Қазақстан Республикасының консулдық қызметінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 20:04, статья

Описание работы

В статье рассматривается становление и развитие консульской службы Респуплике Казахстана, работа департаментов и консульств РК за границей. В статье дан анилиз деятельностей консулских ведомств РК которые занимаются защитой прав своих граждан за пределами Республики Казахстан. Консульская служба РК способствует расширению связей Казахстана сдругими странами, развитию международных отношений, дружбе и сотрудничеству в области экономики, торговли и туризма.

Работа содержит 1 файл

Консулдық қызмет.doc

— 91.50 Кб (Скачать)

          Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды, шекаралық аймақтардағы ынтымақтастықтарды тереңдете түсу және екі жақтың азаматтарының еркін араласуын көздеген мақсаттармен 2006 жылдың 3 қазанында Орал қаласында екі елдің үкіметтері Қазақстан — Ресей шекарасынан өтудің тәртіптері туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім екі елдің шекара айма­ғында тұратын азаматтарының одан өту тәртібін барынша жеңілдетті. 

          Айта кететін жәйт, Қазақстан ТМД-ның Түркіменстаннан басқа елдерінің бәрімен азаматтардың  визасыз жүру режімі туралы келісімге қол қойған. Қазір еліміз Моңғо­лиямен 90 күнге дейін, Түркиямен 30 күнге дейін виза алмай жүре беру режіміне қол жеткізді. Ал Венгрия, Словакия, Польша, Румыния, ҚХР, Иран, Үндістан, Пәкстан, Куба, Египет секілді елдермен дипломатиялық және қызметтік паспорттар арқылы визасыз жүру туралы келісімдер бар.  Мұндай келісімдерге қол қою біздің еліміздің мүддесіне сай, сондықтан осы бағытта басқа елдермен де келісімге қол жеткізу жұмыстары жалғасуда.[5]

         Елбасының 1999 жылдың 15 шілдесінде қол қойған “Қазақстан Республикасына шетелдік азаматтардың кіру-шығу және болуын қадағалауды күшейту шаралары туралы” өкіміне сәйкес ҰҚК “ЕLSІ Tech” компаниясымен бірлесіп Қазақстанның шетелдік мекемелерінде, Консулдық қызмет департаментінің Алматы және Астана қаласындағы өкілдіктерінде “Бүркіт” атты Біртұтас ақпараттық жүйе (БАЖ) енгізуді белсенді жүргізіп жатыр. БАЖ қазақстандық визаны беру жұмысына қатысы бар барлық өкілетті органдардың келісімін алу уақытын азайтады және Қазақстан аумағында шетелдіктердің кіру-шығу және болуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасының консулдық қызметі визаларды компьютерлік әдіспен толтыруға көшті. Бұл — визаларды тез толтыруға және мемлекеттік шекараның бақылау-өткізу пункттерінің жұмысын жақсартуға мүмкіндік берді. Мәшинелік әдіспен есептелетін визалар әлемдік стандарттарға сай болып, Шенген визасына ұқсады.

          2007-2009 жылдар аралығында Консулдық қызмет департаменті “Қазақстан-2030” және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегияларына сәйкес, сонымен бірге еліміздің БСҰ-ға енуіне орай негізгі және барлық деңгейдегі сапарларды еліміздің ішінде және шетелдерде жоғары деңгейде өткізуге күш салатын болады. Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларының құқылары мен мүдделерін шетелде қорғау, басқа елдермен сауда-экономикалық байланыстарды нығайту ісіне үлес қосу секілді жұмыстар да жандана түседі.[6]

       Консулдық қызметте  консулдық заңдастырудың ережелері арқылы құжаттарды ресімдейді. Олардың қатарын баяндап кетсек:

Консулдық заңдастыру дегеніміз құжаттардың болу елінің 
қолданыстағы заңдарына сәйкестігін тексеру және мұндай 
құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға 
лауазым иесініз қойған қолы мен басқан мөрінің түпнұсқалылығын 
анықтау мен куәландыру болып табылады. Консулдық заңдастыру халықаралық қатынастардағы құжаттар мен актілердің құқықтық күшін растайды. Құжаттың мазмұнына  консул жауапты емес. Құжаттың түпнұсқалығы және тиісті түрде ресімделгендігі жайында оның қолданылуы жүретін елдің органдарына кепілдіктерді қамтамасыз ету консулдық заңдастырудың мақсаты болып табылады. Консулдық заңдастыру бойынша функцияларды мыналар атқарады:

1) шетелде  - Қазақстан Республикасының консулдық  мекемелері;

2) Қазақстан  Республикасында - Қазақстан Республикасы  Сыртқы істер министрлігінің  Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі - Консулдық қызмет департаменті). Шетелдегі Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінде құжаттар мен актілерді заңдастыру бойынша функциялар Қазақстан Республикасының консулдарына жүктеледі. Консулдық тапсырмасы бойынша консулдық заңдастыруды басқа да консулдық лауазымды адамдар жүзеге асыра алады.

Консул  консулдық аймақтың билік орындарының  қатысуымен әзірленген, олар растаған және олар шығарған құжаттар мен актілерді  консулдық заңдастыру үшін қабылдайды. Егер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілерді ұйымдары мен    мекемелері    шығарган    мемлекет    қатысушысы    болып 
табылатын халықаралық шарт бойынша   өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шетелдік мемлекеттік ұйымдарынан    және    мекемелерінен    шығатын құжаттар         мен       актілерді        қарауына         қабылдайды. Төмендегі операцияларды жүргізуге өкілетті Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерінің атынан шетелде кез келген түрдегі іс-қимылдарды жасауға сенімхаттарды, сондай ақ аталган ұйымдар мен мекемелердің қызметіне байланысты 
басқа    да    құжаттарды    заңдастыруды    Консулдық    қызмет департаменті ғана жүргізеді. Қазақстан  Республикасының заңдарына  қайшы  келетін 
немесе   өзінің   мазмұны   бойынша   Қазақстан   Республикасының мүдделеріне     нұқсан     келтіруі    мүмкін,     немесе     Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  ар-ожданы  мен  қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер жазылған құжаттар мен актілер заңдастыруға жатпайды.Қазақстан    Республикасының    шетелдегі    консулдық мекемелерімен құжаттар мен актілерді заңдастыру Құжаттар мен актілерді заңдастыруды жүзеге асыру үшін болатын мемлекеттің ұйымдары мен мекемелерінен шығатын құжаттар мен актілерді растауға өкілетті консулдық аймақтағы билік  орындары   лауазымды   адамдарының   қолтаңбалары   мен 
мөрлерінің    үлгілері    консулдық    қол    астында    болуы    тиіс. Заңдастыруға ұсынылған құжаттар мен актілердің болатын мемлекеттің  заңдарына  іс  жүзіндегіі  сәйкестігі жөнінде   күдік туындаған жағдайда, консул ресми түсіндіруді алу үшін консулдық аймақтың       билік      орындарына       сұрау      салу      жасайды. Қазақстан Республикасынан құжат сұрату тәртібі бойынша Қазақстан Республикасында әзірленген, бірақ консулдық қызмет департаментінде заңдастырудан өткізілмеген құжаттар 
мен актілер консулға келіп түскен жағдайларда, сонымен қатар 
болатын мемлекеттің заңдары бойынша ондай құжаттар мен 
актілерді заңдастыру қажет етілсе, консул оларды заңдастыра 
отырып, мүдделі адамдарға, ұйымдарға және мекемелерге береді.

          Қорытындылай келе, тәуелсіздікті  18 жылы ішінде жеткілікті деңгейде  дамыған құқықтық жүйе құрылғандығын,  сонымен қатар, "консулдық " мектептен шыңдалып шыққан жоғары білікті мамандар қазіргі уақытта Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, СІМжәне шетелдегі мекемелерде жауапты қызметтерде жұмыс атқарып, мемлекетіміздің мүдделерін әлемдік деңгейде ойдағыдай қорғап жатқандығын ерекше атап өткен абзал. 
 
 

Қолданылған әдебиетер тізімі:

  1. М.А.Сарсембаев.Дипломатическое  и консульское право.Алматы.,2002г    [1]С 19, [2]С124                                                                                                
  2. Закон о дипломатической службе Республики Казахстан. Алматы, 2002г [3]
  3. Внешняя политика Республики Казахстан. Хроника. 1991-1999. Алматы, 1999.
  4. М.Ә.Қайырбек Жеке дипломатиялық және консулдық иммунитеттер мен артықшылықтар. Алматы 2004ж.[4]С56
  5. Айдаров Н. Степная дипломатия одевается во фрак. Минск, 1998.
  6. Актуальные проблемы внешней политики. Алматы, 1998.
  7. Приоритеты казахстанской дипломатии. Астана, 2000Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. Алматы, 2000.[5]С72
  8. Токаев К.К. Дипломатия Республики Казахстан. Астана, 2001.
  9. Фу Чжен Кун.  Геополитика Казахстана между прошлым и будущим. Алматы, 1999.
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі  консулдық қызметі  

    

     Consular service RK in modern stage. 

   Консульска  служба Республики Казахстан на современном  этапе  
 

 

Информация о работе Қазақстан Республикасының консулдық қызметінің қалыптасуы