Батыс – Түрік қағанаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 15:34, реферат

Описание работы

Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады.

Работа содержит 1 файл

Батыс түрік қағанаты.docx

— 319.31 Кб (Скачать)

 

Реферат

«Батыс – Түрік қағанаты»

 

Орындаған: Ескендір Жан

Тексерген: Аслан Тұрлыбек

 

 

 

 

 

 

СДУ 2013 ж.

Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы


 

Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса  бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болды.

Аумағы


Батыс түрік қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тай-па» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.

Шаруашылық-экономикалық жағдайы


Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің — мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды. Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті. Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік каганатының) халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси организмнің екі бөлегі болды. Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.

Қоғамдық - экономикалық қатынастары


Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар — ябғу, шад және елтебер — қаған руының өкілдеріне тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұрықтар мен тархандар атқарды. Бектер — тайпа бастық- тары мен өкілдері. Тағы бір категория — үй-қаған барынша назар аударарлық. Қағанаттың қанауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болды. Батыс түрік қағанатында олардың қалай аталғаны белгісіз, бірақ шығыс түрік әлеумеггік терминологиясына ұксастырып, оларды «қара бұдун» («тобыр», «қара халық») деп атаған. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, ал екінші жағынан, оларға бағынышты, вассалдық, тәуелді тайпалар болып бөлінген.

Қағанаттың халықаралық экономикалық және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды. Жетісуда егіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды. Түркілер теңге соғуды игерді. Теңгелер түркі қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Батыс Түрік қағанатында жазба мәдениет дамып, әдеби дәстүр қалыптасты. Батыс Түрік қағанатының халқы Көк тәңіріне, Ұмай анаға, Жер анаға, Су анаға тағзым етті. Қағанатқа Ұлы Жібек жолы арқылы әлемдік діндерді уағыздаушылар ене бастаған. 626 жылы қаған ордасына Үнді елінен Будда дінін уағыздаушы Прабхакарамитра он шақты серігін ертіп келген. 627 жылы келген қытайлық будда мамасы Сюань Цзянь түрік қағанының будда діні жөніндегі көзқарасы туралы жазып қалдырған. Сондай-ақ, Батыс Түрік қағанатында зороастра, несториан, манихей діндерін жақтаушылар да болған. Бұлардың қызметі халықты түрлі діндерге тартып, қағанаттың негізі—дәстүрлі діни наным-сенімді әлсіретуге, сол арқылы мемлекетті ыдыратуға бағытталған. Батыс Түрік қағанаты Шегуй (610—18) мен Тон жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегуй қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Тон жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқа көшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған. Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытуға мүмкіндік берген. Мұндай кең байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Тон жабғу әкімшілік басқару реформасын жүргізген. Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы жергілікті билеушілерге түркілік лауазымдар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қағанатқа бағынышты елдерге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жинайтын өзі бекіткен бақылаушыларды (тудундарды) жіберіп отырған. Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Самарқан билеушісіне өз қызын тұрмысқа берген. Тохарыстанға өзінің ұлы Тарду шадты билеуші етіп қойды. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 жылы Парсы еліне қарсы Византиямен келісімшартқа отырған. Тон жабғу император Ираклийдің Кавказға жасаған жорығына (628 — 29) қатысып, жаулап алған жерлерден Горе (Дербент) мен Тбилиси сияқты қалаларды өз үлесіне алады. Тон жабғудың әскери жетістіктеріне риза болған Ираклий Тбилиси қаласы түбінде оған өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны тұрмысқа беретінін мәлімдеген. 630 жылы түріктер Арменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы Күлбагатур (Сыбихан Мохэду) 630 жылы Түн жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 жылы дулу мен нушеби тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630-34 жылдары қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды. Дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды.


Информация о работе Батыс – Түрік қағанаты