Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 20:25, реферат

Описание работы

XIX ғасырдың екінші жартысында және XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақ елі феодалдық қоғамдық қатынастар дәуіріде болғаны бәрмізге белгілі. Бірінші жағынан, қазақ халқы, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан Ресей Патшасының зор езгісінде және қанауында болды. Еңбекші халықтың жағдайы өте нашар боолды, оған себеп – Патша Үкіметі мен жергілікті феодалдар бұхара халықты сан-алуан ауыр салықтарды төлеуге межбүр етті.
Енді осы ұлы ойшылар мен ғалымдардың, әлеуметтік-саяси қайраткерлердің көзқарастарына қысқаша шолу жасайық.

Содержание

Кіріспе
І І. Негізгі бөлім
1) Қазақ ұлы ойшылдардың ілімдері
2) Қазақ хандығының құрылуы
3) Тәуке хан және Тәуке ханның “Жеті Жарғы” заңдары
4) Тәуке ханның сыртқы саясаты.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебеттер

Работа содержит 1 файл

Политология СРС №1.docx

— 52.48 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

 

І .   Кіріспе

І І.  Негізгі  бөлім

1) Қазақ ұлы ойшылдардың ілімдері

2) Қазақ хандығының құрылуы

3) Тәуке хан және Тәуке  ханның “Жеті Жарғы” заңдары

4) Тәуке ханның сыртқы  саясаты.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған  әдебеттер

 

 

 

 

                                            

 

 

КІРІСПЕ

 

XIX ғасырдың екінші жартысында және XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақ елі феодалдық қоғамдық қатынастар дәуіріде болғаны бәрмізге белгілі. Бірінші жағынан, қазақ халқы, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан Ресей Патшасының зор езгісінде және қанауында болды. Еңбекші халықтың жағдайы өте нашар боолды, оған себеп – Патша Үкіметі мен жергілікті феодалдар бұхара халықты сан-алуан ауыр салықтарды төлеуге межбүр етті. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыстың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады. Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің тарихында жаңа жол ашуды ұлы ойшылдар, ағартушылар мен қоғамдық-саяси қайраткерлер бастады. . Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) және тағы да қоғам қайраткерлері болды. 

Енді осы ұлы ойшылар мен  ғалымдардың, әлеуметтік-саяси қайраткерлердің  көзқарастарына қысқаша шолу жасайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ ұлы ойшылдардың ілімдері

 

Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-ғылыми көзқарастары, оның демократиялық, гуманистік ой-пікірлері Петербургте және Сібір  Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен  бірге сол кездегі орыстың  ұлы демократиялық өкілдерінің  шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен  жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасты. Ол қазақты орыс мәдениетіне  жақындату, орыс ғылымына идеясын жақтаған адам. Оның аққан жұлдаздай қысқа  өмірі ғылым үшін өте құнды  жылдар болғпн еді. Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес, қоғам қайраткері де болды. Осы тұрғыдан келгенде Шоқанның қоғамдық көзқарастарына талдау жасау қызғылықты болып табылады. 

Бұл мәселені тарихшылар, әдебиетшілер, соның ішінде Ә.Х. Марғұлан, С. Мұқанов  сияқты белгілі авторлар біраз зерттеген. Жеке мақалалар мен монографиялар  да бар.

       Әрине, бұл еңбектердің бәрінде олар Шоқанның қоғамдық көзқарастарының көп қырына бір ғана көзқарас тұрғысынан қарады деп үстірт ұғуға болмайды. Ғылымның мақсаты – объективтік ақиқатқа ұмтылу. Ол ақиқатқа жету үшін, сансыз ізденістерді, талпыныстарды қажет етеді.

Міне, осы орайда Шоқан көзқарастарына қатысты бірнеше пікірлер айтылып  жүр. Бұл негізінен Шоқанның орыстың  революцияшыл демократтарының идеясын  қанша дәрежеде қабылдағаны және халқы үшін қандай істер істегені туралы байламдар. Академик С. Зимановтың монографиясында /1965ж./ Уәлихановтың саяси  көзқарастары жайлы пікірлер үш топқа  бөлініп қарастырылады. Шоқанды  бағалау үшін үш ұдай пікірге бөліну мәселенің күрделілігін көрсетеді.

       Бірақ, ғалымдардың бәрі негізгі мәселеде бір ауыздан, атап айтқанда, Шоқанның орыстың ұлы революцияшыл демократтарының шығармаларымен етене таныс болып, оларды іштей жақтағанын, өз халқын сүйгенін, оны шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге тырысқанан мойындайды.

       Ш. Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөзқ ететін «Записка о судебной реформе», «Очерки Джунгарии», «о мусульманстве в степи», «Следы шаманства у киргизов», «Тенгри» сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеялармен ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов өзінің саяси көзқарасын жан-жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың болашағы үшін күрескен, орыс өнер-білімін үндеген алдыңғы қатарлы адам болғандығын анықтауға кедергі келтіре алмайды.

       Айталық, Сібір казактарына арналған сот реформасы туралы мақаласында /жазбаларында/ ол ресми үкіметке көптеген талаптар қояды. Бұл талаптар негізінен халық өмірін жақсартуға, оның сот мәселесі жөнінде дербестігін сақтай отырып, орыстармен араласуға мүмкіндік алуға бағытталған.

       Адам - әрқашан да өз ортасының презенті. Ендеше Ш. Уәлихановқа берер бағамыз нақты тарихи жағдайларға байланысты болмақ.

Ш. Уәлиханов 1864-ші жылы жазған еңбегінде  реформаны іске асыру барысында  халықтық ерекшелігін ескеруі жайлы  пікірін тереңдете түсіп, реформалардың  сәтті болуы халықтың тұрмыс-салты  мен әдет-ғұрпын, заңдарын жан-жақты  зерттеуге байланысты екенін айтады.

       Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлиханов сияқты өзінің бар саналы өмірін елдің игілігі үшін сарп еткен, өз халқынның даңқты ұлы. Ы. Алтынсарин көрнекті педагог, ақын, ағртушы және ойшыл болған кісі. Ы. Алтынсарин қазақ халқының мақтан ететін белгілі қоғам қайраткері. Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйренуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс-қырғыз мектептерін ашу ісінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші әрекет жасады. Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып (1879-1889ж.ж.) қызмет істеп жүріп, ол қазақ балалары үшін бірқатар мектептер ашты.Ы. Алтынсарин Қазақстанның Ресейге толық қосылып, кең қазақ даласын игеру мәселесі міндет етіп қойылған дәуірде өмір сүрді.

       Ш. Уәлиханов ХІХ ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдарында Ресейге крепостнойлық праовны жою үшін саяси және идеологиялық күрестің шиеленіскен дәуірінде қызмет етсе, Ыбырай Алтынсарин 70-80-ші жылдарында крепостнойлық право жойылып, Ресейде капитализмнің дамыған дәуірінде қызмет етті. Ы. Алтынсаринның туып-өскен жері Солтүстік Қазақстандағы капитализмнің ықпалына түскен аудандардың бірі еді. Ресейдің экономикалық өмірінде болып жатқан үлкен өзгерістер және сол өзгерістердің Қазақстанға ықпалы Ы. Алтынсариннің ағартушы және прогрессивтік пікірлерінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.

       Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың өзоқ мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы. Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негігі құралы етіп баолық қазақ ауылдарында орыс-қыпғыз мектептерін ашу міндетін қойды. Мектептерді халық арасында білім таратушы мәдениет ордалары деп санады және бұқара ортасында орыс, ғылымының табыстарын насихаттаудың тіректері деп қарады. өзі бас болып, қазақ тілінде тұңғыш орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуді баулу, орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. «Қырғыз хрестоматиясы» - қазақ халқының рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болып табылады.

       Өзінің шығармаларында Ы. Алтынсарин көбінесе жергілікті өкімет, сот орындарының өкілдерін, молдаларды сынады, себебі, оның шығармалары негізінен оқушы балаларға арналған еді. Ы. Алтынсарин оқушылардың көпшілігі болыс, ауылнай, сот болатынын жақсы білді. Сондықтан Ы. Алтынсарин оқушылардың бойына ізгілік өрнегін егу үшін «Қырғыз хрестоматиясында» демократия және гуманизм рухында жазылған өлеңдер мен әңгімелерді басты. Келешекте қазақ ауылдарында демократиялық идеялардың таратушысы болу үшін, оларды әділеттік, тазалық, шындық рухында тәрбиеледі.

       Ыбырай Алтынсарин патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген қлт саясатында сын көзімен қарады. Реседің үстем таптарының орыс ұлтына жатпайтын басқа халықтарға жүргізген ұлттық кемісітушілік саясатын көре білді. Орыс шенеуніктерінің қазақтарды төменгі нәсілдің адамдары деп санауы, қазақ халқына надан, тұрпайы көріп, жиіркенішпен қарауы Ы. Алтынсарин секілді халықтың адал ұлдарына өте ауыр тиді. Ы. Алтынсарин «білімді орыстардың» жергілікті халықты жек көре қарауын сынай отырып, мәдениетті адамдардың міндеті – қазақ халқын мешеусің деп қорламай оның мәдениетінің дамуына көмектесу деді.

Ол өз заманының қоғамдық-саяси  тәртіптеріне де сын көзімен қарады. Бірақ, қоғамның ауыртпалықтарын, жергілікті өкімет орындарының өкілдерін, реакцияшыл қазақ феодалдары мен молдарын сынаса да, ол қоғамдық-саяси құрылысты  тұтас сынауға өресі жетпеді.

       Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды.

       Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратыны ақиқат, дейді Абай.

       Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар. Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес. Қоғам біртұтас, бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы, т.б. жатады.

       Абай дүниенің объективтік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп біледі.Абайды адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық үшінші нақыл сөзінде, тән азағы ішіп-жеу болмаса ол өсіп қуаттанбайды, ал, адамның жан азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – дүниенің көщге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып білуі, өздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу, бұлар көкірекке сәуле, көңілге сенім береді деп толғанды ол.

       Тән азығы мен жан азығының адам өмірінде бір-бірімен байланысты екендігін Абай терең ұғынған: тілек, мақсат, арман сияқты өмірдің күштері адасның денсаулығы, жүйке-жүйелерінің саулығына байланысты қалыптастырылады. Адам бойындағы туа біткен болмысы дамымай ескерусіз қалса, қуаттың (қабілеттің) қайсысы болса да жоғалады, болмаса ешнәрсеге жарамай қалады. Егер оны үнемі ескеріп, күтіп, күнде тексерсе, ол кәдеге асады..

       Қазақ халқының мешеулігіне қайырған Абай патриархалды-феодалдық әдет-ғұрыптарды, надандықты, артта қалғандықты, кертарпалықты ызамен сынады. Оларды қазақ халқының прогресс жолындағы басты кедергі деп санады. Қазақстанның дамуына жол ашып, оны мешеуліктен құтқарудың негізгі құралы – орыс білімі арқылы халықты ағарту деп білді.

       Абайдың бұл идеясы бір жағынан өз заманында іс жүзіне аспайтын қыял болғанымен, екінші жағынан, болашақта жемісін беретін өте игілікті идея болды.Абай адамдарды көркіне қарап емес, адамгершілік деңгейіне қарап бағалау керектігін ерекше атап көрсетті. Ұлы ойшыл ақын жастарға жар тандау мәселесіне де дәл осы тұрғыдан келудің қадет екендігін үйретті.

Абайдың сүйіспеншілік, махаббат, отбасы жөніндегі пікірлерінің құндылығы  – демократиялық, ойларды ту еріп ұстайлы.

       Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан аса ірі қоғам және саясат қайраткері, оқымысты, жазушы, Петербург массондарының мүшесі. Ол Ресейдің І Думасының депутаты. «алаш» қозғалысын ұйымдастырушы, әрі «алаш» партиясының көшбасшысы, ұлттық «Алаш Орда» үкіметінің төрағасы, т.б. саяси-әлеуметтік қызметтер атқарады. Ол Санкт-Петербургтегі Орман Шаруашылығы институтынтәмамдаған, оқымысты, экономист. Студент кезінде саяси жұмыстарға белсеңді қатысқан. Маркс ілімін оқыды. Ол қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды білу үшін орыстың демократиялық әдебиеттерін қазақ тіліне аударды. «Коммунистік жар» деген атпен «Коммунистік партия манифесін» қазақ тіліне аударды. Ол өзінің Қазан төңкерісіне дейінгі өмірін патша әкімшілігінің әділетсіз отаршыл саясатымен күресуге арнады. Қазақ еліндегі әлеуметтік қатынастарды әділетті құру үшін тер төкті. Осы мақсаттарын орындау үшін Бөкейхан 1906-шы жылы орыс демократтарының «халық еркіндігі» (кадет) партиясының бөлімшесі ретінде Қазақ саяси ұйымын құрды. Оның бағдарламасы Орал қаласындағы «Факел» газетінде жарияланды. Онда алғаш рет қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік тұрғыдан дамуы үшін өмірлік мәні бар мақсат мен міндеттерді іске асыру белгіленді. Мысалы, қазақ жерін сол халықтың меншігі, ол жеке меншікке берілмеуі керек деп танылған заңдар қабылдау үшін күш жұмсады, қазақ ажстары оқитын мектептер, медреселер, жоғары оқу орындарын ашу, т.б. мәселелер қойды.

       Ә. Бөкейхан қазақ халқының шаруашылығы, қазақтың тарихы туралы еңбектер жазды. Оның «Сібір темір жолы аудандарының экономикалық зерттеу материалдары» 1904-ші жылы Ташкентте жарияланды. 1914-ші жылы Бөкейхан социал-демократиялық партияның құрылтайына қатысып, онда Ресей мемлекеттік депутаты А.Ф. Керенскиймен кездеседі. Құрылтайда Ә. Бөкейхан «Ресейдегі қырғыздардың жағдайы» туралы баяндама жасайды. Мұнда Ә. Бөкейхан Кадет партиясының орталық комитетіне сайланды. Орыстың массон ұйымының Жоғары Кеңесінің қаулысымен 1917-ші ылы Ә.Бөкейхан Батыс Қазақстандағы уақытша үкіметтің комиссары болып тағанындалады.

       Бұл жерде массон ұйымының саясаты Ә.Бөкейханның ойынан алыс жатты, яғни қазақтарға автономияны бермеу, өзін қуғынға салу мәселесі көзделген.Осы жылдары ол өзінің қудалау мерзімі біткеннен кейін Орынборға келеді, бірақ, оның Омбыға баруына рұқсат етілмеді. Ә.Бөкейхан Орынборда қоғамдық-саяси жұмысқа онан әрі батыл кірісті. Орынбордағы халық Ә.Бөкейханды жергілікті үкімет – қалалық думаның мүшелігіне сайлады.

       1917-ші жылы Ә.Бөкейхан Томск қаласында автономшылардың құрылтайына қатысты. Құрылтайда қазақтардың Сібір үкіметінің құрамында автономия алуға қаулы қабылданды. Осы жылдың желтоқсанында Орынбор қаласында бүкіл қазақтың құрылтайынды Алаш автономиялық мемлекетінің уақытша халықтық кеңесі – «Алашорда» құрылды. Оның бірінші төрағасы болып Әлихан Бөкейхан сайланды. Алашорданың жүргізе бастаған саяси-әлеуметтік өзгерістерінің сол уақытта болып жатқан азамат соғысы жоққа шығарды. 1919-1920-жылдары жоғары өкіметтің қаулысымен амнистия (кешірім) жарияланды. Алаш партиясының басшылығы большевиктер партиясына қосылу туралы шешім қабылдады. Партияның көптеген басшыларының ішінде тек Ә.Бөкейхан большевиктерге қызмет етуден бас тартты. 1926-шы жылы КСРО ғылым академиясының шақыруымен автономиялық және одақтас республикаларды зерттеуге арналған ерекше комитетінде Қазақстанды зерттеу эксперті болып қызмет атқарды. 1927 жылдан 1937-ші жылға дейін Ә.Бөкейхан өзінің Мәскеудегі пәтерінде «үй тұтқынында» отырады. 1937ж. тамыз айында Ә.Бөкейханды Кеңес Өкіметіне қарсы контрреволюциялық күресті ұйымдастырды деп айыптап, ату жазасына бұйырады.

Информация о работе Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы