыстың бірінші кезеңі.......
3. Соғыстың екінші кезеңі........
4. Соғыстың үшінші кезеңі........
5. Соғыстың төртінші кезеңі......
6. Соғыстың бесінші кезеңі, соғыс
салдары.......................
7. Үндіқытай елдері..............
8. Қолданылған әдебиет...........
«1»
Екінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс (1938 – 1945) - дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тараптарынан басталған соғыс. 1938 жылы фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 жылы Германия мен Жапония « антикоминтерндік пактіге »қол қойды, 1937 жылы оған Италия қосылды. Жапония 1931 жылы Қытайда, Италия 1935 – 1936 жылдары Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 – 1939 жылдары. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 жылы Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне ( 1938 жылы 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехославакияның Судет облысын немістерге беруге, Германия көршілерінен басқа жер талап етпеуге келісім жасасты ) сәйкесЧехославакияның Судет облысын, 1939 жылы наурызда Чехославакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропа өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай- ақ, КСРО- мен ұжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне ( 1939 жылы 23 тамыз ) қол қойды. Осы Молотов – Риббентроп келісімі ( В. Молотов КСРО- ның, М. Риббентроп Германияның атынан келісімге қол қойған ) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығыс Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бесарабия және Польшаның шығыс бөлігі ( Нарва, Вмсла, Сен өзенднрінің шығыс жағы ) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.
Соғыстың бірінші кезеңі ( 1939 жыл 1 қыркүйек – 1941 жыл 21 маусым ) КСРО- мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлыбритания мен
«2»
Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8 – 28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов – Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Батыс Украина мен Батыс Беорусияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек – қазан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград ( қазіргі Санкт – Петербург ) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес – финн соғысы болып, шекара солтүстік – батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО- ның беделіне үлкен нұқсан келтірді. 1940 жылы 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағанымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс қимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соққы берді де, Батыс Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 жылы сәуір – мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люкембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған Француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңтүстік Францияда Петеннің « қуыршақ үкіметі » құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Ч.де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғысқа мұқият дайындала бастады. Жапониямен және Италиямен одақтастық нығайтылды. Балқан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия « мемлекеттері » құрылды. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия фашистік одаққа қосылды. Басып алынған жерлерде қырып – жою, еріксіз жұмысқа пайдалану саясаты жүргізілді, нәтижесінде фашистерге қарсы Қарсыласу дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптық
«3»
саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен басқа да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады ( 1941 жыл 11 наурыз).
Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18 қараша ). 1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді. Германияға Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77 % - ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы ). Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды. 1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді. Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде келісімге қол қойды. Гитлаерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ- тың Перл – Харбор базасына басып кірді. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекетүндеу қабылдап, фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қбылдады. 1941 жылы 22.12 – 1942 жылы 14.01 Черчилль мен Тузвельт біріккен ағылшын – американ штабын және Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – австралия бірыңғай одағын құруға шешім қабылдады. 1942 жылы Жапония АҚШ- тың Тынық мұхиттағы негізгі соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайя, Филиппин, Индонезияның басты аралдарын басып алды да, Австралияға қауіп төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитқа көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына біршеше соққы беріп, қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшеді. Америка және Ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлант мұхитынан ығыстыра бастады.
Соғыстың үшінші кезеңі ( 1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл желтоқсан ). Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай
«4»
шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71 % - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград тубінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия, Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда Солтүстік Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын – америкалық экспедициялық корпусы ( генерал Д. Эйзенхауер ) франциялық Солтүстік Африка саяси - әкімшілік бірлестігіне ( Алжир, Оран, Касабланка, т.б ) келіп түсті. Бірақ шбуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін тоығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 жылы мамырда Солтүстік Африканы толығымен азат етті. 1943 жылы жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Беларусьті азат етуге кірісті ( қ. Курск шайқасы ). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 жылы жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі құлап, П. Бадольо бастаған жаңа үкімет 3 қыркүйекте АҚШ- пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 жылы өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын – американ үкіметтері 1944 жылы мамыр айында Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді.
Соғыстың төртінші кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр ). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі щабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Приссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания
«5»
үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда
солтүстік – батыс Францияда
екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы
француз партизандарының
Соғыстың бесінші кезеңі ( 1945 жыл 9 мамыр – 2 қыркүйек ). Постдам конференциясы ( 945 жыл 17 маусым – 2 тамыз ) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты
«6»
қабылдамады. 6 және 9 тамызда
АҚШ әуе күштері Жапонияның екі
қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом
бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл
Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге
Жапонияға қарсы соғысқа
Екінші дүниежүзілік соғыс салдары.
Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80 %- ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 4 триллион доллар көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауға шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды.
Үндіқытай елдері. Францияның Үндіқытай түбегіндегі отаршылдық жүйесінің күйреуі.
Оңтүстік – Шығыс Азия елдеріне қожалық еткен Жапонияның талқандалуынан кейін бұл өңірде ұлт - азаттық күрес күшейді. 1945 жылы 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды оның бірінші президенті болып Хо Ши Мин (1945- 1969жж) сайланды.
Вьетнамдағы өзгерістер Лаос және Камбоджа елдерінде ұлт – азаттық қозғалыстың қалыптасуына себепкер болды. Бұл елдерде монархиялық құрылыс негізі әлсіреп, демократиялық жолмен даму мүмкіндігіне жол ашылды. Алайда француз отаршылдары Вьетнамнан айырылуға көнгісі келмеді. Жас республиканы күшпен тұншықтыруға әрекеттенді. Вьетнам коммунистік партиясы
«7»
халықты азаттық күреске жұмылдырды. Бұл қантөгіс соғыс 8 жылға (1946-1954 жж) созылды. Бастапқы кезеңде соғыс тізгіні Францияның қолында болып, ал император Бао Дайды басшы етіп қою арқылы ВДР- ды құртуға күш салды. 1945 жылдың соңында француз әскерлері Лаос және Камбоджа жерін басып алып, бұл елдердегі монархиялвқ тәртіпті қайта орнықтырды.ВДР жау шабуылының бетін қайтара отырып, елде демокраиялық мазмұндағы жаңалықтарын іске асыруға тырысты. 1950 жылдың басында республика армиясы қарсы шабуылға шығып, 20 млн тұрғыны бар жерді босатты. Осы жылы 18 қаңтарда - ҚХР, 30 қаңтарда КСРО үкіметі ВДР – ды ресми түрде мойындады. 1950 жылдардан бастап Үндіқытай мәселесіне АҚШ араласып, Францияны қаржы беру арқылы қолдады. 1952 – 1953 жылдары – 314 млн доллар, 1953 – 1954 жылдары 1 млн доллар берілді. Вьетнам және басқа Үндіқытай елдері халықтарының әділеттік күресі социал елдерден, әлемдегі бостандық сүйгіш күштерден қолдау тапты. 1954 жылы француз әскерлері Дьен – Бьен Фу қамалының түбінде қирай жеңілді. Ол Үндіқытай халықтарының ұлы жеңісі болып есептеледі. Үндіқытай мәселесі Жапониядағы халықарлық кнференцияда қаралып, дұрыс шешімін табу әрекеттері іске асырылда ( 1945 жылғы 26 сәуір және 21 шілде). Женева келісімі Вьетнам аумағын 17 ендік арқылы екіге бөліп, солтүстігінбе ВДР, оңтүстігінде отаршылдар құрған үкімет билік жүргізетін болды.
«8»
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Бас редакциясы Алматы қаласы 2001 жыл. (III том)
2. Дүниежүзі тарихы. 9 сынып ( Алматы 2005 «Мектеп» баспасы Авторлары: К.Қожахметұлы, Ә.Шүпеков, М.Ғұбайдуллина, Р.Бекіш).
«9»