Чингизхан- завоеватель мира

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 17:12, реферат

Описание работы

Бізді қызықтырған «Моңғолдардың құпия тарихының» авторы ұстанған бағыт туралы сұраққа жауап табудың бірақ әдісі бар-деректі төрт қатарға бөліп қарастыру:
1) оқиғалардың хронологялық дәйектілігі;
2) әдеби шығарманың бағыты, басқаша айтқанда жанры;
3) автордың көзқарасы бойынша тарихи тұлғаларға мінездеме;
4) автордың 1240-шы жылғы немесе шығарманың жазылу мезетіндегі саяси ұнамдары.
Шыңғысхан шығарманың басты кейіпкері, алайда оның тұлғасы, мінезі, қабілеттерін қорытындылау-өте киын. Автордың өзінің кейіпкеріне бүкіл әңгімебарысында екі жақты қарауы өзгермейді. Бірінші көзқарасы- Темүжін ызақор, қорқақ, кекшіл,алдамшы адам. Екінші көзқарасы- Шыңғысхан көреген, ұстамды, әділ және жомарт билеуші болған.

Содержание

Кіріспе
1. Шыңғысханның өмірбаяны.
1.1. Шыңғысханның шығу тегі, балалық шағы.
1.2.Шыңғысханның билікке үшін күресі, құрылтай.
2. Шыңғысхан империясы.
2.1. Шыңғысханның жаулап алу жорықтары.
2.2. Шыңғысханның мемлекетті басқару жүйесі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Шыңғысхан.docx

— 45.54 Кб (Скачать)

Болган  жағдайды көз алдымызға толық елестету үшін Шыңгыс-ханның жаулары Ван-хан мен Жамүхаға оның балалары — Жошы, Шағатай, Үгедей және оның билігін қабылдап алушы — Елүй Чуцойды - әрқайсысын жеке-жеке карастырып шығу керек.

Ван-ханның шарасы жеңіл. Автор оны жақтырмаса керек, бірақ бүл жерде оған деген жеке бас қызығушылығы болса керек. Ван-хан меркіттерді талқандағанда, "түскен олжадан Шыңғысханға ешнәрсе бермеген". Меркіттерден түскен олжадан дәмелі болған автор ешнәрсе тимегендіктен ол оған өкпелеген болса керек. Арамза керейіт патшасын каралау үшін автор бар жоқ осек-аянды жинап, оны екі рет қайталаған: ерекше боліп көрсетіп, жау коалициясының көсемдеріне жіберген Шынғысханның хатында. Атайда егер Ван-хан туралы айтылғандардың бәрін жинактаса кол бізге ойы таяз, жайбарақат, қалжыраған қария ретінде елестейді. Бертені түтқыннан қүткарып алу үшін жорыққа аттануына оған сый ретінде берілген бүлғын ішік жеткілікті болды. Кешігіп келгеніне кінә таққан Жамүхаға көнбістікпен жауап берді; үнамды адам үшін қуанып, Темүжіннің хан сайлануына да қарсылық білдірген жоқ; Жамүханың қылықтарына да ақылдылықпен және байсалдылыкпен жауап берді, бірақ ымырашылдыққа келуге жақындығы оның айналасындағылардың ықпалына берілуіне мәжбүр етіп, оның күй-реуіне әкеп сокты.

Жалпы алғанда, автордың ойынша оған мадақ  емес, аяушылық көрсету керек.

Жамүха  түлғасы - біз үшін үлкен жүмбақ. Алғаш рет ол Бөртені меркіт түтқынынан босату кезінде көзге түседі, бірақ біз Темүжін мен Жамүханың достығы бүдан әлдекайда бүрын болғанын білеміз. Жамүха көмек корсетуге әрқашан дайын болды. Автор достыққа берік, ақылды адам - жауынгер бейнесін рахаттана көрсетеді. Оның айтуында Ван-хан қүрудан бас тартқан жорықтың жоспары болды. Жамүханың карулануы кен аукымда бейнеленген. Оның кайырымдылығы әдейі ерекшеленген: кездесу орнына кешігіп келген Ван-ханға Жамүха былай деді: "Дауылда да, жауында да жиынға кешікпеу керек. Моңғолдардың "иә" деген антынан айырмашылығы бар ма?"

"Юань-Чао  Би-Ши" бойынша жорықтың сәттілігі  Жамүха бағытының дәл орындалмауына  шартталды. Бүл туралы автор екінші рет Темүжіннің рахмет сөзінде айтты. Жамүха мен Темүжіннің реніші туралы сүрақ әлі толық қарастырылмаған. Реніш себептерін қарастырған кезде Жамүханың Темүжінге қойған жүмбағы – көшіп-қону орнын тандауға барлық зерттеушілер басты назарын аударған. Зертттеушілерді бұл жолды кұпия тарих авторы сілтеді. Әрине, жүмбакта Бөрте республи-касындағы саяси бағдарламалардың элементтері қамтылған, бірақ осы шақта емес, 1240-шы жылдан 1182-ші жылға салыстырмалы көзқарас түрінде берілген. Неге екені белгісіз окиға кейіпкерлері — Жамүха мен Темүжіннің реніш себебін екеуі екі түрлі түсіндіргенін авторлардың біреуі де атамаған. Жамүха Темүжінмен қырғи қабактығында Алтан мен Қошарды кінәлап, өлер алдында да былай деген екен: "жауларымыз бізді шағыстырып екі жүзді кара беттер, солардың кесірінен біздің мәңгі-лікке жүбымыз жазылды".

Темүжін болса, реніш кінәлісі оны қызғаныштан  жек көріп кеткен Жамүханың өзі  деп есептеді. Осылайша, "Юань-Чао  Би-Ши" авторы тағы бір рет аузында созін үстай алмады, бірак мәні "андасынан озғысы келген" Жамүханың беделденуіне түйінделген өз саяси үрдісіне қолайлы түрдегі түсінікті оқырман коңілінен шығаруға оның дарыны жетті. Бүл түйіннің авторға не үшін керек екендігін біз төменіректе көре жатармыз.

Жамүха  бейнесі Темүжінге қарағанда  қарама-қарсы бағытта берілген, оның үстіне әдеби катарлылық бүл жерде  барынша айқын бейнеленген.

Жамүха  түлғасына байланыстының бәрін  автор оте жоғары бага-лады, сондай-ақ бүл пікірін автор Темүжін айтқан деп, Жамүханы кешіруге негіз деп қарастырған. Бірақ Жамүханың саяси бағдарламасы туралы автор аз немесе жумбактап жазды. Ол былай жазды: "Жамүха мен оны хан көтерген халык" және моңғолдардың көп бөлігі Шынғыстың емес Жамүханын соңынан ерді.

Автор Жамүханың әбден түсінікті болған қаралы шараларын жасыруға тырысты, өйткені ол қүрған одақ тарап кетіп, жауынгер-лер безіп кетті. Жамүханың керейіт ордасындағы арамдықтарын автор керейіттік Ван-хан мен Гурин-батырдың яғни оның дүшпандары-ның аузынан кінә тага жазды. 1240 жылы да Жамүха кейбір моңғол жоғары билеушілері үшін жалқы түлға болып қала берді. Сондыктан автор өте сак, ол Жамүханы қатты қаралағысы да келмейді, ақтауға да қорқады.

«Моңғолдардың қүпия тарихының» авторы «көне моңғол одағында" болғаны түсінікті. Ол Жамүханы үмытылып бара жатқан көне моңғол батылдығы мен дәстүрін сақтаушы деп түсінді, ақтау себебі міне осы. Оған мемлекет арбасының "екінші тіркеуі", жолдас және кеңесші болу-ды үсынған Шыңғысханның айтқанына сүйенген автор оның моңғол ісіне сатқындығын не себептен жасырды. Автор жек көрген Күйікке қарсы 1240 жылы біріккен керейіттер мен наймандарға Жамүханың сатып кетуін автордың мақтауы да осы себептен ол Жамүханың айтқанын былай деп жазды: "Мен андамнан озамын деп, жетімсіреп, жалғыз әйелім "еткен тарихпен" қалдым". Ал бүл жалған, өтірік қой! Жамүханың дос-тары мен пікірлестері ол кезде әлі каруын тастамаған болатын. Ержүрек меркіттер мен найман ханзадасы Күшлік 1218-ші жылға дейін шыдады, ал Жамүха өз жауынгерлерінің сатқындығының кесірінен түткынға түсті. "Моңғолдардың күпия тарихының" авторларының мүнымен шар-уасы жоқ! Ол көне моңғол батылдығын асқактатуы және керейіттер мен наймандарды нәзік, мақтаншақ тіпті корқак деп бейнелеуі керек. Ол Шыңғысханның өзі мақтанған Қадак-баходыр сияқты кей-бір батырларды ғана атап еткек. Осы себептен ол Жамүханы жазалаудағы Елшітай — ноянды атамаған. әйткені мүны жазса, Күйіктің бүл досы сондай-ақ Шыңғысханға сүйкімді болғанын жазуы керек болды, ал олай болса. сол кездегі "Моңғолдардың қүпия тарихындағы" қүрылған қағида өзінің саяси әрекеттілігін жоғалтар еді. Онда Елшітай тек бір-ак жерде атап өтілген, ол күзет жанынан өтіп бара жатып үсталып калған және үш жерде бұл мәлімет расталған.

 

 

 

 

 

2.  Шыңғысхан империясы.

2.1. Шыңғысханның жаулап алу жорықтары.

Шыңғысхан Қытайды жаулап алғаннан кейін, батыс  елдерге бірнеше рет саудагерлер  мен елшілерін жіберіп, барлау жүргізе бастайды. Жетісу өңіріне монғолдар 1211 жылы келіп кіреді. 1216 жылы Жошы бастаған қалың қол керейлерді бағындыру үшін Торғай даласына дейін барады. Осы жорығында монғол әскерлері тұңғыш рет Мұхаммед хорезмшах әскерлерімен соғысады. 1218 жылы Орта Азияға Шыңғысхан сауда керуенін жібереді, олар Отырар қаласына келген кезде Ғайырхан саудагерлерден күмәнданып, олардың бәрін өлтіруге бұйрық береді. Бұл хабарды естіген Шыңғысхан Орта Азияға '''200 мың әскермен''' жорыққа аттанады. 1219 жылы Ертіс өзенінің бойында әскерлерін тынықтырып, Балқаш көлінің оңтүстігі - Жетісу арқылы Отырар каласына жақындай түседі. Қалаға жақындағанда Шыңғысхан әскерлерін бірнеше түменге бөледі. (Он мың әскер бір түмен деп аталған). Отырар қаласын алуға Үгедей мен Шағатайды қалдырады. Жошы қалған түмендерімен Сыр өзенінің төменгі ағысындағы Жент және Янгикент қалаларын алуға аттанады. Шыңғысхан кіші баласы Төле Бұхара қаласына жүріп кетеді. 1219 жылдың күзінде монғол әскерлері Отырар қаласына келеді. Отырар өмірі Ғайырхан 20 мың әскерімен қаланы қорғауға дайындалады. Отырарды қоршап алған монғол әскерлері бірнеше ай бойына қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен-жексен етеді.Заманында Отырар қаласы қазақ жеріндегі ең ірі қалалардың бірі болған. Бұл жерде ғұлама ойшыл, данышпан ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туған. Қаланың орны күні бүгінге дейін сақталып, Қазақстан ғалымдары жыл сайын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. «Отырардың күйреуі» атты кинофильм түсірілді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде ғылыми кітаптар жазылды. Отырар қаласы құлағаннан кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұхара жолында Шыңғысхан әскерлеріне қосылып, Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды.

Монғол  шапқыншылығы басталғанда қазақ даласында, Орта Азия жерінде феодалдык бытыраңқылық күшейіп келе жатқан болатын. Шыңғысхан Хорезм мемлекетін де жеңіп, өзіне бағындырды. Бұхара, Самарқан қалаларының халқы ерлікпен корғанып, қарсылық көрсетті. Хорезм астанасы Үргеніштің түрғындары жеті ай бойына ерлікпен қорғанды. Шыңғысхан бастаған монғол-татар әскерлері 1220 жылдың мамыр айында бүкіл Мауараннахр аймағын өзіне бағындырды. 1221 жылы Мерв, Хорасан қалаларын алып, Орта Азияны өзіне каратты, 1221 жылы көктемде Шыңғысхан Өмудария өзенінен өтіп, Ауғанстан мен Солтүстік Үнді жеріне барады. XIII ғасырда Қазақстан мен Орта Азия жерінде монғол-татар үстемдігі орнайды. Қырғын соғыс пен ұзақ жылдарға созылған езгі жергілікті халықты күйзеліске ұшыратты.

Орта  Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан жіберген әскерлер Кавказға аттанады. Солтүстік Ираннан кейін монғол-татар әскерлері Әзірбайжан жеріне кіреді. Жолындағы Марага, Нахичеван, Байлакан қалаларын жаулап алады. Шемаха қаласы қатты қарсылық көрсетеді. Армян-грузин әскерлерін жеңіп, Жебе мен Сүбедей әскерлері Дағыстан арқылы Дербент қаласына келіп, Солтүстік Кавказ жеріне аяқ басады. Осы жерде қыпшақтармен кездеседі. 1223 жылы 31 мамырда Қалқа өзенінің жағасына шығып, орыс даласына жақындайды. Қалқа өзенінің бойында монғолдарға орыс-қыпшақ әскерлері біршама қарсылық көрсетеді. Бірақ орыс жеріндегі феодалдық бытыраңқылық орыс әскерлерінің бірігіп соғысуына кедергі болады. Орыстардың қыпшақтармен келісе алмауы салдарынан [[Қалқа]] өзенінің бойында монғол-татар әскері жеңіске жетеді. 1225 жылы Шыңғысхан өзінің астанасы Қарақорымға келеді. 1226 жылы Таңғұт патшалығына жорық жасайды. Бұл жорықта Шыңғысхан ірі жеңіске жетіп, Таңғұт патшасын өзіне бағындырады. Жорықтан қайтып келгеннен кейін аң аулап жүргенде аттан құлап, мертігеді. Сол жығылғаннан тұра алмаған Шыңғысхан 1227 жылы 72 жасында дүние салады. Өзінің көзі тірісінде айтып кеткеніндей, баласы Үгедей таққа отырады. 1235 жылы Қарақорымда болған құрылтай жиналысы ендігі шабуылды батысқа қарай бастауға, жаңа жерлерді бағындыруға шешім қабылдайды. Жорықты бастау Жошының баласы Батуға тапсырылады. Көп кешікпей 1236 жылы Батудың Орыс жеріне жорығы басталады.

2.2. Шыңғысханның мемлекетті басқару жүйесі.

Автордың  Шыңғыстың балаларына деген көзқарасы  жағымсыз десек те болады. Жошыны ол үнатпайды және оның заңсыз туылғандығы туралы өсек-аянды қуана таратады. Шағатайдың бойынан ол тек кана қатыгездікті көреді, ал енжар, өз басына жауап бере алмайтын Үгедейді ішкіш, корсе қызар және андар ағаларының үлесіне отіп кетпесін деп ез жерін коршап қоятын қаттылығын көрсетеді. Бірак Үгедей шын мәнінде әлсіз түлға еді, ал оның бүкіл жүмысын Егүй-Чу-Цай жүргізді... Елүй Чу-Цай туралы автор не жазған? Бір ауыз сөз жоқ! XIII Людовиктің тарихшысы Ришелье туралы ұмытып кеткен сиякты, бүл таңқаларлық жағдай.

Осылайша  біздің сараптамамыз деректеменің біз бас кезінде бай-қамай калған біркатар жүмбақ кілт біреу-ақ – автордың саяси үрдістілігі. Осыдан кейін біз, алдымыздағы саяси помфлет екендігін қорытын-дылай аламыз. Шығарманың мақсаты оқырмандарға 1240-шы жылғы моңғол тарііхын белгілі бір көзкараспен көрсетіп, оларға белгілі бір саяси кағиданы таңудан түрады. Сондықтан "Асыл аңыз" деген атауы өзгеше бір фольклорлық мағына беретіндіктен "Моңғолдардың қүпия тарихы" деп атау дүрыс екенін мойындаймыз. Осыдан кейбір жылдар-дың айтылмай калғаны, артык айтушылык, өткенімізге екі жақты көзкарас және ішкі тарихымызға жоғары қызығушылық туатыны түсінікті. Бірак халқын сүйген автор кіммен күресіп, кіммен пікір таластырады?

Мұны түсіну үшін біз XIII ғасырдың 30-40-шы жылдардағы ке-зеңіндегі сараптамаларға назар аударып, қүпия тарихтың авторын ғана емес, сонымен қатар оның кандай жағдайда жазғанын да көз алдымызға елестетуіміз керек.

Шыңғысхан билігінің соңғы жылдары Моңғол империясында екі карама-қарсы саяси бағыт қшіыптасты. Әскери одақ деп атауға болатын біріншісі егіншілік жерлерді жайылмаға айналдыру үшін, жаулап алған жерлерін аяусыз кырып-жойып, тонау жолын үстанды. Шыңғысхан өлгеннен кейін Сүбетай батырдың жарқын көрініс тапқан ескі дәстүрін моңғол дәстүріне бағыттады. Екінші бағыт өкілдерді жаулап алған елдермен қарым-катынасын дүрыс жолға койып, әскери монархияны бюрократияға айналдыруға талпында. Оның басы-қасында канцилер Елу Чу-Цай түрды.

Үгедей  түсында билік бірқатар жарғылар жасаған Елу Чу-Цайдың қолында  болды. Сот жарғысы монгол әскербасыларының тағдырын шек-теді. Соттық-моңғолдардың өзіне малдан бір пайыздық салық салды, империяның кытай түрғындары моңғолдар мен мүсылмандар төлейтін жан басына салынған салыққа карағанда жеңілдеу түсетін әр от-басынан (түрғын уйден) салық алып түрды. Мүндай салықтар түрғындарға соғыстан қираған шаруашылықты қалпына келтіріп, көп кіріс кіргізіп, Елу Чу-Цайдың хан алдында беделін көтерді. Үгедей онымен келісті, келесі жылы Сүбетай империя саясатына еш ықпалын жүргізе алмайтындай соғыс театрының үшінші дәрежелі қатарына түсіп қалды.

Елу Чу-Цай  жоспарлы түрде жүргізген империялық монархияны бюрократтыкка айналдыру желісі, жеңіп алған бірінші орынды беруге мәжбүр болған моңғол қоғамының бір тобынының қарсылығын тудырды. Бірақ моңғолдар оларды басқарып отырған шетелдік оқымыстыға ештеңе істей алмады. Басшыға қауіп басқа жағынан төнді.

Әкелінген тауарға салынып салық жүйесі және қытай өндірісінің қайта  өрлеуі шонжарлардың сауда жасап, базарды  тек өздері ғана иеленгісі келген көпестер үшін қолайсыз болды. Үйғырлар да, моңғолдар жағына отіп кеткен баска халықтар да осындай болды. Олардың көсемде-рінің аттары белгілі: Қадак-Қытайда санақ жүргізуші өкіл, Шынкай-Елу Чу-Цайдан кейін орынбасар кызметін атқарған — Нестториан, Әбдірахман сатып алып, сатушы және Махмуд Ялаваш — мүсылмандар. Бүл шағыстырғыш, арам адамдар болды. Елу Чу-Цайдың ханның айткан "Сен соғысқың келеді-ау деймін? Халықтың қамын жеуіңнің үзақтығы канша?" деген сезіне өкпелеп қарсы болуына қарамастан 1239 — 1240-шы жылдары-ақ Әбдірахман Қытайдан өтемге салықтар алды.

Осыған  қарамастан Елу Чу-Цайдың жағдайы  өзгермеді. Оның адамдығын "әділдігін, акылы мен дарынын жоғары бағалаған" Үгедей оған қатты сенді. Нөкерлердің  қарсылығы мен көпестердің арамдығы іске аспай қалды, бірақ 1241 жылы 11-ші желтоқсанда Үгедей хан кайтыс болды.

Информация о работе Чингизхан- завоеватель мира