Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 18:35, реферат
Адамзат тарихындағы қасіретті оқиғалардың бірі екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына жол салған Ұлы Жеңіске 60 жылдай уақыт асты.Бірақ бұл соғыс бұнымен толастамаған болатын.1945 жылы мамырда фашистік Германия талқандалғаннан кейін Жапонияға қарсы күрес қимылдары басталып№екінші дүниежүзілік соғыс осы 2- қыркүегінде ған аяқталып,адамзат баласы сұрапыл соғыстан бір сәтке тыныстаған болатын.
13-14. Екінші дүниежүзілік
соғыс және Ұлы Отан соғысының басталуы
Адамзат тарихындағы қасіретті оқиғалардың
бірі екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына
жол салған Ұлы Жеңіске 60 жылдай уақыт
асты.Бірақ бұл соғыс бұнымен толастамаған
болатын.1945 жылы мамырда фашистік Германия
талқандалғаннан кейін Жапонияға қарсы
күрес қимылдары басталып№екінші дүниежүзілік
соғыс осы 2- қыркүегінде ған аяқталып,адамзат
баласы сұрапыл соғыстан бір сәтке тыныстаған
болатын.
Иә,бұл соғыс туралы аз айтылып,аз жазылған
жоқ.Соғысқа қатысушылар мен оның тірі
куәгерлері болған қарапайым адамдардан
бастап,ғалымдар,тарихшылар,
Адамзат баласы пайда болғанна бері адамдар
арасында, мемле- кеттер арасында әртүрлі
қақтығыстар, жанжалдар өрбіп,оның соңы
үлкен соғыстарға ұласып жатты.Жаңа жерлер
мен ықпал ету аймақтары үшін де басқыншылық
соғыстар жүргізілді.Үрейлі де қорқынышты
"соғыс" ұғымына сөздіктер мен энциклопедияларда
мынадай анықтамалар берілген."Соғыс-иеилекеттің
немесе басқада саяси құрылымдар (мысалы,көтерілісшілердің
қарулы отрядттары)тарапынан болатын
ащық та қарулы зорлықты іс-әрекеті. Соғыс
көп жағдайда дәстүрлі бейбіт әдістермен
шешуде тұйыққа тірелген немесе оған көнгісі
келмеген ұзақ мерзімдік экономикалық,
аумақтық,идеологиялық,әскері-
Соғыс әділетті,әділетсіз,
1941ж. 22 маусымда фашистік
Германияның әскерлері Кеңес Одағына
басып кірді.
Гитлершілер КСРО-ға қарсы соғысты Атлантикадан
Сібірге дейін славян және түрік-маңғол
тұқымдас «жабайылардан» «тазартылған»
«герман-терреториялық-этностық тұтастығын»
құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін
жаулап алудың алғы шарты деп санады. Англия
мен АҚШ-ты талқандағанға және «тұтастыққа»
немістерді қоныстандырғанға дейін өзі-өзі
басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу,
Кавказ рейхскомисарияттаын құру белгіленді.
1914ж. аяғында-1942ж. Басында «қауырт» соғыс
жоспарының күйрегені белгілі болған
кеңес республикаларының «бірігу күшін»
әлсіретудің жолын іздеуге әлсіретуге
тура келді, жаңағылардан басқа Еділ-Орал
және Гросс-Түркістан буржуазиялық ұлт
мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір
және Кузнецк «индустриялық облыстарын»
құру жоспары пайда болды.
Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас
елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс
қарсаңында оның стратегиялық маңызы
бар мол адам және табиғи ресурстары болды.
Бұған дейінгі өткен 20 жылдың ішінде жоспарланғандай
патреархалдық феодализммен социолизмге
аса зор секіріс жасауды, халықтардың
экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі
теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол
жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған
еді.
Бірақ сол қаурт дамудың көлеңкелі жақтары
да болды – ашаршылық, негізсіз жазалау,
онсызда аз ұлттық интелигенттердің едәуір
бөлігін қырып жіберу, Қазақ халқының
санын азайту, ұлы даланы қудалауға түскен
халықтарда көшіріп әкелетін зонаға айналдыра
бастау, міне осының бәрі халықтарды әлсіретті,
олардың санасын улады, өлкенің мүмкіндіктерін
елдің қорғаныс қуатын нығайту үшін дамыту
және пайдалану мүмкіндіктерін тежеді.
Ал Кеңес адамдарының көпшілігі жауға
қызмет істеу деген ойдан аулақ болды.
Отанға берілгендік, патриатизм жаңа дүние
жасаушылардың саяси пафосымен астаса
отырып, халықтың көпшілігіне сталинизмнің
қайғылы әскерін жеңе отырып, отанды қорғау
үшін топтасуға мүмкіндік берді.
1939ж. халық санағы бойынша Қазақстанның
халқы 6,2 млн. Адам еді. Соғысушы армия
қатарына соғыс жылдары 1. 196. 164. Қазақстандық
сапқа тұрды. Патша өкіметінің 1916ж. тәжірибесін
қолдана отырып,сталинизм Қазақстан мен
Орта Азия түпкілікті халықтарынан және
зорлап көшіріліп әкелінгендерден еңбек
армиясы және арнауы құрылыс бөлімшелерін
құрды, оларға Қазақ КСР-нан 700 мыңнан астам
адам шақырып алынды.
Республика офицер кадрларын және армия
мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты
үлес қосты. 1941-1945жж. әскери оқу орындарына
42 мыңнан астам жас Қазақстандық жіберілді,
Республика жерінде тұрған 27 әскери оқу
орны толық емес мәлімет бойынша 16 мың
офицер даярлап шығарды.
2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды). Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Өнеркәсіптерді
Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1. 1941 жылдың аяғы мен
1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары,
кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград
облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен
әкелінді.
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды. Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды. Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. 1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:
Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.
1944 – 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 – 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті.
Ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді.
Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз – келіншек қатысты. 1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды. Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен, азық – түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Георгий Хайдин мыңдықщылар қозғалысының жетекшілері А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды.
3. Майдандағы қазақстандықтар.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Москва
шайқасының тарихи маңызы:
- Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде
талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді,
- Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг»
біржола күйреді,
- Қенес армиясы стратегиялық бастаманы
қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды.
-
Ленинград шайқасы
(1941ж.-1943 ж.-қантар).
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
Ленинград
шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін
қайталап жау дзотын кеудесімен жауып,
Батыр атанды.
2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар
полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына
бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті.
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай
Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық
әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград
түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер
қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы
Степан Разин атындағы ауылшаруашылық
артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы
жауынгер Г.П. Зубков бастады.
4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда
артеллериялық бақылау аэростаттарының
дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының
аса қиын кездерінде оны қорғаушылар
бүкіл Кеңес мемлекеті
Ленинград
шайқасының тарихы маңызы
- Гитлершіл Германияның
ірі жеңілісі болды,
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі
болды.
Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).
1942 жылы 17 шілде Сталинград
түбіндегі кескілескен ұрыстар
басталды. 1942 жылы күзде Сталинград
шайқасының жалыны Батыс
Информация о работе Екінші дүниежүзілік соғыс және Ұлы Отан соғысының басталуы