Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:32, научная работа
Бүгінгі қоғамда панасыз балалардың саны күн сайын артып келе жатқандығы жөнінде күнделікті ақпарат құралдарынан байқап жүрміз.Бұл-қазаққан өткен ХХ-ғасырда келген індет- дейді ғалымдар.Рас, қазақ даласында жетім бала болғанымен, панасыз деген ұғым болмаған.‹‹Бала - бауыр етің ››дейді қазақ..Алайда қазір баласын қараусыз қалдырып ,көше кездірген кейбір мейірімі таусылған ата-аналардың тірлігі көңіл қынжылтады. Қоғамдық сананың түп төркіні отбасылық тәрбиеде жатыр.Ал баланың тәрбиесі үшін ананың атқаратын рөлі өте жоғары.
бейімдеу орталығына) жыл сайын 10 мыңға жуық қадағалаусыз жəне панасыз балалар
келіп түседі..Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының етек жаюының негізгі
себептерінің бірі – ата-аналары мен оларды алмастыратын кісілердің қажетті
бақылауының болмауы деуге болады. Сондай-ақ, зерттеу материалдары көрсеткендей,
кедейшілік, жұмыссыздық, отбасы жағдайының нашарлығы, отбасындағы қолайсыз ахуал
(ата-аналардың
ішімдікке салынуы, олардың
балаларын асыраудан бас тартуы, шектен шыққан қатыгездік, бақылаусыздық) елдегі
қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың санын арттыруда. Осы аталған факторлар өз
кезегінде қадағалаусыз жəне панасыз балалардың пайда болуына алып келетін айтарлықтай
жағымсыз əлеуметтік жағдайға себеп болады. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығы –
Қазақстандағы қазіргі таңда қалыптасқан əлеуметтік-экономикалық жəне рухани-тəрбиелік
жағдайдың келеңсіз жемісі. Соның салдарынан, елімізде əлеуметтік теңсіздік, отбасылардың
əлеуметтік жайсыздығы, олардың өмір сүру мүмкіндігінің қиындауы, жасөспірімдер арасында
қылмыстың етек жаюы байқалуда. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының нақты
жағдайын анықтау мақсатында жұртшылық арасында əлеуметтік сауалнама жүргізіліп, Кəмелетке
толмағандарды бейімдеу орталықтарында орналасқан балалардың жеке істері зерттелді.
Зерттеудің негізгі мақсаты:
- балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының себептерін талдау;
- қадағалаусыз
жəне панасыз балалардың
- балалардың
қадағалаусыздығы мен
Жұртшылықтың пікірін талдай келе, адамдардың қоғам өміріндегі балалардың қадағалаусыздығы
мен панасыздығына қатты алаңдайтыны анықталды. Сауалнамаға жұртшылық пен педагогтар
өкілдерінен 186 адам қатысқан. Жауап бергендердің 30,8% балалардың қадағалаусыздығы мен
панасыздығын қауіпті үрдіс деп бағаласа, сұралғандардың 10,2% бұл мəселені аса қауіпті деп
бағалаған. Сауалнаманың нəтижесі бойынша қадағалаусыздық пен панасыздық «қылмыстың
өсуіне» (84%) жəне «алкоголизм мен нашақорлықлықтың етек жаюына себеп болады» (49%).
Жұртшылықтың мұндай пікірі ресми деректермен расталып отыр.Сауалнамағажауап бергендердің
пікірі қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың пайда болуына отбасы мен əке-шеше
кінəлі деген қағидаға негізделеді. Сауалнамаға қатысушылардың пікірінше, қадағалаусыздық пен
панасыздықтың өсуіне бала тəрбиесімен айналыспайтын жайсыз отбасылар (78%), жайсыз
отбасылардағы жағдайды дұрыс бақылап отырмайтын жергілікті билік органдары, мəселені
шешуде қаржылық қамтамасыз етуді реттей алмайтын мемлекет (39%) кінəлі. Сауалнамаға
қатысушылар жайсыз отбасылардың шығу себебі ата-аналардың ішімдікке салынуында (84,5%),
ата-аналардың қатыгез болуында (61,5%), жұмыссыздықта (68,4%), ата-аналар арасындағы
кикілжіңде (61,4%), отбасындағы əлеуметтік жағдайдың нашарлығында (65,2%) деп білген.
Зерттеу нəтижесі көрсеткендей, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының себебі – ата-
аналардың бақылауының жеткіліксіздігі (78,7%), балаларды тəрбиелеуден жалтаруы (68,0%),
ата-ана мейірімінің төмендігі (62,8%), баланың бос уақыт өткізуге бейім келуі (68,2%),қоршаған
ортаның кері əсері (67,4%), ата-ана беделінің түсуі (57,6%), ата-ананың жұмыссыздығы (58,2%)
болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс мəселесінің зор маңызға ие
болуы тегін емес. Бұл балалар тек өздері ғана қылмыс жасап қоймай, қоғамға, қоршаған ортаға
жəне жекелеген адамдарға, олардың өміріне қауіп төндіреді. Сауалнамаға жауап берушілердің
53,7% жасөспірімдерден
келетін қауіп-қатерден жапа
12,8% ғана бұдан қорықпайтынын мəлімдеген. Балалар қадағалаусыздығының пайда болуы
көбінесе жайсыз отбасыларға байланысты орын алуда. Сондықтан сауалнамаға қатысушылардың
72,4% бұл мəселені отбасында шешу қажет деп есептейді. Мұндай түйінді мəселені шешудің
екінші бір субъектісі мемлекет болып табылады (44,8%). Ал қоғамның рөліне келер болсақ,
мəселені шешудегі оның орны аса жоғары. Соңғы кездері бала-шағасына тиісті тəлім-тəрбие
бермейтін отбасылардың саны жыл сайын артып келеді. Тек Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
Министрлігінің ресми деректеріне сəйкес Ішкі Істер Органдарының тіркеуінде 13 мың жайсыз
отбасы тұрса, қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың саны 27 мыңға жетіп жығылады.
2010 жылы ата-ана құқықтарынан айырылған азаматтардың саны 825 болған. 2011 жылдың
басынан бері 300 азамат ата-ана құқықтарынан айырылса, 400-ге жуық бала балалар үйіне
орналастырылған. Сонымен қатар 800-ге жуық ата-ана кəмелетке толмағандарға қажетті тəрбие
мен білім бермегені үшін əкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы аталған жəйттердің бəрі
елімізде кəмелетке толмаған балалардың қиын жағдайда екендігін айғақтайды. Осыған сəйкес,
өкінішке қарай,
қылмыстық жауапкершілікке
қылмыс жасау үрдісінің артуы байқалады. Қазіргі таңда Ішкі Істер Органдарының профилактика-
лық тіркеуінде құқық бұзушылық айыбы бойынша 20 мың жасөспірім тұр, олардың 15 мыңы тура
жолдан ауытқушылығы үшін тіркелген, тек екі жарым мыңы қоғамға қарсы кəмелетке
толмағандардың тобын құрғаны үшін айыпталған. Өмірде қиын жағдайға тап болған кəмелетке
толмағандардың əлеуметтік бейімделе алмауы, соның салдарынан балалар мен жасөспірімдер
арасындағы
қадағалаусыздық пен
ақ олардың бала еңбегінің ең жаман түрлеріне тартылуы кəмелетке толмағандардың өзіне де,
айналасындағыларға да қауіпті. Əлеуметтік бейімделе алмаған балалар санының көп болуы қоғам
үшін қауіп-қатер туғызады.Үйінен қашып, қадағалаусыз қалған балалардың көпшілігі
материалдық тұрғыдан кедей, жеткілікті қамтамасыз етілмеген жəне жайсыз отбасылардан
шыққандар болып келеді. Бұл балалар жақсы өмір сүруді көздеп, отбасын тастап кетеді. Кей
кездері ата-анасының ішімдік қолданып, балаларымен қатал қарым-қатынас жасап, заңға қайшы
өмір сүргендіктен басқа жаққа кетіп қалу сезімінің жетегінде кетеді.Кəмелетке толмағандардың
арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілуінің себептері: сабаққа қатыспау, қаңғыбастық, оқуға
ықыластың болмауы, отбасымен бірге тұрғысы келмеу жəне жанұядағы кикілжіңдер. кепiлдiктерiн
нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;
Балаларға қамқорлық жасау, оларды тəрбиелеп өсіру – ата-аналарының негізгі жеке ажырамас
конституциялық құқығы əрі міндеті. Ата-ана құқықтарының болуы ата-аналарға балалардың
игілігіне, рухани, адамгершілік дамуына, нығайып өсуіне бағытталған мемлекеттік тұрғыдан
əрекет жасау мүмкіндігі беріліп отырғанын білдіреді. Кез келген мемлекет жəне əлем
қауымдастығы, тұтас алғанда, балалар – елдің болашағы екенін жете түсінеді жəне ата-ана
құқықтарын адал ниетпен орындауға мүмкіндік беруге жəне олардың қиянат жасауларына жол
бермейтін институттар құруға бағытталған саясат жүргізуде. Ата-ана құқықтары баланың
тумысынан пайда болады жəне оның кəмелетке толуы кезінде, яғни 18 жас шамасында
тоқтатылады.Ата-аналар баланы тəрбиелеуде айрықша құқықтарға ие.Ата-аналардың баланы
тəрбиелеу құқығы ата-ананың баланы тəрбиелеу міндеттерінің тиісті орындалуымен қамтамасыз
етілуі тиіс. Осы міндеттердің аясына баланың денсаулығына, дене, психикалық жəне адамгершілік
дамуына қамқорлық жасау да кіреді.Ата-аналар баласын тəрбиелеу үшін адамгершілік жағынан
да, əкімшілік, азаматтық, отбасылық жəне қылмыстық тұрғыдан да жауапты болады. Баланы
тəрбиелеу ісінде заңға қайшы əрекеттер жасаған азаматтар ата-ана міндеттерін орындамағаны
үшін тиісті жазаға тап болады. Балаға тиісті отбасы тəрбиесін бермегені үшін қарапайым
жауапкершілік ата-ана құқықтарынан айыру болып табылады. Əкімшілік жауапкершіліктің
мысалы ретінде кəмелетке толмаған баланы спирттік ішімдіктерді, есірткі, не миын улайтын
заттарды қолдануға тартқаны үшін ата-аналарға жаза қолданылады. Жетім балалар мен
қамқорлықсыз қалған балалар үшін отбасылық ортаға барынша жақын жағдай туғызу
мақсатында республикада балалар үйлері мен интернаттық мекемелерді ықшамдап қайта құру
бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінде отбасы типінде жұмыс жасап жатқан балалар үйлерінде
балалар туыстық, жаны жақын қатынастары мен достықпен біріккен, 8-10 адамнан тұратын
топтарда тұрып жатыр. Балалар үйлерінде баланың жеке басы ерекшеліктері ескеріліп,
тəрбиелеу бағдарламалары енгізілген, отбасылық ортаға жақындатылған жағдай жасалған.
Сонымен, кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз Қалалық білім беру басқармасымен,
Ішкі Істер Органдарымен бірлесе отырып, комиссия міндетті жалпы орта білім алудан жалтарған
оқушыларды анықтау, оларды мектепке оралту, қаңғыбастық пен панасыздыққа əкеп соқтыратын
себептерді жою бойынша жұмыстар жүргізуде .Жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытта бос
жүруі, жеткілікті дамымаған аула клубтары, спорттық секциялар, демалыс қызметінің желісі,
демалыс кезеңінде уақытша жұмыспен қамтылмауы, кəмелетке толмағандардың бейəлеуметтік
мінез-құлығының туындауы себебіне айналып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың
жасалуына əкелуі мүмкін. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің Masa.kz интернет-газетінде
жарияланған «Жар басында жалғыз үй» атты арнайы фоторепортаж бойынша Қазақстан
Республикасының Бас прокуроры мен Алматы қаласының әкіміне жолданған депутаттық
сауалы БАҚ назарына ұсынылды .Фоторепортажда Алматы қаласы Алатау ауданында
Тереңқара өзені ағып жатқан сайда қоңыс тепкен маскүнем, жезөкше келіншектердің және
олардың отбастарының күнделікті өмірі бейнеленген. Онда балалардың қарапайым
құқықтары тапталып жатқаны көрсетілген. Маскүнемділіккен салынған, жезөкшелекпен
айналысатын ата-ана бүлдіршіндерін өз беттерімен қалдырған. Осының салдарынан
балалардың денсаулық сақтауға, қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқықтары
бұзылып, тиісті мемлекеттік көмектен қағылып отырған. Жан түршігерлік жағдай кімді де
болса бей-жай қалдырмас.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес балаларына қамқорлық
жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі мiндетi екені белігілі.
Дегенмен, ата-анасы маскүнем болып, ондай міндетті сезінбеген жағдайда мемлекет
балаларды өз қамқорлығына алуы тиіс. Конституциямыздың жоғарыдағы бабына сәйкес
бала мемлекеттiң қорғауында болады. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн
көздейтiн мемлекеттiк
қамтамасыз ету, оларды кемсiтушiлiкке жол бермеу.
Балалардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, заңды іргетасы қаланған. Қолданыста
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық
және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Неке және отбасы туралы» заңдар бар.
Сонымен қатар, 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы
жүзеге асырылуда. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-
бабына сәйкес баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi туралы, оның