Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:35, реферат
Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды:
1.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.
2.Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру.
3.ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ – ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% - ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ–да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті. Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты. бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды.
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды.
- Орталықтан Қазақстанға жіберілген қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. М. Рафальский, В. Н. Андроников т. б. Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты.
Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг, ЧСИР – отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь. Кейінннен ол «Алжир» - халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселок – обсервацияда Россиядан «халық жауы» ретінде жазалағандар орналастырылды.
1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корейлер, Әзірбайжан мен Армениядан 2 мың 400 отбасы жер аударылып Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды.
30–40 жылдар
мен 50–жылдарда
101 мың Қазақстандық ГУЛАГ–қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазір де сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды.
Сталиншілдіктің басты қылмысы: 1) әміршіл - әкімшіл жүйені қолдану, 2) лагерьлер жүйесін құру, 3) халықтарды күштеп көшіру, 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу (31 мамыр – Ұлттық қаза күні болып белгіленді).
Қазақ КСР – інің құрылуы.
1936 жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. Он бір Одақтас республикасының социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикадан одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да енді.
1937 жылдың
наурыз айында Қазақстан
- Республиканың
экономикалық негізі –
1937 жылғы
желтоқсанда КСРО Жоғарғы
1938 жылғы
маусым - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
сайлауы өткізілді. Оған
1938 жылғы 15 шілде - Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестерінің сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.
20 -30 жылдар кезеңінің қорытындысы:
Тиімді жағы:
1. Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық
автономия құқығына қолы жетті.
2. Индустриясы жедел дамыды.
3. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға
қол жетті.
Тиімсіз жағы:
1. Экономика мен мәдениет саласында қол
жеткен табыстар тым қымбатқа түсті.
2. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.
3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал
идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.
Қазақ КСР – і соғыс алдындағы жылдарда.
1939 жылы Коммунистік
партияның XVIII съезі болып өтті.
Онда КСРО – ның индустриялық
қуатын кеңейту, қорғаныс
1938 – 1941 жылдары
іске асырылатын шаралар:
1) Қарсақпай мыс балқыту заводын қайта
құру мен кеңейту.
2) Жезқазған мыс балқыту заводын салу.
3) Алтайда түсті металлургияны дамыту.
4) Ембідегі геологиялық жұмыстар мен барлау
– бұрғылау ісін жеделдету шаралар қолданды.
Осы жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тәжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күнінен, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді.
1940 жылдың
аяғында мемлекеттік еңбек
Тұрақты механизаторлар кадрлары қалыптасты, 116 мың маман даярланды. Соғыс қарсаңында Халық шаруашылығында 11 мыңнан астам инженер, техниктер еңбек етті. Стахановшылар мен өндіріс жаңашыларының қозғалысы өрістеді. Риддердегі алғашқы стахановшы – шахтер Б. Ықыласов болды.
Соғыс алдындағы жылдарда құрылыстарды салу жеделдеді. 1940 ж. басы – ұзындағы 806 шақырымдық Ақмола – Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде салынды. Бұдан басқа Атырау – Қандығаш, Қандығаш – Орск, «Шығыс Орамы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Семей облысы), Алматы – Сарыөзек, Жамбыл – Алакөл темір жолдары (2681 км.) салынды. 1938 – 1940 жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.
Үшінші бесжылдықтың
3,5 жылындағы өнеркәсіптегі
Республика өнеркәсібінің жалпы өнімі – 57,3 % -ға артты.
Түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент, Қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл заводтары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеністері. Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту заводы, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары.
Шымкент қорғасын заводының қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп танылды. 1939 жылы завод ұжымы одақта 1 – орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды.
Химия өнеркәсібі, радиохабары және радиоландыру жоғары қарқынмен дамыды.
Қазақстан Одақ көлемінде қорғасын өндіруден бірінші орын, Мұнай мен көмір өндіруден 6 – орынға шықты.
1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, индустрияның жалпы өнімі 1940 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 7,9 есе өсті. Олардың бірі Кеңес өкіметі жылдарында салынған еді. 1940 жылы Қазақстан Одақ бойынша: көмірдің – 4,2% -ін; мұнайдың – 2,2% -ін; қорғасынның – 87% - ін; мыстың – 21% - ін өндірді.
Соғыс алдындағы жылдарда Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті шикізат аймағы қалыптасты.
Соғыс алдындағы жылдарда колхоз құрылысы дамыды. 1940 жылы колхоз бен совхоздарда: 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың комбайн, 14 мың жүк автомобилі жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық техникасы 330 МТС және 194 совхозға шоғырландырылды. 116 мың механизатор, тракторшы, комбайыншы даярланды. 1940 жылы жоғары және арнаулы орта білімі бар 4 мың 600 агроном, зоотехник, мал дәрігері, орманшы болған.
1938 – 1940 жылдары
1338 ТОЗ ауылшаруашылық
1940 жылы әлеуметтік – мәдени шараларға мемлекеттен бөлінген қаржы – 1 млрд. сомға жақындады. (1932 жылмен салыстырғанда 12,5 есе көп).
1938–1940 жылдары республикада тұрмыстық қызмет көрсету орындары салынды: 3100 – ден астам дүкен, 600 – ден астам асхана, ресторан, 200 жаңа емхана, 120 аурухана.
Үшінші бесжылдықтың жарты жылында тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаржы – 876 млн. сом болды (екінші бесжылдықта 351 млн. сом болды).
1938 – 1940 жылдардағы шешілмеген проблемалар.
- Мал шаруашылығының дамуы артта қалды.
- Колхоз өндірісінде материалдық ынталандыру төмен болды.
- Ауылшаруашылық мамандары тұрақтамады.
- Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады.
- Тұрғын үй қоры социалистік құрылыс қорынан кейін қалды.
Сонымен, елде орын алған кейбір келеңсіз процестерге қарамастан, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы бүкіл тарихи даму барысымен соғыс жылдарында зор ауыртпашылықтың бір бөлігін өз мойнына алуға және Жеңіс ісіне елеулі үлес қосуға әзірленген еді.
Информация о работе Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаруалар қасіреті