Қазақстанда қәсіптік білім беру жүйесінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 18:46, реферат

Описание работы

Орта арнаулы білім беру жүйесі. Азамат соғысы аяқталганнан кейін Қазақстанда саяси және экономикалық сипаттағы міндеттермен қатар қәсіптік білім беруді дамыту міндеті де қолға алынды. Оқытушы кадрларды даярлау үшінұ ұш айлық педагогикалық курстар ашылды. 1920 жылы орынборда халыққа білім беру практикалық институты (ПИНО) және Халыққа білім беру қазақ институты (КИНО) ашылып, жұмыс істей бастады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.doc

— 76.50 Кб (Скачать)


Қазақстанда қәсіптік білім беру жүйесінің қалыптасуы

 

Орта арнаулы білім беру жүйесі. Азамат соғысы аяқталганнан кейін Қазақстанда саяси және экономикалық сипаттағы міндеттермен қатар қәсіптік білім беруді дамыту міндеті де қолға алынды. Оқытушы кадрларды даярлау үшінұ ұш айлық педагогикалық курстар ашылды. 1920 жылы орынборда халыққа білім беру практикалық институты (ПИНО) және Халыққа білім беру қазақ институты (КИНО) ашылып, жұмыс істей бастады. Олар қазіргі жағдайдағы саяси мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің білімін жетілдіру қызметін атқарды. 1920 жылы қыркүйекте РКФСР ХКК Декретімен жұмысшы факультеттері ашылып, 1940 жылға дейін жұмыс істеді. Онда әр түрлі көсіпке орташа дәрежедегі мамандарды даярлады. Жұмысшы факультеттері таптық оқу орындары деп есептелді. Жұмысшы факультеттерімен катар техникумдар мен училищелер саны өсті. 1920 жылы Семейде тұңғыш ауыл шаруашылығы техникумы ашылды. 1923 жылы орынборда тұңғыш медициналық техникум жұмыс істей бастады. Ауыл шаруашылығың индустрияландыру және ұжымдастыру жылдарында Қазақстанның халық шаруашылығы үшін көптеген мамандар даярлау туралы мәселе көтерілді. Бұл нағыз маңызды әрі күрделі міндетке айналды. КСРО ХКК (Халық Комиссарлары Кеңесі) «қазақстан үшін кадрлар даярлау туралы» қаулы қабылдады (1933 жылғы 20 қазан). Осы құжатқа сәйкес біркатар техникалық, ауыл шаруашылығы, медициналық және т.б. техникумдар мен училищелер ашылды. 1932 жылы республикалық дене тәрбиесі техникумы ашылды. 1930 жылдың ортасында Қазақстанда 12 индустриялық, 9 көлік және байланыс, 29 педагогтік және мәдени-ағарту, 9 медициналық техникум, 9 қаржы-экономика техникумы құрылды. 1939 жылы республикада 20 ауыл шаруашылығы және зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумдары болды. 30-жылдардың соңына қарай қазақстанда орта арнаулы білім беру жүйесі толық күшіне енді. Сөйтіп, Қазақстанда, барлық елдегі сияқты, арнаулы орта білім берудің бірыңғай жүйесі қалыптасты. Арнаулы орта білім беру мекемелерінің ең көп таралғаны техникумдар болды. Қазақстанның жоғары оқу орындары. Қазақ өлкелік комитеті мен республика үкіметі Алматыда Қазақ мемлекеттік университетін ашу мәселесін қойды. Қазақ АКСР ХКК-нің 1928 жылы 10 маусымдағы қаулысында: РКФСР ХКК-нің каулысына сәйкес 1928 жылғы 1 қазанда ҚазМУ-дің педагогикалық факулътеті, ұш бөліммен: физика-математика, жаратылыстану және лингвистикалық-әдебиет бөлімдерінің бірінші курсымен ашылсын деп кәрсетілді. ҚазМУ-дің педагогикалық факультетінің жетекшісі болып-Мәскеу шығыстану институтының ректоры Санжар Асфендияров тағайындалды. Оқытушылар арасында белгілі қазақ жазушысы, Ленинград университетінің түлегі М. Әуезов, мемлекеттік кайраткер С. Сейфуллин т.б. болды. Университеттің педагогикалық факультеті республикадағы тұнғыш ЖОО (Жоғары оқу орны) болып есептеледі (1930 ж.) қазақ өлкелік комитеті 1929 жылы сәуірде тұңғыш ЖОО-лардың жұмысы мәселесін қарап, қаржы және құрылыс материалдарың бөлу шараларын қарастырды. Оқу корпусы мен жатақханаларды жөндеу көзделді. Қазақ жастарынан студенттер қабылдауды 60%-ға көтеру, ЖОО-ы түлектері есебінен институтты ғалым-педагог кадрлармен жасақтау, аспирантура ашу, жас оқытушыларды орталық ЖООлардың аспирантурасына жіберу белгіленді. Өлкелік комитеті 1929 жылы 29 қыркүйекте Қазақ зоомалдәрігерлік институтының кеңес мұшелерін бекітті. Бұл институт Қазақстандағы тұңғыш ауыл шаруашылық ЖОО-ы болды. Кадрлар даярлауды одан әрі дамыту және жақсарту мәселесі ОК-нің 1929 жылғы қараша пленумының «Халық шаруашылығы кадрлары туралы» қаулысында қаралды. Пленум Мемлекеттік жоспарлау, Жерхалком және Ағарту халкомдарына кадрлар даярлау, жаңа ЖОО-лар мен техникумдар құрылысының бірыңғай бесжылдық жоспарын жасауды тапсырды. Семейде, Оралда, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Шымкент қалаларында ЖОО-ларга түсушілер үшін даярлық курстары ұйымдастырылды. Барлық ЖОО-ларда үздіксіз оқу жылы және үздіксіз оқу аптасы еңгізілді, оқыту мерзімі 3-3,5 жыл болып белгіленді. 1930 жылы қазанда Алматы ауыл шаруашылығы техникумының базасында Талгар ауыл шаруашылығы институпғы ашылды. Бұл оқу орнының ұйымдастырушысы және тұңғыш директоры Ораз Жандосов болды. Алғашқыда институттың тек бір ғана астық және техникалық дақылдар факультеті болды, бірақ бір жылдан кейін жеміс-көкөніс факультеті ашылды. 1931-1933 жылдарда Шымкентте Мақта шаруашылығы, Қостанай облысында (Қарабалық кеңшарында)-Жем-шөп өндіру, Оңтүстік Қазақстан облысында (Қапланбек кеңшары)-Қой шаруашылығы институты мен Қазақ ауыл шаруашылығы институтының кой шаруашылығы және Жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеттерінің базасында жеке Жеміс-көкөніс институты ашылды. Алайда бұл ЖОО-лар өте ұсақ болып, мемлекеттің жәрдемін қажет етті және оларды сақтау өзін-өзі ақтамайтың еді. Мерзімінен ерте құрылған ЖОО-лар 1933-1934 жылдары жойылып, Ауыл шаруашылығы институтына қосылды, ал Қой шаруашылығы институты Алматы зоомалдәрігерлік институтына берілді. 1930-1931 жылдары Қазақ АКСР үкіметі мен Қазақ өлкелік комитеті медицина институтын құру және нығайту мәселесін қарап, бірінші курсқа қабылдау жоспарын бекітті. Рескубликадағы жоғары медицина институты 1931 жылы ашылды. Оның директоры болып профессор С.Асфендияров тағайындалды. Оған Ленинград әскери-медициналық академиясы камкоршылық жәрдем көрсетті. Қазақ педагогикалық институты 1931 жылы өзінің тұңғыш түлектеріне жолдама берді. Алайда республикадағы жалғыз педагогикалық институт педагогикалық кадрларға деген сұранысты қамтамасыз ете алмады. Бірнеше педагогикалық ЖОО-ларың ашу қажет болды. Қазақ өлкелік комитеті 1932 жылғы 9 шілдеде 1 қазаннан бастап Халық ағарту институтының базасында Орал педагогикалық I институтын, физика-математика, химия-биология, қазақ тілі және әдебиеті, тарих-экономика факультеттерін іске косу туралы қаулы қабылдады. Қазақстанның тау-кең және көмір өнеркәсібіне мамандар даярлау Үшін 1932 жылы Семей геологиялық барлау техникумының базасында Семей геолоиялық-барлау институты ашылды. Қазақстанның жоғары мектебін қалыптастыру ісін жолға қоюда КСРО ОАК-нің 1932 жылғы 19 қыркүйектегі «Жоғары мектеп пен техникумдардағы оқу бағдарламалары мен режімі туралы» қаулысышешуші рөл атқарды. ЖОО-ларда сабақ беру негізіне дәріс оқу, семинар және зертханалық сабақтарды ұжымшарлар мен қәсіпорындардағы өндірістік төжірибемен алмастырып отыру, мектептерге педагогтік практикадан өтуге жіберу еңгізілді. Ұжымдық емтихандар мен сынақтар жүйесі жойылып, жылына екі рет сынак-емтихан сессиясын енгізу қабылданды, студенттер үлгірімін бағалау теңестірілді. 1933 жылы 20 қазанда КСРО Халком Кеңесі «Қазақстан үшін кадрлар даярлау туралы» қаулы қабылдап, онда Жоғары және Орта арнаулы білім беру бағдарламасы белгіленді. Осы құжаттың негізінде Қазақ өлкелік комитеті 1934 жылдың 1 каңтарынан бастап педагогикалық институттың базасында Қазақ мемлекеттік университетін ашу туралы шешім қабылдады. Қазақ мемлекеттік университеті 1934 жылдың 15 қаңтарында ашылды. Сабақ бұрынғы Верный ерлер гимназиясының кішігірім үйінде басталды. Күзде химия факультеті ашылды. Республикадағы үнемі даму үстіндегі өнерқәсіп, әсіресе тау-кең және металлургия қәсіпорындары кадрлардан тапшылық кәрді. Семей геологиялық-барлау институты тау-кең, көмір және металлургия қәсіпорындарына мамандар даярлап үлгермеді. Осыған байланысты ол 1934 жылы Қазақ тау-кең металлургия институты болып қайта құрылып, Алматыға көшірілді. Институтта кеңді және кеңсіз орындарды және гидрология бойынша зерттеуші инженерлер даярлау басталды, ал 1935 жылғы қаңтардан бастап жаңа мамандық кең орындарын пайдалану, осы жылдың қыркүйегінен түсті металдар металлургиясы мамандықтары енгізілді. Өнеркөсіпке кадрлар даярлаумен қатар ауыл шаруашылығы үшін мамандар даярлау шаралары қарастырылды. 1934 жылы ауыл шаруашылығың механикаландыру факультеті ашылды, сәл кейінірек ауыл шаруашылығың электрлендіру бөлімі қосылды. Көсіпқой журналистер мен газет кызметкерлерін даярлау үшін республика астанасында 1934 жылы Коммунистік журналистика институты (КЖИ) ұйымдастырылды. КСРО жоғары мектебінің типтік Жарғысы студенттер мен окытушылардың құқықтары мен міндеттерін, студенттік коғамдық ұйымдардың орны мен рөлін және оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін анықтады. 1937 жылғы 11 қарашада КСРО ХКК ЖОО профессорлар-оқытушылар құрамы ұшін штаттық лауазымдар мен лауазымдық еңбекақы кестесін енгізу жөнінде қаулы қабылдады. Ол профессорлар мен оқытушылар, факультет декандары мен ЖОО директорлары жағдайын айқындап, барлық республикаларда, соның ішінде Қазақстанда да жоғары білім беруді өркендету мақсатына қызмет етті. Республикада жаңа ЖОО-лар ашылып, бұрынғылары кеңейтілді. Осылайша 1938 жылы Қараганды және Қостанай мұғаллімдер институты ашылды. Алматы медициналық институтында педиатрия факультеті іске қосылды. КЖИ 1941 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультеті болып кайта құрылды. 1938 жылдан бастап күндізгі оқумен қатар, сырттай оқу түрі де пайда болды. Сырттай оқу, ең алдымен, педагогикалық ЖОО-ларға енгізілді. ЖОО-лар алдында аспирантура арқылы ғылым кадрларын даярлау міндеті тұрды. Республикадағы бірінші аспирантура 1932 жылы-педагогикалық, ал 1938 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде құрылды. 1936 жылы университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы қысқаша акпарат көзі түрінде бірінші университет бюллетені жарыққа шықты. 1937 жылдан бастап «Абай атындағы КазПИ-дің ғылыми жазбалары және Қазақ тау-кең металлургия институтының еңбектері жарық кәрді. XX ғасырдың 30-жылдарының соңына карай республика ЖООларының оқу-материалдық базасы әлі де әлсіз болды, профессороқытушы кадрлар жетіспеді, көптеген институттардың студенттер саны аз болды. 1940 жылы Гурьев мұғалімдер институтында 58-ак, Қостанайда 158, Қызылорда педагогика институтында 156 адам ғана оқыды. Республикада көптеген ЖОО-ларың құру мемлекет қаржысын желге ұшырып, оқу құрал-жабдықтарын, маман оқытушы кадрларын тиімді пайдалана алмауға әкеліп соқтырды, студенттерді оқытуға жұмсалатын қаржыны арттырды. 1941 жылы ЖОО-ларды нығайту мақсатында Алматы мұғалімдер институты педагогикалық институтпен қосылды. Барлық педагогикалық және мұғалімдік институттарда студенттер саны аз топтар біріктірілді. Он жыл ішінде республика ЖОО-лары Қазақстанның халық шаруашылығының барлық салалары және мәдениеті үшін 10 мыңдай мамандар даярлап шығарды. Республиканың халық шаруашылығы үшін жоғары дәрежедегі маман кадрлар даярлаудың өзге де түрлері болды. Индустрияландыру жылдарында маман ауыл шаруашылығы кадрлары және инженерлерге деген сұраныс құшті болды. Шебер ұйымдастырушылық қабілетін және партия ісіне шексіз берілгендігін көрсеткен жұмысшылар мен шеберлерді оқыту үшін өнерқәсіптік академиялар құрылды. Оралдағы қазақстан өнерқәсіптік академиясы Қарағанды, Риддер, Қарсақпай, Ащысай жұмысшыларыңа білім берді. Сөйтіп, республикада алғашқы екі бесжылдық кезінде маман кадрлармен қамтамасыз ететін жоғары және арнаулы оқу орындары ның жүйесі жасалды.

[өңдеу]

Ғылымның дамуы

 

Кеңестік Қазақстандағы алғашқы ғылыми мекемелер. Азамат соғысы аяқталысымен Қазақстанда кеңес өкіметі ғылыми қызметкерлер алдына елдің табиғат байлықтарын және оны өндіру күшін зерттеу міндетін қойды. 1919 жылдың желтоқсан айында қазақстанды географиялық, тарихи және этнографиялық жағынан зерттеумен айналысатын тарихи-статистикалық бөлім құрылды. Ресей ғылымдар академиясы жанынан табығи өндіргіші күштерді зерттеу комиссиясы (ТӨКЗК) құрылды. Кеңес өкіметі 1920 жылы ТӨКЗК жанынан бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялық отрядтар ұйымдастырды. Бұл отрядтар қазақстанның жер қойнауын, флорасын, фаунасын, климатын, аумағы, сондай-ақ мәдениетін, тұрмысын, тілін кешенді ғылыми зерттеуге тиіс болды. Сол жылы алғашқы экспедиция орынбор-Торғай өңіріне аттандырылды. Ресей географиялық коғамының Семейдегі Батыс Сібір бөлімшесі және Верный бөлімшесі өз жұмысын қайта жандандырды. Ауыл шаруашылығы саласында алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемелер: Алматы жеміс-жидек станциясы (1919 ж.), Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924 ж.), Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылымизерттеу институты (1926 ж.), қалаларда тәжірибелік егістіктер мен стандиялар құрылды. Денсаулық сактау халкомының жанынан 1925 жылы Санитария-бактериологиялық институты ашылды. 1926 жылы КСРО Ғылым Академиясының жанынан академик А.Е.Ферсманның басқаруымен одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйымдастырылды. Ол қазақ АКСР-ін кешенді зерттеудің бесжылдық жоспарын жасады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін 1926-1927 жылдары КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы ұйымдастырылып, ол жекелеген отрядтар арқылы өлкені статистикалық-экономикалық, геологиялық және гидрогеологиялық жағынан зерттеу жүргізді. КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы отрядтарының негізінде сегіз жаңа экспедиция ұйымдастырылды. 30-жылдардың басында Қазақстандағы ғылым және ғылыми мекемелер 20-жылдың басына қарағанда қарыштап алға басқандығың көрсетті. Алайда 1932 жылы КСРО ҒА-ның конференциясында ғылымның елдегі халық шаруашылығы сұраныс денгейінен әлдеқайда артта қалғандығы атап көрсетілді. Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір басқаруга біріктіру үшын 1932 жылы наурыз айында КСРО ҒАның Қазақстандық базасы құрылды. КСРО ҒА-ның қазақстандық базасының төрағасы болып көрнекті шығыстанушы ғалым A. Н. Самойлович тағайындалды. Алғашқыда база құрылымдық жағынан екі сектордан тұрды: зоологиялық және биологиялық. 1935 жылы геология және тарих секторлары қосылды. 30-жылдары республикада бірқатар ғылыми мекемелер: Алматы (1932 ж.), Балқаш пен Лениногор ботаника бағы (1935 ж.), Мал шаруашылығы институты (1933 ж.), Астық шаруашылығы институты (1934 ж.), Ана мен баланы қорғау ҒЗИ (1932 ж.), Көз аурулары ҒЗИ (1934 ж.) ашылды. Негізінен, бұл аралықта Қазақстан ғылымы мен ғылыми мекемелері айтарлықтай дамыды, дегенмен ғылыми-зерттеу ісін одан әрі кеңейту мәселелері сақталып қалды. Қазақстанның ғылымы мен ғылыми мекемелерінің дамуында ғалымдар съездері мен конференцияларының маңызы зор болды. 1934 жылы 10-15 қарашада КСРО ҒА-ның Алматыда көшпелі сессиясың өткізді. Осындай мәжілістер мен конференциялар республиканың шашырап жүрген аз санды ғалымдарының басын косуға түрткі болды. Бұл әсіресе ғылыми дәстүрлері мен мектебі жок, мақсатты түрде терең зерттеу жүргізу базасы калыптаспаған жағдайда жерде ерекше мәнге ие болды. Геология ғылымы саласында Қазақстанның жекелеген аймактарын игеруді дамытуда ел ғалымдары мен практик мамандар бас қосқан мәжіліс өз әсерін тигізді. 1935 жылы қарашада және 1936 жылы наурызда Алматыда КСРО ҒА-ның екінші геологиялық конференциясы мен сессиясында Орал-Ембі ауданын, Жоғары Алтай мен Жезқазғанды игеру мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы ғылымы саласында, егіс және мал шаруашылығында ғылым жетістіктерін өмірге ендіру міндеттері шешілді. Қоғамдық ғылымдар саласында Маркс, Энгельс, Ленин шығармаларын, партия мен үкімет құжаттарын, партия мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін оқып-үйренуге және насихаттауға баса мән берілді. 1931 жылы Қазақ маркстік-лениндік ҒЗИ құрылып, ол макрсизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін қазақ тіліне аудару және насихаттау ісімен айналысты. Жалпы алғанда, бұл институт идеологиялық орталық міндетін атқарды. 1934 жылы Қазақ ұлттық мәдениеті ҒЗИ ашылды, оның тарих және археология, әдебиет және фольклор, тіл құрылысы, бейнелеу өнері жоне музықалық театр-хореографиялық секторлары болды. 1936 жылы осы институт негізінде КСРО ҒА-ның республикалық базасы құрылды.

[өңдеу]

Ғылым академиясының Қазақ филиалы

 

1938 жылы КСРО ҒАның Қазақстандық базасы ЕСРО ҒА-ның Қазақ филиалы (ҒАҚФ) болып қайта құрылды. Бір жылдан кейін ҒАҚФ құрамына тағы екі сектор: топырақтану және география қосылды, Қарағандыда төртінші ботаника бағы ашылды. КСРО FA КСРО ҒАҢФ төрағасы етіп белгілі геолог ғалым, академик А.Д.Архангелъскийді тағайындады. Қысқа мерзімде КСРО ҒАҚФ және оның геологиялық секторы беделді ғылыми орталыққа айналды. Көптеген ғалым-геологтар мен инженер-практиктер зерттеулерінің басты нәтижесі-Қазақстанның ғылыми геологиялық картасын жасау болды. Оны жасау жұмысына Қ.И.Сәтбаев,

А.Гапеев,Н.Г.Кассин, И.С.Яговкин, М.П.Русаков, Р.А.Борукаев,

П. Hexopoшие, В. Н. Котулъский, Н. Ф. Григоръев, A. Д Архангелъский, М.М.Пригоровский қатысты. қазақстандағы геология ғылымы табыстарының өсуі, ғалымдар ұжымының қалыптасуы 30-жылдың соңына қарай геология ғылымы институтын ашу жөнінде ұсыныс жасауға мүмкіндік берді. 1940 жылы Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақ филиалы құрылды

 

Екінші дұниежүзілік соғыс қарсаңында ҒАҚФ республикадағы ең ірі ғылыми мекеме саналды. Бұл кезде ҒАҚФ-тың 100-ге жуық ғылыми қызметкерлері болды. Олардың 14-і ғылым кандидаты болса, тек үшеуі ғана ғылым докторы ғылыми дәрежесін иеленді. Филиалдың негізгі қызметі соғыс жылдарына тура келді. Соғыс уақыты жағдайы республикадағы ғылыми жұмыстарға айтарлықтай өзгертулер енгізуді талап етті. ҒАҚФ минералдық ресурстарды зерттеу, металды балқыту технологиясын өңдеу, отқа төзімді құрылыс материалдарын өндіру, химия өнеркәсібін дамыту мәселелері, суармалы жер шаруашылығы және сумен қамтамасыз ету, энергетика, т.б. мәселелермен айналысты. 1942 жылы филиал құрамында астрономия және физика, тарих, тіл және әдебиет, химия-металлургиялық ұш институт ашылды. Оған 1943 жылы топырақтану және ботаника институты қосылды. бұлардан басқа 7 сектор жұмыс істеді. Соғыс жылдары жоғары маман кадрлар, ең алдымен, ғылым докторларын даярлау міндеті өз шешімін тапты. Республикада Ғылым академиясын ашу үшін ғылымның маңызды салалары бойынша бірқатар жаңа институттар ұйымдастыру қажеттігі туды. Қазақстанның Ғылым академиясың ашуга арналган салтанатты жиналыс 1946 жылы 1 маусым куні Абай атындағы опера және балет театры гимаратында өтті. «қазақстанда ғылым дамуының жағдайы мен негізгі міндеттері» деген тоқырыпқа баяндаманы тұнғыш президент Қ. И. Сәтбаев жасады.

 

 

[өңдеу]

Қазақстанды зерттеу қоғамының жарғысынан

 

3 ақпан, 1923 жыл. А.Қоғамның міндеттері: 1. Қырғыз (қазақ-ред.)өлкесін зерттеу қоғамының мақсаты-жергілікті өлкені жан-жақты зерттеу, өз мүшелерінің ғылыми қызметіне көмектесу және жергілікті өлке туралы мәліметтерді кеңінен тарату. 2. Қоғамның әрекет ету ауданы Қырғыз Республикасының аумағы болып табылады. В. Қоғамның қызметтері: 1-де көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қоғам:

а) жинақтамалар, материалдар жинау, т.б. ісіне бақылау жасайды;

б) өз мүшелерінен ғылыми іссапарлар ұйымдастырады, өлке шегінде экскурсиялар мен экспедициялар жабдықтайды;

в) мүражайлар,зертханалар, обсерваториялар, тәжірибелік станциялар, т.б. құрады;

г) ғылыми кітапханалар құрады;

д) Ресейдегі және шетелдердегі ғылыми қоғамдармен және жекелеген ғалымдармен байланыс орнатады;

е) өз мүшелері үшін ғылыми жұмыстарды талқылау, орыс және шетел ғалымдарының жетістіктері туралы рефераттар мен баяндамаларды тыңдау жене талқылау, жаңа ғылыми зерттеулердің жобасы мен бағдарламасың жасау, т.б. үшін жиналыстар шақырады;

ж) тапсырмалар беріп, олардың қанағаттанарлық дәрежеде орыңдалғаны үшін сыйақы үлестіреді;

з) өз мүшелерінің ғылыми еңбектерін басу үшін мерзімді және мерзімсіз басылымдар шығарады немесе қалыптасқан ережеге сәйкес олардың өзге басылымдарда жарық көруіне жөрдемдеседі;

и) қалыптасқан ережеге сейкес дәрістік оқулар мен курстар ұйымдастырады;

к) осы саладағы ғылыми қызметкерлердің өлкелік съездерін шақырады;

л) Академиялық орталықтың рұқсатымен өзге жерлерде филиалдық бөлімшелерін ашады.

 

[1]



Информация о работе Қазақстанда қәсіптік білім беру жүйесінің қалыптасуы