Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 22:28, реферат
Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы мен дамуына қатысты барлық жағдайлар бар. Бұған жайылымдық жерлер мен су көздері жеткілікті географиялық ортаның тікелей қатысы бар. Евразияның кіндігінде орналасқан аймақтың климаты қатал континентальды болып табылады. Алайда бұл аймақта негізгі төрт климаттық зонаны: орманды-дала,далалы, шөлейтті және биік таулы жерлерді анық көруге болады .