Азаматтық қорғаныс туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы № 100-1

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 11:21, реферат

Описание работы

Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерiн, құрылуы мен жұмыс iстеуiнiң ұйымдық принциптерiн, Қазақстан Республикасы орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, ұйымдарының азаматтық қорғаныс саласындағы құзыретін, азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.

Работа содержит 1 файл

Азаматтық қорғаныс туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы.docx

— 44.97 Кб (Скачать)

 

азаматтық қорғаныс мүдделерi үшiн қару-жарақ, техника, қорғаныс құралдары  мен басқа да материалдық-техникалық құралдар жөнiндегi қажеттердi айқындайды;

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық  қорғанысының әскер бөлiмдерiнiң жауынгерлiк және мобилизациялық әзiрлiгiн қамтамасыз етедi;

 

Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес әскери қызметшілерді лауазымға тағайындайды, ауыстырады, қызметтен босатады және шығарады, сондай-ақ әскери қызметшілерге және әскери міндеттілерге мерзімінен бұрын беруді қоса алғанда, әскери атақтар береді, оларды төмендетеді және әскери атақтардан айырады;

 

Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын қалаларды және шаруашылық объектілерін санаттарға бөлу дәрежесіне байланысты бекітеді.

 

Азаматтық қорғаныс саласындағы  халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

 

қазіргі заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде  ұйым басшыларын және халықты одан қорғану тәсілдерін және төтенше  жағдайлар кезінде іс-қимылдар жасауға үйретуді ұйымдастырады;

 

халықты құлақтандырудың және байланыстың республикалық жүйесін дереу пайдалануға, оны жарақтандыру мен дамытуға тұрақты дайындық жасайды және оны қамтамасыз етеді;

 

«Жеке кәсіпкерлік туралы»  Қазақстан Рес­публикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау кри­те­рийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

 

 

 

 

 

 

 

05.05.00 ж. N 48-II ҚР Заңымен  ; 2006.07.07. № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара)  20 -бап өзгертілді

 

20-бап. Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрлiгiнiң Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi

 

Қазақстан Республикасының  Қорғаныс министрлiгi:

 

Уәкілетті органды, ал жергілікті әскери басқару органдары арқылы уәкілетті органның аумақтық органдарын тиiстi әзiрлiк деңгейiне келтiру туралы, сондай-ақ мобилизация жариялау туралы құлақтандырады;

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң  жарлықтары негiзiнде азаматтарды  Қазақстан Республикасының Азаматтық  қорғаныс жүйесiне мiндеттi әскери қызметке шақыруды, әскери қызметшiлердi запасқа шығаруды, тiзiмдегi құрамды оқу жиындарына шақыруды, сондай-ақ мобилизация бойынша азаматтарды шақыруды жүргiзедi;

 

Уәкілетті органды, оның аумақтық органдарын, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды әскерге шақырылатын құраммен және мобилизациялық ресурстармен жасақтауды, офицерлердi запастан әскери қызметке шақыруды (қабылдауды) жүзеге асырады;

 

халық пен аумақтарды осы  заманғы зақымдау құралдарын қолданудың зардаптарынан қорғау жөнiндегi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы  төтенше жағдайлардың алдын алу  мен олардың зардаптарын жою  жөнiндегi мiндеттердi шешу кезiнде  уәкілетті  органмен  өзара iс-қимыл жасайды.

 

 

 

 

 

2006.07.07. № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді

 

21-бап. Қазақстан Республикасы  орталық атқарушы органдарының  Азаматтық қорғаныс саласындағы  өкiлеттiгi

 

Қазақстан Республикасының  орталық атқарушы органдары азаматтық  қорғаныс саласында:

 

азаматтық қорғаныс жоспарларын  жасайды, салаларда азаматтық қорғанысқа басшылықты жүзеге асырады;

 

Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын, басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құрады және тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;

 

Азаматтық қорғаныс құрамаларын  дайындауды және сала қызметкерлерiн  осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғану әдiстерiне және төтенше  жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға үйретудi ұйымдастырады;

 

ведомстволық бағыныстағы  ұйымдарда авариялық-құтқару жұмыстары  мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады және оларға басшылық етедi;

 

осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және олар қолданылған  жағдайда, табиғи және техногендiк сипаттағы  төтенше жағдайлар кезiнде сала қызметкерлерiн қорғау жөнiндегi шараларды  жоспарлайды және жүргiзедi;

 

бейбiт және соғыс уақытында саланың тұрлаулы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолданады;

 

қызметкерлер мен олардың  отбасыларын эвакуациялауға әзiрлеу және оны ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

 

азаматтық қорғаныс мүдделерi үшiн ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда  материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және өзге де ресурстардың қорларын құрып, оларды күтiп ұстауды және олардың жинақталуына, сақталуына, жаңартылып отыруына және қолдануға дайын тұруына бақылау жасауды жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

ҚР 2004.20.12 N 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2008.04.12.  № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 22-бап өзгертілді

 

22-бап. Облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың)  жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi

 

Облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары өз өкiлеттiгiн өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

 

Облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары :

 

ведомстволық бағыныстағы аумақта орналасқан ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауын ұйымдастырады;

 

Азаматтық қорғаныстың басқару  органдарын, күштерi мен құралдарын әзiрлеудi және дайындық жағдайында ұстауды, олардың адам құрамымен жасақталуын, қажеттi техникамен, арнаулы жабдықпен, суда құтқару және басқа да кезек  күттірмейтiн жұмыстар жүргiзуге арналған құралдармен жарақтандырылуын қамтамасыз етедi;

 

кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, эвакуациялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

 

осы заманғы зақымдау құралдары  қолданылған жағдайда халықтың тiршiлiгiн  бiрiншi кезекте қамтамасыз етуге  кепiлдiк беретiн Азаматтық қорғаныс мүлкiнiң, материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және өзге де ресурстардың көлемiн айқындайды және олардың жинақталуы, сақталуы, жаңартылып отыруы және әзiрлiк жағдайында ұсталуы үшiн жауап бередi;

 

ведомстволық бағыныстағы  аумақта Азаматтық қорғаныстың  жай-күйiне жауап бередi.

 

 

 

  2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  23 -бап өзгертілді  (бұр. ред. қара) 

 

23-бап. Ұйымдардың Азаматтық  қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi

 

Ұйымдардың басшылары:

 

бейбiт және соғыс уақытында арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды және оларды iске асыру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;

 

жұмыс iстейтiн адамдарды, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерiнен қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

 

ұйымдардың бейбiт және соғыс уақытында орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

 

Азаматтық қорғаныс құрамаларын  құрады және оларды әзiрлiк жағдайында ұстайды, оларды машықтандырылған мамандармен  жасақтауды және авариялық-құтқару  жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге арналған қажеттi техникамен, құралдармен жарақтандыруды қамтамасыз етедi;

 

қызметкерлерді, сондай-ақ ықтимал  қауiптi объектiлердегi авариялардан зақым  келуi мүмкiн аймақтарда тұратын  халықты азаматтық қорғанысқа оқытуды жүзеге асырады;

 

өз объектiлерiнде авариялық-құтқару  жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады;

 

жергiлiктi құлақтандыру жүйелерiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын құрады және оларды тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;

 

қызметкерлердің  азаматтық  қорғаныс бойынша мiндеттерiн орындауы үшiн оларға қажеттi жағдайлар жасайды;

 

соғыс уақытында және төтенше  жағдайларда Азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен көлiк, материалдық құралдар, аспаптар мен жабдықтар бередi.

 

 

 

 

 

24-бап. Қазақстан Республикасы  аумағында тұратын азаматтардың  Азаматтық қорғаныс жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi

 

2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  1 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара) 

 

1. Қазақстан Республикасының  азаматтары, республика аумағында  тұратын шетелдіктер мен азаматтығы  жоқ адамдар:

 

осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың табиғи және техногендiк  сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан өзiнiң өмiрi мен  денсаулығын қорғауға құқылы;

 

азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленедi.

 

2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  2 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара) 

 

2. Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетелдіктер  мен  азаматтығы жоқ адамдар:

 

Азаматтық қорғаныс шараларын  орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге;

 

"Баршаңыздың назарыңызға!" деген дабыл беру бойынша iс-қимыл жасаудың тәртiбiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесiн, қорғанудың негiзгi әдiстерi мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсiлдерiн бiлуге және орындауға;

 

Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiне ұқыпты қарауға;

 

соғыс уақытында және төтенше  жағдайларда азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен жеке пайдалануындағы көлiк құралдарын, аспаптар мен жабдықтарды беруге мiндеттi.

 

 

 

 

 

6-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС  ҚАЖЕТТЕРIН

 

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ОБЪЕКТIЛЕРI МЕН МҮЛКI

 

 

 

25-бап. Азаматтық қорғаныстың  әскер бөлiмдерiнiң негiзгi қорлары

 

1. Әскери қалашықтардың  тұрғын үй-жайлары мен басқа құрылыстары, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң оқу объектiлерi, материалдық-оқу базасы, материалдық және техникалық құралдары мемлекеттiк меншiк болып табылады және олар Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң негiзгi қорларын құрайды. Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi аталған және өзiне бөлiнген өзге де мүлiкке қатысты жедел басқару құқығын пайдаланады.

 

 

 

2. Азаматтық қорғаныстың  әскер бөлiмдерiнiң орналасуына  және тұрақты жұмыс iстеуiне  арналған жер мен үй-жайлар, қоймалар  мен басқа да объектiлер оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiледi.

 

 

 

 

3. Азаматтық қорғаныстың  әскер бөлiмдерi жер пайдалануды, әуе кеңiстiгi мен су айдының пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

 

 

 

26-бап. Азаматтық қорғаныс  объектiлерi мен мүлкi

 

1. Азаматтық қорғаныс объектiлерi  мен мүлкiне: Қазақстан Республикасының  барлық деңгейдегi мемлекеттiк  органдарының, жергiлiктi атқару органдарының  қорғалған ғимараттар мен жер  бетiндегi үйлер кешенiн қамтитын  басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған Азаматтық қорғаныс баспаналары, Азаматтық қорғаныстың радиациядан қорғану панаханалары, Азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары, жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау мен дозиметрлiк бақылау аспаптары, арнаулы өңдеу аспаптары, Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарының ауасын сүзгiлiк-желдету және қайта генерациялау құралдары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс пен құлақтандыру құралдары және мемлекеттiң меншiгi болып табылатын, сондай-ақ тиiстi органдардың бюджет қаражаты, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс мүдделерiне пайдалануға арналған қаражаты есебiнен жасалған немесе сатып алынған басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.

 

 

 

2. Азаматтық, қорғаныс  шараларын қамтамасыз ету үшiн облыстарда, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғаныс мүлкiнiң қоры құрылады.

 

 

 

3. Азаматтық қорғаныс объектiлерi  мен мүлкi жекешелендiруге жатпайды.

 

 

 

4. Ұйымдардың басқару құрылымдары  мен шаруашылық қызметiнiң нысандары  өзгерген жағдайда Азаматтық  қорғаныс объектiлерi мен мүлкiнiң мақсатты бағыты, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөнiндегi тапсырмалар солардың мойнында сақталады.

 

 

 

5. Азаматтық қорғаныс объектiлерiн  құру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

 

 

 

27-бап. Азаматтық қорғаныс  қажеттерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету

 

Азаматтық қорғаныс қажеттерiн  материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыруға, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiн ұстауға бөлiнетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

05.05.00 ж. N 48-II ҚР Заңымен 7-тараудың атауы өзгертілді

 

7-тарау. Азаматтық қорғаныс  шараларын қаржыландыру

 

көздері. Уәкілетті органның әскери қызметшілері мен басқа да

 

санаттағы қызметкерлерінің құқықтары, мәртебесі

 

 

 

2004.20.12 N 13-III ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

28-бап. Азаматтық қорғаныс  шараларын қаржыландыру

 

1. Азаматтық қорғаныс шараларын  қаржыландыру бюджет қаражаты  және ұйымдардың өз қаражаты  есебiнен жүзеге асырылады.

Информация о работе Азаматтық қорғаныс туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы № 100-1