Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 18:33, реферат
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәтте әлемде бірінші болып еліміздің егемендігін таныған Түркия елі болатын. Сонау 1992 жылғы 2 наурыздан бастау алған Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастар осы жылдар ішінде екі бауырлас ел арасындағы достық пен бірлікке негізделген байланыстарға айналып, тұрақтылық сипатындағы стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Сондықтан осы 20 жылдық мерзім ішінде Қазақстанның еңсесін көтеріп, егемен ел болып қалыптасуына тамыры тереңде жатқан туысқан түрік бауырларымыздың қолдауы мен тілеулестігінің ықпал еткені даусыз.
Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы қатынастар
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар – жүйріктің де жүйрігі бар. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып таныған сәттен бастап, күні бүгінге дейін еліміздің өркендеуіне ыстық ілтипат білдірген Түркияның күллі халқын марапаттаудың артығы болмас»
Н.А. Назарбаев
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәтте әлемде бірінші болып еліміздің егемендігін таныған Түркия елі болатын. Сонау 1992 жылғы 2 наурыздан бастау алған Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастар осы жылдар ішінде екі бауырлас ел арасындағы достық пен бірлікке негізделген байланыстарға айналып, тұрақтылық сипатындағы стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Сондықтан осы 20 жылдық мерзім ішінде Қазақстанның еңсесін көтеріп, егемен ел болып қалыптасуына тамыры тереңде жатқан туысқан түрік бауырларымыздың қолдауы мен тілеулестігінің ықпал еткені даусыз.
Негізінде, Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар Қазақстан тәуелсіздігін жарияламас бұрын басталған болатын. Сол кездегі Түрік Республикасының Президенті Тұрғыт Өзалдың Қазақстанға тұңғыш сапары 1991 жылғы 14-15 наурызда ұйымдастырылды. Cапар барысында Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы мен Түрік Республикасы арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Содан соң Түркия Президенті Тұрғыт Өзалдың шақыруымен 1991 жылғы 25 – 29 қыркүйек аралығында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапары ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде түркітілдес мемлекеттер тарихында президент деңгейіндегі Түркияға алғашқы рет жасалған ресми сапар болды.Ал тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға ресми сапары 1992 жылдың қазан айында ұйымдастырылып, оның барысында Қазақстан Елшілігінің ашылу салтанаты өтті. Өз кезегінде Түркия Президенті Тұрғыт Өзал тәуелсіз Қазақстанға 1993 жылдың мамыр айында ресми сапармен келіп, Жоғарғы Кеңесте сөз сөйледі.Сол кезден бері жоғары деңгейдегі өзара ресми сапарлар бауырлас екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың ұдайы дамып, нығаюына үлкен септігін тигізуде. Тарихи тұрғыдан алғанда аз ғана уақыт ішінде елдеріміз арасындағы қатынастар өзара сенімнің биік дәрежесіне көтерілді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы мамырда Түркияға жасаған ресми сапары барысында Астана мен Анкара арасындағы қатынастардың стратегиялық әріптестік деңгейге жеткені мәлімденсе, 2004 жылғы маусымдағы Стамбұлдағы НАТО Саммиті және 2005 жылғы 25 мамырда Бакуде «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбырының әзербайжандық учаскесінің іске қосылу рәсімі шеңберінде ҚР Президенті мен ТР Президенті А.Н.Сезердің кездесулерінде бұл үрдістің жалғасып келе жатқаны тағы да қуатталды. Түркияның қазіргі саяси басшылығы сыртқы саясатты дамыту үрдiсiнде сабақтастық сипатын жалғастыратынын және Қазақстан Анкара үшін Орталық Азиядағы ең сенімді саяси және экономикалық әріптес болып табылатынын ашық түрде мәлімдеп келеді. 2005 жылғы 26-27 мамырда ТР Премьер-министрі Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға ресми сапары маңызды болды. Сапар нәтижесінде бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық келісімшарттарға қол қойылды. ТР Премьер-министрі ҚР Парламент Сенатының төрағасы Н.Әбіқаевтың қабылдауында болып, ҚР Премьер-министрі Д.Ахметовпен кең құрамды келіссөз өтті және екі ел үкімет басшыларының қатысуымен Түркияның Астанадағы Елшілігінің ірге тасын қалау рәсімі болды. Сапардың 2-ші күні Алматы қаласында Р.Т.Ердоған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауында болып, «Жібек жолы» көрме пойызының салтанатты қарсы алу рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда, екі ел басшылары екі жақты, әсіресе экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға күш жұмсау керектігіне назар аударуда. Бұл бағыттағы мүмкіндіктерді әлі де толығымен пайдалануға қадамдар жасау керектігіне келісіп отыр.[1]
Жемісті ынтымақтастықтың айқын нәтижесі ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастар достық, бауырластық және сындарлы үнқатысу бағытында дамуда. Мұның жарқын дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға 2009 жылғы қазандағы ресми сапары барысында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты айта аламыз.
Қазақстанмен тарихи байланысы тереңде жатқан Түркия бүгінде еліміздің Еуразия құрлығындағы маңызды әрі сенімді әріптесі болып табылады. Екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың қарқынды дамуы, Қазақстан мен Түркия ұстанымдарының ұқсастығы көпжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы бойынша өзара түсіністікті қамтамасыз етуге негіз болуда. Бұл ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, 35-тен астам қазақ авторларының шығармалары, оның ішінде Президент Н.А.Назарбаевтың еңбектері, Абай, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Әуезов, О.Сүлейменов, Ә.Кекілбайұлы, М.Шахановтың және т.б. авторлардың шығармалары аударылды. Қазіргі кезде И.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының аударылу жұмыстары аяқталу үстінде. Осы ретте, Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабының түрік тіліндегі баспасы шықты. Екі тараптың Түркі мәдениеті және өнері жөніндегі ортақ басқарма (ТҮРКСОЙ) ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастығы жалғасуда.[3]
Түркия – Қазақстанның аймақтағы сенімді сауда-экономикалық әріптесі. 2010 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 2,9 миллиард АҚШ долларын құраған. 2011 жылдың қорытындылары бойынша бұл сан 3,9 миллиард АҚШ долларына жетті.
Әртүрлі халықаралық және
өңіраралық ұйымдар аясында біздің байланысымыз
кеңеюде, деді Қазақстан басшысы. Нұрсұлтан
Назарбаев Түркия Қазақстанның маңызды
экономикалық серіктестерінің бірі екенін
атап өтіп, екі елдің арасындағы экономикалық
өзара іс-қимыл жоғары қарқынмен даму
үстінде екеніне назар аударды.
Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында
Түркияның біздің елге салған инвестициясы
2 миллиард АҚШ долларына жақындады. 2015
жылға қарай екі елдің арасындағы тауар
айналымын 10 миллиард долларға дейін жеткізу
жоспарланып отыр деген ойын жеткізген
Мемлекет басшысы «Жаңа синергия» бірлескен
экономикалық бағдарламасын қабылдай
отырып, елдер өз алдарына айқын мақсат
қойғанына тоқталды.
Қазақстан, Ресей және Беларусь тарапынан
құрылған Кеден одағы түрік инвесторлары
алдына жаңа мүмкіндіктер ашады деген
Елбасы сондай-ақ туризм саласындағы өзара
ынтымақтастықты дамыту әлеуетін атап
көрсетті. Бұл үдеріске түрік бизнесі
белсенділікпен қатысады деп күтілуде.
Азия мен Еуропаны жалғастырып жатқан
екі елдің геостратегиялық орналасуын
ескерсек, көлік транзиті саласындағы
екіжақты серіктестікті одан әрі кеңейту
үшін мүмкіндік барлығын да қаперге салып
өтті.[2]
Біздің елдеріміз арасындағы өзара сауданың көлемін ұлғайтуға және сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға тікелей ықпалын тигізетін мейлінше маңызды бағыттардың бірі – көлік саласы. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды тежеуші бір фактор жүктердің автомобильдік тасымалдау арқылы жеткізілуі болып табылады. Бұл орайда, Қазақстан мен Түркия арасындағы темір жол магистралін жолға қою керек деп ойлаймыз. «Түркия – Иран» және «Иран – Түркіменстан – Қазақстан» және «Карс – Ахалкалаки – Тбилиси – Баку» темір жолдары магистральдерін салып бітіру Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымын және Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рыноктарға тасымалдауды едәуір ұлғайтуға, сондай-ақ тасымалдау көлемін көбейтуге және тарифтерді азайтуға, Каспий аймағы мен Еуропа арасындағы тікелей көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді.
Жаңа авиарейстердің ашылуы да бауырлас елдердің арасын жақындата түсетін туыстық пен достық көпірлері іспеттес ынтымақтастықты нығайтуға, экономикалық ықпалдастықты күшейтуге қызмет етері анық. Қазіргі таңда Қазақстан тарапы Қазақстан мен Түркия арасында 14 рейсті, ал түрік тарапы 12 рейсті орындайды. 2011 жылғы қыркүйектен бастап, «СКАТ» авиакомпаниясы Шымкент – Ыстамбұл – Шымкент бағыты бойынша аптасына 1 рет жиілікпен тұрақты рейсті орындауды бастады. Сондай-ақ Қазақстан тарапы түркиялық «Pegasus Airlines» авиакомпаниясына Ыстамбұлдың Сабиха Гөкчен әуежайынан Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет жиілікпен тұрақты рейстерді орындау үшін рұқсатын берді.
Екі бауырлас елдің рухани әрі достық қазығына айналған мәдени-гуманитарлық саладағы қазақстан-түрік ынтымақтастығы жоғары қарқындылығымен сипатталады. Тіліміздің, дініміздің, тарихымыздың және мәдениетіміздің ортақтығынан қуат алатын бұл бағыттағы қатынастар тараптар өкілдерінің мәдени іс-шараларға қатысуларына, шығармашылық делегациялармен алмасу практикасына, екі ел қалалары мен аймақтарының арасындағы бауырластық байланыстарды дамытуға бет алған.[1]
Бұл бағытта түркі әлемінің өткенін, бүгінін және болашағын зерттейтін халықаралық ғылыми орталық – Астанадағы Түркі академиясының институттық және интеллектуалдық негізін жетілдіру, екі елдің мызғымас достығының кепіліне айналған Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақстан-Түркия университеті қызметінің тиімділігін арттыру, қолданыстағы нормативтік-құқықтық база негізінде ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор.
Жалпы айтқанда, тәуелсіз тарихымыздың парағына алтын әріптермен жазылатын уақыт ішінде қазақ-түрік қатынастары маңызды оқиғаларға толы болды. Қазақстан мен Түркия халықтары өздерінің достығы мен бірлігін айқын дәлелдей отырып, ежелгі мүдделеріне сәйкес осы жолда айтулы табыстарға қол жеткізіп, стратегиялық өрлеу кезеңіне батыл қадам басты.
Осы орайда екі бауырлас елдің достығы мен ынтымақтастығының ұдайы дамып, стратегиялық әріптестігінің негізін қалаған Нұрсұлтан Назарбаев екенін ерекше атап өту қажет. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев: «Тағдыр бізді әлемнің әр түкпіріне қоныстандырғанымен, біз түбі бір туғанымызды, бір ананың бауырынан өрбігенімізді ұмытпаймыз», деген болатын бір сөзінде.
Елбасымыздың қазақ-түрік
Бұл өз кезегінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстанның, қазақ-түрік қарым-қатынастарының және жалпы түркі әлемінің игілігі үшін жасаған қызметіне берілген бағалардың жиынтығы деп санаймыз. Сондықтан болса керек, Түркия Президенті Абдулла Гүл: «Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес мемлекеттердің топтасуы үшін көп іс тындырды, сондықтан да Қазақстанның ғана емес, бойында түркінің қаны бар барлық халықтардың көшбасшысы болып табылады», деп атап көрсетті.[2]
Әрине, осының бәрі біз үшін үлкен мақтаныш. Бауырластық байланыстардың осындай жарқын үлгілері мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың дамуына игі ықпал етеді деп сенеміз.
Пайдаланған әдебиет тізімі:
Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы қатынастар