Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 19:50, реферат

Описание работы

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):
Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).
Антанта (Англия, Франция, Россия).
Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

Работа содержит 1 файл

Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан.docx

— 24.52 Кб (Скачать)

Бірінші дүние жүзілік  соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық  қозғалыс. 

Бірінші дүние жүзілік  соғыс. 

                Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): 

    Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). 

    Антанта (Англия, Франция, Россия). 

    Соғыстың  сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. 

Соғыстың  себептері:  

    Империализмнің  барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. 

    Капиталистік  өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.  

    Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние  жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.  

      Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан  нашар қамтамасыз етілген еді. 

            Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға  да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның  дүниежүзілік империалистік соғысқа  кірісуі Қазақстанды тонауды  күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді: 

    1. 40899244 пут мақта

    2. 38 мың шаршы  аршын киіз

    3. 3 млн. пут  мақта майы

    4. 229 мың пут  сабын

    5. 300 мың пут  ет

    6. 473928 пут балық

    7. 70 мың жылқы

    8. 12797 түйе  алынды

    9. 14 мың киіз  үй салынды  
     

 

      Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал  өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының  азаюына әкеп соқты. 

      Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың  жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің  ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.  

 Сонымен қатар  Қазақстан жеріне Үштік Одақтың  әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей,  Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде  200 мың-ға жуық әскери тұтқын  болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия,  Германия тұтқындарының қазақ  жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық  – саяси жағдайына әсер етті.  

      Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы  шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.  

1916 жылғы ұлт-азаттық  қозғалыс. 

      Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы  көп ұлтты Россия тарихының бүкіл  барысы әзірлеген болатын. Мұның  өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.  

      Көтерілістің  сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды. 

Көтерілістің  негізгі себептері: 

    1. Жердің  тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);

    2. Салықтар  мен алымдардың кобеюі;

    3. Еңбекшілерді  үстем феодал-байлар тобының қанауының  күшеюі;

    4. Ұлттық  араздықтың өршітілуі;

    5. Соғысқа  байланысты бұқара жағдайының  күрт нашарлауы;

    6. Орыстандыру  саясаты. 

Көтерілістің  қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.  

Көтерілістің  барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.  

Қазақ даласында  патша жарлығына көзқарас әртурлі  болды: 

    1. Феодалдық басшы  топтар және жергілікті  әкімшілік жарлықты қолдады.

   2. Революцияшыл топ  өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.

   3. Либералдық-демократиялық  зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.  

Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл  зиялылар өкілдері: 

    1. Жетісуда – Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков.

    2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов.

    3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев.

    4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев.

    5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов. 

      Майдан  жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын  тудырды. Елде болыстық басқармаларды  талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық  қағаздарын жою, патша әскерімен  қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті. 

Жетісудағы  көтеріліс. 

      1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы  қарулы көтеріліс бұқаралық сипат  алды.  

      Жетісу  облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды: 

    1. қоныстанушылар  ауылдарындағы орыс кулактарын  қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.

2. қырғыздардың  топтасып, бас қосуын бүлік деп  санап, басып – жаныштады. 

3. котеріліс  басшыларын тұтқындап дала сотына  беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды. 

        Ұлтаралық араздықты күшейту  мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды. 

 Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды. 

 Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. 

 Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. 

        Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.  

      Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.  

      Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.  

 Төрғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.  

      Төрғай  облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн  түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға  шабуыл жасады, темір жол табанын  бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Төрғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Төрғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.  

      Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы  күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден  ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.  

       1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын  қоршады. Оған қарсы генерал  А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық  жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың  келе жатқаны туралы деректер  алғаннан кейін көтерілісшілер  Төрғайды қоршауды қойып, қарашада  Түнқойма почта станциясының  маңында подполковник Катоминнің  отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің  негізгі бөлігі Амангелдінің  штабына орналасқан Батысқара  жазығы мен Аққұм құмының маңына  шоғырланып, партизандық күрес әдісіне  көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің  серігі, атақты мерген Кейкі батыр  жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен  бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға  зор ықпал еткен большевик  Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.  

      Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын  маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен  ертегілерден шыққандай ғажап әскер  еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан  төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.  

Салдары:

-3 мың адам  жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.

-161-і каторгаға  айналды.

-Жүздеген ауылдар  тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар  атылды.  

1916 жылғы көтерілістің  жеңілуінің себептері: 

1. Көтеріліс  бытыраңқы болды.

2. Көтерілістің  ұйымдастырылуы мен басқарылуы  дұрыс жүргізілмеді.

3. Әскери қарудың  жеткіліксіздігі.

4. Патша үкіметі  жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық  діни тартыстар мен қайшылықтарды  шебер пайдаланды.

5. Күнібұрын  белгіленген жоспардың болмады.

Информация о работе Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс