Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 08:34, реферат
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес.
Кіріспе
Қазақстан
халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу
процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады.
Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар
бойына талай басқыншылықты басынан кешті.
Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар
қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар
кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ
қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба
жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған
емес. Жер ананың аялы алақанында аман
қалған әрбір от басынан рулы ел тарап,
халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып
дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс
қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің
түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан
да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді
ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен
қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық
Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық
мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде
жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын
сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында
азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір
сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық
санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған
жылдар бойына мәңгілік болып саналып
келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың
ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың,
этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі
мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан
емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді
сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық
заң ережелері де орындалмады. Шынайы
демократия болмағандықтан да заң әрқашан
қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді
Қазақстан Республикасы жағдайында ғана
құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі
туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің
Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз
Қазақстанның демократиялық дамуының
кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды. Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған. Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарының нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты.
1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің Егемендігі туралы декларацияны қабылдап және одан бір жылдан кейін, 1991 жылдың 16 желтоқсанында ел Президенті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойғанда аз ғана адамдар болмаса, көпшілік Қазақстанның 20 жылдан кейін осындай зор табыстарға қол жеткізген ел боларына сенбеген еді. Ол ол ма, тіпті Қазақстан тәуелсіз ел ретінде КСРО-дан қалған экономикалық, саяси және экологиялық проблемалардың ауыр салмағынан сансырап, шашылып қалады деген сарапшылар да табылған. Бірақ біздің ел ауыртпалықтың бәрін еңсере отырып, әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшелерінің біріне айнала білді. Бүгінгі күні біздің мемлекетіміз әбден пісіп-жетілген, тәуелсіз ел болып отыр. 20 жылдың ішінде бізде барлық мемлекеттік басқару құрылымының институттары мен азаматтық қоғамның элементтері дамыды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы өзгерістер саяси және құқықтық жүйелердің түбегейлі реформаларымен бірге іске асып отырды. Осының өзі Қазақстанның берік құқықтық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Уақыт өткен сайын қазақстандық саяси-құқықтық модель заңдардың орындалуы мен мемлекеттің беделін нығайтып, Конституцияның мызғымастығын қамтамасыз етті. Қазақстан демократиялық мемлекетке тән іс-әрекетке тиісті ұстанымдарды тегіс бекітті. Біздің Конституциямызда демократияның, адамгершіліктің және әділеттің идеалдары көрініс тапты. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет құра бастағалы бері елдің құқықтық жүйесін кешенді реформалауға бағытталған үш бағдарламалық құжат қабылданды. Қоғамдық қатынастардың әрбір даму кезеңі оны тиісінше құқықтық жолмен реттеуді, жаңаша ойлаудың жүйелерін құруды талап етті. Осылардың негізінде ұлттық құқық пен институттық білімді қоса алғандағы барлық сот-құқықтық институттар құрылды. Сөйтіп, экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа да салалардағы өзгерістер құқықтық «өмірді» жаңғыртумен қатар жүріп отырды. Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалар жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның алғашқы құжаты 1994 жылдың 12 ақпанында қабылданды. Бұл құжатты іске асырудың ең басты жетістігі – ұлттық заңнамаларды (конституциялық, азаматтық, банктік, салықтық, қаржылық, кедендік, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу) түбегейлі жаңғыртуға қол жеткізілді. Сонымен бірге, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары, қала берді. Қазақстанның барлық заңнамалық инфрақұрылымы кезең-кезеңмен реформаланды. Екінші құжат – 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымы деп аталды. Онда 2010 жылғы кезеңге арналған құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттары айқындалды. Мұнда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын одан әрі қамтамасыз ету үшін құқық қорғау жүйесі мен әділсот шешімдерін шығарардағы соттардың тәуелсіздігін нығайту жолдары заңдық деңгейде шешімін тапты. Соның ішінде, әсіресе, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша құқықтық және материалдық кепілдіктер жасалды. Өлім жазасы тек адамдардың қаза болуына соқтырған террорлық қылмыстарға және соғыс уақытындағы аса ауыр қылмыстарға ғана қалдырылды, мұның өзі Қазақстан жағдайында оны атымен жоюға мүмкіндік берді. Соттың тұтқындауға санкция беру тәртібі енгізіліп, қылмысты істі прокуратура мен соттың жүргізу мүмкіндігіне тыйым салған конституциялық норма өзгертілді. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында пайда болған омбудсмен мен жеке нотариат институттары дамытылуда. Азаматтар мен ұйымдардың құқын қамтамасыз етудің жаңа тетіктері: медиация және сот актілерін жекеменшік негізде орындаулар өмірге енгізілді. Елдің одан арғы тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатымен 2007 жылы енгізілген конституциялық өзгерістер Президент пен Парламенттің рөлін арттырды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз мемлекетімізді құрушы және іргесін қалаушы ретіндегі тарихи миссиясы заң жүзінде танылып, ол Ұлт көшбасшысы мәртебесіне ие болды. Жоғарғы өкілді органның Үкімет құрамын жасақтауды бақылауы күшейтілді, сонымен бірге, оның мемлекеттің бюджетті құру мен оның орындалуын бақылаудағы өкілеттіктері айтарлықтай кеңейтілді. Осылармен қатар, мемлекет норманы белгілеу үдерісін жаңа сапалы деңгейге көтеретін шаралар қабылданды. Олардың қатарында заң жобалары іс-әрекетін перспективалық жоспарлау, құқықтық нормативтік актілердің жобаларына ғылыми сарап жасау, қабылданатын заңдарды толығымен қаржылық тұрғыда қамтамасыз ету, т.б. бар. Қорыта айтқанда, мемлекеттің құқықтық саясаты қоғамымыздың заңнамалық-саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға бағытталған заңнамалық шаралар болып отыр. Сонымен бірге, әлемдік экономика мен саясаттағы іргелі өзгерістер, сондай-ақ ел дамуының ішкі динамикасы заңгерлер алдына жаңа міндеттер қоюда. Ұлттық құқықтарды уақыттың жаңа талаптарына сәйкес келтіру үшін мемлекеттің норма жасау және құқық қолдану әрекеттерін одан әрі жетілдіру қажет болды. Осыған байланысты Мемлекет басшысының Жарлығымен 2009 жылдың 24 тамызында Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасы (әрі қарай Тұжырымдама) атты үшінші бағдарламалық құжат қабылданды. Ол алдағы он жылға (2010-2020 жылдар аралығы) арналған. Онда жинақталған тәжірибелер мен ғылыми негіздер арқылы жақын және алыс перспективаларға, бүгінгі күнгі даму үрдісіне сүйеніп жасалған Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық біртұтас құқықтық саясаты айқындалған. Отандық барлық заңнамалық құрылымдардың, құқықтық жүйенің өзекті мәселесі, ең жоғары құндылығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында көрсетілген адамның өмірі, құқы және бостандығы болып табылады. Бұл біздің еліміз үшін өзінің азаматтарын қорғаудан жоғары міндет жоқ екенін көрсетеді. Адамның құқы мен бостандығына кепілдік беріле отырып, мемлекет оған қол сұғушылыққа қарсы мемлекеттік тетіктер құрған, сонымен бірге, адам өзін өзі заңсыз іс-әрекеттерден заңға қарсы келмейтін әдістермен қорғану мүмкіндігі бар жеке субъект ретінде танылған. Жеке адам мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынаста адамның құқы мен бостандығын қорғау міндеті соттар мен құқық қорғау органдарына жүктелген. Елбасы Н.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында құқық қорғау жүйесін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындап берді. Онда Елбасы басымдық «ведомствоішілік мүдделерді қорғаудан азаматтардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға» берілуге қарай ойысуы қажеттігін атап көрсетті. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін одан әрі оңтайландырып, біліктілікті барынша нақтылау қажеттігін және есеп беру жүйесі мен әрбір құқық қорғау органының іс-әрекетінің бағасын беруде парламенттік және қоғамдық қатаң бақылау болуы керектігін айтты. Жеке адамның құқы мен бостандығын, қоғам мен мемлекеттің мүддесін бұзуға жол берілсе, оларды дереу орнына келтіруге бағытталған міндеттерді орындау үшін заңнамаларды, құқықтық тетіктер институты мен құралдарды одан әрі жетілдіруі қажет.
Құқықтық мемлекет
туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі
теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың
көп болатын себептері қоғамдағы барлық
таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-мақсатына
қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі
идеологиямен, саяси партиялармен байланысты
болуы. Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе
Кеңес дәуірінде елімізде марксистік
мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп,
түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті
таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа
теорияны, басқа бағытты сырып тастап
отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас
түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың
бәрінде аздап болса да шындық және тарихи
нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды
білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет.
Сол деректерді ескере отырып жүргізілген
зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Тағы бір ескертетін мәселе «азаматтық
қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда
да, құлиелену формациясында да, феодалдық
формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда
«азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл
ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге
келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық
мемлекет туралы қарастырамыз. Құқықтық
мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің
шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге
адамның бостандығын, қадір-қасиетін,
ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны
қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында
тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің
міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық
нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты,
құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес
қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет
екі жақты жауапты объективтік процесс.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту
адам қоғамының көне заманнан негізгі
мақсаты болды. Демократиялық мемлекет
құру және дамыту туралы ой-толғамдар,
идеяларды қазақ ойшылдарының шығармашылық
мұраларынан да көптеп кездестіруге болады.
Солардың бірі Абай Құнанбаев болып табылады.
Ол құқықтық мемлекеттің қағидаттарын
құру мәселесі бойынша бірқатар салмақты
ой-пікірлер білдірді, олардың біразы
күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған
жоқ. Ақын мемлекеттік егемендік позициясын
жақтады, адамдарды ұйымдастыру мен қорғаудың
жоғарғы формасы заң деп таныды. Заңның
рөлі туралы Абай былай деп жазды: «бізге
ата-бабаларымыздан мұра боп қалған заңдардың
жиынтығын - Қасым салған қасқа жолды,
Есім салған ескі жолды, Тәуке ханның «Жеті
жарғысын» білу қажет». Демократияның
маңызды бір буыны, Абайдың пікірі бойынша,
заңның салтанат құруы болып табылады.
Соттық биліктің тәуелсіздігі туралы
Абай идеялары Қазақстан Республикасы
және дамыған елдер Конституцияларының
сот туралы ережелерімен астасып жатыр.
Ол соттарды шектеусіз мерзімге сайлауды
жақтайды, олардың ауыстырылмауын қалайды:
«білімді және білікті адамдарды, осы
орында отыру мерзімін анықтамай-ақ, сайлау
қажет, тек өз істерін адал атқармағандарды
ауыстыру керек».
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның
қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға
ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен
сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция
Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы — адам, оның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары деп жариялады. Бұл
ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген
1995 жылғы Конституция да, 1-баппен бекітті.
Құқықтық мемлекеттің бір белгісі мемлекеттік
билікті ұйымдастыруда биліктерді бөлу
қағидаттарын жүзеге асыру болып табылады.
Тұңғыш рет ол жүйе құрушы қағидат ретінде
1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақ
КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы»
декларацияның 7-бабында айшықталды. Соған
сәйкес, мемлекеттік биліктің барлық жүйесін
реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасы
Конституциясы 3-бабының 4-тармақшасында
Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы,
атқарушы және сот билігіне бөліну қағидатына
сәйкес жүзеге асырылады деп атап көрсетілген.
Заң шығарушы билікті Қазақстан Республикасының
Парламенті, атқарушыны — Үкімет, сот
билігін — Жоғарғы сот және Қазақстан
Республикасының төмен тұрған соттары
жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік
жүйесінің болуы - жаңа Конституцияның
өзіндік ерекшелік-терінің бірі. Тежемелік
және тепе-теңдік жүйесі элементтеріне
парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік
вотумын білдіру, Президенттің парламентті
таратып жіберу құқығы, Үкіметті және
оның мүшелерін орнынан босатуы жатады.
Қазіргі кезде конституциялық
бақылау механизмі құрылуда. Республикада
конституциялық бақылаудың қалыптасуы
құқықтық мемлекет құру туралы пайда болған
конституциялық бағыт-бағдарлармен тығыз
байланысты. Басқа нормативтік актілерден
Конституцияның сөзсіз басым болуы құқықтық
мемлекеттің белгілерінің бірі болып
табылады. Құқықтық мемлекеттің тағы бір
негізгі қағидаты мемлекеттің өзінің
және оның органдарының Қазақстан Республикасы
Конституциясына міндетті түрде бағынышты
болуынан көрінетін құқықтық үстемдігі
болып табылады.
Конституциялық кеңес заңдар және басқа
да нормативтік актілерді, егер олар Конституцияға
қайшы келетін болса, Конституцияға сәйкес
келмейді деп тануға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Конституциясы адам, оның құқықтары мен
бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай
отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын,
ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен
қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті
болып табылады деген тұжырымды алдыға
тартады. Конституция саяси, заңдық және
басқа да кепілдіктердің нақтылы жүйесін
құру үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде
баршаның заң мен сот алдындағы теңдігін,
мемлекет пен түлғаның екіжақты жауапкершілігін
қамтамасыз етеді.
Конституция Қазақстан Республикасында
азаматтық қоғам қалып-тастыруға ықпал
жасайды. Бұл Конституцияда идеологиялық
және саяси әралуандылық танылатынынан
айқын көрінеді (5-бап). Бұқаралық билікті
саяси әралуандылық негізінде жүзеге
асырады. Конституция саяси партияларға,
қоғамдық бірлестіктерге, қозғалыстарға
саяси және мемлекеттік өмірге қатысу
үшін тең мүмкіндік береді. Үстемдік етуші
ретіндегі қандай да бір идеологияның
белгіленуіне жол берілмейді. Азаматтық
қоғам мемлекет және азамат, тұтынушы
және өндірушінің әлеуметтік серіктестігі,
нарық шаруашылықтары меншік түрлерінің
әралуандылығымен сипатталады.
1995 жылғы Конституцияның басты бір жетістігі
барлық деңгейдегі соттардың тәуелсіздігінің
кепілдігі болып табылады. Сот билігінің
тәуел-сіздігі судьялардың өкілеттігін
сайлаудың, тағайындаудың және тоқтатудың
ерекше тәртібімен, сонымен бірге сот
құрамын құруға Жоғарғы Сот Кеңесі және
Әділет біліктілік комиссиясы сияқты
тәуелсіз органдардың қатысуымен айқындалады.
Судьялардың тұрақтылығы қағидаты бекітілген
(79-бап, 1-т.), судьялар өмірлікке сайланады
және тағайындалады. Қазақстан Республикасының
Конституциясына 1998 жылғы 7 қазанда Парламент
енгізген қосымшалар сот ісін жүргізуді
демократизациялауға бағытталған. 75-баптың
2-тармағына сәйкес қылмыстық сот ісін
жүргізу заңмен белгіленген белгілі бір
жағдайларда өзге де нысандар арқылы жүзеге
асырылады. 1995 жылғы 20-желтоқсанда қабылданған
"Қазақстан Республикасындағы соттар
және судьялардың мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңы, өзгерістері және толықтыруларымен,
соттарды жеке билік ретінде бекіткен,
соттар өз қызметінде заң шығарушы және
атқарушы биліктерден тәуелсіз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының
1-бабы Қазақстанды құқықтық мемлекет
деп жариялайды. Демек Қазақстан құқықтық
мемлекет құру және оның негізгі белгілерін
конституциялық бекіту жолында тұр.
Құқықтык мемлекет
дегеніміз - жеке адам және коғам мүддесін
қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне
негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті
қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға,
құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің
сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекеттің
негізі:
- Құқықтық мәдениет;
- Азаматтық қоғам;
- Заңдылық және құқықтық тәртіп;
Құқықтық мемлекеттің
белгі-нышандары:
1. Заңның үстемдік етуі.
2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.
3. Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.
4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
шын мәнділігі, олардың құқықтық және
әлеуметтік қорғалатындығы.
5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің
болуы.
6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық
құкықтық нормалар мен принциптерге сәйкес
келуі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері ” атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған. Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық. Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды. Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған. Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің – мемлекеттің пайда болуына әкелді.
Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарының нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды. Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті. Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.
Сонымен, халықтың басым бөлігі – саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не?
Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?
Азаматтық қоғам ұғымымен қатар, соңғы кезде «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы да ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады. Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады. Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. «Азаматтық қоғам» ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше. Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол – құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайылығы идеал мен идеалдық жобаның және осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын мәнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.
Информация о работе Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптасу жолдары