Батырлар жыры

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:48, реферат

Описание работы

Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:

Работа содержит 1 файл

сөж-3.docx

— 35.36 Кб (Скачать)

  Қырғызстанда көптеген манасшылар бар. Дастанның үш бөлігін де жатқа білген манасшылар «Ұлы Манасшы» атағына ие бола алады. ХХ ғасырдың ұлы манасшыларына Сағымбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаев, Шаабай Азизов Қаба Атабеков, Сейден Молдоқова және Жүсіп Мамай кіреді. Рысбек Жұмабаев, мәртебелі манасшы Ұлыбританияға барып келген. Бішкек Филармониясының манасшысы, Ұрқаш Мәмбеталиев те Еуропа елдеріне сапарлар жасап тұрады. Жасы кішілеу манасшы, Талантаалы Бакчиев манасшы кәсібін «Манас» дастаның ғылыми түрде зерттеумен толықтырады.

  Дастанның әр түрлі бөлімдерінің 65-тен астам жазбаша нұсқалары белгілі. Ұлы ағартушы ғалымымыз Шоқан Уәлиханов дастан бөлімдерін қағазға түсіріп, «Көкетай ханның асы» деген көлемді үзіндісін орысшаға аударған.

 

 

 

 

Жаңа заманның батырлық жырлары

XIX ғасырдың соңы мен  XX ғасырдың басында батырлар жыры  баспа арқылы және ауызша айтылуы  арқылы қалың жұрқыншылыққа кеңінен  белгілі бола бастады. Бұл кезеңдегі  ақын, жыршылар елге ертеден белгілі  жырларды айтып таратумен бірге  жаңадан эпостық жырлар  шығарады. Сонымен бірге сол кездегі  батырлар жырына кітаби тілдің, шығыстық қиссалардың белгілі  дәрежеде әсері тимей қалған  жоқ.

Қазақ батырлар жыры нұсқаларының көпшілігінде идеялық мазмұны, сюжет  желісі, образдық бейнелеуі және көркемдік  құралдары саласында ортақ  элементтер болғанмен, бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысының өзіндік ерешеліктері бар. Әйткенмені батырлар жырының барлығына тән  нәрсе — халық тағдырын жырлау негізгі түйін болып табылады. Қайсыбір жырда болмасын, халық эпосы  нұсқаларының көпшілігі кейінгі  заманда шыққан. Бұл нұсқаларда қалың  қауымның бертінгі ғасырлардағы өмірге көзқарасы, дүние танымы бейнелеген. Сонымен бірге батырлар жырында  көне дәуірден елес беретін эпизодтар, мотивтер, сюжеттік өрістері және кейіпкерлердің іс әрекетіндегі әр түрлі жайлар сақталған.

Ақын, жыршылардың еңбегі, орындау ерекшеліктері мен қабілеті жырдың идеялық  мазмұнынан, сюжет  желісінен, образдарынан, формасынан айқын  көрінеді. Эпостық негізін, дәстүрлік  элемент-терін сақтай отырып, жаңа ой, идеяларын қосып жырлайды.

Қазақтың батырлық жырын  бұрынғы айтушылар мен кейіннен жалғастырушы ақын, жыршылардың нұсқаларын ислам дінінің әсері байқалады. Ғасырлар бойы халық ұғымында сақталып келе жатқан ғайып-ерен, қырық шілтен тәрізді образдар XIX–XX ғасырларда жырланған  эпос жырларында да кездеседі. Ислам  дінінің халық санасына ықпал  етуі нәтижесінде батырлар жырында  діншілік идеялар туа бастады. Сан  ғасыр бойына айтылып, ауыздан ауызға таралып келе жатқан қазақ эпосына  үстем таптың да әсері болды.

Сонымен қатар халық мұңын  жырлаған ақындар XIX–XX ғасырларда жаңа эпостық шығармалар тудырды, онда қалмақ және жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ  халқының азаттық, еркіндік жолындағы  күресін жырға қосты. Бұған Жамбылдың  “Сұраншы батыр”, “Өтеген батыр”, Нұрпейіс Байғаниннің “Нарқыз” т.б. дастандарын мычалға келтіруге  болады.

Совет  дәуіріндегі батырлық жырды айтушы ақындарың шығармашылығындағы негізгі нәрсе — жаңа заман тақырыбын жырлау, жаңа адамдар бейнесін кескіндеу. Яғни, олардың шығармашылығындағы эпикалық  дәстүр қазіргі заман жалғасты. Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған батырлық  жырлар бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Бұдан халық поэзиясының іргелі жанырының бірі — қазақтың ежелгі батырлық эпосы жаңа сипат алып, дамып отырғанын көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Қорытынды

 

Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол  бір саласы — батырлар жыры. Бұл  жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген.Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен. Халық тарихында орын алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп суреттелумен бірге, олардың ел-жұрт, мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-әлеуметтік, түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Осының бәрінің бел ортасында халықтың аңсары ауған, әсіре мадақталған, мұраттас қаһарманы жүреді. Оның іс-әрекетінде қара басының қамынан мейлінше жоғары елдік, халықтық мүдде қашан да бірінші кезекте тұрады. Сондықтан болар, жырлардағы үлкенді-кішілі оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы тізбектеліп өтіп жатады. Сол арқылы халық іс жүзінде тарихи оқиғалар мен қоғамдық-әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. Сөйтіп, қаһармандық эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Батырлық жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрі бар. Оны жыр құрылымынан да, оқиғалардың орналасу ретінен де, кейіпкердің бастан-аяқ атқарған ісіндегі бірыңғай тектестіктен де көреміз.

Орта Азия халықтарының батырлар жырының қайсысын алсақ та бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау мәселесі бірінші кезекте тұрады. Батырлардың ойы мен арманы, ел мұны халық тағдырымен ұштасып жатыр.

 

                           Пайдаланған әдебиеттер

  1. М. Ғабдулин, «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Алматы, «Мектеп» баспасы, 1974
  2. Сейфуллин С. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы //Еңбекші қазақ. 1924
  3. Әуезов М. Әдебиет туралы. Алматы: Санат, 1997. 304 б.
  4. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1975. 7-том, 648 б
  5. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. Ғылыми-зерттеу мақалалар. Алматы: Жазушы, 1985.
  6. Ы. Алтынсарин «Хрестоматия», Алматы: Атамұра, 2002.
  7. Казақстан тарихы очерктері - Алматы, 2008.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Батырлар жыры