Бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2011 в 10:01, реферат

Описание работы

Желтоқсан оқиғасының “дүркіреп” өткеніне 13 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
а. Бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс;
ә. Көзбен көрген көріністер;
б. Құпия өлім мен “Желтоқсан оқиғасындағы” өкімен рөлі.
в. “Қазақ ұлтшылдығы”.
Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Желтоқсан.doc

— 59.50 Кб (Скачать)

    - Бірақ біз мұндай  айқаймен мәселенің  мәнісін шеше алалмаймыз. Бізге сабырлылық  пен шыдамдылық  керек. Мен қазір анда (Үкімет үйін қолымен нұсқады) барамын да, сендердің талаптарыңды басшы азаматтарға жеткіземін. Және өзім де соны талап етемін. Болмайды екен, сендердің араларыңда мен де боламын.

      Серік Әбдірахманов үш-төрт жігітті бастап тағыкетті. Арада шамалы уақыт өткеннен кеиін қайтып келді. Ол жастарға басшыларға қойғанталапты жеткізгенін, олардың бұл мәселені қарап, тиісті шара қолдану үшін кеңесіп жатқандығын мәлімдеді. Сонда ғана барып жастар жіби бастады. Дейтұрғанмен, Серік Әбдірахмановтың өзін қудалауға ұшыратқанын бүгінде біреуі білсе біреуі біле бермейді. Ал жастардың талабы орындалмай қалды. Міне, сол кездегі басшылардың екі жүзділігі осы арада айқын сезілді. Керісінше, қазақ ұлтының бостандығын аңсаған Серік сияқты намысын жыртқан көлтеген азаматтарымыз қуғын-сүргінге ұшырады. 
 
 
 
 
 

       

      б. Құпия өлім мен  “Желтоқсан оқиғасындағы”  өкімет ролі.

      “Желтоқсан” жетекшісі, адвокат  Аманжол Мәлібаев және ”желтоқсан оқиғалары” жөнінде деректі  фильм түсіруші Қалдыбай Әбенов “желтоқсан оқиғаларына” қатысушы,солдаттарға Қайрат Рұсқылбековтың түрмеде қаза табуының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Әкімшілігі оның өзін-өзі өлтіргенін дәлелдемек болды. Ал Мәлібаев пен Әбенов бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтынын айтады. Олар “Желтоқсан” бұл оқиғаны тергейтінін мәлімдеді.

      Республика басшылығы. Барлық тергеулердің негізгі сауалы мынау: бейбіт наразылық демонстрациясына Қазақстан өкіметі қалай қарады?

      Құрамында қазақтар да, басқа  ұлт өкілдері де бар  көптеген куәгерлер  қақтығыс үшін негізгі  жауапкершілік демонстрацияға салауатты көзқараспен қарай алмаған республика өкметіне жүктелетіндігін айтады. АХТ-ға пікір білдірген тәуелсіз қоғамдық “Мемориал” ағарту бірлестігін болып өткен оқиғаға республика өкметі жауап беруі тиіс деп мәлімдеді.

      “Оқиғалар басшылардың сауатсыз іс-әрекеттерінің салдырынан болды, олар адамдырмен сөйлеспейді, түсіндірмеді. Қонаев халық алдына шығып, тыныштандырғысы келмеді. Милиция да мұндай жағдайда қалай қимылдау қажеттігін білмеді”,- дейді ол. “Демонстранттарға өздерін толғандырған проблемаларды талқылау үшін микрофонды пайдалануға басшылық мүмкіндік берді ме?”. Бұл сауалға жауап беруде куәгерлердің пікірлері әрқиылды. 
 
 
 

      в. “Қазақ ұлтшылдығы”

      “Желтоқсан  оқиғаларына” қатысушылардың бірі осы оқиғаға  ұлтшылдық айдарын  таққан КОКП ОК Саяси  бюросының мүшесі, КОКП ОК жанындыағы Партиялық бақылау комитетінін төрәағасы Михаил Соломнцев болғанын айтады. Ол Алматыға 18- желтоқсанда келген. Кейбір куәгерлердің айтушы бойынша, оқиғаға ұлтаралық қақтығыс сипатын беру мақсатында жасақшыларды орыстардан іріктеуге шешім қабылдаған Соломенцев көрінеді.

      “Желтоқсан  оқиғаларына” “қазақ ұлтшылдығы” деген  айдар таққа КОКП ОК қарары ( маусым, 1987 ) қазақ халқын қатты  қапаландырды. Бұл  жалған айыптудан  құтылуға ұмтылу 1989 жылдың көктемінен бастаған Алматыдағы толқу  себептерін тергеу жолындағы кең қозғалысқа өріс ашқан еді. 1990 жылдың 21- мамырында КОКП ОК бұл айыптауды қате деп тауып, “желтоқсан оқиғасына” баға беруде “қазақ ұлтшылдығы” айдарынан бас тартты.

      АХТ қызметкерлерінің бақылауынша, Алматыдағы 1986 жылғы  желтоқсан оқиғасы барысында әсіресе демонстранттарға жасақшыларды қарсы қою қатты назарлықты туғызды. АХТ өкілдері сөйлескен көп адамдар орыс азаматтары қоғамдық тәртіпті дұрыстау үшін қажетсіз еді деген пікір айтады. Оларды бәрінен бұрын қазақтар мен орыстар арасында жанжал шығару мақсатында ұцымдастырған. “Мемориалдың бір мүшесі - орыс азаматы да: “Өкімет тәртіпті сақтау үшін орыс жұмысшыларын жұмылдырды. Ал, бұл ұлтаралық жанжалға әкеліп соқты”, - деді.

      Адвокат Мәлібаев (қазақ) та жасақшыларды ұлтаралық  араздықты ұйымдастыру үшін әкелгенін былайша әңгімелейд:

      “Өкімет қолында армиялық бөлімдер мен ішкі әскерлер 50 мыңдай солдат және 20 мың милиционерлер  болды.Олар 18-желтоқсанда  жасақшыларды не үшін жұмылдырды? Жиналғандарды  бақылау үшін олардың  қажеті де жоқ еді. Бәлкім, оқиғаға ұлтаралық қақтығыс, жанжал ретінде сипат беру мақсатында орыс жұмысшыларын қолдарына темір таяқтар ұстатып, көпшілігі қазақ жастарынан құрылған демонстранттарға айдап салған”. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      III. Қорытынды.

      Жергілікті  белсенді, социал-демократиялық партияның мүшесі “желтоқсан оқиғаларының” маңызын былайша сипаттайды: ”Үш түрлі мәселені есте сақтау қажет: ол екі бірдей жергілікті элиталарға (қазақ пен орыс) қарсы тұңғыш жаппай наразылық еді. Демонстранттар жақсы ұйымдасқан еді және өз жетекшілері ұсталғаннан кейін де орындарында қала берді”.

        Осы куәгердің  тұжырымдауынша, егер  қазақтарға орыс  жұмысшылары қосылып  кеткенде, бұл әлеуметтік  талаптар наразылығы  одан да кеңірек  болар еді. ”Завод  жұмысшылары “желтоқсан  оқиғаларынан” соң  оған қатысушыларға демонстрацияға мерзімінен бұрын шыққандарын айтып жүрді. Егер ол нан бағасының өсуінен соң болғанда, олар да демонстранттарға қосылар еді”.

      1986-жылғы  Алматыдағы “жаппай  тәртіпсіздіктер”  Қазақстан ғана  үшін емес, сондай-ақ, КСРО көлемінде  де ірі тарихи оқиғаға айналды. Олар кеңес тарихында жаңа тараудың бетін ашты. Бұл жаңа кезең түрлі жерлердегі жиілеп кеткен толқулармен сиппатталады.  
 
 
 
 
 
 
 
 

        

      Қолданған әдебиеттер:

    1. “Ақтөбе” газеті. (1991жыл)

    2. “Алматы 1986 желтоқсан”. 3-кітап,  Т. Айтбайұлы, Т. Зейнәбін.

Информация о работе Бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс