Білім беру саласында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы функцианалдық сауаттылық негіздерін қалыптастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 19:12, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Работа содержит 1 файл

Таласбаева.doc

— 31.00 Кб (Скачать)

«Білім беру саласында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы функцианалдық  сауаттылық негіздерін  қалыптастыру»  курсы туралы

 

                                                                                                  Таласпаева Гүлмира Сержанқызы

                                                                                                Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы 

                                                                            Аудандық әдістемелік орталық  әдіскері

 

        Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

  Білім беру саласында соның ішінде  қазақ тілі мамандарына орай ұйымдастырылған жаңа технология және жаратылыстану-гуманитарлық (ғылыми) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Уралбаева Лиза Шайғазықызы жетекшілік еткен «Білім беру саласында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы функционалдық сауаттылық негіздерін  қалыптастыру» атты базалық курсы жаңалықтарға толы болды. Себебі функционалдық сауаттылық негіздерін  тәжірибемен ұштастыруды  және оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді нақты жеткізе білген аға оқытушы Уралбаева Лиза Шайғазықызының дәрісі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негіздерін Әспет Кеңесбекқызы жалғастырса, Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері тақырыбында п.ғ.к. Абай Қабақбайұлының дәрісі, функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы лингвистиканы оқытудың маңызын ф.ғ.к., профессор Алтын Қуанышбекқызы сабақтастырып, осылайша бір-бірін толықтырып тұрған дәрістер оқылды. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияны пайдаланудың әдістемесін п.ғ.к., доцент Райхан Бөлешқызы ұғындырса, жалпы функционалдық сауаттылықты арттыру жолдарын Ләззат Жеңісқызы жалғастырды. Ресми стилдің маңыздылығына тоқталған аға оқытушы Гүлназ Серікқызынан соң, аға оқытушы Тәттігүл Жарасханқызы  «Оқыту мен тәрбие үдерісінің негізгі құрамдас бөліктерін ұйымдастыра білудегі тиімділікті көрсеткеніне риза болдық.  Барлық жаңа тәсілдерді қолданумен қатар оқытуды тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну тығыз байланыста болып тұрды. Оқушылар мен мұғалімнің бірлескен жұмысында алған білімдерін пайдаланумен қатар, тиімді бағалау жүргізу, мен үшін де  оқушылар үшін де аса маңызды болатындығын түсіндік, өйткені жүргізілген сабақтар мен оқыту барысында ілгерілеген қадамдар мен кемшілік тұстарды біліп, ары қарай зерттеу барысында мақсатқа жетуде нені қолдау керектігін білу маңызды болды.  Іс-тәжірибемізге көптеген өзгерістер енгіздік. Сабақ құрылымы түбегейлі өзгерді. Ең алдымен, сыныптағы оқушылардың көңіл-күйіне аса назар аудару арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, ынтасын ояту мақсатында жүргізуге ден қоюы әр кезеңде шапалақтау арқылы мадақтаулар жүргізудің де тиімді тұстарын көрдік. Тренингтерді оқушының қызығушылығын арттыру, білімге деген ұмтылысын нығайту үшін өткізуге талпынамыз.  Тәжірибеде көргеніміздей оқушыларға төраға, таймкипер, баяндаушы, хатшы, бақылаушы рөлдері берілу арқылы олардың жауапкершілікке бағыттайтынымызды ұқтық.

         Курс тақырыбының  өзектілігі және лекторларды  таңдаудағы курс жетекшісінің  еңбегі туған тіліміздің өркендеуіне  қосқан үлесі деп білемін. Курсқа  келген тіл мамандары туған тілді дамытудағы жаңаша оқыту әдістеріне, ғылымдағы жаңалыққа шөліркеп келген мұғалімдер біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ–ның берген дәрістеріне бұлақ бастауынан мейірлене қанып ішкендей сезімде тұрдық. Барша дәріс берген ұстаздарға мың алғыс!

     Мен алған әсеріммен білімімді әріптестер ортасына салып бөліскенше асығып, елге қайтуға асықтым.


Информация о работе Білім беру саласында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы функцианалдық сауаттылық негіздерін қалыптастыру