Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:07, реферат
Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық кұрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық кұралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық кұрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің кажеттіліктері мен сұрау салуына бейімделді. Салықтар тауар-ақшалай қатынастардың ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың кағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Шотланд экономисі және философы А.Смит кез келген экономикалық жүйеге кажет салық салудың төрт негіз қалаушы (классикалық болған) кағидаттарын тұжырымдаған еді, олар мыналар:
1) салық салу төлеушінің әркайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық кағидаты);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы .тиіс (қолайлылық кағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем кағидаты).
Бұдан басқа, салықты төлеудің тәсілі салық телеушінің ұғуы үшін түсінікті болуы тиіс, ал салық объектінің қос салық салудан корғанышы болуы тиіс. Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ егті, бұл үдеріске регламенттеуді енгізді және А.Смитке «...салықтар оларды төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында кағидаттардын тұжырымдамалары нақтыланды, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі кағидаттары мыналарға саяды. 1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде карастырылады: а) «деңгейлес теңдікке» жету салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салуды талап етеді. э) «сатылас теңдікті» сақтау жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді колдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салықтық механизм салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
3. Салықтардың анықтылығы - алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер кұндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды. Белгілі бір өнімдерді, кызметтерді, тіршілікті немесе әлеуметтік топтарды салықтан беталды босатудан қашкақтау қажет. Әлеуметтік саясатты, денсаулық пен мәдениетті дамытуды қаржыландыруға қажетті каражаттарды салықтардың мөлшерлемелерімен айлашарғы жасау жолымен алуға болмайды. Салық төлеушілердің жекелеген топтары тарапынан қысымға саяси билік берілмеуі тиіс. Бұл қағидат сондай-ақ рыноктық экономика тұрғысынан да маңызды. Нағыз бағаларсыз рынок болмайды. Беталды салықтық жеңілдіктер бағалар жүйесінде көрінеді және әрбір өнімнің нақтылы бағасы туралы анық түсінік бермейді.
5. Салық салудың экономикалық қолайлылығы. Салықтар экономиканын жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс. Жұмысты көп істейтіндерге прогрессивті салық салуға болмайды. Өнімділікке, өндіріске және күрделі жұмсалымдарға салықтардың нәтижесі қалай болатынын есепке алған жөн. Егер нәтиже бұл жағдайлардың біреуінде теріс болған жағдайда мұндай салықты қолданбаған дұрыс.
6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы. Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Салық салу міндеттілігі салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемені, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндетті толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындау міндеттіліпн айқындайды. Еліміздегі салық салу жатыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың ақындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндетін салық заңнамасында белгілеуді білдіреді.