Қазақстан болашағы туралы пікірлер

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:47, доклад

Описание работы

Өткен ғасырдың басында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Аллалап ал кітапты қолдарыңа!» деген екен. Ұлт ұрпағына білім беру ісі қай заманда да күн тәртібінен түскен емес. Жаңа ғасырда да сол үрдіс жалғасып келеді. Әсіресе, өркениет көшіне ілесу жолында жоғары білімнің орны бөлек. Онда дайындалған білікті де білімді маман қай саланың болса да қазанын қайната алары хақ.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 91.46 Кб (Скачать)

“Қазақстан болашағы туралы пікірлер”

Жаңа жүйе жоғары білім аламын деген жасқа кең жол ашады

Өткен ғасырдың басында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Аллалап ал кітапты қолдарыңа!» деген екен. Ұлт ұрпағына білім беру ісі қай заманда да күн тәртібінен түскен емес. Жаңа ғасырда да сол үрдіс жалғасып келеді. Әсіресе, өркениет көшіне ілесу жолында жоғары білімнің орны бөлек. Онда дайындалған білікті де білімді маман қай саланың болса да қазанын қайната алары хақ. [...]

14 ақпан 2013 | Руханият | Толығымен »

Шексіз еркіндік дегеніміз – хаос

«Қазақстан-2050» Жолдауындағы дінге қатысты стратегиялық тағылым Құранда Хақ Тағала: «Бір ел іштей өздерін өзі өзгертіп түземейінше, Алла ондай елді өзгертпейді», дейді. Яғни, елдің парасат-пайымы оянуы қажет. Бірақ соны оятатын, түрткі болатын елдің қаймағы, зиялысы, ел басшылары. Иә, біздің ел егеменді ел болғалы бері талай белестерден асып, сан биіктерге Хақтың қалауымен қол жеткізді. Әйтсе де қазіргі [...]

6 ақпан 2013 | Басты мақалалар,Замана | Толығымен »

Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі

Мемлекет мықты болса, оның елі де, болашағы да мығым. Біздің Президентіміздің арман-аңсары да осы қазақ мемлекетін сондай биік әлеуетке жеткізу екені «Қазақстан-2050» Стратегиясынан анық байқалады. Шынында да, бүкіләлемдік қауымдастықта мықтылар қатарынан ойып тұрып орын алу үшін күшті экономика ғана болуы жеткіліксіз. Сонымен бірге, рухани-мәдени тұрғыда да өркендеуге тиіспіз. Елдік санамыз, ұлтжандылық, отаншылдық, патриоттық сезіміміз де [...]

26 қаңтар 2013 | Басты мақалалар,Руханият | Толығымен »

Ринг перісі

Бүкіләлемдік кәсіпқой бокстың ең үлкен рыногы саналатын Америка жерінде, кез келген кәсіпқой боксшының биік арманы саналатын Мэдисон Сквер Гарден стадионының төрінде 19 қаңтар күні еліміздің мерейін асырған үлкен оқиға болды. Американың атақты HBO телеарнасының көрсетуімен дәл осы күні бүкіләлемдік бокс көгінде бір жұлдыз ерекше жарқырай көрінді. Ол жұлдыз – Қазақстан жұлдызы. Ол жұлдыздың аты-жөні – [...]

23 қаңтар 2013 | Басты мақалалар,Спорт | Толығымен »

Қазақстан Республикасының Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы №378-ө-м

2012 жыл 27 қыркүйек,  Астана қаласы Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының  барлығына ортақ мамандардың жекелеген  лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын  бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1132 қаулысының 10-тармағының 17-1)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардың [...]

23 қаңтар 2013 | Ресми бөлім | Толығымен »

Бар қазақтың басын қосатын жазу 

 Елбасының Қазақстанды  әлемнің ең дамыған 30  мемлекетінің қатарына қосу жөніндегі алға қойған асқақ та ауқымды мақсатының жүзеге асуы анық. Бұған Қазақстанның әлеуеті де, экономикалық мүмкіндігі де толық жетеді. Жолдауда мұның бәрі жан-жақты талданып көрсетілген. Енді осы үлкен міндетті бүкіл халқымыз айқын жоспар, нақты іспен қолға алуға тиіс. Бұл игі істен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да [...]

18 қаңтар 2013 | Замана | Толығымен »

Мән-маңызы жоғары Жолдау

Парламент Мәжілісінің депутаттары Гүлмира Исімбаева, Гүлнәр Сейтмағанбетова және Құттықожа Ыдырысов  Қызылорда қаласында, облыстың Сырдария ауданындағы Талсуат ауылында, Тереңөзек кентінде, Шаған ауылында сайлаушылармен кездесулер өткізді. Мәжілісмендер «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалында облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен, басқарма басшыларымен, партиялық фракция мүшелерімен, өңір жастары, студенттер және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан [...]

16 қаңтар 2013 | Парламент | Толығымен »

Еуроаймақ болашағы тағы бұлыңғырланды

Әлемдегі озық интеграциялық  құрылым болып табылатын Еуропа одағының болашағы бұрынғыдан да бұлыңғырлана түскен сияқты. Еуроодақтың негізі болып саналатын еуроаймақтың күні санаулы екенін сарапшылар соңғы жылдары күн тәртібіне жиі шығарып жүр. Өткен жылдың соңында бұл мәселе тіпті шиеленісіп кетті. Еуроаймақтың ертеңі сенімсіз бола бастағанын тіпті Еурокомиссияның өзі мойындады. Өткен жылдың соңында жарияланған Еурокомиссияның болжамдарында 2013 жылы [...]

15 қаңтар 2013 | Басты мақалалар | Толығымен »

Тірегін тапқан туған тіл

«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев стратегиялық дамуымыздың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын саралаған Жолдауында халыққа осындай үндеумен шықты. Ана тіліміздің саяси және рухани мән-мағынасы мен мемлекеттік мазмұнын тағы да анықтап берді. Әр азаматтың міндет-парызын нақтылады. «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан [...]

10 қаңтар 2013 | Басты мақалалар,Замана,Руханият | Толығымен »

Жаңғырық

Елбасының бастамасымен қабылданған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазіргі кезде заңнамалық, материалдық және моральдық ахуал қалыптасып, ізденіске жол ашылды. Әсіресе, басқа да қажетті тақырыптармен бірге Қазақстан тарихы мен мәдениеті жөніндегі шет елдердегі түрлі жәдігерлер, ағылшын, француз, неміс, үнді, парсы, қытай, түркі, т.б. тілдердегі туындыларды жинақтау (не көшірмелерін алдырту), оларды қазақ тіліне аудару туралы байыпты да [...]

6 қаңтар 2013 | Жаңалықтар,Ретро | Толығымен »

Арман мен сенім

(Жолдау  жолдарынан туындайтын ой) Жаңа жыл қарсаңында тіршілік қаншама қарбаласқа толы болса да кез келген есті адам өтер жылдың елеулі оқиғалары мен әртүрлі кезеңдерін, сынақтары мен қиындықтарын, қайшылықтары мен үйлесімдіктерін, жетпегені мен жеткенін, жоғалтқаны мен тапқанын, ренжігені мен қуанғанын көз алдынан бір өткізіп, Жаңа жылды жақсы тілек, ізгі ниетпен қарсы алып, келер күнге үміт жалғауға [...]

1 қаңтар 2013 | Саясат | Толығымен »

Кеңейген көкжиектер

Тұяғынан от ұшқан тұлпар уақыт жетегіне алған тағы бір жыл мәреге жетті. Қазақ елі үшін жемісті де  жеңісті жыл. Міне осы жыл мәдениет саласына, руханиятқа қандай өзгерістер мен жақсылықтар  әкелді? Біздің Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбаймен әңгімеміз  осы сауалдан өрбіген еді. – Биылғы жыл Қазақстан мәдениеті үшін ерекше жыл болды деуге толық [...]

28 желтоқсан 2012 | Басты мақалалар,Билік | Толығымен »

Қазақ мемлекеті атану біздің өз қолымызда

«Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз». (Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауынан). Тура осылай айтылды. Елбасымыз айтты. Жолдауда айтты. Бұған қалай шалқымассың, қалай шаттанбассың! Алаш баласының бәрі осы сөзді естігелі бері бір-бірінен сүйінші [...]

25 желтоқсан 2012 | Басты мақалалар,Замана | Толығымен »

Латынға көшу – санадағы сілкініс

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫНЫҢ ЖЕМІСТІ, ЖЕҢІСТІ ЖАЛҒАСЫ Отандастарымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясын қызу қолдауда   Латынға көшу – санадағы сілкініс Қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер, ортаға тасталған соны идеялар мен тың ұсыныстар, даму мен өсу жоспарлары елдің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың назарын аударатыны анық. Осы жағынан келгенде Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларына, сөйлеген сөздері мен баяндамаларына жіті көңіл [...]

20 желтоқсан 2012 | Басты мақалалар,Саясат | Толығымен »

Жасампаздық жолының жемісті, жеңісті жалғасы

Отандастарымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясын қызу қолдауда   Нақтылы істер бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы бірден көптеген шетелдік сарапшылардың назарына ілігіп, кеңінен талқылана бастады. Жолдау жолдарына мұқият үңіліп, оны тыңғылықты зерттеп шыққан олардың басым бөлігі жаңа бағдарламалық құжаттың жалпылама тезистердің емес, нақтылы [...]

16 желтоқсан 2012 | Басты мақалалар,Саясат | Толығымен »

«Қазақстан–2050» стратегиясы – Жасампаздықтың жаңа межесі

Ел жұртшылығы Елбасы Жолдауын осылай бағалап отыр «Баршаңызды ең киелі құндылығымыз – Тәуелсіздіктің туған күнімен құттықтаймын!» –Астанамыздың төрінде бой көтерген тағы бір тамаша ғимараттағы, «Астана-опера» мемлекеттік опера және балет театрындағы салтанатты мәжілісті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осылай бастады. Иә, Тәуелсіздік ең киелі құндылығымыз, тәу етер басты киеміз. Біздің бар ойымыз, бар мақсатымыз елдің еңселенуі, мемлекеттің мығымдануы [...]

15 желтоқсан 2012 | Басты мақалалар | Толығымен »

Тоқтаған өндіріс. Жаппай жұмыссыздық

Кез келген экономикалық шолушы қазір Батыс әлемінің күнделікті көрінісін осы екі ауыз сөзбен суреттеп бере алады. Кәрі құрлықтың түстік беткейіндегі елдердің астаналарын түгел шарпыған үкіметтің қатаң үнемдеу саясатына наразылық ереуілдерінің аптығы басыла берген бойда мұндағы жұртты тағы осындай сынақтың күтіп тұрғаны белгілі бола қалды. Үстіміздегі жылдың ортасынан қайта қанаттана бастаған дағдарыс салдарынан өз жұмыстарын толық [...]

5 желтоқсан 2012 | Басты мақалалар,Әлем | Толығымен »

Елінің болашағын сомдап құйған

Біздің Президент туралы елде ғана емес, шетелдерде де көп айтылады. Көптеген баспасөздерде жазылып, кітаптар шығарылуда, деректі және көркем фильмдер түсірілуде. Бұл істер ақылға қонымды, өйткені ол ерекше тұлға, қызығушылық тудырады, әрқашан көпшілік назарында, өйткені біздің еліміз сияқты оның көшбасшылығы әлемдік қауымдастық назарында. Барлық жарияланымдарда Мемлекет басшысының бірегей тұлғасы көрсетіліп, ол туралы жағымды пікірлер білдіріледі, оның [...]

1 желтоқсан 2012 | Замана | Толығымен »

Әр алуан әлемнің әдемі үлгісі

Қайырымды әрі мейірімді Алланың атымен бастаймын! Қазақстанды басым бөлігінде жергілікті қазақ халқы мен мұсылмандар мекендегенімен, ол мәдени, ұлттық және діни тұрғыда әртекті мемлекет қатарына жатады. Республикамызда 40-тан астам діни конфессияны ұстанатын 100-ден аса этностардың өкілдері тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан мәдениеттер қиюласқан бүгінгі жаһанданушы әлемнің кішігірім үлгісі іспетті. Біздің мемлекетіміздегі ұлтаралық және дінаралық қатынастардың орнықты [...]

1 желтоқсан 2012 | Замана | Толығымен »

Тарихи таңдау

2012 жылдың 1 желтоқсанында  қазақстандықтар өз тарихында бірінші рет жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалмады. Сонау 1991 жылы осы күні қазіргі Қазақстанның тарихында алғаш рет тікелей бүкілхалықтық президенттік сайлау болып өтті. Қазақстанда президенттік институт Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевты республика Президенті етіп сайлаған 1990 жылдың [...]

28 қараша 2012 | Басты мақалалар | Толығымен »

ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДАН

Ғылым мен техника саласындағы  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия 2013 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға жұмыстарды қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды. Мемлекеттік сыйлықты алу үшін жұмыстарды ұсыну және материалдарды рәсімдеу тәртібі туралы ереже төменде жарияланған және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің www.scedu.kz сайттарында [...]

22 қараша 2012 | Ресми бөлім | Толығымен »

Тәуелсіздік тірегі

Елбасымыздың сарабдал саясатын қолдауда «Жас Отан» жастар қанатының орны ерекше. Біздің бар  мақсат, түпкілікті  ойымыз – елім деп еміренген, жерім деп тебіренген жастардың еліне деген патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде сөйлеген Елбасының сөзі ел жастарын, міне, осыған жетелейді. Осы ойға ұйыстырады. Біз съезге дейін де көптеген игілікті іс-шаралардың ортасында [...]

20 қараша 2012 | Саясат | Толығымен »

Арман! Еңбек! Сенім! Өркендей бер, туған елім!

Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі өтті. Кеше елордадағы «Сарыарқа» велотрек спорт кешенінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі өтті. Съезде Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.  «Арман! Еңбек! Сенім!» ұраны бойынша өткен жиынға облыстық, қалалық, аудандық [...]

17 қараша 2012 | Басты мақалалар | Толығымен »

Бөтен ақшамен бөтен елде жүрген Храпунов халықаралық іздеуде

Бір кездері атақты алаяқ Остап Бендерден қалған сөз әлі күнге дейін кейбіреулердің көңілдерін қоздырып келеді. Барлық деңгейдегі алаяқтар мен алдампаздардың мақсаты сол күйі өзгерген жоқ. Ол – қандай жолмен болсын «алтын баспаққа» ие болу. Өздерінің байлыққа деген құмарлығы жолында олар ешбір кедергіге тоқтамақ емес. Қазақстаннан миллиондаған долларды заңсыз жолмен шығарып әкетуге қол жеткізген Виктор Храпуновты [...]

14 қараша 2012 | Құқық | Толығымен »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жалпы қоғам мәселесі 

2012 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының Қазақстанды дамытудың сапалы жаңа кезеңінің бастамасы болған әлеуметтік жаңғыртуға арналған бағдарламалық мақаласы жарияланды. Бұл процестің негізгі міндеті – экономикалық жетістіктер мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында оңтайлы теңгерімге қол жеткізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру ел үшін тағдыршешті бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылады. Үстіміздегі жылдың басында Қазақстан халқына [...]

Информация о работе Қазақстан болашағы туралы пікірлер