Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 22:08, реферат

Описание работы

1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.

Содержание

1. Қазіргі Қазақстан.
2. Ұлтаралық қатынастар.
3. Тәуелсіздік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық процесстер

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер.docx

— 32.89 Кб (Скачать)

Қоғамның даму стратегиясы.

Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетіледі:  
1) Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.  
2) Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.  
3) Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.  
4) Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.  
5) Жетекші фактор–адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі.  
6) Ауылшаруашылық жерлері.  
7) Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.  
8) Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.

Қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш-қуаты.

Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:  
1. Коммунистік ұстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту қажет.  
2. Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі.  
3. Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы.  
4. Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал қорларының баялауы.  
5. Кедейлік пен жұмыссыздық проблемалары.  
6. Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы.  
7. Жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару.  
8. Заңдардың жартыкештігі және тұрлаусыздығы.

Қазақстанның басты  мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.

Жолдаудағы өзекті сөздер – халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар  бейнесі:  
1. Жаупты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты азаматтар;  
2. Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары;  
3. Жоғары ақы төленетін, оқытып үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен биік ұстайтынына сенімді азаматтар;  
4. Мемлекттің өздерінің құқықтарын қорғайтына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді, салауатты өмір сүретін азаматтар.

2030 жылы Қазақстан  жедел өркендеп келе жатқан  үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.

2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.


Информация о работе Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер