Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:14, реферат
3ерттеушiлердiң пiкiрiнше, буддизм осыдан 2500 жыл бұрын пайда болған. Оның негізін Индияның солтүстiгiнде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни есімді тұлға қалаған. Ол жер-жерлерді аралап жүрiп, өз ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған.
Будда дінінің шығу тарихы
3ерттеушiлердiң пiкiрiнше, буддизм осыдан 2500 жыл бұрын пайда болған. Оның негізін Индияның солтүстiгiнде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни есімді тұлға қалаған. Ол жер-жерлерді аралап жүрiп, өз ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзiн Будда (атақты бiлгiш) деп таныстырған. Ол жердегі адамзатты, жан-жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екенін түсіндірген. Шығыс философтарының тұжырымдарына сүйенсек, Будданың анасы, шакья тайпасының патшасының әйелі Майя (Махамайяульи Майя) бiрде түс көрген. Түсiнде оның құрсағына бiр аппақ пiл кiрiп кеткен. Содан көп ұзамай Майя жүкті болып, балалы болған. Аңызға қарағанда, бала жерге шыр етiп түскенде, оған бүкiл құдайлар қатты қуанған. Әкесi баласының дiн жолына түсуін қаламай, оған дүниелiк тәрбие берген. Көңілін дiннен қашықтату әрекетiнде болған. Патша болғандықтан, әшекей дүниелерге кенелтiп, оны үйлендiредi. Бiрақ, бұл әрекеттерi баласын тоқтата алмайды. Бiрде Суддхартхи (Будда патша кезінде осы есімді иеленген) қалада үстiн жара басқан бiр қартты кездестiредi де, «Азаптан кұтқару» идеясын ойлап табады. Содан барлық сана-сезiмiн сарп етiп, азаптан кұтылу үшiн не iстеу керек дейді өз-өзіне. Құтылудың жолы – тек өзiн-өзi азаптау. Барлық дүниесін тастап, ел кезіп, қайыршылық жолмен күн кешiп, идеясын уағыздауға көшедi. Қиындықтарды бастан кешіп, тұрмыстық дүниенi тәркi етiп, бедеулiк жолға түседi. Бiрақ сол кездегi өзiн бедеушiлiкте ұстайтын брахмандарға ұқсаудан сақтанғысы да келедi. Әулиелiк қасиетi бар деп саналатын Бодхи деген ағаштың түбiнде отырып, төрт шындықты ойлап табады. Бiрақ ойын амалға асыруға өлiмнiң Құдайы – Мара кедергі жасап, тазаруға жiбермейдi. Қыздарын жiберiп, көңілін бөлгiсi келедi деп жазылады Будда туралы аңыздарда. Будда өз iсiне берiк болып, Варанас қонысына жақын жерде “пiл паркiнде” бiрiнші рет өз идеясын адамдарға жеткізеді. Сол төрт шындықты өз шәкiрттерiмен 40 жыл бойы ел аралап таратып, дiнiне кiрудi уағыздайды. Өсиеттерiнен, жасаған кереметтерiнен бiр дұрыс қорытынды табуға әрекет етедi. Бiрақ ешқандай дәлелдi немесе маңызды, құнды нәрсе таба алмайды. Француздың буддолог ғалымы Г.Сенар Будданы мифологиялық образ санады. Немiс ғалымы Г.Керн Будданың тарихта болғанына күмән келтiрiп, оның өмiрбаяны – аңыз дейдi. Әйтсе де, көптеген ғалымдар Будданы тарихтағы белгiлi тұлға есебiнде қарайды. Аталмыш көзқарастың негiзiнде – Шакьямуни буддизм монахы құрылды. Буддизм пайда болмай тұрғанда да Индияның мәдениетi өте жоғары деңгейде болған. Үндістердің жазуы, әдет-ғұрпы, дiндерi дамыған. Индия мәдениетi әлемдiк деңгейдегі Месопотамия, Египет мәдениеттерiнiң қатарында тұғын. Философиялық көзқарастарда Буддизм белгiлi бiр әлеуметтiк жағдайлардан туған дін. Үндiстанда б.д.д. ҮI ғасырда құл иеленуші қоғам құрылды. Қоғамды билеп-төстеушілер, брахмандар мен әскери қоғам бір-бірімен бақталаста өмір сүрді. Соғыста әскерлер жер иелеріне, саудагерлерге және хәлі нашар бұқараға сүйенді. Сөйтіп б.д.д. ҮІ ғасырда үнді қоғамындағы әлеуметтік коалиция ерекше парасатты жағдайдағы лауазымдарды құрметтейтін брахманизм идеологтарына қарсы күресті.Индияның солтүстік жағында кішігірім мемлекеттер бір-бірін жаулап алған. Жауланған халықтың діни ұғымдарымен өздерінің діни ұғымдарын байытып, дамытып отырған. Құл иеленуші қоғам болғандықтан, үстем тап төменгі тапты қанаған. Дегенмен, өндіріс күші де дамыған. Әсіресе Ганга бойындағы өндіріс күштерінің дамуының нәтижесінде таптық күрестер шыққан. Жеке қолөнершілік, кіші кәсіпкерлік өсіп, төңірегіндегі топтармен байланыс жасау басталып, оларға өз мәдениетін таратуға әрекеттенген. Будданың өсиеттері жазылған Махавагга, Ману, Джатак деген кітаптары пайда болған. Индияның көпшілік таптары бір-бірімен соғысып отырғандықтан жоғарғы тап қорғану жағдайына көшіп, өз күшін нығайта түсіп, әрі бір-бірімен бірлестікке келіп, топтаса түскен. Нәтижесінде Маурья империясы орнаған. Осы кезде түрлі касталарға бөліну, дүниені зерттейтін институттар, діни философиялық ағымдар пайда болған. Осындай жағдайда буддизм де күш алып, әлем діні дәрежесiне жеткен. Дін барлық халыққа жеңiлдiк беріп, бүкiл адамдардың қайғы-қасіретке бiрдей екенiн жариялап және одан арылуға шақырған. Дiни оқулар орны көбейiп кетiп, неше түрлi құдайшылдар топтары өз көзқарасын талқыға салған. Дүниенің пайда болуына, байланыс күшінің барлығына сенiмсiздiкпен қараған. Ол кезде құдайға сенушiлiк болған жоқ, дiни ұғыммен адамды тазалауға болады деп түсiндірген. Адамның қоғамға, айналадағы байлыққа көзқарасын екiншi орынға ығыстырған. Дегенмен, дiни тазалықты жоғарғы топтан ғана iздедi, ал ең соңғы касталарын адам деп қарамады, екi аяқты мал есебiнде көңiл бөлмедi. Ү-ҮІІ ғасырларда буддизм мәдениетi өркендеп, ең жоғарғы деңгейге жеттi. Монастрларда үлкен байлық жиналды. Азияның қалалары — Кошамби, Санчи, Бодх-Гасде, Матуре, Сарнатхе, Аджантеде әшекейленген храмдар салынды. Будданың мүсiндерi жасалды. І ғ. Қытайға, ҮП ғ. Тибетке, ХIҮ ғ. Монғолия мен Ресей мемлекеттеріне ендi.